- •Бизнес-жоба «Таза су өндіру»
- •Мазмұны
- •Кестелер тізімі
- •Суреттер тізімі
- •Түйіндеме
- •Кіріспе
- •Жобаның концепциясы
- •Өнімнің (қызметтің) сипаты
- •Маркетингтік жоспар
- •Өндіріс бағдарламасы
- •Swot- талдау
- •Тарату әдістері және арналары. Таратуды ынталандыру
- •Техникалық жоспарлау
- •Ұйымдастыру, басқару және қызметкерлер
- •Жобаны жүзеге асыру
- •Пайдалану шығындары
- •Жалпы және әкімшілік шығындар
- •Капитал мен қаржыландыруға қажеттілік
- •Жобаның тиімділігі
- •Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсері
- •Экологиялық ахуалы
Тарату әдістері және арналары. Таратуды ынталандыру
Бұл жобаның бағалық саясаты тауарлардың жоғары сапалы болуына сай келеді, сол арқылы тұтынушылардың жақсы пікіріне ие болады. Бағыттау қағидаты да осыған негізделген. Басты назарды жоба тауарларына билік етіп тұрған орташа нарықтың бағаны ескере отырып дифференциалданған бағаны қалыптастыруға аударған абзал. Бағаны қалыптастыру қағидаты тұрақты және ауспалы жұмалымдарды төмендету болып табылады, бірақ саудаланатын тауардың спасына нұқсан келтірмеу керек. Бағалық ынталандыру ретінде тұрақты алармандар үшін жеңілдіктер жүйесі қолданылатын болады. 15 Қажет болған жағдайда бағалық дискриминация саясаты да қолданылады
Ұсынылып отырған дифференциялық әдіс тиімді болып табылады, себебі нарықта қандай да бір өзгерістер болғанда Компания оларға неғұрлым тез арада әрекет ете алады. Сонымен қатар жарнаманың тиімділігі мен имиджді қалыптастыру үшін мыналар болуы керек:
1. танымдық ұстаным;
2. алармандар қажеттілігіне бейімделу және оларды толық қанағаттандыру;
3. аларманға сыйластық қарым-қатынас, жоғары мәдениет;
4. белгілі жарнамалық және қызмет көрсету үлгісінің болуы;
5. алармандардың қажеттіліктеріне және оның өзгеруіне байланысты дер кезінде әрекет ету;
6. тауарлар мен қызмет көрсету сапасының мінсіздігі;
7. міндеттемелерді нақтылап анықтау және толығымен орындау;
8. нарықта үнемі болу;
9. алармандармен достық қарым-қатынас (аларманның кәсіпорындағы жағдайды жақсы қабылдауына жағдай жасау);
10. әлеуетті алармандармен жұмыс;
11. өзі туралы еске салып тұру;
12. фирмалық киім, бэйдж;
13. аларман деңгейіне жауап беретін немесе одан да жоғары эстетика;
14. қолайлы және дамыған инфрақұрылым;
15. алармандарды компанияға дейін жеткізетін жарнамалық қалқандардың, ілмелердің, белгілердің, нұсқаушы белгілердің болуы;
16. фирмалық бланктардың, кәдесыйлардың, қалталардың, материалдардың болуы, олар алармандарға беріледі;
17. көрмелерге, тұсау ксерлерге қатысу.
Дайындалған маркетинг жүйесі кәсіпорынға алға қойған маркетингтік мақсаттарға жетуіне және нарықтағы өз орнын нығайтуына мүмкіндік береді.
Техникалық жоспарлау
Өндірістік жайлар және қоймалық жайлар мен кеңселік жайлар
Шөлмектелген ауыз суы өндірісін ұйымдастыру үшін ауданы кемінде 250м2 болатын жай керек, соның ішінде өндірістік – 150м2, қоймалық – 70м2 және қосалқы – 30 м2 орындар да бар. Жоба бойынша осындай орын сатып алу жоспарлануда.
Өндірістік жай № 4416-87 «Минералды ауыз суын өндіру және ыдыстарға құю кәсіпорындарына арналған санитарлық ереже» талаптарына сай келеді: ыстық және суық сумен жабдықтау коммуникацияларымен қамтамасыз етілген, ағызу арналары, жарықтандыру, желдету, жылыту жүйелері бар; ғимараттың қабырғалары кафельдік тақталармен өңделген, ағысты арнаға бағыттай алатын құрастырмалы едені бар. Электрлік қуат қалыптастырылған шамаларға толық сай келеді. Жабдықтарды орналастыру 2013 жылдың қаңтарына жоспарланған
Өндірістік ресурстар
Өндірістік жабдықтар
Жабдық жеткізушіні таңдау нарықтағы ұсынастарды талдау негізінде жасалған.
