Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазіргі кездегі дипломатия_050202-Халықаралық қ...doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
23.08.2019
Размер:
456 Кб
Скачать
☆

13 Тақырып. Қазіргі кездегі дипломатиядағы жаңашылдықтар

Қазіргі заманғы дипломатияның жаңа түрлері: «ашық дипломатия», «көпшілік дипломатия», «кіші қайық дипломатиясы» («челночная дипломатия») және басқалары.

«Ашық дипломатия» ұғымы. Оның халықаралық қатынастар мен дипломатия тарихына термин ретінде енуі. Оны бірінші рет айналымға енгізген сол кездегі АҚШ-тың президенті В.Вильсон. Ол өзінің 1918 жылдың қаңтар айында «Он төрт пункітін» жариялау барысында «Ашық бейбіт келісім-шарттар ашық түрде талқыланып, талқыланған бұл келісімдерді басқаша түрде баяндауға жол берілмейді, ал дипломатия көпшіліктің алдында адал түрде іс-әрекет етеді», - деп айтқан болатын. Осы тарихи оқиғаны Г. Никольсонның «демократиялық дипломатия» ұғымымен байланыстыруы.

«Көпшілік дипломатия» — шетелдік аудиторияны зерттеуге және оған ақпарат таратуға бағытталған, сонымен бірге байланыс орнатудың кешенді шаралары.

«Көпшілік дипломатия» өз елі азаматтары және шетелдік әріптестер арасындағы диалогты кеңейту мақсатын көздейді. Бұл белсенді халықаралық алмасу ақпараттық бағдарламаларды құру, өз мәдениетін насихаттауды болжайды.

Көбінде «көпшілік дипломатия» және «масс-медиа дипломатия» термині өзара алмаса алады. Насихаттауды да өзіне енгізетін БАҚ-тың дипломатиясы «көпшілік дипломатияның» бір бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта БАҚ өкілдері арқылы пікір алмасу, белгілі бір мәселеде өзінің ұстанған бағытын көрсету сияқты дипломатиялық жұмыстарға тән функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік туды.

«Кіші қайық дипломатиясы» («челночная дипломатия») ұғымы биполярлы жүйе, яғни АҚШ пен КСРО арасындағы конфронтация кезінде пайда болды. Бұл ұғым АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Г. Киссинджердің есімімен және оның Таяу Шығыс мәселесін реттеудегі қызметімен байланысты. Ресми емес түрде «кіші қайық дипломатиясын» мемлекеттік хатшының тараптармен үздіксіз жүргізген келіссөзін айтады. Яғни, мемлекеттік хатшы бір күні қақтығысушы тараптардың бір жағымен, келесі күні екінші жағымен, ал кейбір кезде бір күнде екеуімен де кездеседі. Тарихта 1973 жылдың қараша айы мен 1974 жылдың қаңтар айларының арасында «Боинг-707» ұшағы Г.Киссинджердің тұрақты мекені болғаны туралы да деректер бар. Сондықтан мемлекеттік хатшының саяси қызметі «кіші қайық дипломатиясы», ал кейбір деректерде «конкорд дипломатиясы» («конкорд» - ұшақтың моделі) деп аталады.

Негізгі әдебиеттер: 18, 39.

Қосымша әдебиеттер: 50, 54, 57, 63, 65, 68

2.3 Семинар сабақтарының жоспары

1 Тақырып. Кәсіби дипломатия

1. «Дипломатия» ұғымының анықтамасы және оның шығу тегі.

2. Кәсіби дипломаттарға қойылатын талаптар.

3. Дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттер.

4. Дипломат-аудармашылар.

5. Әйел – дипломаттар.

Тапсырмалар:

1. Семинар тақырыбына байланысты Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың кітапханасындағы қорларды және интернет сайттарындағы мәліметтерді пайдаланга отырып, ғылыми және оқу әдебиеттерінің библиографиялық тізімін құраңыздар.

2. Берілген сұрақтарға ауызша жауап әзірлеңіздер.

Негізгі әдебиеттер: 1 ,2 ,5, 7, 11, 18, 19, 22, 32, 33, 36, 39.

Қосымша әдебиеттер: 55, 66, 67, 68.

Әдістемелік нұсқау:

Тақырып сұрақтарына жауап әзірлеу кезінде «дипломатия» ұғымының түрлі мағынасына мән беріңіздер. Ең маңыздысы «дипломатия» ұғымының нақты анықтамасын айқындау. Кәсіби дипломаттарға байланысты ақпараттарға ерекше назар аударған жөн. Ұсынылған әдебиеттерден басқа кітаптар мен ақпараттарды қолдана отырып, кәсіби дипломаттардың қызметтерінің ерекшеліктерін анықтау керек және әйел-дипломаттарға байланысты материалдар да жинақтаңыздар.