- •3.Қазақстандағы Ұжымдастыру. 30ж.Ашаршылық
- •3 Билет
- •4 Билет
- •8 Билет
- •2. С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақстарының қозғалысы: себептері, кезеңдері, сабағы.
- •10Билет
- •2. Бөкей хандығының құрылуы. Жәңгір хан және оның қызметі.
- •11 Билет
- •12Билет
- •13 Билет
- •14Билет
- •15Билет
- •16Билет
- •17Билет
- •18Билет
- •19Билет
- •20Билет
- •21Билет
- •22Билет
- •23Билет
- •24Билет
- •25Билет
- •26Билет
- •2. XIX ғ. Екінші жартысындағы қазақтардың азаттық қозғалыстары (1869-1870 жж.)
- •27Билет
- •28Билет
- •29Билет
- •30Билет
29Билет
1.

2..Өлкеде мәдени қүрылысты жүзеге асыруда көптеген кедергілер кездесті:Үлт зиялыларының аздығы.Үлыдержавалык шовинизм.
Материалдық-техникалық базаның болмауы.1924 жылғы сәуір - «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы күрылды.1921-1927 жылдары 200 мың адам оқып сауатын ашты. 1928 жылдың аяғында сауатты адамдар- 25%, оның ішінде қазақтар-10% болды.1926 жылғы мамыр - «Қ.АКСР-де бірыңғай еңбек мектептерінін жарғысы» қабылданды:Үш жылдық және төрт жылдық мектептердің үлес салмағын көбейту.Қазақ қыздарына арнап мектеп ашу.Қыздарға арналған мектептер Шымкентте, Алматыда, Түркістанда, Оралда ашылды.Ағарту ісіне бөлінетін қаржы өсті: 1924-1925 жылдары РКФСР-де 30 тиын болса, ҚАКСР-де- 68,9 тиын.Мәдени күрылыс процесін жеделдетуге ұлттық зиялылар ықпалы ерекше болды:А.Байтұрсынов - суретті әліппені, мысал- жұмбақтар жинақтарын;Ж.Аймауытов - қостілділік және ана тілін оқыту әдістемесін;
Ә.Бөкейханов
-
география оқулығын;« Қ. Сәтпаев
(Том
университетінің студенті)- алгебра
оқулығын кұрастырды. 20-жылдары қазақ
мектептеріне арналған оқулықтар мен
оку-әдістемелік әдебиетті жазуға С.
Сейфуллин, С. Сәдуақасов, F. Мүсірепов,
М. Дулатов, М. Жолдыбаев, М. Жұмабаев, Қ.
Кемеңгеров т.б. белсене қатысты. Қазақ
тіліндегі оқулықтарды әзірлеу мен
баспадан шығаруды құрамына А. Байтұрсынов,
Ә. Бөкейханов, С. Сәдуақасов, X. Болғанбаев,
Ж. Аймауытов енген редакциялық алқа
ұйымдастырды. Қазақ тіліндегі алғашқы
окулықтар Қазан қаласында бастырылды.1926
жылы БК(б) П Қазақстан өлкелік комитетінің
III пленумында Ә.Бөкейханов. А.Байтұрсынов,
М.Дулатов, С.Мендешев, т.б. орынсыз сынға
алынды. Кешікпей бұл сын зиялыларды
ашық айыптауға және қудалауға ұласты.1928
жылы араб әрпі латын әрпімен, 1940
жылы
кириллицамен ауыстырылды.Нәтижесінде
араб жазуымен жазылған ата-баба мұрасын,
рухани байлықты игеруге мүмкіндік
болмай қалды. 1920-30 жылдары араб әрпімен
шыққан басылымды пайдаланғандар
"пантюркист", "панисламист"
деп жарияланып, қудалауға ұшырады.1928
жыл- комсомолдар бастамасымен
Бүкілқазақстандык
мәдени жорық басталды.
