- •Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі
- •«Қазіргі кездегі дипломатия»
- •050202-Халықаралық қатынастар
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •1.3 Пререквизиттері:
- •1.4 Постреквизиттер:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Баға туралы ақпарат:
- •1.9 Курстың саясаты мен рәсімі
- •2. «Қазіргі кездегі дипломатия» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Лекция сабақтарының тезистері
- •1 Тақырып. Кіріспе лекция. Кәсіби дипломатия
- •2 Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: дипломатиялық әдістердің, оқиғаның алдын алудың эволюциясы
- •3 Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: конференция дипломатиясы, арнайы миссиялар, сауда және экономикалық дипломатия, дипломатия және барлау
- •4 Тақырып. Дипломатиялық байланыстар
- •5 Тақырып. Дипломатиялық корпус: дипломатиялық корпуспен байланыс, дипломатиялық корпустың өмірі, дипломаттың қабілеті
- •6 Тақырып. Дипломатиялық корпус: американдық және ағылшын дипломаттар
- •7 Тақырып. Дипломатиялық корпус: француз, неміс, итальян дипломатиясы
- •8 Тақырып. Дипломатиялық корпус: жапон, қытай, үнді дипломатиясы
- •9 Тақырып. Дипломатиялық корпус: қазіргі кездегі ресейлік және қазақстандық дипломатия
- •10 Тақырып. Дипломатиялық корпус: Латын Америка және араб елдеріндегі дипломатия
- •11 Тақырып. Дипломатиялық әңгімелер
- •12 Тақырып. Дипломатиялық құжаттар және дипломатиялық тіл
- •13 Тақырып. Қазіргі кездегі дипломатиядағы жаңашылдықтар
- •2.3 Семинар сабақтарының жоспары
- •1 Тақырып. Кәсіби дипломатия
- •2 Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: дипломатиялық әдістердің эволюциясы, оқиғаны болжау.
- •3 Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: конференция дипломатиясы, арнайы миссиялар, сауда және экономикалық дипломатия, дипломатия және барлау
- •4 Тақырып. Дипломатиялық корпус: дипломатиялық корпустың ерекшеліктері, дипломаттың қабілеті.
- •5 Тақырып. Дипломатиялық корпус: ағылшын және американдық дипломаттар
- •6 Тақырып. Дипломатиялық корпус: француз, неміс, және итальяндық дипломатия
- •7 Тақырып. Дипломатиялық корпус: жапон, қытай, үнді дипломатиясы
- •8 Тақырып. Дипломатиялық корпус: қазіргі кездегі ресейлік және қазақстандық дипломатия
- •9 Тақырып. Дипломатиялық құжаттар және дипломатиялық тіл
- •2.5 Оқытушының жеткшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •1 Тақырып. Кәсіби дипломатия
- •2 Тақырып. «Ескі» және «жаңа» дипломатия: конференциялық дипломатия, арнайы миссиялар, сауда және экономикалық дипломатия, дипломатия және барлау.
- •3 Тақырып. Дипломатиялық байланыстар
- •4 Тақырып. Дипломатиялық корпус: дипкорпустардың арасындағы байланыстар, дипкорпустың өмірі, дипломаттың қабілеті
- •5 Тақырып. Дипломатиялық корпус: ағылшын және американдық дипломаттар
- •6 Тақырып. Дипломатиялық корпус: француз, неміс, итальян дипломатиясы.
- •7 Тақырып. Дипломатиялық корпус: жапондық, қытай, үнді дипломатиясы
- •8 Тапсырма. Дипломатиялық корпус: қазіргі кездегі ресейлік және қазақстандық дипломатия
- •9 Тапсырма. Дипломатиялық корпус: Латын Америка елдерінің және араб елдерінің дипломатиясы
- •10 Тапсырма. Дипломатиялық әңгімелер
- •11 Тапсырма. Дипломатиялық құжаттар және дипломатиялық тіл
- •12 Тапсырма. Қазіргі кездегі дипломатиядағы жаңалықтар
- •2.6. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •2.7. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық ілеспе
- •2.8 Өзін-өзі тексеру үшін арналған тест тапсырмалары
- •Дұрыс жауаптардың кілті
- •2.9. «Қазіргі кездегі дипломатия» пәні бойынша емтихан сұрақтарының тізімі
- •«Қазіргі кездегі дипломатия» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
- •050202 – Халықаралық қатынастар
5 Тақырып. Дипломатиялық корпус: дипломатиялық корпуспен байланыс, дипломатиялық корпустың өмірі, дипломаттың қабілеті
Дипломатия тарихында «дипломатиялық корпус» ұғымы. Оның екі түрлі мағынада қолданылуы.
