Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ANTIGENTANYSTYRUShY_ZhASUShALAR.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
245 Кб
Скачать
☆

Макрофагатардың негізгі қызметтері

  • Фагоцитоз және пиноцитоз

  • Репарация үрдістеріне қатысу

  • Макрофагтардың секреторлық қызметі

  • ІІммундық жауапты реттеу

  • Арнайы имундық жауаптағы макрофагпюрдың эффекторяық қызметі

Қан моноциттерінің ең негізгі қызметтерінің бірі - организмнің арнайы емес жасушалык механизмінің негізін қалайтын фаго­цитоз бен пиноцитоз үрдістсріне қатысу.

Организмді бөгде агенттерден, әсіресе парентералды жолмен түсетін микроорганизмдерден қорғану қызметін И.И. Мечников (бірінші болып зерттеді. Ол иммунитеттің фагоцитарлық теориясын ұсынды. Макрофагтардың фагоцитарлык, және бактерицидтік белсенділігі жергілікті қабыну ошақтарының және ағзаның коздырғыштардан тазаруын қамтамасыз етеді. Макрофаггар қорғаныс қызметін атқара отырып патогенді микроорганизмдер диссиминациясының алдын алады, эндотоксиндерді жұлады және ыдыратады.

Кейіннен макрофагтар организмнін зақымдалған, ыдыраған және өлген жасушалары мен тіндерін анықтап және оларды фагоцигозға ұшырататыны белгілі болды. Мысалы, макрофаггардың қабыну мен әртүрлі себеіпегі некроз ошақтарындағы тіндердің аутолизі мен резорбциясына, сонымсн қатар ағзаның өлген және қартайған меншікті жасушаларын, соның ішінде, эритроциттер

мен лимфоциттердің утилизациясына қатысатыны көрсетілген. Макрофагтар темірдің алмасуына (жұтылган эритроциттердін гемоглобинінен билирубин мен ферритинді тузу), липидтердің, стероидтардың, мочевинаныц, инсулиннің алмасуына жэне тіндердегі су-тұз балансын сақтап тү-руға қатысады

Макрофаггардын фагоцитозы арқасьшда организмнен иммун-дық кешсндер мен апоптозга ұшыраган жасушалар шыгады.

Антигендердің фагоцитозы олардың жасушаішШк вңдепуінің алғашқы кезеңі болып табылады.

Хемотаксис. Моноциттердің эндотелиалды жасушаларға адгезиясынан кейін және диапедез жолы мен трансэндотелиалды миграция арқылы эндотелиалды тосқауылдан өткеннен кейін, олар зақымдалған тін мен жұқпа ошағына қарай жылжи бастайдьі. Бүл жағдайға хемоаттрактанттьң концентрация градиенті әсер етеді.

Хемоаттрактант қызметін микроорганизмдердің компоненттері мен өнімдері, деструкцияға ұшыраған тіндердің өнімдері, комплементтің СЗа мен С5а фрагменттері, С5Ь67 кешені немесе хемо-киндер молекулалары аткара алады. Мундай градиент болмаған жағдайда жасушалардьң қозғалысы ретсіз сипатта болады және оны «спонтанды миграция» деп атайды. Хемоаттрактант молекуласы мен моноцит/макрофаг мембранасындағы сәйкес рецепторлар байланысуы нәтижесінде хемотаксис басталады, содан кейін активтену белгісі трансдукцияга ұшырау салдарынан жасушаның цитоқаңқасына кіретін актин нәруызын өзгереді. Жасушаның пішіні күрт өзгереді және оның жалған аяктары созылыңқы бигюлярлы түрге жақындау болады. Олардың құрамында жасушаның қозгалысын қамтамасыз ететін актиннің микрофиламенттері және басқа да нәруыздар кездеседі.

Жасушасыртылық материалды жүлудың принципиалды түрде үш жолы бар: фагоцитоз, пиноцитоз Жене эндоцитоз (рецептор көмегімен жұу).