1930 жылы 5 мыңға жуық комсомол,соғысқа
дейінгі бесжылдықтарда 65 мың комсомол
мәдени жорықтарға қатысты.1931
жылғы желтоқсан- «15-50
жас
арасындағы
сауатсыз халықка жалпыға бірдей міндетті
білім беру» енгізілді.Білім
беруге жұмсалатын қаржы өсіп
отырды:;1930-1931 оку жылында отырықшы
аудандарда, 1931 жылдың көктемінде көшпелі
аудандарда жалпыға бірдей оқу енгізілді.
20-жылдардың ортасында - 73 татар, 40 өзбек,
35 үйғыр, 44 неміс және эстон бастауыш
мектептері жүмыс істеді.1930-1932 жылдардағы
аштық
салдарынан білім
беру саласы күрт төмендеді:

30Билет
1. Қаңлы мемлекеті Орта Азиядағы Ферғана жазықтығымен Талас, Сырдария өзені бойымен Орталық Қазақстан аумағын қамтыды (1-суретті қараңыз). Бұл мемлекетті Қытайлар «Канцзюй (кангюй) елі» деп атады. «Авеста» кітабында Қазақстан даласындағы «Кангха бекінісі» ирандықтардан қорғану үшін салынғанын айтады. Үндістандықтар «Канка» халқы сақтармен бірге ариялықтардың Солтүстігінде тұратынын жазған. Сонымен «кангюй» этнонимі б.д.д. 6 ғасырдан бұрын кездеседі. Әлемдегі жазу графикасы б.д.д. 6 ғасырда Қытайда шыққан болса, одан бұрынғы Қаңлының тарихы жазу графикасы болмағандықтан тасқа басылмаған деуге болады. Соған қарағанда Қаңлы халқының тарихы 3000 жылдан кем емес деп болжам жасау керек. Қаңлы мемлекетінің басшысы «би» және «ябгу» деп аталды. Сонымен бірге патшаның орынбасары және үш кеңесшісі болды. Қаңлылар бес билеушіге бағынды, олар: Сусе, Фуму, Юени, Гии, Юетянь. Ал оларға патша билік етті. Астанасы Сырдария өзенінің орта тұсына салынған Битянь қаласы еді. Қытай жиһангері Чжан Цянь б.д.д. ІІ ғасырдан бұрын Қаңлы мемлекеті хақында Қаңлы халқы мал шаруашылығымен айналысқанымен үлкен қалаларда да тұрған деп жазса, Л.А.Боровкованың айтуынша, Қаңлы халқы еуропалықтарға ұқсаған. Олар мал шаруашылығымен қатар егін шаруашылығымен де шұғылданған. Қытай жиһангері Чжан Цяньның саяхаты тәмамдалғаннан кейін (б.д.д. II ғасыр) Қаңлы мемлекетінің аумағын көрсеткен сызбасын Қытай Хан патшалығына берген екен Б.д.д. III ғасырдың басында Қаңлылардың саны 120 000 түтін, 600 000 адам, 120 000 садақ атушы әскері болған деп жазады (“Повествовании о западном крае”, “Истории старшего дома Хань” қараңыз). Ал Чжан Цяньның жазуы бойынша б.д.д. II ғасырдың басында Қаңлы мемлекетінің әскері 90 000 адамды құраған. Яғни соғысқа жарамды еркектер халықтың 20%-ын құраса, онда Қаңлы халқының саны 400 000 адамға жетеді деп есеп берген. Бұл сан сол кездегі жағдаймен салыстырғанда аз емес. Қаңлылардың саны сол Кир дәуірі заманындағы парсылардың санымен бірдей болған. Ал гректерден екі есе көп болған екен. Егер соғыс болмағанда бұл күндері Қаңлы (Қазақ) халқының саны қытайлардан да көп болған болар еді.Оңтүстік Қазақстан облысындағы Күлтөбеден б.д.д. II ғасырдан бұрынғы, Сақ одағы ыдырағаннан кейінгі, Қаңлы мемлекетінің дәуірлеп тұрған тұсындағы Қаңлы графика жазуы табылғаны белгілі. Қаңлы халқы жартылай көшпенді, жартылай отырықшы еді, сондықтан оның жазғы және қысқы астанасы болды. Қытай саяхатшысы Жан Чяня І ғасырда Қаңлы мемлекетінің астанасы Отырар (Фараб) қаласы болды деп жазады. Басқа ғалымдар Қаңлы халқының астанасы Шаш (Ташкент) қаласынан алыс емес еді дегенді айтады. Қаңлылар күнге, айға және қасиетті малдарға табынды. Б.