Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
immundy_1179_zha_1171_daydy_ba_1171_alau__1241_disteri.doc
Скачиваний:
68
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
277 Кб
Скачать
☆

Комплемент жүйесінің жағдайын бағалау

Комплемент жүйесінің компонентгерін және ингибиторларын анықтауы, негізінен осы жүйенің генетикалық ақаулары кезінде жүргізеді. Бірақ соңғы уақытта бұл сынамаларды иммундық кешен аурулардың ағымын және терапиясының тиімділігін бағалауда кеңінен колданады.

Бұрын комшіемент жүйесінің жағдайын, көбінесе, гемолитикалық жүйені қолдану арқылы бағалады. Бұл кезде қан сарысуының концентрациясын қолданған, ол 50%-100% гемолитикалық жүйеде гемолиз тудырған. Ол тек комплемент жүйесінің белсенділігі туралы жалпы көрініс берген. Қазіргі кезде комплемент жүйесінің жеке факторларын моноклонды антидене көмегімен ИФТ (иммунды ферменттік талдау) арқылы анытау тиімді болды.

NК-жасушаның санын анықтау үшін СD56+ және СD16+ -жасушаларын цитофлюорометриялық анықтау қолданады.

Кейбір жағдайда екі реттік флюоресценттік бояулар қолданылады: бір уақытта СD56 және 3, СD56 және 57, СD56 жэне 16 экспрессиясын және басқа да комбинациядарды анықтайды. Классикалық NК-жасушалардың CD56+CD57+ фенотипі болады. К-жасушалардың субфракциясы үлкен гранулярлы СD16+СDЗ- лимфоциттер ретінде идентификациялайды. СD56+СD16+ - жасушалары бір уақытта К-киллерлік (антиденетәуелді жасушалық цитотоксиндік эффекторы) белсенділік қабілеті бар, табиғи киллердің фракциясы түрінде қарастырады. Бір уақытта СDЗ және СD16/СD56 алып жүретін жасушалар, арнайы емес киллерлік белсенділігі бар (NTK-жасушалар) әр түрлі Т-лимфоциттер ретінде қарастырады. Мембраналық фенотипті анықтаумен қатар, 51Сr шығысымен тіркелген 4-сағаттық жасушалы-ортақтастыратын цитолиз сынамасында NK-жасушаларының функционалдық белсенділігін анықтаған жөн.

Келтірілген әдістер қандағы лейкоциттер құрамының толық сандык; сипаттамасын береді, бірақ ол көбінесе жеткіліксіз. Ағзаның қорғаныс қабілеті лейкоциттердің санына ғана емес, сонымен бірге функционалдық жарамдылығына, микроорганизмге және олардың антигендеріне адекватты түрде жауап қайтаруымен байланысты.

Лимфоциттердің қызметін бағалау

Лимфоциттердің арнайы митогендерге және антигендерге жауап қайтаруы, ондағы ДНК-ның белсенді түзілуімен байланысты лимфоцитердің пролиферациясы болып табылады. Лимфоциттердің антигендерге және митогендерге пролиферациялық жауабы, осы жасушалардың жарамдығын бағалайтын функционалдық сынама болып табылады.

ЛБТС - лимфоциттердің бластты трансформациялаушы серпілісі. Бластты трансформациялаушы серпілісінде лимфоциттерді күшейту лимфоциттердің митогендермен және антигендермен жанасу нәтижесінде лимфобластқа (бөлінуге және ДНК-ны белесенді түрде түзетін жасуша) айналу қасиетіне негізделген. ЛБТС қоюында үш топ ынталандырушыларды қолданады: 1) аллогендік лимфоциттер, немесе басқа адамның лимфо-циттері. Берілген серпілісті, негізінен трансплатация кезінде донорды таңдағанда қолданады; 2) антигенмен ынталандыру, мұнда сезімталдығы анықталған антигендер қолданады; 3) шөптерден алғанған Т-митогендер (фитогемагглютинин, конканавалин А, лаконос митогені), және В-митогендер (декстран сулъфат, бактериалды полисахаридтер және липополисахаридтер).

Клиникалы-иммунологиялық зертханаларда, көбінесе, үшінші топтағы ынталандырушылар, жиі - фитогемагглютинин (ФГА.) қолданады. ЛБТС соңғы нәтижесін екі жолмен бағалайды.

Біріншісі морфологиялық талдауға негізделген. Мұнда микроскоптың астында бластты трансформациялауға ұшыраған жасушалардың санын есептейді. Бұл әдіс өте оңай, бірақ техникалық және субъективтік қателіктердің арқасында әр түрлі нәтижелер береді.

Екінші жолдың негізінде радиометрлік өлшеулер жатыр. ДНК түзілуіне қажет, лимфоциттер дақылына изотоппен белгіленген Н3-тимидин қосады, сұйық стинциляциялық есептегіш арқылы жасушалар қосылған изотопты өлшейді, бір уақытта митоген қосылмаған параллелді дақылдың радиациялық белсенділігін анықтайды. Автоматтық есептегішпен тіркелген имульстің саны, стандартты митогенге лимфоцитердің пролиферативтік жауаптың белсенділігіне тікелей пропорционалды. Ынталандыру жасанбаған дақылдағы НЗ-тимидин қосындылар мөлшерінің ынталандыру жасалған дақылдағы қосындылар мөлшеріне арақатынасы, бластты трансформация-лауының айқындығын көрсетеді. Қалыпты жағдайда Т-лимфоциттер үшін күшейту индексі 10-20 тең, Лимфоциттердің функционалды белсенділігін бағалауға қолданатын басқа әдістер, күшейтілген лимфоциттердің әртүрлі лимфокиндер бөлуімен негізделген.