Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эжне ЭЖ .doc
Скачиваний:
402
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

5.4.1. Электржетегінің жұмыс режимдерін жіктеу

Электр механикалық құрылғылар жүйесін талдау және синтездеу негізінде бір бөлігі механизмдердің сипаттамасына, екіншісі – тікелей электр жетегіне қойылатын талаптарға қатысты болатын белгі бойынша механизмдердің жіктелуіне сүйенетін принциптер қойылу керек.

Электржетегі жүйесінің принциптік шешім таңдауын анықтайтын механизмдер сипаттамаларының келесі белгілері бола алады:

а) уақыт бойынша жұмыс режімі (3.1а - суреті) – үздіксіз (1 қисығы) және циклдік (2 қисығы) әрекет ету. Механизмнің үздіксіз режім жұмысы деп технологиялық амал толық орындалып бітетін ұзақ режім жұмысы. Механизмнің үздіксіз әрекет ету уақыты жетектік қозғалтқыштың қызу тұрақтысынан Тқ аз болмауы керек. Циклдік режим технологиялық амал циклі tц ағымында жұмыс tж және үзіліс tү периодтарының ауысуымен сипатталады;

б) жылдамдық бойынша жұмыс режимі (3.1б - сурет) – реверсті емес (1 қисығы) және ревесті (2 қисығы). Берілген режим электр жетегі жүйесінің принциптік шешіміне әсер етеді, бірақ үздіксіз әрекет ету механизмдерінде жетектік қозғалтқышты қызуы бойынша талдауы кезінде оған аса мән берілмейді;

5.10 - Сурет

в) жүктеменің уақыт бойынша өзгеру сипаты – тұрақты (3.1в - сурет, 1 қисығы), айнымалы (3.1в - сурет, 2 қисығы), соққылы (3.1г - сурет, 1 қисығы), кездейсоқ (3.1г - сурет, 2 қисығы);

г) жүктеменің жылдамдық бойынша өзгеру сипаты – тұрақты (активті жүктеме, 3.1д - сурет, 1 қисығы), құрғақ үйкеліс типті (реактивті жүктеме) М = sin() (3.1д - сурет, 2 қисығы), айнымалы M = bn типті (3.1д - сурет, 3 қисығы).

. (5.6)

Электр жетегінің бақару жүйесін таңдауды анықтайтын келесі белгілер болуы мүмкін:

а) координаттарды реттеу – талап етілмейді; жылдамдықты , үдеуді , иінкүшті М, жолды S және т.б. реттеу қажет;

б) реттеу дәлдігі – талап етілмейді, шектелген дәлдікпен реттеу талап етіледі, прецизионды, жоғарғы дәлділікпен реттеу қажеттілігі бар;

в) координаттарды жатықтық реттеу;

г) реттеу тәсілі – қолмен, жартылай автоматты, автоматты, бағдарламалық.

Өндірістік механизмдердің әртүрлі жұмыс шарттары электр жетегінің әртүрлі режімдерін шарттайды. Ол режимдер шартты белгілеулері S1-S8 бар сегіз режімге жіктеледі (3.2 - сурет). Бұл жағдай қозғалтқышты қуаты бойынша дәлірек есептеуге және таңдауға мүмкіндік береді. Электр машинасының ұзақ нақты жұмыс режімінде біліктегі жүктеме өзгермейді және оның барлық бөлігіндегі температура тұрақтанған мәніне жеткенше жалғасады.

3.2 - суретінде қозғалтқыш білігіндегі қуат Р, қуат шығындары және температураның  уақытқа тәуелділігі қозғалтқыштың ұзақ нақты жұмыс режімінде келтірілген.

5.11 - Сурет Қозғалтқыштың ұзақ жұмыс режімінің сипаттамалары

Қысқа уақыттық нақты жұмыс режімі S2 деп өзгеріссіз нақты жүктеме периоды машинаның ажыратылу периодымен алма кезек ауысу режимін атайды. Бұл кезде жүктеме периоды машина температурасы тұрақты режимге жететіндей ұзақ емес, ал тоқтап тұру периоды машина бөліктері қоршаған орта температурасына дейін суып бітетіндей ұзақ болады (3.4 - сурет).

Бұл режимдегі тағайындалған жұмысшы периодының ұзақтығы 10, 30, 60, 90 минут.