А.Литвинский өз зерттеулерінде қаңлылар өлген адамды батысқа қаратып жерлейді деп жазды. Зороастризмді ұстанды. Антропологиялық типі - еуропидтік, жүзі ақ, көзі көк болып келеді, Андронов мәдениеті адамдарына өте ұқсас. Ал тілі мен әдет-ғұрыптары үйсіндерге, аландарға, ғұндарға ұқсас. Аса үздік ғалым Әлкей Марғұлан ертедегі тарихқа арналған өз еңбектерінің бірінде: "Батыста ғұндардың басты күші қаңлылар болды. Олар өте ұзақ уақыт бойы Талас пен Сырдария өзендері бойында тұрды, ғұндармен қатар өмір сүрді, олармен көп ортақтастыққа ие еді ... Олар Орхон мен Енисейде пайдаланылған ертедегі сына жазуларын пайдаланды, қаңлылар тұрған қалалардың қабырғаларында олардың жазуларының іздері қалды", - деп жазды. Қаңлы халқының сарайындағы қоймаларда заңдар жинақтары болған, сол бойынша қылмыскерлер сотқа берілген, осыған байланысты тарихи құжаттармен дәйектелген Әлкей Марғұлан тұтас зерттеулер арнады.
2. Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы үш кезеңге бөлінеді:
Жыраулар кезеңі (XV ғасыр — XVIII ғасырдың бірінші жартысы.Ақындық кезең (XVIII ғасырдың екінші жартысы — XIX ғасырдың бірінші жартысы).Айтыс кезеңі (XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басы).
Жыраулар мектебінің белгілі өкілдері — Қазтуған, Асан қайғы (XV ғасыр), Доспамбет жырау (XVI ғасыр), Шалкиіз жырау (1465—1560 жылдары), Жиембет жырау, Марқасқа жырау (XVII ғасыр), Ақтамберді жырау (1675—1768 жылдары), Тәтіқара ақын (XVII ғасыр), Үмбетей жырау (1706—1778 жылдары), Бұқар жырау (1693—1787 жылдары), Шал ақын (1748—1778 жылдары), Жанақ ақын (1770—1856 жылдары), т.б. жатады. М.Әуезов жырау деген атакка ие болған шығармашылық өкілінің өз ортасында ерекше салмағы бар қоғамдық тұлға екендігін айта отырып, оның негізгі функциясы елеңшілік емес, елге басшылық жасап, басалқы айту болатын олар хан қасындағы қалың елдің ішінен қосылған қариялар кеңесінің өкілдері деген тұжырым жасайды.Жыраулар шығармашылығының ақындық поэзиядан негізгі ерекшелігі — жыраудың тек үлкен эпостарды жырлайтындығымен ғана емес, елдің іргелілігі үшін ақылгөйлік, көрегендік, даналық сөздер айтатын көсемдік табиғатымен тікелей байланысты.XVIII—XIX ғасырлардағы жыраулар поэзиясында еліміздің тарихы көрініс тапқан. Тек ауыз әдебиеті шығармаларын тарихи дереккез ретінде қарастырғанда, біз бірінші кезекте әрбір тарихи деректің дәлдігімен қатар тарихи оқиғалардың желісін іздейміз.
Қорқыт — бүкіл түркі өркениетіне ортақ ортағасырлық тұлғалардың бірегейі. Қорқыт — әулие, ақын, жырау, сазгер, қобызшы болған. Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер бүкіл түркі халықтарында кездеседі. Ол оғыздардан шыққан, руы — баят, әкесінің аты Қарақожа делінеді. Шешесі қыпшақ руынан.Қорқыт қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының, жерінде, Сырдың бойындағы ортағасырлық, Жаңакент деген қалада VIII—IX ғасырларда дүниеге келген. Бұл оғыз тайпаларының Сырдың ортаңғы, төменгі ағысында өмір сүрген кезі болса керек.
