- •1 Өмірбаян
- •Қайда? – Где? (Жатыс септік – Местный падеж)
- •2 Түйіндеме
- •Зат есімнің жасалуы
- •Компьютер понимает текст
- •Түйіндеме
- •Кімге? – Кому? (Барыс септік – Дательно-направительный падеж)
- •Кімнен? – От кого? (Шығыс септік – Исходный падеж)
- •4 Хабарландыру
- •2007 Жылғы 5 қазан күні 17.-00-де акт залында
- •Есімше жұрнақтары:
- •5 Мінездеме
- •Сын есімнің жасалуы
- •Мінездеме (қызметтік)
- •6 Анықтама
- •7 Хаттама
- •Төл сөз. Прямая речь Төлеу сөз. Косвенная речь
- •Ырықсыз етіс. Страдательный залог
- •Бұйрықта қолданылатын етістіктің моделі Модель глагола, используемый в тексте приказа
- •9 Тест сұрақтары
5 Мінездеме
5.1 Тақырып бойынша жаңа сөздер. (Новые слова по теме).
мінездеме – характеристика
берілген – дана
әскери қызметке қатысы – отношение к воинской службе
лауазым, қызмет - должность
беделді – авторитетный
әріптестер арасында – среди коллег
студенттер арасында – среди студентов
білімді – образованный, знающий, эрудированный
білікті – квалифицированный
ұқыпты – аккуратный
тиянақты – собранный, аккуратный
тәжірибелі – опытный
белгілі – известный
дарынды – талантливый
тыңғылықты – исполнительный
ақылды – умный
кәсіби шеберлік – профессиональное мастерство
кәсіби деңгей – профессиональный уровень
лайықты – соотвествующий, подходящий.
Мінездеме туралы мәтінді оқыңыз, аударыңыз. (Прочитайте текст о
характеристике. Переведите).
Мінездеме – мекемеде, ұйымда, кәсіпорында жұмыс істейтін туралы
әкімшілік немесе қоғамдық ұйым тарапынан берілетін, жеке адамның мінезін, білімін, шеберлігін, икемділігін, іскерлігін, біліктілігін, кәсіби деңгейін сипаттайтын ресми құжат. Мінездеме нақты, объективті, дәл және толық болуы керек. Мінездеме басқа мекеме сұраған жағдайда, оқуға, аспирантураға түсу кезінде, сондай-ақ, қызметкерлердің, маманның кәсіби біліктілігін көтеру, басқа бос орынға ұсыну мақсатында беріледі.
Қорытынды бөлімінде мінездеме не мақсатқа жазылып отырғаны айқындалады. Мысалы: «аспирантураға түсу үшін», «еңбек келісімін ұзарту үшін», «атқарып отырған қызметке лайық», «қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға лайық» сияқты түйінді сөздер жазылады.
(«Ресми ісқағаздары» кітабынан)
Сұрақтарға жауап беріңіз. (Ответьте на вопросы).
Мінездеме қандай құжат?
Мінездеме қашан беріледі
Мінездеме қандай болу керек?
Мінездеме нені сипаттайды?
Мінездеменің қорытынды бөлімінде не жазылады?
Грамматикалық минимум. Сын есім.
Сын есім
Қандай? Қай? Қанша? Какой? Который? Сколько? |
|
Сапалық (качественное) ақ – қара ыстық – суық |
Қатыстық (относительное) білімді - білікті дарынды - ақылды |
Негізгі (непроизводные) жақсы – жаман жұмсақ |
Туынды (производные) ашты – тәтті адалсыз |
Дара (простые) ресми ақпараттық |
Күрделі (сложные) қара көк үлкен-үлкен |
Шырайлар (степени сравнения)
Жай (прост.) Салыстырмалы (сравн.) Күшейтпелі (превосх.)
|
|
Сын есімнің жасалуы
лы -
лі -
ды -
ді -
ты -
ті -
сыз -
сіз
ой ой
+лы
су су +лы
ақыл ақыл +ды
білім білім +ді
күш күш +ті
бұлт бұлт +ты
атақ атақ +сыз
көрік көрік +сіз
5.5 Еске түсіріңіз! (Вспомните!)
