Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tarikh_gos_otvety.docx
Скачиваний:
590
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

21Билет

1.Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі мен темір дәуірі кезеңдерінен басталады. Олар негізінен Қазақстанның жерін мекендеген тайпалардан құралған.. Қазақ халқының бастауына сақтар, үйсіндер, қаңлылар да кіреді. Түркі тілі Алтай тіл семьясына жатады. Алтай қауымдастығы мезолит дәуірінде Орта Азия мен Байкал бойында пайда болды. Түркі тіліне ғұн, оғыз, қыпшақ, үйсін, хазар..Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобының батыс тармағына жатады. мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсіресе екі мемлекеттің тарихи ролі күшті болды. Оның біріншісі Қыпшақ хандығы. Ертіс пен Еділ арасын мекендеді. Қазақ халқының қалыптасуына ықпал еткен тағы бір мемлекет - ол оңтүстік, оңтүстік шығыс Қазақстанда өмір сүрген Қарахан феодалдық мемлекеті. Бұл мемлекетте қарлұқтардың ықпалы күшті болды. 13 ғ. басында Қарахан мемлекеті қайта көтеріліп келе жатқанда мронғол шапқыншылығы басталды. Сондай-ақ орталық, солтүстік, шығыс, батыс Қазақстан жеріндегі Қыпшақ мемлекеті де сондай жағдайға душар болды. Монғолдар екі мемлекеті де қиратты. Сөйтіп, халық болып қалыптасуы процесі 15 ғасырға дейін кешікті. Атақты "92 баулы қыпшақ" атты шежіреде көрсетілген бұл ру-тайпалардың барлығы кейіннен қазақтардың құрамына кірді. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендерінің тарихи-географиялық, экономикалық және саяси оқшаулануының тарихи қалыптасқан жағдайларына байланысты этникалық жағынан біртұтастық пен бүтіндікке ұмтылды. Нәтижесінде үш этникалық-шаруашылық топқа бөлінді. Үш жүз осылай пайда болды. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Ұлы жүз Жетісу, оңтүстік қазақстанды, Орта жүз Орталық, солтүстік Қазақстан, Кіші жүз Батыс Қазақстан да болды.Ұлы Жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлады. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, шанышқылы, ысты және т.б. Орта жүз Орталық Қазақстан мен солтүстік-шығыс Қазақстанның бір бөлігін қоныс етті. Оның құрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ т.б. Кіші жүздің мекені - Сырдың төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей жағы. Оның құрамындағы тайпалар одағы -Әлімұлы (Қарасақал, қаркесек, кете, төртқара, шөмекей, шекті. Беріш; Байұлы - адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқұрт, шеркеш; Жетіру (табын, тама, кердері, жағалбайлы). Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған "қазақлық" "қашақ" деген атаудан шықты дейді. Немесе "қазақ" атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кеткендерді "өзбек-қазақ" , кейін "қазақ" түрінде пайдаланылған деп санайды. "Қазақ" термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда "қазақ" деген сөз басы бос кезбе деген мағына береді. Кейде бұл термин ертедегі екі тайпалық (каспий және сақ) одақтардың атынан шыққан деп жорамалдайды. Ал кейбір тарихшылар "хас" нағыз және "сақ" деген сөзден құралған деп болжам жасайды. 15 ғ. 2 ж. қазақ халқы құрылып болғаннан кейін, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын "қазақ" атауы, этникалық маңызға ие болды.

2. Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды. Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, В. И. Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады. Алғашқысында 1914 ж. басталған І-дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің үкіметтері мен халықтарына аннекциясыз және контрибутциясыз демократиялық бітім жасау ұсынылса, Жер туралы декретте жерге жеке меншік жойылып, ол жалпы халықтық мемлекеттік меншік болып жарияланды. Съезде В.И. Ленин басқарған және жұмысшы-шаруа үкіметі аталған Ресей ХКК құрылды. Сонымен қатар Кеңестердің Бүкілресейлік ОАК-нің (БОАК) жаңа, большевиктендірілген құрамы сайланды. Съезд В.И. Лениннің жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға арналған үндеуін қабылдап, ол арқылы халықты барлық жерде жаппай Кеңес өкіметін орнатуға шақырды. Кеңес үкіметі көп ұлтты Ресей еңбекшілерін өз жағына тартуда айтарлықтай насихатшылдық рөл атқарған екі саяси құжат жариялады. Біріншісі 2 (15) қарашада жарияланған Ресей халықтары құқықтарының декларациясы, екіншісі 20 қарашадағы (3 желтоқсан) Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне деген үндеу болды. Бұл құжаттарда Ресейді мекендеген халықтардың теңдігі, олардың өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешуге құқылы екендігі айтылып, ұлттық және этностық топтардың еркін дамуына, бұрынғы езілген ұлттардың өздерін-өздері билейтіндігіне кепілдік беріледі делінді. Мұның үстіне Кеңес өкіметі мен большевиктер партиясы Зауыттар мен фабрикалар жұмысшыларға!, Жер шаруаларға!, Теңдік бұрынғы езілген ұлттарға! деген ұрандарды үзбей қайталаумен болды. Осы уәделер мен ұрандарға әуел баста бұқараның айтарлықтай бөлігі, ең алдымен, қоғамның жаппай кедейленген мүшелері сенді, сондықтан олардың өкілдері Кеңес өкіметін орнату үшін күреске қатысты. Петроградтан кейін 1917 ж. қарашаның басында Кеңес өкіметі Мәскеуде, елдің өнеркәсіпті орталығы аудандарында жеңіске жетті, көп кешікпей бұл жағдай мемлекеттің ұлт аймақтарын, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Бұл кезде Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен өлкенің басқа да ірі елді мекендерінде орнады. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Кеңес өкіметінің орнауы азамат соғысы басталғанға дейін, тіпті одан кейінгі жылдарға дейін жалғасты. Бұл өлкенің әлеуметтік-экономикалық артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болуынан, ұлтаралық қатынастардың күрделілігінен шиеленісіне түсті. Мұның үстіне ұлттық-демократия Алаш қозғалысының жетекшілері Қазан төнкерісі мен Кеңес өкіметінің идеяларын қабылдамады

3. 28 қаңтарда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялайды.Дәстүрлі Жолдау Қазақстанның елдегі жағдайы мен ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарына арналады. Естеріңізге сала кетейік, Елбасының былтырғы 2010 жылғы 29 қаңтарда жариялаған жолдауы «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деп аталды. Онда Президент негізінен «Қазақстан 2030» стратегиясы аясында атқарылған шараларға тоқталып, ел дамуының осыған дейінгі кезеңдерін шола келе, 2020 жылға дейінгі бағдарды айқындаған болатын. «Менің басты мақсатым - еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу. Бүгінгі Жолдауым осыған арналған. «Қазақстан-2030» Стратегиясын орындай отырып, біз алғашқы онжылдыққа бағдарлама жасап, оны тәмамдадық. Ендігі мақсат - осы Стратегияның келесі онжылдығына қарай қадам жасау», - деген еді Елбасы. Мемлекет басшысының алғашқы Жолдауы 1996 жылдың қазан айында жарияланып, ол Жолдау «Елдегі жағдай мен 1997 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы» деген тақырыпты қамтыған болатын. Президенттің жұртшылыққа кеңінен танымал бағдарламасы - 1997 жылдың 10 қазанында жарияланған «Қазақстан-2030» Стратегиясы. Мемлекет басшысының одан кейінгі жылдардағы Жолдауларында «Қазақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасы негізгі бағыт ретінде алынып, оны жүзеге асырудың түрлі қағидаларына назар аударылып, еліміздің жүріп өткен жолдарына терең талдаулар жасалып, болашаққа қарай маңызды стратегиялық міндеттер қойылды. Елбасының 1998 жылғы 30 қыркүйектегі Жолдауы: «Елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы: Қоғамды демократияландыру, жаңа ғасырдағы экономикалық және саяси реформа»;

1999 жылғы 15 желтоқсандағы Жолдауы - «Елдің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі»;

2000 жылғы 24 қазандағы Жолдауы - «Еркін, тиімді және қауіпсіз қоғамға қадам»;

2001 жылғы 3 қыркүйектегі Жолдауы - «Елдегі жағдай және 2002 жылға ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы»;

2002 жылғы 29 сәуірдегі Жолдауы - «Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылға негізгі бағыттары туралы»;

2003 жылғы 4 сәуірдегі Жолдауы - «Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға негізгі бағыттары»;

2004 жылғы 19 ақпандағы Жолдауы - «Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт» деп аталды.

2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдаудың тақырыбы - «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» болды.

2006 жылғы 1 наурызда Жолдау - «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында! Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» деген атаумен жарияланды.

2007 жылғы Жолдаудың тақырыбы - «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан!» деп аталды. Бұл Жолдау Қазақстанды жан-жақты жаңартудың жаңа кезеңіндегі басты басымдықтары мен ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды 30 бағытын қамтыды.

2008 жылғы 6 ақпандағы Елбасының Жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» деп аталды.

