- •1.Бухгалтерлік баланс және оны талдау тәсілдері
- •1.1 «Ұлар» жшс техника – экономикалық сипаттамасы
- •1.2. Бухгалтерлік баланстың түсінігі мен түрлері
- •1.3. Бухгалтерлік баланстың құрылымы мен мазмұны
- •1.3. Бухгалтерлік баланстың құрастырылуының шетелдік тәжірибесі
- •Бухгалтерлік баланс аудиті
- •2.1. Бухгалтерлік баланстың талдау тәсілдері мен аудитін жетілдіру шаралары
- •2.2 Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есепті құру үшін қажетті шараларды енгізуді жақсарту жолдары
- •31 Желтоқсан 2001 жыл
- •31 Желтоқсан 2001 ж.
1.3. Бухгалтерлік баланстың құрастырылуының шетелдік тәжірибесі
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты шоғырландырылған (консолидацияланған) баланстың ролі артып отыр.
Ірі компаниялар салық төлеуде тиімдірек экономикалық жағдайларға қол жеткізу үшін немесе басқадай мақсаттармен еншілес кәсіпорындар құрады. Инвестор олардың бірінің акцияларын сатып ала отырып, барлық кәсіпорындар туралы түсінікті ақпараттар алғысы келеді.
Шоғырландырылған (консолидацияланған) қаржылық қорытынды есепті құрудың негізгі мақсаты – бас кәсіпорын мен еншілес кәсіпорындардың қызметін бірегей шаруашылық ұйым ретінде көрсету. Бухгалтерлік есептің 13 «Шоғырландырылған (консолидацияланған) қаржылық қорытынды есеп және еншілес серіктестіктерге салынған инвестициялар есебі» деп аталатын ұлттық стандартына сәйкес шоғырландырылған (консолидацияланған) қаржылық қорытынды есеп дегеніміз – бір серіктестіктің қорытынды есебі ретінде тапсырылған топтың (бірнеше еншілес серіктестіктің) жекелеген қаржылық қорытынды есептері.
Шоғырландырылған (консолидацияланған) қаржылық қорытынды есепті дайындау кезінде негізгі серіктестік пен оның еншілес серіктестіктерінің қаржылық қорытынды есептері активтер, міндеттемелер, меншікті капитал, табыстар және шығыстар туралы мәліметтерді қосу арқылы баптар және жолдар бойынша бірігеді. Бірқатар операциялар бойынша қайта есептеуді болдырмау мақсатында алып тастау (жою) әдісі қолданылады. Шоғырландырылған (консолидацияланған) қаржылық қорытынды есептерді топ жөніндегі қаржылық ақпараттарды бірегей ұйымдар туралы ақпараттар ретінде көрсету үшін одан төмендегі көрсеткіштер алынып тасталынады:
Негізгі серіктестіктің еншілес серіктестіктердің әрқайсысына
салынған нивестицияларының баланстық құны және негізгі серіктестіктің еншілес серіктестіктердің әрқайсысының меншікті капиталындағы үлесі;
Негізгі және еншілес серіктестіктер арасындағы өзара есеп
айырысулар бойынша шоттардағы сальдо (қалдық);
табыстар, шығыстар және дивидендтер бойынша ішкі топтық
операциялар, сондай – ақ осы операциялардың нәтижесінде пайда болатын іске асырылмаған (жұмсалынбаған) табыс немесе зиян, орны толтырылмайтын зияндардан басқа.
Америка ғалымдары Б. Нидлз, Х. Андерсон, Д. Колдуэллдердің
еңбегінде былай делінген: «Шоғырландырылған (консолидацияланған) балансты дайындау кезінде еншілес және бас (аналық) кәсіпорындардың қорытынды есептерінен тиісті баптар бірігеді. Кейбір баптар негізгі және еншілес серіктестіктер арасында болған операциялардың нәтижесінде сальдоланады. Мысалы, бір компанияның борышын басқа компанияның жабуы немесе есепті құру кезінде негізгі кәсіпорын мен еншілес кәсіпорындар арасындағы мұндай операциялар қорытынды есептің жиынтығында көтсетілмеуге тиісті. Себебі сатып алу – сату операциялары, қарыздың төленуі және олардың алынуы ақша қаражаттарының кәсіпорын ішіндегі кобеюін туындатпайды. Қайта есептеуді болдырмау мақсатында алып тастау (жою) тек қорытынды есепті дайындау барысында орындалады және негізгі кәсіпорынның да еншілес кәсіпорындардың да бухгалтерлік есеп регистрлерінде көрсетілмейді.ешқандай шоғырландырылған (консолидацияланған) есеп регистрлері жүргізілмейді»
Сонымен, бізде қолданып келген мәліметтерді жинақтаудан шоғырдандыруды (консолидациялауды) екі белгі бойынша ажыратуға болады:
шоғырландырылған (консолидацияланған) қорытынды есеп екі
немесе бірнеше өзара байланысты, бірақ солай болғанмен заңдытүрде дербес кәсіпорындар бойынша құрылады;
шоғырландыру (консолидация) негізгі және еншілес кәсіпорындар
баланстары баптарының қарапайым қосындысы емес, қорытынды есеп мәліметтерін белгілі бір түрде құрамдастыру (қиыстыру) болып табылады.
