Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AutoCAD бадарламасы.doc
Скачиваний:
65
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
519 Кб
Скачать
☆

6.2 Сызбаны бояу

Егер модельдің көркем көрінісін тез алуымыз керек болса, онда бояуды қолданамыз. Бұл жерде жарық көзі біреу ғана болады да, модель ол жарық көзі тарапынан айдындатады.

Бояуды қолдану үшін View менюінен Shade бұйрығын таңдаңыз немесе бұйрықтық жолда “shademode” енгізіңіз. Параметрлер мағыналары астыда берілген:

  • 2D Wireflame: қарапайым каркасты объектқұрылады

  • 3D Wireflame: модель көрінісі каркасты бірақ ҚКЖ үш өлшемді пиктограммалы

  • Hidden: таңдалған кесінділерді көрінбейтіндей жасайды, яғни нақты көріністе көрінбейтін сызықтарды жасырады

  • Flat shaded: шек пішінімен шектелген облыстың жартытонды толтырусыз болатын “тегістің құрылуы”

  • Gouraud shaded: түрліше ориентацияланған шек арасында жартытонды тегістелген “көшудің” құрылуы. Сөйтіп объектінің қисық сызықты кеңістікті формасы көрсетіліп, шыншылды объект көрінісі пайда болады.

  • Flat shaded, Edges on: қабырғасы каркасты болатын Flat shaded параметрі

  • Gouraud shaded, Edges on: бұл параметрде де қабырғалар каркасты болады және Gouraud shaded параметрі орындалады.

6.3 3D-Orbit режимін қолдану

3D Orbit құралы кеңістіктегі модель айналасында қозғалып, модельді еркін көруге мүмкіндік береді. Бұл құралды қолданғанда, объектіні қозғалтқанмен масштаб өзгермейді. Шығу үшін <Esc> немесе <Enter> басылуы тиіс.

3D Orbit режимін 3D Orbit панелінен іске қосуға болады. Сонда объект айналасында “координатты шар” пайда болады. 3D Orbit режимі қосылғанда, AutoCAD курсордың координатты шарға қатысты қимылдарына, түрліше әрекет етеді. Курсор әрбір жеке аймақта өзгеше жұмыс істейді. Оны қолданушы курсор формасын өзгерткенде байқай алады. Курсор формасының саны төртеу. Демек 3D Orbit режимі төрт формада қолданылады:

  1. Шеңберлі “стрелка” режимінде курсордың көмегімен бұрылыс. Тышқанның сол батырмасын басып тұрған күйде курсорды жылжыту кординаталы шарды қозғалысқа әкеледі.

  2. “Сфера және сызықтар” режиміндегі бұрылыста, тышқанның сол батырмасын басулы күйде курсорды ішкі бір бұрышын екішіге жылжытқанда обьект елестетілген өс айналасында бұрылады.

  3. Модель көрінісінің вертикаль өс айналасында бұрылуы. Бұл режимде кординаталық шардың сол және оң жағында орналасқан кішкене шарлардың ішіне курсорды әкеліп, тышқанның сол батырмасын басулы күйде жылжытсақ, обьект вертикаль өс бойынша жылжиды, курсор басқа бағытта жылжитын болса, ол жауапсыз қалады. Яғни курсор тек солға немесе оңға бұрылады.

  4. Модель көрінісінің горизонталь өс айналасында бұрылуы. Осы режим де алдынғы режим сияқты жұмыс істейді. Бірақ объект горизонталь өс бойында жылжиды.

3D Orbit режимінің қосымша бұйрығы бар. Бұл бұйрық аты Continuous Orbit. Ол модельдің экранда үзіліссіз айналуын қамтамасыз етеді. Тек қана айналу бағытын белгілеу керек.

3D Orbit-пен жұмыс істегеннен кейін модельдің бастапқы көрінісіне оралу үшін тышқанның оң батырмасын басып, контекстті менюден Reset View параметрін таңдау керек.

6.4 Үш өлшемдімодельдердің сызбаларын жинақтау

AutoCAD-та үшөлшемді сызбаны жинақтауды үш бұйрық орындайды:

  1. SOLVIEW: көріністі экрандарды және ортогональды проекцияларды перпендикуляр жазықтықтарға салуды автоматты түрде орындайды. Оны қолдану үшін Solids панелін шақырып Setup View батырмасына басыңыз. SOLVIEW бұйрығының параметрлер саны 6:

  • UCS параметрі ағындағы ҚКЖ-н таңдауға мүмкіндік туғызады. ҚКЖ-ні таңдағаннан кейін масштабты белгілейміз. Содан кейін көрініс орталығы туралы сұрақ шығады. Талабыңыз орындалмағанша нүктені белгілей беріңіз. Соңында Enter басыңыз.

  • Ortho параметрі ортогональді проекциялар құрайды. Specify side of viewport to project: шақыруына көрініс экранының жағын басыңыз.

  • Auxiliary параметрі қиғаш көріністер құрады. Specify first point of inclined plane: және кейінгі Specify second point of inclined plane: шақыруларына екі нүкте белгілеңіз. Бұл екі нүкте қиғаш көріністің бұрышын анықтайды.

  • Section параметрі көлденең кесік құру үшін жұмыс істейді. Specify first point of cutting plane: шақыруына кесуші жазықтықтың нүктесін көріністі экранда көрсетіңіз де, Specify point of cutting plane: шақыруына кесуші жазықтықтың екінші нүктесін белгілеңіз. Сөйтіп сіз кесуші жазықтықты құрайсыз.

  • Exit параметрі SOLVIEW бұйрығының орындалуын аяқтайды.

  1. SOLDRAW: біріншіден бұл бұйрық орындалуы үшін SOLVIEW бұйрығы орындалу тиіс. SOLDRAW, SOLVIEW негізінде жасалған көріністерді пішіндері тұтас және пунктир сызықтардан тұратын кесіктер жасайды. Ал кесік іші штрихталады. Бұл параметрді іске қосу үшін Solids құралдар панелінде Setup Drawing батырмасына басыңыз. Шыққан шақыруларға объектілерді белгілеу керек.

Штрихты өзгерту үшін HatchEdit бұйрығын қолдануға болады.

  1. SOLPROF: бұл бұйрық SOLDRAW бұйрығы сияқты. Бірақ оны іске қосу үшін SOLVIEW бұйрығының орындалуы міндет емес және оның мүмкіндіктері көбірек.

SOLPROF бұйрығын қолдану үшін Solids панелінен Setup Profile батырмасына басыңыз. Сонда Display hidden profile lines on separate layer?[Yes/No]: сұрағы шығады. Егер сіз кескіннің жасырын сызықтарын бөлек қабатта елестеткіңіз келсе “y” әрпін енгізіңіз, ал бас тарту үшін “n” енгізіңіз. Кейін жасырын сызықтарды қайта көрсетуге болады.

Project profile lines onto a plane? [Yes/No]: шақыруына “y” енгізсеңіз, екіөлшемді объектілер құрылады, сәйкес “n” енгізілсе, үшөлшемді объектілер құрылады.

Delete tangential edges? [Yes/No]: шақыруына жанама шектерді құруға немесе өшіруге мүмкіншілік береді, сәйкес “y” немесе “n” енгізіңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]