Анықтаушы факторлар:
- сервис деңгейі аса жоғары – тапсырыс берушілер алған жабдықтардың жұмысына тек кепілдік мерзімінде ғана емес, одан кейін де мониторинг жасалады, жабдықтың жұмысына байланысты туындайтын кез-келген сұрақтар бойынша кез-келген уақытта кеңес алу мүмкіндігі бар, жабдық жұмысында болатын кемшіліктерді «Новосибирскпродмаш» ЖАҚ мамандары дер кезінде жояды және қоймада үнемі қосалқы жабдықтар бар;
- жабдықты дайындаудың спасы өте жоғары және қолданылатын материалдардың жабдыққа қойылатын санитарлық талаптарға сай, жинақтау үшін үздік әлемдік өндірушілердің құрамдас бөлшектері мен қосалқы жабдықтары пайдаланылады;
- тапсырыс берушінің қалауын ескере отырып жабдықты ерекшелеп дайындау мүмкіндігі бар, ол үшін «Новосибирскпродмаш» ЖАҚ мамандарын техникалық құжатты арнайы әзірлеп, дайындайды;
- қуаттылықты арттыру қажеттілігі туындаған жағдайда жабдықты қайтадан дайындаушыға сатып, неғұрлым өнімділігі жоғары жабдықтар сатып алу мүмкіндігі бар.
Суды дайындау: құмдық сүзгі, көмірлік сүзгі, сүзгі-қаққыш.
Кесте 6. Су дайындау жабдықтар
|
Атауы |
Түрі |
Өлшем бірлігі |
Теңге |
|
Адсорбциялық (көмірлік) сүзгі + сүзгі-қаққыш |
Жабдық |
д. |
350 000,00 |
|
Құмдық сүзг |
Жабдық |
д. |
425 000,00 |
|
|
|
Барлығы |
775 000 |
Суды құю: тығындарды алып тастауға арналған аппарат WP DM 600; шөлмектердің сыртын жууға арналған жартылай автоматты жабдық WP-WM 100; құятын жабдықтың моноблогы WaterPak spring 100; кигізілетін қалпақтың термоорналастырылуына арналған аппарат WP-SM; конвеерлік жүйе WP-CS; рольганг WP-RT; суды тазартуға арналған буферлік ыдыс; суды залалсыздандыруға арналған УКТ шамы; жарықтық инспекциялық тақта.
Кесте 7. Жинақталымы және жабдықтың суды құюға қажетті құрамдас жабдықтары
|
Атауы |
Түрі |
Өлшем бірлігі |
Теңге |
|
Тығындарды алып тастауға арналған автомат WP-DM 600 |
Жабдық |
д. |
915 000,00 |
|
Шөлмектердің сыртын жууға арналған жартылай автомат жабық WP-WM 100 |
Жабдық |
д. |
1 400 000,00 |
|
Құятын жабдықтың моноблогы WP spring 100 |
Жабдық |
д. |
3 720 000,00 |
|
Кигізілетін қалпақтың термоорналастырылуына арналған аппарат WP-SM |
Жабдық |
д. |
745 000,00 |
|
Конвеерлік жүйе WP-CS, 2 м |
Жабдық |
д. |
475 000, 00 |
|
Конвеерлік жүйе WP-CS, 3 м |
Жабдық |
д. |
570 000,00 |
|
Рольганг WP-RT, 2 м |
Жабдық |
д. |
190 000,00 |
|
жарықтық инспекциялық тақта |
Жабдық |
д. |
115 000,00 |
|
Суды тазартуға арналған буферлік пластик ыдыс, 12 м.куб |
Жабдық |
д. |
400 000,00 |
|
суды залалсыздандыруға арналған УКТ шамы |
Жабдық |
д. |
331 500,00 |
|
Барлығы |
18 861 500 |
|
|
Жабдық арнайы тапсырыс бойынша «Новосибирскпродмаш» компаниясында дайындалатын болады.
Жабдық сатып алу бағдарламасы
Кесте 8. Жабдық сатып алу бағдарламасы
|
Атауы |
Күні |
Бағасы, USD |
Мерзімі |
|
Технологиялық жабдықтарды дайындау |
01.2015 бастап |
127 000,0 |
4 ай |
Суды жеткізу құралдары
Суды жеткізу бойынша қызметтерді ұйымдастыру үшін жеті автокөлік сатып алған тиімді. Автокөлік фургон ГАЗ 3302 (жүк таситын) арнайы кунгы бар – таза су тасу үшін, оған 72 ыдыстағы су сыйады.
Автокөліктер кезең-кезеңмен сатылып алынады, сатып алу өнімді сатудың жоспарлық өсуіне байланысты және көлікке деген қажеттіліктің туындауына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Кесте 9 - Автокөліктер сатып алу жоспары
|
Атауы |
Бағасы, USD |
Саны |
Барлық құны, USD |
|
Автокөлік сатып алу |
11 774 |
7 |
83 000 |
|
Барлығы |
|
7 |
83 000 |
