Биология
1. Ботаника ... зерттейді: A) Өлі табиғатты B) Өсімдіктерді C) Топырақты D) Вирустарды E) Жануарларды |
2. Гүлтабан дегеніміз - A) күлтені құрайтын ішкі жапырақшалар. B) гүлдің негізгі бөлімі. C) гүл сағағының кеңейген жері. D) гүлдің ең жіңішке бөлімі. E) тостағаншаны құрайтын сыртқы жапырақшалар. |
3. Қантышқақ амебасының кәдімгі амебадан айырмашылығы A) Теңіздерде тіршілік етеді. B) Адамның ішегінде паразитті тіршілік етеді. C) Топырақта тіршілік етеді. D) Ағысы қатты суларда тіршілік етеді. E) Өсімдіктерде паразитті тіршілік етеді. |
4. Тірі ағзаларда тіршілік етеді: A) Паразиттер B) Сапрофиттер C) Түйнек бактериялары D) Цианобактериялар E) Шіріту бактериялары |
5. Алқа тұқымдасының гүліндегі күлте жапырақшаларының саны- A) 8. B) 10. C) 6. D) 4. E) 5. |
6. Ең жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлар A) Сүтқоректілер класы B) Балықтар класы C) Қосмекенділер класы D) Құстар класы E) Жорғалаушылар класы |
7. Есту мүшесі. A) Мұрын. B) Тіл. C) Құлақ. D) Ауыз. E) Тері. |
8. Тыныс алатын ауаны жылытып, залалсыздандыратын мүше: A) көмей B) мұрын қуысы C) кеңірдек D) аңқа E) ауыз |
9. Несепағардың төменгі бөлімі жалғасатын мүше. A) Қуық. B) Зәр шығару өзегі. C) Несепағар. D) Бүйрек. E) Ішек. |
10. Жасушалары үнемі бөлінетін ұлпа: A) Фотосинтездеуші. B) Өткізуші. C) Түзуші. D) Жабын. E) Тірек. |
11. Мыналар минералды тыңайтқышқа жатады: A) Шымтезек, қи, қарашірік. B) Азот, шымтезек, қи. C) Қарашірік, қи, күл. D) Қи, күл, құс саңғырығы. E) Азот, фосфор, күл. |
12. Гидраның жауынан қорғану және жемін аулауға әсер ететін жасушалары A) Аралық. B) Безді. C) Атпа. D) Жүйке. E) Тері – бұлшықет. |
13. Ортаңғы құлаққа жатады A) Құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы B) Қуыстар, дабыл жарғағы C) Дабыл жарғағы, сыртқы дыбыс жолы D) Дабыл жарғағынан самай сүйегінің ішіне дейін E) Қуыстар мен иірім өзекшелері |
14. Төмендегі қайсысы жұп сүйектер A) Төссүйек B) Төменгі жақ сүйек C) Маңдай D) Шүйде E) Самай |
15. Ең ірі қан тамыры: A) Қолқа B) Салатамыр C) Қылтамыр D) Көктамыр E) Өкпе салатамыры |
16. Ас қорыту кезінде май ыдырайды: A) Суға. B) Аминқышқылына. C) Глюкозаға. D) Көмірқышқыл газына. E) Глицерин мен май қышқылына. |
17. Жасушаны энергиямен қамтамасыз ететін реакциялар жиынтығы: A) метаболизм. B) катаболизм (энергетикалық алмасу). C) анаэробты ыдырау. D) аэробты ыдырау. E) анаболизм (пластикалық алмасу). |
18. Алғашқы прокариотты жасушалардың пайда болуы. A) 5-кезең. B) 1- кезең. C) 2- кезең. D) 4- кезең. E) 3-кезең. |
19. Редуценттерге жататын ағзалар A) Етқоректі жануарлар. B) Бір жасушалы балдырлар. C) Автотрофтылар. D) Продуценттер. E) Саңырауқұлақтар мен ұсақ ағзалар. |
20. Гидраның жыныссыз жолмен көбеюі. A) Зигота. B) Гамета. C) Бүршіктену. D) Пілде түзу. E) Гермафродитті. |
21. Өте сирек кездесетіндіктен, Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген ашық тұқымды өсімдік. A) Самырсын. B) Зеравшан аршасы. C) Қос масақшалы қылша. D) Кәдімгі арша. E) Жатаған шырша. |
22. Қырықбуынның көктемде дамитын өркенінде болады A) сабақ. B) тамырсабақ. C) масақшасы бар қоңыр өркендер. D) қосалқы тамырлар. E) жасыл өркендер. |
23. Мейоздың бірінші бөлінуі. A) Эквационды. B) Зиготена. C) Диплотена. D) Редукциялық. E) Лептотена. |
24. Айқас тозаңданатын өсімдіктер селекциясында әр түрлі тармақтары өзара тозаңдандыру: A) Ментор әдісі. B) Мутагенездік әдіс. C) Линияаралық гибридтер. D) Полиплоидиялық әдіс. E) Әріден гибридтеу. |
25. Полеозой кезеңі. A) Юра. B) Неоген. C) Бор. D) Девон. E) Палеоген.
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
