- •Бизнес-жоба «Таза су өндіру»
- •Мазмұны
- •Кестелер тізімі
- •Суреттер тізімі
- •Түйіндеме
- •Кіріспе
- •Жобаның концепциясы
- •Өнімнің (қызметтің) сипаты
- •Маркетингтік жоспар
- •Өндіріс бағдарламасы
- •Swot- талдау
- •Тарату әдістері және арналары. Таратуды ынталандыру
- •Техникалық жоспарлау
- •Ұйымдастыру, басқару және қызметкерлер
- •Жобаны жүзеге асыру
- •Пайдалану шығындары
- •Жалпы және әкімшілік шығындар
- •Капитал мен қаржыландыруға қажеттілік
- •Жобаның тиімділігі
- •Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсері
- •Экологиялық ахуалы
Суреттер тізімі
Сурет 1. Ұйымдастырушылық құрам ............................................................
Сурет 2. Таза табыс ..............................................................
Сурет 3. Жобаның өзін-өзі ақтауы ......................................................
Түйіндеме
Бұл бизнес-жоба «Таза су өндіру» жобасының қаржылық-экономикалық тиімділігі мен техникалық тұрғыда жүзеге асырылуын түсіндіру мақсатында әзірленді.
Компания ауыз суын өндіруді, ыдыстарға құюды, сақтауды және жеткізуді жоспарлауда.
Негізгі өнім – поликарбонатты шөлмектерге құйылған ауыз суы, сыйымдылығы 18,9 л.
Ауыз суының минералдық деңгейі 100-500 мг/л және ішуге де, тамақ дайындауға да, сусын дайындауға да жарамды.
Өнім Р МемСт 52109-2003 «Ыдыстарға құйылған ауыз суы. Жалпы техникалық шарттар» стандартының талаптарына сай болуы керек. Мақсаттық топ:
1. Кеңселер және бизнес-орталықтар;
2. Сауда орталықтары;
3. Әлеуметтік мекемелер (мектептер, балабақшалар, қала сыртындағы балалар лагерлері, ауруханалар);
4. Спорттық ұйымдар және фитнес-орталықтар;
5. Қонақ үйлер. Мейрамханалар. Дәмханалар;
6. Үй шаруашылығы.
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындарға мыналар жатады:
|
Шығындар, USD. |
2 013 |
|
Негізгі қаражатқа инвестиция |
460 000 |
|
Айналымдық капиталға инвестиция |
150 000 |
|
Барлығы |
610 000 |
Жобаны қаржыландыру несиелік қаражат есебінен жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр. Жалпы инвестициялық шығындар
|
Қаржыландыру көзі, USD |
Мөлшері |
Кезеңі |
Үлесі |
|
Несиелік қаражаттар |
610 000 |
01-06.2015 |
100% |
|
Барлығы |
610 000 |
|
100% |
Несиелендірудің шарттарыния
|
Несие валютасы |
Теңге |
|
Жылдық пайыздық мөлшерлеме |
14% |
|
Негізгі қарыз бен пайыздарын өтеу |
Ай сайын |
|
Пайыздарды өтеуге берілетін жеңілдік мерзімі, ай |
6 |
|
Негізгі қарызды өтеуге берілетін жеңілдік мерзімі, ай |
6 |
|
Негізгі қарызды өтеу түрі |
Тең үлеспен |
Кәсіпорын қызметінің жобаның 5 жылындағы тиімділік көрсеткіштері.
|
Жылдық табыс (5 жыл), USD. |
845 123 |
|
Активтердің рентабельділігі |
30,7 % |
|
Кірістіліктің ішкі нормасы (IRR) |
231.6 % |
|
Таза ағымдық құн (NPV), USD. |
1 815 520 |
|
Жобаның өзін-өзі ақтауы (қарапайым), жыл |
1,46 |
|
Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл |
1,53 |
Экономикалық тұрғыдан алғанда жоба мыналарға әсер ететін болады:
1. Астана қаласы бюджетіне қосымша табыстың түсуіне;
2. Аймақ тұрғындарының сапалы ауыз суына деген сұраныстарын толық қанағаттандыруға.
Кіріспе
Бұл бизнес-жоба "Ауыз суын өндіру" жобасын инвестициялаудың негізділігін экономикалық тұрғыда түсіндіруге арналған.
Бизнес-жобада инвестициялық есептеулер жасау үшін қажетті барлық ақпараттар берілген, соның ішінде кірістердің, жобаны жүзеге асыру барысында талап етілетін шығыстардың және негізгі салымдардың негізгі түрлері берілген. Сонымен қатар ауыз су саудасы нарығының саипаттамасы оған қатысты сұраныс пен тұтыным динамикасы көрсеткіштерімен бірге, сонымен қатар бағалық көрсеткіштерімен бірге ұсынылған. Аталған көрсеткіштер негізінде жобаны жүзеге асыру барысында нарықтың даму көрсеткіштеріне болжам жасалған. Инвестициялық жобаның тиімділігі мен тәуекелдеріне баға берілген және жобаның негізгі интегралдық көрсеткіштері – таза дисконттық табыс (NPV), кірістіліктің ішкі нормасы (IRR), кірістілік индексі (PI), өзін-өзі ақтаудың дисконттық кезеңі (DPP) нарықтың нақты даму қалпының негізіне бағыттала отырып есеплтеген.
Ұсынылған бизнес-жобаның көмегімен әлеуетті инвесторлар аталмыш жобаға қаражат енгізудің тиімділігін бағалай алады, жобаны қаржыландырудың неғұрлым тиімдірек үлгісін таңдау мүмкіндігіне ие болады.
Жобаның тиімділігін экономикалық тұрғыда түсіндіру үшін есептеулер жасауға пайдаланылған деректердің негізгі көздері мыналар болды:
1. «Инвестицилық жобаларды бағалау және оларды қаржыландыру үшін іріктеу бойынша әдістемелік нұсқаулар», ЮНИДО әдістемесі (БҰҰ жанындағы өндірістік даму Комитеті), ол жобаның ерекшеліктеріне байланысты түрлендірілген.
2. БАҚ пен Ғаламтордың ашық көздерінен алынған ақпараттар;
3. Қазақстан нарығына жасалған зерттеулер нәтижелері;
4. ҚР статистика Агенттігінің статистикалық деректері, талдаулық шолулар және баспасөз хабарламалары
Инвестицияның тиімділігін бағалау мақсатында есептеулер жүргізу барысында дисконтталған ақша ағымы әдісі қолданылды (FCF).
Зерттеулер 2012 жылдың қарашасында жүзеге асырылды.