2009 жылғы 6 наурызда Президенттің жариялаған Жолдауы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға!» деп аталып, онда жаһандық дағдарыспен күреске бағытталған шаралар, елімізді қаржылық-экономикалық күйзелістен алып шығудың негізгі бағыттары, сондай-ақ бұдан кейінгі, яғни мемлекеттің дағдарыстан кейінгі дамуын қамтамасыз етудің жаңа міндеттері қамтылған болатын. «Өкінішке қарай, қиын сынақтар мен дағдарыс қысымының салмағы әлсіремей тұр. Мұны сіздер де білуге тиіссіздер. Бірақ та мынаған сенімді болуға тиіссіздер, біз бұл сынақтарға дайын ғана емеспіз. Біз оларды еңсереміз және осы дағдарыстан әлдеқайда күшті және өркенді мемлекет болып шығамыз. Біз әлемдік қауымдастықтағы өз ұстанымымызды сақтаймыз», деген болатын 2009 жылғы Жолдауында Мемлекет басшысы. Алғаш рет елімізде Президенттің тапсырмасы бойынша «Жол картасы» әзірленіп, бұл бағдарлама өзінің тиімділігін танытты.2014 жылға дейін елімізде жалпы сомасы 8,1 трлн. теңгені құрайтын 294 инвестициялық жоба іске асырылып, 161 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Қаңардың 28-і күні ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 152 кәсіпорынның ашылғанын, 24 мыңдай қазақстандық азаматтардың тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілгенін айтқан Президент: «2014 жылға дейін біз сомасы 8,1 трлн. теңге құрайтын 294 инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. 161 мың тұрақты жұмыс орны ашылып, 207 мың жұмыс орны құрылыс мерзімі кезінде ашылатын болады. Елімізді индустриялық дамытудың бірінші бесжылдықтың қорытындысы бұл - экономиканың нақты секторының есебінен экономикалық өсудегі құрылымдық өзгерістердің басталуы», - деп атап көрсетті.Сонымен бірге Елбасы өзінің дәстүрлі жолдауында "Қазақстан тәуелсіздіктің 20 жылында әлемде болып көрмеген нәтижелерге қол жеткізді",- деді. «1994 жылы еліміздегі жан басына шаққандағы Ішкі жалпы өнім 700 доллардан сәл ғана астамды құрады, ал 2011 жылдың 1 қаңтарында 12 еседен астамға өсті және 9 мың долларды құрады. Біз өз жоспарымызда мұндай деңгейге тек 2015 жылы жетуді көздеген болатынбыз», - деді Мемлекет басшысы."Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, тәуелсіздіктің алғашқы 20 жылында мұндай нәтижеге ешбір ел қол жеткізген емес», - деді Президент.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке энергия тиімділігінің кешенді жоспарын бекітуді тапсырды. Бұндай тапсырманы Мемлекет басшысы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында берді. «Үкімет, барлық деңгейдегі әкімдер ауылды индустрияландырудың маңызды бөлігімен айналысуы тиіс. Экономикада бәсекеге қабілеттілігі энергия шығындарын азайтуды қамтамасыз ететін технологияға негізделуі тиіс», - деді Президент. Осы орайда Елбасы бұл шаралар тек ауыл шаруашылығында ғана емес, жалпы халық шаруашылығында атқарылуы керектігін айтты.«Шикізаттық емес секторды дамыту мақсатында Үкіметке энергия тиімділігінің кешенді жоспарларын әзірлеп, бекітуді тапсырамын», - деді Елбасы.Білім беру саласын жаңғыртуды жалғастыруымыз қажет. Бұл туралы Қазақстан халқына арналған Жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті. «Бүгінгі күні еліміздегі мектептерді компьютерлендіру толық аяқталды. Мультимедиялық интерактивті жабдықтар орнатылуда. 12 жылдық орта білімнің моделі енгізілуде. Бұл ретте өмір бойы оқу - әрбір қазақстандықтың жеке ұстанымы болуы тиіс»,- деді Н. Назарбаев.Сонымен қатар Президент жоғары білім беру мәселесіне тоқтала келе, әлемдік тәжірибелерге де мән берді. «Дамыған елдерде 1 млн. халыққа 1-6 жоғары оқу орнынан келеді. Ал Қазақстанда 149 университет бар. 200 ғылыми кеңес ғылым докторларын даярлауда. Мұнымен қоймай, ғылымға 60 кандидаттың тек бірі ғана, ал 37 ғылым докторының бірі ғана барады екен. Мұның қажеті не? Сондықтан да биылдан бастап мұндай ғылыми кеңестердің жұмысын тоқтауымыз керек»,- деді Елбасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]