Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_7005.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
836 Кб
Скачать
☆

Дүние жүзі тарихы

1. Ежелгі Афина қаласындағы биік төбеге орналасқан «үстіңгі қала»:

A) Форум.

B) Акрополь.

C) Амфитеатр.

D) Пантеом.

E) Агора.

2. Қайта өрлеу мәдениетінің орталығы:

A) Испания.

B) Англия.

C) Франция.

D) Италия.

E) Греция.

3. Ағылшын парламентінің палаталары:

A) Сенат және конгресс.

B) Қауымдар және лордтар.

C) Жоғарғы және халықтық.

D) Кортес және сенат.

E) Бундестаг және рейхстаг.

4. 1793 ж. Жирондықтар құлағаннан кейін саяси билікке келгендер:

A) Роялистер

B) Коммунарлар

C) Монархистер

D) Якобиншілдер

E) Пуритандар

5. Үндістанда «Күш қолданбай қарсыласу» қозғалысын ұйымдастырушы:

A) Д.Синх

B) Б.Тилак

C) М.Ганди

D) Д.Неру

E) Р.Тагор

6. Бірінші дүниежүзілік соғыста екі бірдей майданда соғысқан ел:

A) Италия.

B) Англия.

C) Франция.

D) Ресей.

E) Германия.

7. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Англияның премьер-министрі:

A) Р.Макдональд.

B) У.Черчилль.

C) Н.Чемберлен.

D) Т.Рузвельт.

E) Б.Муссолини.

8. Италия экономикасының шарықтап даму кезеңі.

A) 1970-80 ж.ж.

B) 1990-95 ж.ж.

C) 1960-70 ж.ж.

D) 1980-90 ж.ж.

E) 1950-60 ж.ж.

9. 1947 ж. тәуелсіздігін алған Ұлыбритания отарларының бірі:

A) Гибралтар.

B) Гайяна.

C) Фолкленд.

D) Сингапур.

E) Үндістан.

10. Қазіргі Түркия жерінде өмір сүрген Оңтүстік-батыс Азияның ежелгі мемлекет:

A) Ассирия.

B) Шумер мемлекеті.

C) Вавилон патшалығы.

D) Парсы мемлекеті.

E) Хетт патшалығы.

11. Арабтардың негізгі ата мекені:

A) Араб түбегі.

B) Византия.

C) Кіші Азия.

D) Пиреней түбегі.

E) Балқан түбегі.

12. Батыс Еуропалық шаруалардың «Қажылық жорыққа»аттанған жылы:

A) 1096 жылы.

B) 1086 жылы.

C) 1070 жылы.

D) 1090 жылы.

E) 1099 жылы.

13. Ұлы моғолдар империясы пайда болды:

A) XVІІ ғ.

B) XV ғ.

C) XVІ ғ.

D) XІV ғ.

E) XІІІ ғ.

14. 1871ж. Герман империясының үкімет басшысы:

A) Император.

B) Министр.

C) Канцлер.

D) Король.

E) Князь.

15. ХІХ ғасырдың І жартысындағы Венесуэладағы тәуелсіздік жолындағы күрестің басшысы:

A) Мигель Идальго.

B) Итурбиде.

C) Хосе Сан-Мартин.

D) Симон Боливар.

E) Хосе Морелос.

16. Италияның фашистік диктаторы:

A) Бенито Муссолини.

B) Франко.

C) Виктор Эммануил.

D) Адольф Гитлер.

E) Герман Геринг.

17. 1969 жылы парламенттік сайлауда канцлер қызыметіне сайланған социал-демократиялық партияның жетекшісі:

A) К.Аденауэр

B) Г.Коль

C) В.Кунон

D) В.Брандты

E) Э.Хонеккер

18. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тың Батыс Еуропа мемлекеттеріне көмектесуі:

A) Рузвельт жоспары.

B) Эйзенхауэр доктринасы.

C) Керзон жоспары.

D) Вильсон жоспары.

E) Маршалл жоспары.

19. Тоталитарлық мемлекеттердегі өнердің мақсаты:

A) Үкімет қалайтын шындықты көрсету

B) Бейбітшілікті насихаттау

C) Өнерді мемлекеттік идеологияға айналдыру

D) Өмірдің нақты шындығын көрсету

E) Аз ұлттардың өнерін дамытуды

20. Рим Республикасында соғыс пен бітім мәселесін шешетін жиын:

A) Магистраттар

B) Трибалар

C) Курия

D) Центуриат

E) Нобилитет

21. Ресейдегі опричнина саясатының мәні:

A) Самодержавиены нығайтуға арналған қатаң шаралар.

B) Жаңа діни коллегияны құру.

C) Мемлекеттің жаңа салық жүйесін енгізу.

D) Орталық басқару органдарын құру.

E) Ұлы князь кезіндегі жоғарғы кеңесті тарату.

22. Орта ғасырдағы Иран жеріндегі егіншілікпен айналысатын шаруалар:

A) Райяттар.

B) Егіншілер.

C) Шаруалар.

D) Иляттар.

E) Дихандар.

23. 1840-1842 ж. Англияның Қытайға соғыс жариялауының себебі:

A) Нэпир елшілігінің сәтсіздікке ұшырауы

B) Пекиннің ағылшындардың апиын сатуына тыйым салуы

C) Гуанчжоудағы «Гунхан» сауда монополиясының жабылуы

D) Ағылшын миссионерлерінің Қытайдан қуылуы

E) Макартней елшілігінің жауапсыз қалуы

24. XVII-XVIII ғасырдағы Еуропа мәдениетіндегі бірін-бірі ауыстырып отырған үш көркем бағыт:

A) Классицизм, романтизм, реализм.

B) Утопиялық көзқарас, эмпиризм, материализм.

C) Идеализм, гуманизм, реализм.

D) Материализм, эмпиризм, идеализм.

E) Утопиялық көзқарас, романтизм, идеализм.

25. КСРО-ны Ұлттар Лигасынан шығару себебі:

A) Кеңес әскерлерінің Польшаға кіруі.

B) Балтық елдерін қосып алуы.

C) Белоруссияның бір бөлігін қосып алуы.

D) Германиямен келісімі.

E) Финляндияға қарсы соғысы.

ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]