Көп, мол – аз
Жеңіл – ауыр
Кең – тар
Жуас – тентек
Биік – аласа
Түзу – қисық
Алыс – жақын
Терең – таяз
Сұйық – қою
Үлкен – кіші
Мықты – нәзік
Әділ - өтірікші
Жас – кәрі
Ауру – сау
5.6 Бекіту жаттығулар. (Упражнения для закрепления).
5.6.1 Дұрыс аударыңыз. (Правильно переведите).
Известный политик, аккуратный коллега, знающий специалист, талантливый педагог, культурный человек, воспитанный студент, опытный служащий, известный ученый, квалифицированный преподаватель.
5.6.2 Керекті жұрнақ қойып, сын есімдерді жазып алыңыз. (Вставьте нужный суффикс, выпишите прилагательные).
1. Ұлт... политехника университетінің компьютер... техника факультетіне оқуға түсті. 2. Шығыс Қазақстан облыс... мектеп-интернатында жұмыс істейді. 3. Студенттер арасында бедел..., сый..., құрмет... . 4. Мінездеме ғылыми-техника... орталықтың бас маман қызметіне ұсыну үшін берілді. 5. Жоғары білім... жас маман. 6. Өз ісін жетік білетін, тәжірибе... қызметкер. 7. Ұсынылып отырған қызметке лайық... . 8. 2006 жылы ақпарат... технологиялар және энергетика факультетін тәмамдады.
5.6.3 Мінездемені орыс тіліне аударыңыз. (Переведите характеристику).
Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың
ақпараттық технологиялар және
энергетика факультетінің 06-ПС-1 тобының студенті А. Жандосовқа
МІНЕЗДЕМЕ
Айдос Жандосов 1989 жылы, Өскемен қаласында туған, ұлты – қазақ.
2006 жылы Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың ақпараттық технологиялар және энергетика факультетінің “Ақпараттық жүйелер” мамандығына оқуға түсті. Қазір екінші курс 06-ПС-1 тобының студенті.
Айдос үлгілі студенттердің бірі, оқу озаты. Ұқыпты, салмақты. Университеттің қоғамдық жұмысына белсене араласады. Түрлі спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға иеленді. Студенттер арасында сыйлы, адамдармен өте жақсы тіл табыса алады.
Мінездеме Президенттік шәкіртақысына ұсыну үшін берілді.
5.6.4 Мінездемеден сын есімді теріп жазыңыз. (Выпишите из текста
характеристики прилагательные).
5.6.5 Ойға салу сұрақтар арқылы сөздерге керекті қосымшаларын жалғаңыз. (Используя вопросы-подсказки в словах вставьте нужные аффиксы).
Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың
ақпарат... технология... және
энергетика факультеті... 4-курс
студент... Н. Мұратова...
МІНЕЗДЕМЕ
Мұратова Меруерт Өскемен қаласы... (ненің?) информатика саласында дарын... (қандай?) балалар... (кімге?) арналған №16 мектеп-лицейі... (қайда?) 10-25 мамыр аралығында информатика пәні... (ненің?) мұғалім... қызметінде практика... (неден?) өтті. Осы уақыт ішінде Меруерт өзін тек жақсы жақтарынан көрсет... (не істеді?). Жұмысқа жауап... (қандай?), ұқып..., тиянақ..., университет... (қайда?) алған білімін практика... (қандай?) тұрғыда көрсете білді.
Мұратова 10 “Д” сынып... (қайда?) сабақ берді. “Vizual Bazic-те бағдарламалау негіздері” деген тақырып... (неде?) ашық сабақ өткіз... (не істеді?). Сабаққа оқушылар белсене қатыса отырды. Меруерт әр оқушымен тіл табыса алатындығын көрсетті. Меруерт... (кімнің?) көмегімен 10-сынып оқушылары Power Point бағдарламасы... (неде?) әртүрлі компьютер... (қандай?) тұсаукесер (презентация) жасады.
Осы уақыт аралығында Меруерт Муратова практика... (қандай?) жұмысты «жақсы» деген деңгейде өткізді.
