- •1 Өмірбаян
- •Қайда? – Где? (Жатыс септік – Местный падеж)
- •2 Түйіндеме
- •Зат есімнің жасалуы
- •Компьютер понимает текст
- •Түйіндеме
- •Кімге? – Кому? (Барыс септік – Дательно-направительный падеж)
- •Кімнен? – От кого? (Шығыс септік – Исходный падеж)
- •4 Хабарландыру
- •2007 Жылғы 5 қазан күні 17.-00-де акт залында
- •Есімше жұрнақтары:
- •5 Мінездеме
- •Сын есімнің жасалуы
- •Мінездеме (қызметтік)
- •6 Анықтама
- •7 Хаттама
- •Төл сөз. Прямая речь Төлеу сөз. Косвенная речь
- •Ырықсыз етіс. Страдательный залог
- •Бұйрықта қолданылатын етістіктің моделі Модель глагола, используемый в тексте приказа
- •9 Тест сұрақтары
7 Хаттама
7.1 Тақырып бойынша жаңа сөздер. (Новые слова по теме).
хаттама – протокол
жиналыс – собрание
мәжіліс – заседание
күн тәртібі – повестка дня
мәселе – вопрос, проблема
жарыссөз – прения
қатысқандар – присутствовало
қатыспағандар – отсутствовало
баяндама – доклад
баяндамашы – докладчик
сұрақ – вопрос
қаулы – постановление
төраға – председатель
хатшы – секретарь
хаттаманың үзіндісі – выписка из протокола
тізім – список
сөйлеу, сөз сөйлеу – выступать
қаулы ету – постановлять
талқылау – обсуждать
шешім қабылдау – принимать решение
әзірлеу, дайындау – готовить
мақұлдау – поддержать
қалыс қалу – воздержаться
дауыс беру – проголосовать
қол қою – подписать
ұсыну – предложить
бекіту – утвердить
тексеру – проверять
кезектен тыс жиналыс - внеочередное собрание
7.2 Хаттама туралы мәтінді оқыңыз. (Прочитайте сведения о протоколе).
Хаттама – жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және алқалық
органдардың мәжілістерінде мәселені талқылаудың және шешім қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат. Хаттаманың қысқа және толық түрлері болады. Қысқа хаттамалардың мәтінінде күн тәртібі, сөйлеушінің аты-жөні, сөйлеген сөздерінің тақырыбы және қабылдаған шешімдері көрсетіледі. Толық хаттамаларда сөйлеген сөздердің барлығы көрсетіледі.
Хаттама мәтіні екі бөліктен тұрады: кіріспе және негізгі.
Кіріспе бөлікте төраға туралы, хатшы туралы, күн тәртібі,
шақырылғандар, қатынасқандар туралы мәлімет жазылады. Күн тәртібіндегі мәселелер маңыздылығына қарай нөмірленіп беріледі.
Хаттаманың негізгі бөлігі мынадай үш бөліктен тұрады:
1.ТЫҢДАЛДЫ.
2.ЖАРЫССӨЗ немесе СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР.
3.ҚАУЛЫ.
«ТЫҢДАЛДЫ» бөлімінде қаралатын негізгі мәселе сөз болады, «ҚАУЛЫ» бөлімінде шешім жазылады. Бұл сөздер бас әріптермен азат жолдан жазылады. Сөз сөйлегендер мәтінінің мазмұны үшінші жақ, жекеше түрде жазылады. Қаулы мәтіні нақты және не істеу керектігі, орындаушысы, мерзімі көрсетіледі.
Сұрақтарға жауап беріңіз. (Ответьте на вопросы).
1. Хаттама қандай құжат?
2. Оның қандай түрлері болады?
3. Хаттаманың құрылымы қандай?
Грамматикалық минимум. Төл сөз. Төлеу сөз.