Субъектілердің бухгалтерлік балансында бартекті қаржы ресурстары (активтер) және олардың құралу көздері (меншікті капитал, міндеттемелер) бірыңғай көрсетіледі. Баланс активтерінің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің осындай біртекті көрсеткіштері «баптар» деп аталады. Баланстың «Активтер» бөлімінің баптары қаржылық ресурстардың жай-күйлерін бейнелейді, «Меншікті капитал» және «Міндеттемелер» бөлімдерінің баптары кәсіпорын активтерінің құралу көздерін бейнелейді.
Халықаралық тәжірибеде баланстың жоғарыда қарастырылғаннан басқа құрылымы белгілі, мысалы, АҚШ-та, Англияда және басқа да бір қатар елдерде баланста алдымен активтердің барлық баптары, ал содан кейін меншікті капитал мен міндеттемелер баптары келтіріледі.
Активтер баптары басшылыққа алынып жүрген заңдарға және жекелеген елдердің дәстүріне сәйкес белгілі бір жүйемен орналастырылады. Активтердің жекелеген баптары баланста мүліктердің жылжу (қозғалу) деңгейіне байланысты, басқаша айтқанда өтімділік (ликвидтілік) деңгейі бойынша, яғни мүліктің осы бөлігі шаруашылық айналымында қандай жылдамдықпен ақша нысанына айналатындығына байланысты орналастырылады.
Отандық іс-тәжірибеде активтер әдеттегідей өтімділіктің (ликвидтіліктің) жоғарылау тәртібімен құрылады, яғни баланстың бірінші бөлімінде ең алдымен өзінің тиімді пайдалану мерзімінің аяғына дейін бастапқы нысанын (формасын) сақтайтын қозғалмайтын (жылжымайтын) мүліктер көрсетіледі, содан кейін барып ағымдағы активтер көрсетіледі.
Активтер өтімділіктің (ликвидтіліктің) төмендеуі тәртібі бойынша орналастырылған кезде бірінші орында ақша қаражаттары, тауарлар, өндірістік босалқылар, аяқталмаған өндіріс, дебиторлық борыштар баптары және т.б. тұрады(баланста активтерді орналастырудың бұл схемасы, мысалы, АҚШ, Англия мемлекеттерінде қолданылады).
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде, Ұлыбританиямен басқада елдерде мынадай сыныптамалар қолданылады: негізгі активтер- құны бар және компания жай қайта сату үшін емес, тауар өндірі немесе қызметтер көрсету мақсатымен сатып алатын мүлік; ағымдағы активтер- құны бар, келесі 12 ай бойына ақшалай қаражатқа айналуы мүмкін мүлік. Ұлттық шоттар жүйесінде активтерге тек экономикалық қызметте пайдаланылатын немесе меншік құқығы обьектісі болып табылатын активтер ғана жатады, ал экологиялық активтер, сондай-ақ тұтыну тауарларының едәуір бөлігі, " адам капиталы" дейтін экономикалық қызметте пайдаланылмайтын табиғи ресурстар, т.б. есептелмейді. Ұлттық активтер метериалдық активтер мен материалдық емес активтерге бөлінеді.
Бейматериалдық активтер - өнеркәсіптік және зияткерлік меншік обьектлерінің, нақты жеке немесе заңды тұлғаның оған табыс әкелетін меншік құқығының обьектісі деп танылған өзге де тақылептес мүліктік құқықтардың шартты құны. Қаржы активтеріне және өзге де бейматериалдық активтерге бөлінеді. Бейматериалдық активтер - сезілмейтін активтер, бухгалтерлік баланс активінде есептелген кәсіпорын мүлкінің құрамындағы жаңа санат.
