Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ашы аспан астында кинотеатр ашу.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
296 Кб
Скачать
☆

6. Ұйымдастыру, Басқару Және Қызметкерлер

Кәсіпорынды жалпы басқаруды директор жүзеге асырады.

Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрамы келесі түрде, сурет төменде берілген (4-сурет).

1сурет. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрамы

Басқарудың келтіріліп отырған құрамын сызықтық түрге жатқызуға болады. Ол директорға кәсіпорынның жұмысын жедел түрде басқаруға және барлық оқиғалардан дер кезінде хабардар болуға мүмкіндік береді.

7. Жобаны Жүзеге Асыру

Ресейдегі осындай жобаны жетістікке жете отырып жүзеге асырған кәсіпкерлердің тәжірибелеріне сай орташа есеппен ұқсас автокинотеатр жылына 100 – 120 күн жұмыс істейді, өз кезегінде ҚР ОҚО қызметтің бұл саласымен жылына 230-250 күн айналысуға болады, оған Ресейдің климатымен салыстырған жоба үшін таңдалып отырған аймақтың климаттық жағдайы мүмкіндік береді.

Табыс түрлі құрамдастардан тұрады, оған мыналар кіреді: орналасқан жері, билеттің құны, сеанстар саны. Егер алаңды «қатар» пайдалану жоспарланатын болса және әр алуан қосымша сервис ұйымдастырылса табысты айтарлықтай мөлшерде арттыруға болады.

Бұл бизнес үшін талап етілетін құжаттар негізінен кино көрсетуге берілетін лицензия болып табылады, ол арнайы құжаттама деп саналады.Қазақстандағы ойын-сауық индустриясын дамыту осындац автокинотеатрлардың елдің барлық жерлерінде ашылуын талап етеді.

7.1.Жүзеге асыру жоспары

Осы жобаны жүзеге асыру 2013 жылдың ақпаны мен 2013 жылдың сәуірі аралығында деп жоспарланып отыр.

3-кесте. Жобаны жүзеге асырудың күнтізбелік жоспары

Шаралар /ай

2013 жыл

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Қаржыландыру мәселесін шешу

+

Инвестиция алу

+

Территория

таңдау

+

Қызметкерлер іздеу

+

Жабдық жеткізу, орнату

+

Жарнама орналастыру

+

Жұмыстың басы

+

7.2.Жобаны жүзеге асыруға жұмсалатын шығындар

Инвестициялық шығындардың бағасы келесі кестеде берілген.

4кесте. 2013 жылғы инвестициялық шығындар

№

Қаржыландыру мақсаттары

Өзіндік қаражат есебімен

Жоспарлануда

Теңгемен

АҚШ долларымен

1

Кинодәмханаға жабдықтар сатып алу

1 000 000

6 667

2

Кассалық жайлар салу

300 000

2 000

3

Қосымша сервис пункттерін салу

900 000

6 000

4

Жер телімінің аумағын барлық жиектері бойынша қоршау

800 000

5 333

5

Экрандық құрамдас бөлшектер сатып алу

4 355 571

29 037

6

Қосымша сервис

500 000

3 333

 

Барлығы

7855571

52370

Жабдықты жеткізу бойынша шығын жабдықтың құнына енгізілген.

8. Пайдалану Шығындары

Пайдалану шығындары ауыспалы шығындардан тұрады. Ауыспалы шығындар тіскебасарларды әзірлеу үшін қажетті өнімдерге жұмсалатын қаражаттар тұрады, мәселен олар: бургерлер, бутербродтар, салаттар және т.б. Шикізаттарға баға Астана қаласының орталық базарындағы бағалар талдауы нәтижесінде алынды.