  • фагоцитоз — бегде антигендердің бөлшектерін немесе жасушаларды жалған аяқтардың көмегімен жұту;

  • пиноцитоз - цитоқанхаға тәуелді ондоцитоздьщ суйық фазалық түрі;

  • рецепторльщ эндомитоз - манноза рецепторы (MMR) көмегімен антигендерді жұту.

Микроорганизмдерді жұтудың негізгі жолы.— фагоцитоз.

Фагоцитоз кезінде макрофаг калған аяқтарын шығару арқылы фагоцитоз объектісін қоршайды. Жасуша мембранасының мұндай бслсеңді қозғалыстары цитокаңканың қайта құрылуына байла­нысты және бұл үрдіс энергияны қажет етеді. Жасуша мембранасы фагоцитоз объектісін толығымен қоршайды, сосын оньң бутіндігі қалпына келеді. Ал жұғылган объекті айиаласында вакуоль - фагосома түзіледі. Фагоцитоз үрдісі жасуша метаболизмінің айқын өзгерістерімен өтеді: оттегін түтыну және сүт қышқылының онімі жоғарылайды, глюкозаның метаболизмі күшейеді, әсіресе гексозомонофосфатты шунт белсенеді, мембрана липидтерінің енімі кушейеді жэне фагосомаларда ЦАМФ концентрациясы жоғарылайды.

Киплинг және қорыту. Жұтылған фагоцитоз объектісінің келесі тағдыры лизосома мен фагосоманың қосылу механизміне тәуелді. Ол литикалық ферменттердін фагосомага арнайы бәлі-нуімен қамтамасыз етіпеді, бірақ жасушаның цитоқаңқасы зақымдалмайды. Көптеген микроорганизмдер жұтылғаннан кейін 30-60 минуттан кейін макрофагтаардың микробицидтік механимзмі әсерінен жойылады. Ол механизмді оттегіне тоуелді және оттегіне тәуелсіз деп екіге бөледі.

Оттегіне тәуелді баюперицидтік механизм микробтарга карсы қуатты агент болып келетін сутегі асқын тотығы және оның ыдырау өнімдерінің бөлінуі жолы арқылы жузеге асады. Фагоцитоз кезінде шеткері кандағы моноциттерде «метаболикалық жарылыс» байқалады, ол оттегін тұтынудың жоғарылауымен және сутегі асқын тотығы мен супероксиданионның белінуінің күшеюімен сипатталады. Сутегі асқын тотығы мен олардың ыдырауының аралық өнімдерінің (супероксиданиондар, синглетті оттегі және гидроксилді аниондар) бактерицидтік әсері аминқышқылдар мен пептидтердің декарбоксилді тотығуы арқылы жүреді.

Оттегіне тәуелсіз бактерицидтік негізінен лизосомалардың кұрамы арқылы жүзеге асады. Олар фагоцитарлы ваюуольге өткен кезде антигенге әсер ете бастайтын әртүрлі субстанциялар.

Біріншіден, ол әртүрлі ферменттер. Олар қышқыл ортада максималды әсер ету қабілетінс жетеді. Бұл ортаның кейбір

қоздыргыштар үшін өзі де бактерицидті екендігін және де каталазды мен пероксидазды жүйелердің белсенуі ушін қолайлы екендігін ұмытпаған жөн.

Екінші жағынан, лизосомалардың құрамында катионды нәруыз, лизоцим және лактофсррин сиякты табиғаты бойынша фермент емес заттар кездеседі.

Фагоцитоз кезінде лизосомды ферменттер макрофагтардың мембранасынан сыртқы ортаға біраз бөлінеді. Ол мембрананың зақымдануы және жасушаішілік қоспаның ағуы салдарынан байқалады, бірақ лизосомды ферменттер макрофагтың жасушалық мембранасының зақымдануынсыз да таңдамалы түрде бөлінуі мүмкін. Мысалы, қышқыл фосфатаза мен катепсин жасуша сыртына жеңіл шыға алады және сол аркылы микроорганизмдсрді жасуша сыртында жою механизмі жүзеге асады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]