Қорқыттың сегіз қырлы күмбезді, қазақтың киіз үйі тәріздес мазары Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты темір жол станциясына жақын Сырдария өзенінің жағасында болған. Оны 1898 жылы қазақ фольклоры мен этнографиясы мұраларын жинаушы Ә. Диваев суретке түсірген екен. XIX ғасырдың соңында мазардың қалдықтарын Сырдың суы шайып кеткен. 1978—1980 жылдары осы маңайда Қорқытқа арнап ескерткіш орнатылды. Бұл ескерткіш қылқобызға ұқсатып жасалған, желдің әсерінен езінен-езі ызыңдап, қобыз үнін шығарып тұрады. Ескерткіштің авторы — белгілі сәулетші, этнограф Бек Ыбыраев.
Асан қайғы — XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүретіндіктен, замандастары оның Асан атына "қайғы" деген сөз қосып, Асан қайғы атап кеткен. Алтын Орданың ыдырау дәуірінде өмір сүрген Асан қайғы, алдымен, Сарайда, кейін Қазанда Ұлұғ-Мұхаммед ханның ықпалды билерінің бірі болған.
Егде тартқан шағында Дешті Қыпшаққа қайтып оралады, өмірінің соңғы кезеңі жаңа құрылған Қазақ мемлекетінде, Жәнібек пен Керей хандардың төңірегінде өтеді. Асан қайғы — кептеген нақыл сөздердің, афоризм, философиялық толғаулардың авторы. Бұлардың бізге жеткен жұқаналарынан көне заманға тән кейбір суреттерді, қазақ халқының құрылу кезеңіндегі белгілі тарихи оқиғалардың елесін танимыз.
Асан қайғы қазақ руларының Әбілхайыр ұлысынан бөлінуіне қарсы болмағанымен, атамекен Дешті Қыпшақтан кетуге наразылық білдіреді. Жәнібек пен Керейді оңтүстік жаққа емес, батысқа — Жайық, Жем бойына қоныстануға үгіттейді. Алайда Ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі.Асан қайғы, ең алдымен, хандық үкіметті күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет деп санайды. Жәнібек ханды:“'Уақытша табысқа мастанып кеттің, қазақ халқының болашағын жете ойламайсың'”, — деп сөгеді.Ш.Уәлиханов көшпелі ноғай-қазақ ұлысының философы деп атаған Асан қайғы туыстас руларды бір орталыққа бағынған мемлекет етіп ұйымдастыру, Қазақ хандығын нығайту жолында елеулі еңбек етті. Біздің заманымызға жеткен толғауларынан оның өз дәуірінде болып жатқан тарихи өзгерістерді байыбына жете түсінгені, Алтын Орданың орнында пайда болған ұсақ хандықтардың бөрінің де құрып бітетінін болжай алғаны көрінеді.
Қазақ халқының XV—XVII ғасырлардағы рухани мәдениеті әткен замандар мәдениетімен, оның ең құнды дәстүрлерімен сабақтас болды. Ауыз әдебиеті мазмұны жағынан барынша байып, жетілді. Тарихи өлең-жырлардың негізгі тақырыбы — қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі болды.XV ғасырдың соңы — XVII ғасырдың бас кезі қазақ халқының өз алдына дербес хандық құрып, феодалдық мемлекеттің іргетасын қалап, нығая бастаған кезі. Осы кезден қазақ халқының ұлттык, мәдениетінің езіндік бет-бейнесі айқындала бастады. Ол, әсіресе халықтың әдебиетінен, қолөнерінен және әдет-ғұрпынан байқалады. XVI ғасырдың мәдени мұрасы — кейбір жазба ескерткіштерінің таза қазақ тілінде жазылуы соның дәлелі ("Құтты білік", "Ақиқат сыйы", "Жылнамалар жинағы", т. б.).
