- •Тақырып: № 1 Салық құқығы және мемлекеттің салық қызметі. Мемлекеттің өміріндегі салықтардың түсінігі және ролі
- •1 Сұрақ Салықтардың түсінігі және белгілері
- •Салықтардың белгілері:
- •2 Сұрақ Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
- •Тақырып: № 2 Салықтың заңдық элементтерінің құрамы
- •1 Сұрақ Салықтың заңдық элементтерінің құрамы
- •2 Сұрақ Салықтардың функциялары
- •Тақырып: № 3 Мемлекеттің салықтық қызметі
- •1 Сұрақ Мемлекеттің салықтық қызметінің түсінігі.
- •2 Сұрақ Салыктык қызметті өздерінің құзыреттеріне сай жүзеге асыратын мемлекеттік лауазымды түлға мен уәкілетгі органдар
- •3 Сұрақ Салықтық кызметтің негізгі құқықтык әдістер
- •Тақырып: № 4 Салықтық құқық құқықтық құрылым ретінде
- •1 Сұрақ Салықтық құқығының түсінігі және ерікшіліктері
- •2 Сұрақ Салықтық құқығының пәні
- •3 Сұрақ Салықтық құқығының әдістері
- •4 Сұрақ Салықтық құқығының жүйесі
- •Тақырып: № 5 Салықтық міндеттемелер
- •1 Сұрақ Салықтық міндеттемелердің түсінігі және элементтері
- •2 Сұрақ Салықтық міндеттемені орындау
- •3 Сұрақ Салық мiндеттемесiн орындау бойынша бюджетпен есеп айырысу кезiнде салық төлеушiнiң артық төлеген салық сомаларын есепке жатқызу
- •4 Сұрақ Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері
- •5 Сұрақ Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары
- •6 Сұрақ Салық міндеттемесін тоқтатудың негіздері
- •Тақырып: № 6 Салық салу саласындағы мемлекеттiк басқару
- •2 Салық қызметi органдарының басқа мемлекеттiк органдармен өзара iс-әрекетi
- •Тақырып: № 7 Мемлекеттік салықтық бақылау
- •1 Сұрақ Салықтық бақыдаудың түсінігі
- •2 Сұрақ Салықтық бақыдаудың әдістер
- •3 Сұрақ Салықтық бакылаудың негізгі әдісі салық төлеушілердің тексеру
- •Салық құқығының ерекше бөлімі Тақырып:№ 8 Корпоративтік табыс салығы.Жеке табыс салығы
- •1 Сұрақ Корпоративтік табыс салығы
- •1 Сұрақ Жеке табыс салығы
- •Тақырып: № 9 Қосымша құн салығы. Акциздер. Әлеуметтік салық.
- •1 Сұрақ Қосылған кұн салығы
- •2 Сұрақ Акциздер
- •3 Сұрақ Әлеуметтік салық
- •Салықты есептеу және төлеу тәртібі
- •Элеуметтiк салықты төлеу
- •Тақырып: № 10 Пайдалы қазбаларды пайдаланушылардан алынатын салық.Шығыс шикі мұнайға ренттік салық
- •1 Сұрақ Жер қойнауын пайдаланушыларғасалық салу
- •2 Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы
- •Тақырып: № 11: Жер салығы
- •1 Сұрақ Жер салығының жалпы сиппатамасы
- •2 Сұрақ Жер салықты есептеу және төлу тртібі
- •Тақырып: № 12 Көлік құралдарына және мүлікке салық
- •1 Сұрақ Көлік қүраддары салығы
- •2 Мүлік салығы Занды түлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салыгы
- •Жеке тулғалардың мүлік салығы
Тақырып: № 6 Салық салу саласындағы мемлекеттiк басқару
Мақсат –салық құқығының институты ретінде салық салу саласындағы мемлекеттік басқару институтын ашу.Мемлекеттік органдар мен олардың өкілеттіктерін және жүйесін анықтау.
Жоспар:
1 Салық салу саласындағы басқаруды жүзеге асыратын уәкiлеттi органдар және олардың құқықтық мәртебелерi.
2 Салық қызметi органдарының басқа мемлекеттiк органдармен өзара iс-әрекетi
сұрақ Салық салу саласындағы басқаруды жүзеге асыратын уәкiлеттi органдар және олардың құқықтық мәртебелерi.
Салық қызметi органдарына салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің толық түсуiн, мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың толық және де кезiнде аударылуын қамтамасыз ету жөнiндегi, сондай-ақ салық төлеушiлердiң салық мiндеттемелерiн орындауына салық бақылауын жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттер жүктеледi. Салық қызметi органдары уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен салық органдарынан тұрады.
Салық органдарына аймақаралық салық комитеттерi, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерi, ауданаралық салық комитеттерi, аудандар, балалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерi жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда бұл аймақтардың аумағында салық комитеттері құрылуы мүмкін. Салық органдары тиiстi жоғары тұрған салық қызметi органына төменнен жоғары қарай тiкелей бағынады және жергiлiктi атқарушы органдарға жатпайды. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган салық органдарына басшылық жасауды жүзеге асырады. Салық органдарының бiрiншi басшыларын қызметке уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы тағайындайды.