Төл сөз. Прямая речь Төлеу сөз. Косвенная речь
Төл сөз |
Төлеу сөз |
Біреудің сөзіне бұлжытпай, өзгеріссіз өз сөзінің ішінде берілуін төл сөз дейді |
Сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертіп, мазмұнын ғана сақтап беруді төлеу сөз дейді. |
Төл сөзді де, төлеу сөзді де жеткізіп, оған түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзін автор сөзі дейді. |
|
«Биік мансап – биік жартас», - деді Абай. |
Абай биік мансаптың биік жартас екенін айтты. |
Төл сөздің тыныс белгілері |
|
Автор сөзі: «Төл сөз». |
Хатшы хабарлады: «Келесі жиналыс маусым айында болады». |
«Төл сөз», - автор сөзі. |
«Келесі жиналыс маусым айында болады», - деп хабарлады хатшы. |
Автор сөзі: «Төл сөз», - автор сөзі. |
Хатшы бізге қарап: «Келесі жиналыс маусым айында болады», -деді. |
Автор сөзі: - Төл сөз. |
Хатшы хабарлады: - Келесі жиналыс маусым айында болады. |
- Төл сөз! - автор сөзі. – Төл сөз. |
Ханым мен мырзалар! – деді хатшы. – Келесі жиналыс маусым айында болады. |
7.5 Бекіту жаттығулар. (Упражнения для закрепления).
7.5.1 Төл сөздің өзгеру жолдары. (Пути преобразования прямой речи).
Төл сөздің аяқталуы |
Төлеу сөздің өзгеруі |
... айтады. |
... айтатынын хабарлады. |
... айтты (деді). |
... айтқанын мәлімдеді (туралы айтты). |
... керек. |
... керектігін сұрады. |
... қанша? |
... қанша екенін баяндады (сұрады). |
... ол – бағдарламашы. |
... оның бағдарламашы екенін айтты. |
... шешім қабылдайық. |
... шешім қабылдау керектігін мәлімдеді. |
7.5.2 Төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңыз. (Преобразуйте прямую речь в косвенную).
1) Әлеуметтік жөніндегі проректор: «Тұрғын үй бағдарламасы бойынша 200 пәтер бөлінді», - деді.
2) – Сендер қандай шаралар қолданып жатырсыңдар? – деп сұрады бөлім бастығы.
3) «Біздің болашағымыз жастарда», - деді мекеме басшысы.
4) – Еңбекақы көлемі төмен, - деді қызметкер.
5) – Осы мәселе бойынша шешім қабылдау керек, - деді төраға.
7.5.3 Төмендегі сөйлемдерді үлгі бойынша өзгертіңіз. (Измените фразы по образцу).
Үлгі: Комиссия төрағасы Жақыпов өте білікті маман екенін айтты.
- Жақыпов - өте білікті маман, - деді комиссия төрағасы.
1. АҚ директоры жарнаманың керектігі туралы сөз сөйледі. 2. Ректор жастар саясаты туралы сөз қозғады. 3. Кадрлар бөлімінің бастығы қызметкер нұсқаулығына өзгерістер енгізу туралы айтты. 4. Бас бухгалтер сыйақы көлемі туралы сұрады.
.4 Қазақ тіліне аударыңыз. (Переведите на казахский язык).
Протокол общего собрания коллектива предприятия; выписка из
протокола №3; постановление собрания; написать протокол; подписать протокол; расширенное заседание; вести протокол; поставить печать; совместное собрание.
.5 Құжат мазмұнын мұқият оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
(Прочитайте внимательно текст документа. Ответьте на вопросы).
25.09.2007 ж. №8
Өскемен қаласы
ХАТТАМАДАН ҮЗІНДІ
Техникалық колледж ұжымының
жалпы жиналысы
Төрағасы: К.М. Аманжолов
Хатшысы: И.Т. Сәкенова
Қатысқандар: 20 адам (тізімі қоса беріліп отыр).
Күн тәртібі:
3. Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңын талқылау.
