- •Міндеттері
- •Иммундық жағдайды зерттеуде қолданылатын материалдар
- •Иммунитет жағдайын бағалауда жалпы қолданылатын стандарт
- •100 Лейкоцитті қараған кезде, оларды ажыратып және лейкоциттердің әр түрінің пайыздық арақатынасын анықтайды. Зерттеудің нәтижесін лейкоцитарлық формула ретінде жазады.
- •Иммунды флюоресценттік сынамада жасушаларды бояу әдістері
- •Айналымдағы иммундық кешендердің концентрациясын анықтау
- •Комплемент жүйесінің жағдайын бағалау
- •Лимфоциттердің қызметін бағалау
- •Лейкоциттердің миграциясын тежеуші серпілісі (лмтс)
- •13 Кесте. Әртүрлі жасушалық рецепторларға арналған моноклонды антиденелер
- •Иммунограмманы талдау
- •14 Кесте. Дені сау адамдардағы иммуноглобулиндердің көрсеткіші
Иммундық жағдайды зерттеуде қолданылатын материалдар
Қазіргі кездегі клиникалы-иммунологиялық зерттеулердің тәжірибесінде талдаудың негізгі объектісі - қан және оның жасушалық компоненті, қан сарысуы болып табылады.
Зерттеуге шынтақ венасынан қанды екі пробиркаға алады. Таза, кұрғақ шыны пробиркасына қанды құйған кезде, ол тез ұйып қалады. Осы пробиркада алынған қан түйіршікке, ондағы формалық элементтермен (жасушалармен) бірге және құрамында бізге керек молекулалары бар мөлдір қансарысуына бөлінеді. Басқа пробиркаға алдын ала қанның ұюын тежейтін және бізге қажетті қан жаасушаларын плазмада суспензия ретінде сақтайтын, арнайы зат — антикоагулянтты қосады.
Қорғаныс молекулалары және жасушалар тек қанда ғана болмайды. Егер шырышты қабаттың жергілікті қорғаныс жағдайын анықтау қажет болса. онда зерттеуге мұрын-жұтқыншақ шырышы, немесе сілекейі, немесе көз жас сұйықтығы алынады (11 және 12 кестелер). Егер науқастың жүйке жүйесіне көңіл бөлсек, онда зерттеуге ми-жұлын сұйықтығын (ликвор) алады, ол үшін жұлынның пункциясын жасайды.
Алдымен, қанның ақ жасушаларын - лейкоциттерді анықтайды. Оларға гранулоциттер, моноциттер және лимфоциттер жатады.
Иммунологтардың көзқарасы бойынша, көп көңіл бөлетін жасуша - лимфоциттер.
Микроскоппен карағанда барлық лимфоциттер бір-бірімен ұқсас, бірак, қызметі бойынша екі негізгі популяцияға бөлінеді: Т-лимфоциттер және В-лимфоциттер. Т- және В-лимфоциттердің
11 кесте. Иммундық талдауды жүргізу үшін қолданылатын биологиялық сұйықтар
|
Тобы |
Биологиялық материал |
|
1. Жабық кеңістіктің сұйықтықтары
|
Лимфа,шеткі қан, перитонеалды, плевралық, синовиалды, церебралды-жұлындық сұйықтық
|
|
2. Экстраваскулярлық шырыштар
|
Бронхоальвеолярлық сұйықтық, вагиналды шырыш, несеп, тер, жоғары тъныс жолдарының шырышы, асқазан-ішек жолдарыньщ шырышы, сүт безінің шырышы, көз жас сұйықтығы, сілекей, эякулят
|
12 кесте. Әр түрлі биологиялық материалды зерттеу кезінде анықталатын негізгі нммунологиялық көрсеткіштер
|
Биологиялық материал |
Иммунологиялық көрсеткіштер |
|
Церебралды-жұлындық сұйықтық |
ІgА, М, G концентрациясы; иммуноглобулиндердің бос жеңіл тізбектерін анықтау (γ λ κ түрлері); ТNF-α; ІL-1β, ІL-2, ІL-4, ІL-6, ІL-8, ІL-10, ІFN-γ, sІL-2R.; ТGF-β; М-СSF, ІСАМ-1 болуы |
|
Бронхоальвеолярлы сұйықтық |
sІgА, Іg А, М, G; Іg G топшалары, жалпы ІgЕ ; гастамин; α1-антитрипсии; α2-макроглобулин |
|
Назалдық жуынды |
sІgА, Іg А, М, G; ІgЕ - жалпы жане арнайы, лизоцим: және лактоферрин, ТNF-α; ІL-1β, ІL-6. ІL-8 |
|
Көз жас сүйықтығы |
Эозинофилдер, эозинофилдердің негізгі нәруызы; ІgА, М, G, Е; лизоцим, интерферон |
|
Қақырық |
лейкоциттер, IL-8 |
|
Сілекей |
sІgА, IgA, IgМ, ІgG; миелопероксидаза және лактопероксидиза |
|
Асқазан сөлі, жіңішке және тоқ ішек сөлі |
ІgА, М, G |
|
Синовиалды сұйықтық |
Лейкоцитттер, лизоцим, ІL-8, ІL-6, ІL-1β |
|
Тері |
ІgА |
қызметі әр түрлі болғандықтан, қандағы осы жасушалардың санын жеке санау қажет (39-шы сурет). Құрамында әр популяцияға тән арнайы нәруыздарды анықтайтын, әр түрлі беткейлік мембрананың құрылысына байланысты ажырату мүмкіншілігі бар.