Салық қызметi органдарының құқықтары
Салық қызметi органдары:
1) осы Кодексте көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге және бекiтуге; 2) өз құзыретi шегiнде салық мiндеттемелерiнiң туындауы, орындалуы мен тоқтатылуы жөнiнде түсіндiрудi жүзеге асыруға және түсiнiктеме беруге;
3) осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық бақылауын жүзеге асыруға;
4) салық төлеушiнің ақша құжаттарына, бухгалтерлiк кiтаптарына, есептерiне, сметаларына, ақшасының бар-жоғына, бағалы қағаздарына, есеп айырысуларына, декларацияларына және салық мiндеттемелерiн орындауға байланысты өзге де құжаттарына Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген талаптарды сақтай отырып, тексеру жүргiзуге;
5) салық төлеушiден уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысандар бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу мен төлеу (ұстау мен аудару) жөнiнде құжаттар, оларды толтыру жөнiнде түсiндiрмелер, сондай-ақ салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың дұрыс есептелгендiгiн және дер кезiнде төленгендiгiн (ұсталғандығын және аударылғандығын) растайтын құжаттар берудi талап етуге;
6) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен салық тексеруiн жүзеге асыру барысында салықтық құқық бұзушылықтар жасалғанын айғақтайтын құжаттарды салық төлеушiден алып қоюға; 7) орналасқан жерiне қарамастан табыс табу үшiн пайдаланылатын кез келген салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi тексеруге, салық төлеушiнiң мүлiктерiне (тұрғын үй-жайлардан басқа) түгендеу жүргiзуге; 8) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен салық төлеушiден электрондық құжаттар түрiндегi ақпарат алуға;
9) тексерiлетiн салық төлеушiге - заңды тұлға мен жеке кәсiпкерге салық салуға байланысты мәселелер бойынша коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген талаптарды сақтай отырып, банктерден немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оның банк лоттарының бар-жоғы және олардың нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәлiметтер алуға;
10) осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде көзделген жағдайларда салық төлеушiнің салық мiндеттемесiн жанама әдiспен айқындауға;
11) салық тексерулерiне басқа да мемлекеттiк органдардың мамандарын тартуға;
12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес соттарға талаптар қоюға құқылы; 13) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 49-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген негiздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы сотқа талап-арыз беруге құқылы.
Салық қызметi органдарының Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен көзделген өзге де құқықтары бар.
Салық қызметi органдарының мiндеттерi
Салық қызметi органдары:
1) салық төлеушiнiң құқықтарын сақтауға;
2) мемлекеттiң мүдделерiн қорғауға;
3) салық төлеушiнiң салық мiндеттемелерiн орындауына, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың толық есептелуiне және уақтылы төленуiне, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының дер кезiнде ұсталуына және аударылуына салық бақылауын жүзеге асыруға;
4) салық төлеушiлердiң, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердің есебiн, есептелген және төленген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есебiн белгiленген тәртiппен жүргiзуге; 5) белгiленген салық есептiлiгiнiң нысандарын толтыру тәртiбiн түсiндiруге;
6) салық тексеруiн қатаң нұсқамалар бойынша жүргiзуге;
7) осы Кодекс ережелерiне сәйкес салық құпиясын сақтауға;
8) осы Кодексте көзделген мерзiмдер мен жағдайларда салық төлеушiге салық мiндеттемелерiнiң орындалуы жөнiнде хабарлама тапсыруға;
9) салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша үш күн мерзiмнен кешiктiрмей салық мiндеттемелерiн орындауы жөнiндегi бюджетпен есеп айырысуларының жай-күйi туралы оның жеке шотынан көшiрменi беруге;
10) салық төлеушiге берiлетiн, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiнің орындалу фактiсiн растайтын квитанциялар көшiрмесiнiң бес жыл бойы сақталуын қамтамасыз етуге; 11) мемлекет меншiгiне айналған мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және өткiзу тәртiбiнiң сақталуын, оның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиiстi уәкiлеттi органға толық және уақтылы тапсырылуын, сондай-ақ оны сатудан түскен ақшаның бюджетке толық және дер кезiнде түсуiн бақылауды жүзеге асыруға
12) салық мiндеттемелерiнің орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерiн қолдануға және салық төлеушiден салық берешегiн осы Кодекске сәйкес мәжбүрлеп өндiрiп алуға;
13) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес салық төлеушiге әкiмшiлiк айыппұлдар салуға мiндеттi. Салық тексеруi барысында салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден қасақана жалтару фактiлерi, сондай-ақ қылмыс белгiлерiн көрсететiн әдейi, жалған банкроттық фактiлерi анықталған кезде, салық органдары Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес iс жүргiзу шешiмiн қабылдау үшiн тиiстi құқық қорғау органдарының тергеуiне жататын материалдарды жiбередi.
Салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының салық заңдарымен көзделген өзге де мiндеттердi орындайды.