3. ТЫҢДАЛДЫ:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша А.П. Жексенбин баяндама жасаған (баяндаманың мәтіні қоса беріліп отыр).
СӨЙЛЕГЕНДЕР:
С.Н. Құрманов – сөздің қысқаша жазбасы
А.О. Жәкетова – сөздің қысқаша жазбасы
ҚАБЫЛДАНҒАН ҚАУЛЫ:
3.1 Колледждің студенттері міндетті түрде Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңымен таныстырылсын.
3.1 Осыған байланысты 25.09 - 02.10 аралығында әр топта кураторлық сағаттар өткізілсін.
Төрағасы қолы К.М. Аманжолов
Хатшысы қолы И.Т. Сәкенова
Құжаттың атауы қандай?
Күн тәртібінде қандай мәселелер қаралды?
Жиналыс хатшысы кім?
Сөйлегендер кім?
Қандай қаулы қабылданды?
7.5.6 Төмендегі қаралған мәселелер бойынша қабылданған қаулыларды
табыңыз. (По следующим вопросам найдите принятые решения).
Күн тәртібі
ЖШС жарғысын бекіту.
Төраға өкілдігін талқылау туралы.
Қызметкерлер жалақысын көтеру туралы.
Еңбек келісімшарттарын қайта қарау туралы.
Қаулы етеді:
а) Еңбек өнімі және жұмыс уақытының көлеміне қарай қызметкерлердің еңбекақысы тарифке сай көтерілсін.
ә) «Еңбек туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес жеке еңбек келісімшарттарының 9, 10-баптары өзгертілсін.
б) Төраға өкілдігі ЖШС Жарғысына сай төмендегідей сипаттама бекітілсін.
в) ЖШС Жарғысының жобасы бекітілсін.
7.5.7 Назар аударыңыз! (Обратите внимание!)
Ресми құжаттарда жиі қолданылатын көмекші сөздер:
бойынша – по, байланысты – в связи,
сәйкес – в соответствии, туралы – о, об
7.5.8 Көмекші сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді аяқтаңыз.
(Используя вспомогательные слова закончите предложения).
Күн тәртібіндегі мәселе Бірінші мәселе Екінші мәселе Баяндама Хаттама |
бойынша |
... ... ... ... ... |
ҚР «Еңбек туралы» Кодексіне Мемлекеттік бағдарламаға Президент жарлығына Қолданылып жүрген Заңдарға Нормативтік құжаттарға |
сәйкес |
... ... ... ... ... |
Дәлелді себептерге Дәлелсіз себептерге Саяси ахуалға Мәдени шараларға Денсаулығына |
байланысты |
... ... ... ... ... |
Қабылданған қаулы Бюджет саясаты Талқылау Қайта қарау Бекіту
|
туралы |
... ... ... ... ... |
7.5.9 Бос орынға көмекші сөздерді қойыңыз. (Дополните нужными
вспомогательными словами).
Компьютердің моделін жарнамалау ... мәселе қаралды.
Жиналыс қаулысы ... кеңес мүшелерінің саны өзгертілді.
Күн тәртібін бекіту ... мәселе қойылды.
Бірінші мәселе ... төраға сөз сөйледі.
Күн тәртібіне ... қаулы қабылданды.
7.6 Есте сақтаңыз. (Запомните).
Хаттаманың деректемелері (реквизиты протокола)
мекеменің атауы;
құрылымдық бөлімшенің атауы;
құжат түрінің (хаттаманың) аты;
мәжіліс өткізілген күні;
құжаттың тіркелу нөмірі;
мәжіліс өткізілген орыны;
мәтіннің тақырыбы;
құжат мәтіні;
қолдары.
7.7 Өзін-өзі бақылау тапсырмалары. (Задания для самоконтроля).
Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы мәселелерді талқылауға арналған хаттама құрастарыңыз.
Студенттік кеңестің отырысында қаралған мәселелер туралы хаттама құрастырыңыз.
