Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовая работа.docx
Скачиваний:
66
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
86 Кб
Скачать
☆

2.2 Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есепті құру үшін қажетті шараларды енгізуді жақсарту жолдары

Субъектінің қаржылық қорытынды есебінің барлық нысандары белгілі

бір мақсатпен құрылады. Баланста субъектінің экономикалық ресурстарының (активінің) белгілі бір мерзімдегі нақты бары мен оларды қаржыландыру көздерінің жағдайы көрсетіледі. Субъектінің қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі қорытындыесебінде оның есеп беру мерзімінде алған табысы көрсетіледі.

Ақша қаражаттарының қозғалысы жөнінде қорытынды есептің негізгі мақсаттары:

  1. Есеп беру мерзімі ішінде заңды тұлғаларға ақша қаражаттарының келіп түсуі және шығуы жөнінде ақпараттарды беру;

  2. Есепберу мерзімінде заңды тұлғаларға операциялық операциялық және қаржылық қызметі жөніндегі ақпараттарды беру.

Операциялық қызмет дегеніміз – заңды тұлғаның табыс табу бойынша

негізгі қызметі сонымен бірге қаржылық және инвестициялық қызметіне жатпайтын басқадай қызметі.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер операциялық қызметтен болған

ақша қаражаттарының қозғалысын тікелей немесе жанама әдістерді пайдалана отырып ашып көрсетеді:

  1. Тікелей әдіс – бұл ақшаның келіп түсуі мен төленуінің негізгі

түрлері ашып көрсетілетін әдіс. Бұл әдіс ақшамен жүргізілетін әрбір операцияны зерттеуге және ол операцияның субъект қызметінің қай түріне жататынын анықтауға негізделген.

Тікелей әдісті қаржы – шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі

қорытынды есептің әрбір бабына түзету (корректировка) жасау деп түсіну керек. Мұндай жағдайда түзетуді өнімді сатып - өткізуден түскен ақша түсімінен бастау керек. Одан тауарды сатып алу бойынша төленген барлық ақшаның сомасын, ағымдағы шығындар бойынша жұмсалған ақшаны, несие үшін проценттер сомасын, бюджетке төленген төлемдерді алып тастау керек. Жиынтығында операциялық қызметтен алынған ақша қаражаттары жағдайының сомасын шығарады.

Тікелей әдісті қолданған кезде операциялық қызметтің нәтижесінде пайда болатын ақша қаражаттарының қозғалысын бейнелейтін операцияларға төмендегі операциялар жатады:

а) тауарлырды сатып - өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақша қаражаттары;

ә) жөнелтілетін тауарлы – материалдық босалқылар, көрсетілетін қызмет үшін алынған аванстардың сомасы;

б) проценттер, дивидендтер, басқадай әртүрлі сипаттағы табыстардың келіп түсуі.

Ақша қаражаттарының шығуы:

а) келіп түскен тауарлар және көрсетілген қызмет үшін жабдықтаушыларға және мердігерлерге ақша төлеу;

ә) келіп түсетін тауарлы – материалдық құндылықтар, көрсетілетін қызметтер, атқарылатын жұмыстар үшін аванс төлеу;

б) еңбек ақы төлеу және басқадай төлемдер;

в) бюджетпен, әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру органдарымен, бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысу;

г) проценттерді төлеу;

д) басқадай төлемдер.

Төменде бухгалтерлік есептің 4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп» деп аталатын ұлттық стандартының (БЕС -4), қаржылық қорытынды есепті құру бойынша әдістемелік ұсыныстардың негізінде құрылған субъектінің Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есебі келтірілді (кесте 13.3)

Кесте 13.3

Субъектінің ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі

қорытынды есебі (тікелей әдіс бойынша)