Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ашы аспан астында кинотеатр ашу.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
296 Кб
Скачать
☆

10. Капитал Мен қаржыландыруға қажеттілік

Жоба бойынша жалпы инвестициялық қаржыға мыналар кіреді:

7-кесте. Жобаның инвестициясы, тңг.

Шығысытар, мың тг.

2 013

Негізгі капиталға инвестициялар

7 855 571

Негізгі капитал

40 780 758

Барлығы

48 636 329

Жобаны қаржыландыру өзіндік қаражат есебінен жүзеге асырылады деп

жоспарлануда.

8-кесте. 2013 жылғы қаржыландыру бағдарламасы, теңге

Қаржыландыру көзі, мың тг .

Сомасы

Кезеңі

Үлесі

Өз қаражаты

48 636 329

02.2013 – 03.2013

100%

Барлығы

48 636 329

100%

11. Жобаның Тиімділігі

11.1. Cash-flow проекциясы

Cash-flow проекциясы (ақша қаражаттарының қозғалысы есебі, 7-қосымша) нақты ақша ағымын көрсетеді, демек ақшалай қаражаттың келуі (нақты ақшаның келуі) және төлемдер (нақты ақшаның кетуі). Есеп 3 бөлімнен тұрады:

1. операциялық қызмет –қызметтің негізгі түрі, сонымен қатар компанияның қаржылық түсімін және жұмсалуын туындататын басқа да қызметтер;

2. инвестициялық қызмет — айналымнан тыс активтердің (негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің) сатылып алынуына, қалыптастырылуына және сатылуына, сонымен қатар басқа да инвестицияларға қатысты қызмет;

3. қаржылық қызмет — компанияның капиталы мен несиелік қаражаттарының мөлшері мен құрамын өзгертетін қызметтің түрі. Әдетте мұндай қызмет операциялық және инвестициялық қызметті қаржыландыру мақсатында алынатын несиелер мен оларды қайтаруға байланысты.

Ақша ағымының талдауы жобаның әр жылы сайын оң динамикалы болуын көрсетеді.

11.2. Қаржылық индикаторлар

Инвестицияланған капиталдардың 5 жылдағы дисконтталған таза табысының мөлшері дисконттау мөлшерлемесі 12% болғанда 9 493 969 теңгені құрады.

9-кесте. Жобаның қаржылық көрсеткіштері

Ішкі кірістілік нормасы (IRR)

25%

Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге

9 494

Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл

9

Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл

11

12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсері

12.1. Жобаның әлеуметтік-экономикалық маңызы

Жобаны жүзеге асыруға барысында мынадай міндеттерді орындау керек:

  • Жұмыскерлерге тұрақты табыс алып тұратын жаңа жұмыс орындарын ашу;

  • Цивилизацияланған және қол жетімді демалыс үшін жаңа орын жасау;

  • Қарағанды қаласының бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдар түсіру.

  • Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде жаңадан 13 жұмыс орны ашылатын болады.

12.2.Қоршаған ортаға әсері

Тұтас алғанда кәсіпорын қоршаған ортаға зиян келтірмейді, себебі кәсіпкерліктің бұл саласы зиянды қалдықтар шығарумен байланысты емес, технологиялық үрдісте зиянды құрамдас бөлшектер мен заттар қолданылмайды.

26