Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип Ермека.doc
Скачиваний:
251
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
986 Кб
Скачать
☆
      1. Бункерлердің саны мен сиымдылықтарын есептеу

Өнімділігі тәулігіне 220 тонна, жобаланатын ұн зауытының бункерлерінің саны мен сиымдылығын олардың астықты майдалауға дайындау және тазалау технологиялық схемесының орналасуына байланысты есептейді.

Тазаланбаған дәнге арналған бункер

Тазаланбаған дән бункерлерінің саны мен сиымдылығын ұн зауытындағы бидай қорын ұн зауытының жұмысынан 30...50 сағатқа артық етіп алады. Мұндай астық қоры ұн тарту партиясын құрастыруға қажет, ол әр түрлі сападағы астықты тиімді араласуына және ұн тарту бөліміне дайындалған астықтың үздіксіз түсуіне қажет.

Бункер сиымдылығы Vж(м3) келесі формула байынша анықталады:

(6)

мұндағы Q – зауыттың берілген қуаты, Q=220 т/тәу;

t – бункердегі астықтық сақталу уақыты, t=50 сағ;

γ – бидай дәнінің көлемдік массасы, γ = 0,75 т/м3;

К – бункерді пайдалану коэффиценті, R = 0,8…0,9.

СНиП -21.10.05-85 бойынша каркасты ғимаратқа темір бетонды бункерлерді орналастыруға болады егер де осьтік торлары 3х3 м болып ғимаратта кеңінен орналасса.Темір каркасты бункерлердің көлденең қимасының ауданын F=7 м2 [ ] қабылдаймыз.

Бункерлер үш қабатты қамтиды, бір қабаттың биіктігі -4,8 м, бункерлердің орналасуы үшінші қабаттан басталса онда биіктігі h=14,4м болады.

Тазаланбаған дән үшін бункерлер санын келесі формула бойынша анықтаймыз:

(7)

мұндағы n- бункерлер саны.

Тазаланбаған дәнге 6 бункер қабылдаймыз.

Бөктіру бункерлері

Бөктіру бункерлерінің сиымдылығы мен санын есептеу үшін желдету режимін тандау керек, ол үшін технологиялық схемадағы дәнді ұн тартуға тазалау және дайындау барысында таңдалынғандай:

  • бидайСаратовская - III типті,жаздық ақ бидай;

  • жалпы шынылығы– 65 %;

  • бастапқы ылғалдылығы– 12,0 %.

Баптау режимдері

Технологиялық схема бойынша салқын баптау таңдалынды. Баптау режимдері келесілерден тұрады: бөктіру ұзақтығы және ылғалдау және бөктіру кезіндегі ылғалдың өсуі.

а) Негізгі (бірінші) баптау этапы, ұсыныс бойынша [5] 9…12 сағат, берілгендерге қарап бидай дәні үшін t1=10 сағатты таңдаймыз, ылғалдылықтың 2,5…3 % өсуін қамтамасыз етеді. Бидайдың бастапқы ылғалдылығы - 11,0 % , баптаудың бірінші этапынан кейін 14,0 % дейін өседі .

б) Қайталама (екінші) баптау этапы үшін бөктіру уақытын t2=3 сағат қабылдаймыз, ұсыныс бойынша 3…4 сағат [5], ылғалдың 1,5…2, % өсуін қамтамасыз етеді, сондықтан екінші қайталама баптаудан кейін ылғалдылық 15,5 % өседі.

в) Үшінші баптау этапынан кейін (бірінші жармалау жүйесінің алдында) ұсыныс бойынша бөктіру уақыты 15…30 минут [5]. t3=0,5сағатты аламыз, ылғалдың 0,3…0,5 % көтерілуіне септігін тигізеді. Баптаудың соңында бидай дәнінің ылғалдылығының шамасы – 16 % тең болады, осы өнімге ұсынылғандай – 15,5…16,0 тең болу керек [5], содан ұн тарту бөлімінің бірінші жармалау жүйесіне бағытталады.

Бөктіру бункерлерінің жалпы сиымдылығын (4) өрнегі бойынша және бункерлер саны (5) өрнек бойынша анықтаймыз .

