- •Кіріспе
- •1 AutoCad-ң негізгі құралдары
- •1.1 Түзу сызықты кесінділер
- •1.2 Көмекші құрау сызықтары
- •1.3 Көріністерді басқару құралдары
- •1.4 Қолданушы координаттар жүйесі
- •2 AutoCad-тағы редакциялау мүмкіндіктері
- •2.1 Редакциялау құралдары
- •2.2 Объектіні таңдау
- •2.3 Редакциялау құралдарының кеңейтілген жинағы
- •2.4 Өлшемдерді түзету бұйрықтары
- •2.5 Объектілерді конструкциялау бұйрықтары
- •3 AutoCad-та мәтінмен жұмыс
- •3.1 AutoCad-та бір жолды қарапайым мәтін құру
- •3.2 Мәтінді редакциялау мүмкіндіктері
- •3.3 Мәтіндік стильдер
- •3.4 Көпжолды мәтін
- •1.7 – Сурет – Find and Replace сұхбат терезесі
- •4 Күрделі объектілерді құру
- •4.1 Поли сызық құру
- •4.2 Сплайндар
- •4.3 Штртихталған аймақтар
- •4.4 Мультисызықтар
- •4.5 Эскизді сызықтар құру
- •5 Формалармен жұмыс
- •5.1 Форма файлдарын құру
- •6 Үшөлшемді көрініс салудағы AutoCad мүмкіндіктері
- •6.1 Проекциялаудың типтік бағыттары
- •6.2 Сызбаны бояу
- •6.3 3D-Orbit режимін қолдану
- •6.4 Үш өлшемдімодельдердің сызбаларын жинақтау
- •6.5 Типтік үшөлшемді объектілер құрылымы
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
4.5 Эскизді сызықтар құру
Sketch бұйрығының көмегімен эскизді сызықтарды еркінше салуға болады. Бұйрықты жүктеу үшін бұйрықтық жолға “sketch”-ті енгізіңіз. Онда: Record increment<0.1000>: Sketch. Pen exit Quit Record Erase Connect шақыруы шығады. Бұл жерде қадам шамасы енгізілуі тиіс. Эскиз салу үшін “р” әрпін енгізіп, эскиз траекториясының бастапқы нүктесін белгілеп(<Pen down> шақыруы шығады), керекті траекториямен тышқанды қозғалтумен сыза аласыз. Бітіргеннен кейін тышқанның сол батырмасына басыңыз. Бірақ эскиз түсі жасыл болады, өйткені ол әлі тұрақтанған жоқ. Тұрақтандыру үшін “r” әрпі енгізіліп, <Enter> басылуы керек. Sketch бұйрығымен жұмыс режимін аяқтау үшін “х” әрпі, кейін <Enter> басыңыз.
5 Формалармен жұмыс
Егер сізге қарапайым бір объектіні бірнеше рет керек болса, онда ең жақсысы – форманы қолдану.
5.1 Форма файлдарын құру
Форма файлдарына формалармен қатар шрифттер де сақталуы мүмкін. Оны мәтіндік редакторде құрады да .shp кеңейтілумен сақтау керек. Кейін Compile бұйрығы көмегімен Select Shape or Font File терезесі ашылады. Оның ішінен .shp кеңейтулі файл таңдап, Open батырмасына басу керек. Форма файлын компиляциялап сіз оны біріншіден Load бұйрығы арқылы жүктеп, одан барып оны сызбаға орналастыруыңыз керек. AutoCAD Select shape file терезесін ашады. .shx кеңейтілулі файл таңдап Open батырмасын басыңыз. Ал форманы сызбаға енгізу үшін Shape бұйрығын келесі түрде қолданыңыз:
Enter s or [?]: жауап ретінде форма атын жиып, “?” енгізіңіз.
Specify intersection point: бұл шақыруға енгізу нүктесін белгілеу керек.
Specify height<1.0000>: бұл параметр масштабтау коэфициентін енгізуіне ұқсас. Форма биіктігін енгізу керек.
Specify rotation angle<0>: бұрылыс бұрышын енгізіңіз.
Форманы белгілеу үшін келесі синтаксис қолданылады:
*форма нөмірі, # спец_саны, форма_аты,
спец1, спец2,..., 0.
Бұл жердегі
форма нөмірі – 1-ден 255 аралығында кез-келген сан жазуға болады. Бірақ ол сан уникалды болу керек.
# спец_саны – міндетті түрде соңындағы 0-ді қоса екінші белгілеу жолындағы спецификация саны.
форма_аты – форма аты тек қана бас әріптерден құралуы тиіс.
спец1,... – форманың өзін белгілейтін кодтар.
0 – форма белгіленуі 0 санымен бітуі тиіс.
Форманың белгіленуі үшін екі код жиынтығы қолданылады. Біріншісінің көмегімен(ұзындық және бағыт кодтары) тек түзу сызықты кесінділер салуға болады. Бұл спецификациялау жүйесінде үш символды 16-қ сандар қолданылады.
Бірінші символ 0 саны болу керек. Сөйтіп AutoCAD келесі екі сан 16-қ жүйедегі сан екенін біледі.
Екінші символ ұзындықты анықтайды. Бұл сандар 1-ден F-ке шейін болуы тиіс.
Үшінші символ, бағыт коды болып табылады. Бірақ тек қана 16 бағыт бар.
Форма үзілмемелі болуы тиіс!
6 Үшөлшемді көрініс салудағы AutoCad мүмкіндіктері
Үш өлшемді модельдермен жұмыс кезіндегі басты мақсат – проекциялаудың түрлі бағытта, объектінің көрінісін құру.
6.1 Проекциялаудың типтік бағыттары
AutoCAD он типтік бағыт ұсынады. Олар View менюінде орналасқан:
Үстіден
қарағандағы көрініс
Астыдан
қарағандағы көрініс
Сол
жағынан қарағандағы көрініс
Оң
жағынан қарағандағы көрініс
Алдынан
қарағандағы көрініс
Артынан
қарағандағы көрініс
Оңт-бат.
изометрия көрінісі
Оңт-шығ.
изометрия көрінісі
Солт-шығ.
изометрия көрінісі
Солт-бат.
изометрия көрінісі