XV—XVII ғасырларда өмір кешкен ақын-жыраулардың поэзияларынан халықтың ой-ерісін, салт-санасын, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Олар толғауларында халықтың небір нәзік сырларын, келер ұрпаққа айтар өсиетін, мұң-мұқтажын, қуаныш-сүйінішін, қайғы-қасіретін аша білді. Біз оны XV—XVII ғасырларда емір сүрген қазақ даласының қоғамдық-саяси, әлеуметтік ой-пікірлерінің көшбасшысы болған жыраулар: Доспамбет, Сыпыра, Қазтуған, Асан қайғы, Бұқар жырау толғауларынан байқап білеміз
Сыпыра жырау — XIV ғасырда Батыс Қазақстан еңірін жайлаған түркі тайпаларының ортасынан шыққан атақты жырау, ноғайлы-қазақ эпосының негізін салушылардың бірі. Сыпыра жырау шығармалары біздің заманымызға жетпеді, алайда оның кезінде Дешті Қыпшақтағы ең атақты сөззергері болғаны, мол мұра туғызғаны байқалады.Сыпыра жырау ел қамын жеген дана қария кейпінде қазақтың ескі батырлар жырының бірталайында бой көрсетті. Мысалы, Ер Тарғында Сыпыра жырау туралы: Бұл — өз өмірінде толғау айтып, тоғыз ханды түзеткен кісі еді делінеді. "Телағыс" жырында Сыпыра жырау ноғайлы ішінде шыққан өзара қырқысты өршітпей, жеке басының беделімен, жырының күшімен жауласушы жақтарды бітістіреді. Ал Едіге жырында ол жүз сексенге келген жұрт қамқоры, халықтың ақылшысы.Көптеген эпостық жырларда Сыпыра жырау айтыпты деген әр түрлі мазмұндағы толғаулар ұшырасады. Эпос кейіпкері Сыпыра жыраудың прототипі — тарихи Сыпыра жырау екендігі жырланған. Қайткенде де, Сыпыра жыраудың өз тұсындағы және өзінен соңғы сахара сөз өнеріне елеулі ықпал еткенін аңғарамыз. Белгілі Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың мұрагері санаған. Ал қарақалпақ елінің фольклор зерттеушілері Сыпыра жырауды қарақалпақ эпосының негізін салушы деп біледі.Шалкиіз жырау қазақ жыраулық поэзиясының атасы саналады. Шалкиіз Тіленшіұлы 1465 жылы Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келеді. Жыраудың әкесі сахараның беделді, бай адамы болды. Шешесі Кіші жүздің ұйытқысы болған, Сыртқы Орда деп аталатын ұлыстың билеушісі Мұса бидің қызы екен. Шалкиіз мұсылманша білім алған, оның 1490 жылға дейінгі өмірінен дерек жоқ. Тек 1490 жылы ноғайлы әміршісі Темір бидің жанында болғаны белгілі. Кейбір зерттеушілердің пайымдауларына қарағанда, осы кезде жырау бірде әскер қатарында, бірде әміршінің елші, нөкерлері қатарында Қырым, Терістік Кавказ, Дон бойын тегіс аралап шыққан.Темір өлгеннен кейін нағашылары Мұса ұрпақтарының маңайында болады. Кейін бұл топтан бөлініп, Қазақ ордасына біржола өтеді. Шалкиіз 95 жасқа жетіп қайтыс болған деп шамаланады.Шалкиіздің Алаштан байтақ озбаса, Темір биге арналған толғаулары; Жапырағы жасыл жаутерек, Ер Шобан, т.б. толғау-жырлары бізге жеткен. Доспамбет жырау — 1490 жылы Азау қаласында туып, 1523 жылы Астрахан маңында қаза болған көне қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі және жорық жыршысы. Қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрген жыраудың руы — кіші ноғайлы. Өз заманындағы жорықтарға, Қырым, Ноғайлы, Қазан хандықтары арасындағы ұрыстарға қатынасқан. 1523 жылы Астрахан жорығы кезінде Доспамбет жырау бастаған шолғыншылар тосқауылға ұшырайды да, жырау ауыр жараланып, қайтыс болады.Доспамбет жырау мұрасының дені жоғалған. Ел аузында, жекелеген қолжазбаларда сақталған бірлі-жарым туындылары XIX ғасырдың бас кезінде әр түрлі жинақтарға енді. Кеңес өкіметі тұсында Алдаспан антологиясында (1971 жылы) оның табылған шығармалары толық жарияланды ("Қалаға қабылан жаулар тигей ме", "Қоғалы көлдер, құм, сулар", "Айнала бұлақ басы тең..." т.