Бірінші бөктіру таңдалынған бөктіру уақыты: t1=8 сағат.

Vo1 = 220х10/24х0,75х0,9 = 135,8 м3

Бөктіру бункерлерінің осьтік торлары м және биіктігі h= 9,6 м (2 қабат), яғни бункерлер саны келесі мәнге тең болады:

n1 = 135,8/ 14,4х7 = 1,34

Бірінші бөктіруге екі бункер қабылдаймыз.

Екінші бөктіру таңдалынған бөктіру уақыты: t2=3сағат.

Vo2 = 220х3/24х0,75х0,9 = 40,7 м3

Екінші бөктіру бункерлерінің саны келесіге тең болады:

n = 40,7/ 14,4х7 = 0,4

Екінші бөктіруге бір бункер қабылдаймыз.

Үшінші бөктіру таңдалынған уақыт, t3=0,5 сағат.

Vo1 = 220х0,5/24х0,75х0,9 = 6,7м3

Үшінші бөктіруге арналған бункерлер саны:

n = 6,7/14,4х7 = 0,1

Бірінші жармалау жүйесінің алдындағы үшінші бөктіруге бір бункер қабылдаймыз.

Жалпы үш баптау этапына бес бөктіру бункерін қабылдаймыз.

Қалдықтар бункері

Ұн зауытының дайындау бөлімінен келесі мөлшерде қалдықтар түрін аламыз:

  • I және II категориялы – 2,7 %;

  • III категориялы – 0,8 %

Әр категориялы қалдықтар үшін ұн зауытының 10…12сағаттық жұмысын қамтамасыз ететін жинақтау бункерлері қажет.

  1. Тәулікте алынған қалдықтар мөлшерін келесі өрнек бойынша табамыз:

т/сағ (8)

мұндағы Q – ұн зауытының өнімділігі, т/сағ;

а – категориялар бойынша қалдықтар мөлшері, %.

Қалдықтар мөлшері келесідей болады:

  • I жәнеII категория:

Q1 = 220х2,7 / 100х24 =0,24т/сағ

  • III категория:

Q2 = 220х0,8/ 100х24 =0,07т/сағ

Әр категориядағы қалдықтар бункерінің жалпы сиымдылығын өрнек бойынша табамыз,егерt = 12сағат болса,І және ІІ категориялы қалдықтардық көлемдік салмағыγ1=0,35 т/м3; алIII категориялы қалдықтар үшін – γ2=0,4 т/м3.

  • I жәнеII категориялы қалдықтар:

Voт1 =0,24х 12 / 24х0,35х0,9 =0,38м3

  • III категориялы қалдықтар:

Voт2 = 0,07х 12 / 24х0,4 х 0,9 =0,097м3

Бір қалдықтар бункерінің сиымдылығын келесі өрнек бойынша анықтаймыз:

(9)

мұндағы π=3,14;

Д- жеке орнатылатын темір типінденгі бункер диаметрі, Д=2,8 м;

h- бункер биіктігі, h=2,5 м;

γ-қалдықтардың көлемдік массасы, т/м3.

Мәндерді қойып, келесіні аламыз:

  • I жәнеII категориялы қалдықтар:

Vб1 = 3,14 х 2,8/ 4х2,5х0,35 = 5,7 м3

  • III категориялы қалдықтар:

Vб2 = 3,14 х 2,8/ 4х2,5х0,4= 5,9м3

2.Қалдықтар бункерлерінің санын келесі өрнкепен анықтаймыз:

(10)

мұндағыV0–категориялар бойынша қалдықтар бункерінің жалпы сиымдылығы, м3 ;

Vб–бір бункер сиымдылығы, м3

Сондықтан бункерлер саны келесідей:

- I жәнеII категориялы қалдықтар:

nот1=3,67/ 5,7 =0,65

- III категориялы қалдықтар:

nот2=1,35/ 5,9 =0,23

I және II категориялы және III категорииялы қалдықтар үшін бір бункерден қабылдаймыз. Оларды қалдықтар цехына орналастыруға болады.