Синустық журекшелік түйін
Оң жақ жүрекшеде жоғарғы қуыс венаның құйылар жерінде орналасады. Түйін эллипс тәрізді, ұзындығы – 10-15, ені 4-5, қалыңдығы 1,5 мм. Импульс СЖТ да өңделеді ,оның орталық бөлігінде І ші типті миоциттер ритм жүргізушілер немесе пейсмекер жасушалар орналасады . Ал түйіннің перифериясында ІІ типті миоциттер өтпелі жасушалар орналасады. Пейсмекер жасушалары көпбұрышты пішінді,ірі емес,миофибрилдері және митохондриялары аз, саркоплазматикалық ретикулумы нашар дамыған ,Т-түтікшелері жоқ.СЖТ да орналасқан пейсмекер жасушалары минутына 60-90 импульс өндіреді
Жүрекше - қарыншалық түйін
Атриовентрикулярлық түйін көбінесе өтпелі жасушалардан тұрады, ал пейсмекер жасушалары мұнда аз болады. Бұл түйінде 3 аймақты ажыратады:
AN (atrium-nodus) — жүрекшелік кардиомиоциттерден атриовентрикулярлық түйінге өту аймағы
N (nodus) — меншікті атриовентрикулярлық түйін
NH (nodus-his) — түйіннен Гис будасына өту аймағы
Өтпелі жасушалар жіңішке созылған жасушалар ,миофибрилдері Р жасушаларға қарағанда жақсылау дамыған және көбінесе ұзына бойлы бағытта өткен . Т-түтікшелері қысқа. Жасушалар бір бірімен жәй және күрделі контакттармен түйісіп ұзын талшықтар құрайды . Өтпелі жасушалар қозуды Р жасушалардан Гис будасының жасушаларына және жұмысшы миоциттерге өткізеді.
АВ түйін өте төмен өткізгіш жылдамдығымен ерекшеленеді. Орташа есеппен 0,05 м/с. Демек бұл оның негізгі қызметтерін анықтайды:
Қозудың жүрекшеден қарыншаға өтуін физиологиялық ұстап қалу, бұл олардың синхронизациясын қамтамасыз етеді.
Қарыншаларды жүрекшелерден келетін жиі импульстерден сақтайды.
Жүрекшенің өте ерте импульстерінен қорғайды
Қарыншаларды ұзаққа созылуы мүмкін асистолиядан қорғайды. Егер жүрекшелік импульс тым кешіксе, АВ түйін қарыншалық ритмнің генераторына айналады.
Жүректің өткізгіштік жүйесінің қызметтері.
Ырғақты серпіністердің спонтанды өндірілуі синусты- жүрекше түйіншектің көптеген жасушаларының үйлесімді қызметінің нәтижесі болып табылады және ол осы жасушалардың тығыз байланысы (нексус) арқылы және электротонды өзара әсерлесуімен қамтамасыз етіледі. Синусты- жүрекше түйіншегінде пайда болған қозу өткізгіштік жүйе арқылы жиырылғыш миокардқа беріледі. Жүректің өткізгіштік жүйесінің ерекшелігі әр жасушаның қозуды өздігінен өндіру қабілеттілігі болып табылады. Жиілігі минутына 60-80 серпіністерді өндіретін синусты- жүрекше түйіншегінен өткізгіштік жүйенің алыстауына қарай оның әртүрлі бөлігінің автоматияға қабілеттілігінің төмендеуін өрнектейтін автоматия градиенті бар болады. Әдеттегі жағдайларда өткізгіштік жүйенің барлық төмен орналасқан бөліктерінің автоматиясы синусты- жүрекше түйіншегінен келетін жиі серпіністермен жойылады. Осы түйіншектің зақымдануы не істен шығуы кезінде жүрекше- қарынша түйіншегі ырғақты басқарушы бола алады. Осы кезде серпіністер минутына 40-50 рет пайда болады. Егер осы түйіншек өшетін болса, онда жүрекше- қарынша шоғырының (Гис шоғыры) талшықтары ырғақты басқарушы болып табылады. Осы кезде жүректің жиырылу жиілігі минутына 30-40-тан артпайды. Егер осы ырғақты басқарушы да істен шығатын болса, онда қозу үрдісі Пуркинье талшықтарының жасушаларында спонтанды пайда болуы мүмкін. Осы кезде жүрек ырғағы өте сирек болады- минутына шамамен 20 рет. Жүректің өткізгіштік жүйесінің айрықша ерекшілігі оның жасушаларында жасушааралық контактінің – нексустардың көп мөлшерде бар болуы. Осы контактілер қозудың бір жасушадан басқа жасушаға өтетін жері болып табылады. Осындай контактілер өткізгіштік жүйе мен жұмыс миокарды жасушаларының арасында да болады. Контактінің бар болуы арқасында жеке жасушалардан тұратын миокард тұтас біртұтас түрінде жұмыс жасайды. Жасуашааралық контактінің көп болуы миокардта қозудың таралуының сенімділігін арттырады. Синусты- жүрекше түйіншегінде пайда болған қозу жүрекшелер арқылы таралып, жүрекше- қарынша (атриовентрикулярлы) түйіншегіне жетеді. Жылы қанды жануарлардың жүрегінде синусты- жүрекше мен жүрекше - қарынша түйіншектері арасында, және де оң және сол жүрекшелер арасында арнайы өткізгіштік жолдар болады. Осы өткізгіштік жолдардағы қозудың таралу жылдамдығы жұмысшы миокард бойымен қозудың таралу жылдамдығынан соншалықты артық болмайды. Бұлшықет талшықтарының кішкене қалындығы және олардың ерекше тәсілмен бірігуі арқасында жүрекше- қарынша түйіншегінде қозудың таралуының бөгелуі пайда болады. Осы бөгелу салдарынан қозу жүрекше - қарынша шоғырына және жүректің өткізгіштік миоциттеріне (Пуркинье талшығы) тек жүрекшелер бұлшықеттері жиырылып үлгеріп, қанды жүрекшеден қарыншаға ығыстырып үлгергеннен кейін ғана жетеді.