Тар мағынада - қабылдаушы мемлекеттегі аккредиттелген шет ел дипломатиялық өкілдіктер басшыларының жиынтығы;
Кең мағынада - дипломатиялық өкілдіктердің барлық дипломатиялық жұмысшылары, қабылдаушы мемлекет үкіметімен осы деңгейде танылғандар және олардың отбасы мүшелері.
Халықаралық дәстүрде дипломатиялық корпус ұжым түрінде хаттамалық және салтанатты сипаттағы міндетті атқарады, дипломаттардың қабылдаушы мемлекеттің үкіметтік мекемелерімен және ресми тұлғаларымен, дипломатиялық өкілдіктердің өз арасында байланыс орнатуға ат салысады. Әдетте дипломатиялық корпус атынан оның дуайені өкілдік етеді.
Дипломатиялық корпус дуайені (фр. doyen - ақсақал) – қабылдаушы мемлекеттің дипломатиялық корпусы әріптестерінің арасында бірінші болып сенім грамотасын тапсырған дипломатиялық өкілдіктің басшысы (елші немесе Ватиканның өкілі нунций). Дуайен әрқашан жоғары сыныпты дипломатиялық өкіл болып табылады.
«Дипломатиялық корпусты кейде қауымдастық, корпорация, фирма, цех, тіпті қалжың түрінде мафия деп те атайды», - деп жазады ғалым, дипломат В.И. Попов. Дипломатиялық корпустың мүшелерін ең алдымен кәсіби тұрғыдан қарастырғанда қызығушылықтары ортақ, ынтымағы жарасқан, басқа адамдардан ерекшеленіп тұратын қасиеттер біріктіреді.
Дипломатиялық корпустың өмірі дипломаттардың қызметімен тікелей байланысты. Әрбір мемлекеттің өзіндік дипломатия мектебі бар. Олар өз дипломаттарын тәжірибеде шыңдай отырып қалыптастырады. Мысалы, ағылшын дипломатиясы классикалық үлгідегі әрі ХІХ-ХХ ғғ. дипломатияның дамуына үлес қосқан мектептердің бірі ретінде танылса, екінші жағынан олар дипломатия тарихы мен өнерін жетік меңгере отырып, дипломатиялық қызметке баратын мемлекет туралы энциклопедиялық мәліметтермен жан-жақты хабардар болуымен ерекшеленеді. Ал француз дипломатиясы қазіргі әлемдік дипломатияның негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Шығыс елдерінің ішінен жапондық дипломатияға тоқталатын болсақ, бұл елдің дипломатия тарихы жоғарыда аталған мемлекеттермен салыстырып қарағанда анағұрлым жас. Соған қарамастан олар дипломаттарын мұқият түрде даярлайды. Жапондық дипломаттар «иә», «жоқ», «білмеймін» деген сөздерді мүлде айтпауға тырысады. Олардың стильдері – жинақтылық, міндеттілік, уақыттың дәлме-дәлдігі, берілген уәдені орындау.
Қазақстандық дипломатия мен оның дипломаттары туралы нақты бір тұжырымдар жасау ертерек. Себебі Қазақстанның дипломатия тарихы оның тәуелсіздік алуымен бірге басталды. Жиырма жыл уақыт дипломатия тарихы үшін өте аз уақыт. Дегенмен де осы жылдар ішінде Қазақстан әлемдік қауымдастықта екіжақты және көпжақты дипломатиялық қарым-қатынастар орната отырып, дипломатиялық қызметті атқара алатын интеллектуалды, жоғары білімді, мәдениетті, жоғары моральдық қасиетке ие дипломаттарды қалыптастырып үлгерді.
Негізгі әдебиеттер: 1 ,2 ,5, 7, 11, 18, 19, 22, 32, 33, 36, 39.
Қосымша әдебиеттер: 5, 6, 7, 8, 9, 12, 15, 20, 21, 22, 28, 34, 45,
46, 47, 57, 65, 67, 68
