Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салык.doc
Скачиваний:
130
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
376 Кб
Скачать
☆

Жеке тулғалардың мүлік салығы

Меншік қүқығында салық салынатын объектілері бар жеке түлғалар жеке түлғалардың мүлкіне салынатын салыктың төлеушілері болып табылады. Тиісті құкыққа орай жеке түлғалардың меншігіне жататын және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын Қазакстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар мен өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан аякталмаған құрылыс объектілері оларға қоныстанған сәттен (пайдаланған кезден) бастап жеке тұлғалардың мүлкіне салық салудың объектісі болып саналады.

Жеке тұлғалар үшін осы салықа катысты салық базасы әр жылдың 1 қаңтарына қарағандағы жағдай бойынша Казақстан Республикасының Үкіметі айқындаған уәкілетті орган белгілейтін салық салу объектілерінің кұны болып табылады.

Жеке тұлғалардын салық салу объектілерінің кұнын аныктау тәртібін Казақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Бірнеше жеке тұлғаның ортақ үлестік меншігіндегі салык салу объектісі үшін салық олардың осы мүліктегі үлесіне бара-бар есептеледі. Бірнеше салык салу объектілері бойынша салык төлеуші бір жеке тұлға болған жағдайда, салықты есептеу әрбір салык салу объектісі бойынша бөлек жүргізіледі.

Жаңадан құрылған салық салу объектілері бойынша салықты есептеу олардың құрылу жылынан кейінгі салық жылында жүргізіледі.

Салық салу объектісі жойылған, кираған, бұзылған жағдайда жойылу, қирау, бұзылу фактісін растап уәкілетті орган беретін құжаттар негізінде салық сомасы қайтадан есептеледі.

Салық кезеңі ішінде салық төлеушінің салық телеуден босатылу қүкығы туындаған кезде осы кұқык туындаған айдан бастап салық сомасын кдйта есептеу жүргізіледі.

Салық кезеңі ішінде салық салу объектілеріне меншік құкықтары берілген жағдайда салык сомасы мүлікке меншік құқықтарын іске асырудың нақты кезені үшін есептеледі.

Меншік күкығын берген тұлға салық салу объектісін іс жүзінде иелену кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасын меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу кезіне дейін немесе тіркеу кезінде бюджетке енгізуге тиіс. Бұл орайда бастапқы төлеушіге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, ол меншік құқығын берген айдын басына дейін есептелген салык сомасы көрсетіледі. Одан кейінгі төлеушіге мүлік салығының есептелген сомасы туралы салық органдары жіберетін хабарламада оның меншік кұкығы туындаған айдың басынан басталатын кезең ішінде есептелген салық сомасы көрсетіледі.

Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салыкты есептеу және төлеу үшін белгіленетін салық кезеңі күнтізбелік жыл болып табылады.

Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты салық төлеушінің тұратын жеріне карамастан сол салык салу объектілері орналасқан жерінде белгіленген тиісті салық ставкасын салық базасына қолдану жолымен салық кезеңінің 1 тамызынан кешіктірілмейтін мерзімде салык органдары есептеп шығарады.

Есептелінген салықсомасын тиісті бюджетке аудару (енгізу) салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салык кезеңінің 1 қазанынан кешіктірілмей жүзеге асырылады.

Әдебиет

  1. ҚР Конституциясі 30.08.1995

  2. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)

  3. Салық төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинауға арналған квитанция нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 16 сәуірдегі N 434 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 19 сәуірдегі N 171 бұйрығымен. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 2 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1842.

  4. Налоговое право РК (в схемах). Учебное пособие. Под ред. Профессора Г.И. Тулеугалиева. А: Данекер, 2003

Бақылау сұрақтары:

1 Көлік құралдарына салықтың жалпы сипаттамасы

2 Салықтардың субъектілері

3 Салықтардың объектілері

4 Салық базасы

5 Салық ставкасы

6 Салықтарды аудару және төлеу тәртібі

7 Жеңілдіктер

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]