Мектеп директоры
25.06.07.
5.6.6 Берілген клише үлгілер арқылы мінездеме жазыңыз. (Используя клише, напишите характеристику).
қ
оғамдық
жұмысына белсене араласады; тіл табыса
алады
жоғары білімді; қазақ тілін жетік меңгерген
мінезі салмақты; өз ісін жетік білетін маман
студенттер (әріптестер) арасында сыйлы, құрметті
көмектесуге үнемі әзір; үлгілі отбасы иесі
5.6.7 Қайталайық! (Давайте повторим!)
Сөйлемді толықтырыңыз
Қазақ және орыс тілдерін еркін ... . Мінездеме экономист қызметіне ұсыну үшін ... . Мен 2005 жылы №26 орта мектепті ... . Отбасы жағдайыма байланысты жұмыстан босатуыңызды ... Қазір экономика және менеджмент факультетінде ... . Отбасы жағдайы – ... . |
|||
Берілген сөздерден сөйлем құрастырыңыз
|
|||
Өтінемін, басқа, ауыстыруыңызды, отбасы, жұмысқа, жағдайыма, қызметінен, байланысты, менеджер. |
Сыйлы, әріптестер, Монахов, арасында, беделді. |
Байтұрсынова, мен, Гүлнұр, Сергеевка, тудым, ауылында, Жомартқызы. |
Берілген, мінездеме, магистратураға, үшін, түсу. |
5.6.8 Аударыңыз. (Переведите).
Өскемен қаласының конденсатор зауытыньң инженер-конструкторы
Мұрат Асхатұлы Әлиевке
Мінездеме (аттестациялық)
Мұрат Асхатұлы Әлиев 1968 жылы туған. Бiлiмi — жоғары.
Әлиев Мұрат Асхатұлы Өскемен қаласының конденсатор зауытыньң конструкторлық бюросында 1992 жылдан бастап еңбек етуде.
Осы жылдар ішінде қатардағы инженерден бөлім мeңгepyшici қызметіне дейін көтерілді. Жаңашылдық ұсыныстары бар, бес мақаласы ғылыми жинақтарда жарық көрді. Білімді, icкep, ізденімпаз. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Ұжымдағы қоғамдық және мәдени шараларға белсене араласады.
Мінезі ашық, адамдармен тез тіл табысады. Үйленген.Үш баласы бар.
Атқарып жүрген қызметіне лайық.
Мінездеме еңбек келісімін ұзарту үшін берілді.
Өскемен қаласының конденсатор
зауыты директорыньң орынбасары С.С. Еркінов
5.6.9 Назар аударыңыз! (Обратите внимание!)
Кездесу: Сәлемет пе! Сәлеметсіз бе! Қайырлы таң! Қайырлы күн! Қайырлы кеш! Кеш жарық! Аман-есенсіз бе? Халіңіз қалай? Сәлем!
Мысалы,
- Әже, аман-есенсіз бе?
Аман-есенбіз.
Халіңіз қалай?
Жақсы.
Қоштасу: Сау бол! Сау болыңыз. Аман-есен болыңыз! Кездескенше!
Қайырлы түн! Жақсылықпен жолығайық! Жолыққанша!
Мысалы, - Сен бізге қашан келесің?
Мен ертең келемін. Әже, әзірше сау болыңыз!
Сау бол, қалқам!
Кешірім өтіну: Кешір. Кешіріңіз. Ғафу етіңіз. Кешірім өтінемін.
Мысалы,
Кешіріңіз, Абай көшесін көрсетіп жіберіңізші!
Осы көшеден кейінгі екінші көше – Абай көшесі.
Ризашылық білдіру: Рақмет! Көп рақмет! Мен сізге ризамын! Ризашылық
білдіремін. Мысалы,
Құлыным, қашан келдің?
Қазір.
Ботам, отыр, демал.
Рақмет!
5.6.10 Берілген құжат үлгісінің кұрылымын түсіндіріңіз. (Поясните
содержание данного документа).
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің қазақ тілі кафедрасының оқытушысы Ермекова Сәния Қанатқызына