б.). Жауынгер жырау туындыларының рухы ескілігіне, көркемдеу әдістерінің көнелігіне қарамастан, көңілге әсер етерлік терең, тілі мағыналы. Кейінгі Бұқар мен Махамбет жырларынан Доспамбеттің әсері аңғарылады.Бұқар жырау(1693—1787 жылдары). Оның туған жері — Жиделі Байсын өлкесі. Дәл туған жылы белгісіз, мөлшермен, XVIII ғасырдың соңғы ширегі. Руы — арғын. Б9кар жырау 1702 жылы Бұхарадағы Кекілташ медресесін бітіріп, бірнеше тілде еркін сөйлейтін дәрежеге жетеді. Әсіресе парсы, араб тілдерін жетік үйреніп шығады. Медресе бітірген соң Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи мешіт-медресесі имамының шақыруымен сонда барып, Түркістан медресесінде дәріс береді.Бұқар жырау орыс отаршылдарының қазақтың шұрайлы қоныс, шүйгінді жерлерін біртіндеп басып алып, сол жерлерге бекіністер сала бастағанын көргенде, олардың бұзық пиғылдарын жұрттан бұрын сезіп, содан сақтануға шақырған.XVIII ғасырдағы жыраулардың ен, көрнекті өкілдері, жорық жыршылары Тәтіқара мен Үмбетей жыраулардың толғауларындағы ел бастаған батырлардың ерліктері өлеңмен өрілген шежіре деп қарауға болады. Мысалы, Үмбетей жырау мен Бұқар жыраудың Қанжығалы Бөгенбай батыр туралы жырында Бөгенбайдың, Қаракерей Қабанбай, Шақшақұлы Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек, Қу дауысты Құттыбай сынды батыр-билермен бірге тізе қосып, жаудан қазақ жерін азат еткендігі жырланады.Бұқар жыраудың Абылай ханға арналған толғауында Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, т.б. батырлардың есімдері аталады.
3. 1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде Ресей, Беларус және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашғабатта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Әрменстан, Беларус, Гүржістан, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алма-Аты Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады. ТМД органдарының шешімдерінің күші тек оларды қабылдауға қатысқан мемлекеттер үшін ғана таралады. ТМД әрекетінің тиімділігін арттыру, құрылымын жетілдіру мақсатында қазақстан тарапының бастамашылық етуімен шын мәнінде ынтымақтастықтың барлық бағытын қамтитын ТМД-ны одан әрі даму тұжырымдамасы мен оны жүзеге асу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, ол 2007 жылғы қазанда Душанбеде мақұлданды.. Олардың негізінде ТМД-ның 2020 жылға дейінгі Экономикалық дамуы стратегиясы әзірленіп, қабылданды. Еркін сауда аймағын құру, сауда, ауылшаруашылық, электрэнергетика және т.б. нарықтарды қалыптастыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Саяси, гуманитарлық, көлік, қауіпсіздік және көші-қон салаларында өзара әрекеттестік жалғасуда. Аталған Жоспарда бірлестік әрекетін жетілдіру жөніндегі нақты шаралар тізбесі көрініс тапқан. Атап айтқанда, осы құжатқа сәйкес 2008 жылғы қазанда ТМД-да төрағалық ету туралы, Ұлттық үйлестірушілер туралы ережелер қабылданды. Достастықтың салалық органдарын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілуде, ТМД Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ТМД-ның Жоғарғы органдарындағы рәсімдеудің жаңа ережесін қабылдау жоспарлануда. «Бір жыл- бір тақырып» формуласы бойынша жұмыс принципін ескере отырып, 2007 жылы келісілген көші-қон саясаты жөніндегі ұсыныстарды дайындауға арналса (2007 жылғы 5 қазанда Душанбеде тиісті Декларация қабылданды), 2008 жыл келісілген көлік саясаты саласындағы ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар дайындау жылы, ал 2009 жыл – энергетика саласындағы ынтымақтастық жылы.
