Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эжне ЭЖ .doc
Скачиваний:
402
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

2.1.5. Диэлектриктердің электр өткізгіштігі

Сыртқы электр өрісі болмаған кезде диэлектрик молекулаларының дипольдик моменттрі нөлге тең немесе хаостық түрде бөлініп таралған болады. Ал сыртқы әріс әсерінен диэлектрик поляризацияланады да оның қорытқы электрлік моменті нөлден өзгеше болады. Диэлектриктің поляризациялану дәрежесін сипаттайтын шама ретінде бірлік көлемдегі оның электрлік моменті алынады:

(2.4)

Осы шамасы диэлектриктіңполяризяциялану векторы деп аталады. Поляризация векторы 1 Кл/м2 – пен өлшенеді.

Сонымен диэлектриктің беткі жағындағы поляризацияланған заряд: , мұндағыS – жазық пластинаның ауданы, - зарядтың беттік тығыздығы. Егер осы өрнектің екі жағын даl векторына көбетсек: .

Сонда беттік зарядтың векторына көбейтіндісі, яғни диэлектриктің бірлік көлеміндегі электрлік моменті немесе поляризация векторы

. (2.5)

Біртекті поляризацияланған диэлектрикте поляризация векторы тұрақты және диэлектриктегі зарядтың беттік тығыздығы болса, онда зарядтың тығыздығы сан жағынан поляризация векторының нормаль құраушысына теңекенін ескеріп, поляризвция векторын былайша жазамыз:

(2.6)

мұндағы - өлшемсіз шама, оныдиэлектрлік өтімділігі деп атайды. Ал - өріс кернеулігінің нормаль құраушысы.

Молекулалардың бағдарлану дәрежесін диэлектрик шегіндегі өріс кернеулігі пропорционал деп алу орынды. Сөйтіпполяризация векторыныңөріс кернеулігіне пропорционал екенін көреміз. Сонымен поляризацияланған диэлектрик бетінде қандай да бір беттіктығыздығы бар заряд пайда болатын беттік және көлемдік зарядтар байлаулы(связанный) зарядтар, басқа зарядтар еркін зарядтар деп аталады. Байланысқан зарядтар диэлектрик ішінде электр өрісі болғанда пайда болады. Сөйтіп, өрістің бастапқы көзі әрқашан еркін зарядтар болып табылады.

Енді жоғарыда көрсетілген қайта оралайық. Ондағы қорытқы кернеуліктің мәні:

. (2.7)

Жазық конденсаторлар үшін және , мұндағы және- еркін поляризацияланған зарядтардың тығыздықтары. Диэлектриктің өрісі сыртқы алғашқы электр өрісіне қарама-қарсы болғандықтан, өрнек:

(2.8)

немесе екенін ескерсек, онда теңдеуді былайша көрсетуге болады:

. (2.9)

Енді 3 және 6 өрнектерді пайдаланып:

(2.10)

Сонымен өрісті сипаттайтын векторлық шама бізге тыныс электрлік индукция векторы болып есептеледі. Сонда сонғы теңдік:

, (2.11)

мұндағы -өлшемсіз шама, ортаның диэлектрлік өтімділігі деп аталады. Олай болса, сонғы формула:

. (2.11a)

Сөйтіп, соңғы теңдеу (2.13) өрнекке сәйкес болып тұр. Және де  шамасы диэлектриктің электр өрісінде поляризациялануы кезінде диэлектриктің қасиетін сипаттай отырып, электр өрісінің диэлектриктің әсерінен қаншалықты кемитінін көрсетеді.

Байланысқан зарядтардың еркін электрондардан айыпмашылығы, олар құрамына кіретін молекуланың шегін тастап кете алмайды. Қалған жағынан олардың барлық қасиеттері, барлық басқа зарядтардікі сияқты, яғни өрістің векторлық сызықтарыәрі еркін, әрі байланысқан зарядтардан басталып және аяқталуы мүмкін. Ал электрлік индукция векторы болса, тек еркін зарядтардан ғана бастап аяқталады.

Сондықтан, тұйықталған бет үшін электрлік индукция векторын есептуеден Остроградский-Гаусс теоремасымен мына түрде

(2.12)

жазып қолданамыз. Тұйықталған бет арқылы электрлік ығысудың векторлық ағыны осы беттің ішіндегі еркін зарядтардың алгебралық қосындысына тең. Енді тұйықталған бет үшін өрістің кернеулік вектор ағынын есептегенде зарядтардың да алгебралық қосындысын есептеу керек. Сондықтан векторы түрі үшін Остроградский-Гаусс теоремасын мына түрде жазайық:

(2.13)

мұндағы және- тұйықталғанS бет қамтитын еркін және байланысқан зарядтардың алгебралық қосындысы.