Оқуға түсетін талапкерлерге арналған мәселелер бойынша хаттама құрастырыңыз.
Студентердің педагогикалық тәжірибе өтуін ұйымдастыру мәселесіне арналған хаттама құрастырыңыз.
Ағымдық, аралық аттестацияны қабылдаудың жолдары туралы хаттама құрастарыңыз.
Кәсіподақ комитеті мәжілісінің хаттамасын жазыңыз.
Жұмысшы А.С. Семенованың жоғары оқу орнын тәмамдауына байланысты еңбек ақысының, дәрежесін көтеру туралы хаттама құрастырыңыз.
Балалардың жазғы демалыстарын ұйымдастыру мәселесіне арналған хаттама құрастырыңыз.
Денсаулығы төмен балаларды санаторийге емдеуге жіберу туралы хаттама құрастырыңыз.
Тәрбие жұмыстарының жоспарын бекітуге арналған хаттама құрастырыңыз.
8 БҰЙРЫҚ
8.1 Тақырып бойынша жаңа сөздер. (Новые слова по теме).
бұйрық – приказ
жеке құрам бойынша – по персоналу
негізгі қызмет бойынша – по основному виду деятельности
өкімдік құжат – распорядительный документ
штаттық кесте – штатное расписание
штаттық кестеге сәйкес – в соответствии со штатным расписанием
өкім - распоряжение
нұсқау – инструкция, указание, деректива
жарлық – указ
ереже – положение, правило
кәсіпорынның жойылуы – ликвидация предприятия
айрықша жұмыс жағдайлары – особые условия труда
төтенше жағдай – чрезвычайная ситуация
өндірістік қажеттілік – производственная необходимость
енгізу – внести
бекіту – утвердить
белгілеу – обозначить
жариялау – объявить
жүктеу – возложить
жүргізу – ввести
қысқарту – сократить
қадағалау, бақылау – контролировать
орындау – исполнять
өзгеріс, өзгерту – изменение, изменить
тыйым салу – запретить
тағайындау – назначить
төлеу – заплатить
толықтыру – дополнить, дополнение
алғыс – благодарность
атқаратын қызмет – занимаемая должность
куәландыру – засвидетельствовать
мәлімдеу – сообщить, довести
іссапарға жіберу – отправить в командировку
келісім – соглашение
қоса атқарушылық – совместительство
негіздеме – основание
рұқсатнама – разрешение
сараптау – эспертиза
сыйақы – премия
сырқаттану – болеть, заболеть
үстемақы, үстеме төлеу – надбавка
8.2 Бұйрық туралы мәліметті оқыңыз. (Прочитайте сведения о приказе).
Бұйрық – қандай да бір міндеттерді (өндірістік немесе жеке құрам бойынша) шешу үшін мекеме басшысы шығаратын өкімдік құжат.
Мазмұны жағынан бұйрықтар екі түрге бөлінеді: негізгі қызмет
бойынша, және жеке қызметкерлер құрамы бойынша бұйрықтар.
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар өндіріс істері, жоспарлау, есеп
беру, қаржыландыру, несие алу-беру, тауарлар өткізу мен қызмет көрсетуді ұсыну, ұйымдастыру мәселелер бойынша басқару жөніндегі шешімдерді белгілейді.
Жеке құрам бойынша бұйрықтар азаматтарды жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа жұмысқа ауыстыру т.б. сияқты мәселелерді шешуге бағытталған. Бұйрықтың мәтіні екі бөліктен тұрады: белгілеуші және жарлық
Сұрақтарға жауап беріңіз. (Ответьте на вопросы).
Бұйрық қандай құжат?
Мазмұнына қарай нешеге бөлінеді?
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар не туралы?
Жеке құрам бойынша қандай бұйрықтар шығарылады?
Мәтіні қандай бөліктерден тұрады.
Грамматикалық минимум. Ырықсыз етіс. Бұйрықта қолданылатын етістіктің моделі.
