Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
posobie_po_delo.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
548 Кб
Скачать
☆

Қайда? – Где? (Жатыс септік – Местный падеж)

Ауыл ауыл+да

Қала қала+да

Облыс облыс+та

М

- да

- де

- та

- те

ектеп мектеп+те

Университет университет+те

Иститут институт+та

Факультет факультет+те

Банк банк+те

Дүкен дүкен+де

Фирма фирма+да

Көше көше+де

Қайнар ауыл+ы Қайнар ауылы+нда

Өскемен қала+сы Өскемен қаласы+нда

Шығыс-Қазақстан облыс+ы Шығыс-Қазақстан облысы+нда

№

- нда

- нде

25 орта мектеб+і №25 орта мектебі+нде

Техникалық университет+і техникалық универсиеті+нде

Информатика факультет+і информатика факультеті+нде

Құрылыс иститут+ы құрылыс институты+нда

Халық банк+і Халық банкі+нде

Азық-түлік дүкен +і азық-түлік дүкені+нде

Заң фирма+сы заң фирмасы+нда

1.5.8 Жатыс септік жалғауын қойыңыз. (Вставьте окончание Ж.с.).

Көше..., сынып..., асхана..., кітапхана..., мекеме..., кәсіпорын..., компьютер..., автокөлік..., мектеп..., кадрлар бөлімі..., орта мектеп..., оқырман билеті..., кеңсе дүкені..., заң факультеті..., есеп кітабы..., оның өмірбаяны..., отбасы..., «Альянс» банк..., Астана қала..., Шығыс Қазақстан облыс..., деканның кабинет..., №221 дәрісхана..., әлем университет..., студент билет... .

1.5.9 Сұхбатты оқыңыз, аударыңыз. Жатыс септікте тұрған сөздерді табыңыз. (Прочитайте беседу, переведите. Найдите слова в Ж. септік).

- Сәлеметсің бе, Сәкен?

- Қайырлы күн! Кім боласыз?

- Менің аты-жөнім Муратова Жанар. Мен «За знание» студенттік газетінің тілшісімін. Сен біздің университетіміздің белсенді студенттердің бірісің, Президенттік шәкіртақысының иегерісің. Сенен сұхбат алайын деп едім. Қарсы емессің бе?

- Жақсы, сізді тыңдап отырмын. Қандай сауалдарыңыз бар?

- Бірінші сұрағым – сен қай жерде, қашан, қандай отбасында дүниеге келдің?

- Туған жерім - Өскемен қаласы. Мен 1985 жылы 15 мамырда мұғалімдер отбасында тудым.

- Қай мектепте оқыдың?

- Өскемен қаласының №25 мектебінде.

- Қашан біздің университетке оқуға түстің?

- 2003 жылы мен Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға, ақпараттық технологиялар факультетіне оқуға түстім. Қазір 03-ПС-1 тобының студентімін.

- Отбасың туралы не айтасың?

- Әке-шешем мұғалімдер. Олар Өскемен қаласында тұрады. Мен әке-шешеммен бірге тұрамын. Қарындасым Айжан 10-ншы сыныпта оқиды.

- Тағы бір сұрағым: бос уақытыңды қалай өткізесің, әуесқойлығың бар ма?

- Әрине, маған шахмат ойнау ұнайды, жеңіл автокөлікті жүргізе аламын, келешекте ғылыммен айналысқым келеді.

- Сұхбатыңа үлкен рахмет. Сау бол.

1.5.10 Сұхбатта берілген мәліметтер бойынша кестені толтырыңыз.

(По данной беседе заполните таблицу).

Аты-жөні

Туған жері

Туған күні, жылы, айы

Отбасы жағдайы

Білімі

Бос уақытында не істейді?

1.5.11 Аударыңыз. (Переведите).

1. В столице Республики Казахстан. 2. Я родилась в деревне Кайнар Восточно-Казахстанской области. 3. В данное время работаю программистом на фирме «Арай». 4. Мои родители – инженеры. 5. Она училась в средней школе имени М. Ауезова. 6. С 1995 года ты работал в университете. 7. 2000-2004 гг. учился в Усть-Каменогорске, в техническом университете. 8. Закончил факультет информационных технологий. 9. Женат, имею двоих дочерей. 10. Замужем, воспитываю дочь и сына.

1.5.12 Өмірбаянды оқыңыз. Үлгі бойынша өз өмірбаяныңызды жазыңыз. (Прочитайте автобиографию. По образцу напишите свою).

Мен, Андреева Ирина Владимировна, 1980 жылы 12 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында Жарма ауданында Жалғызтөбе стансасында тудым. Ұлтым – орыс.

Әкем – Владимир Иванович 1954 жылы туған, пойызда жол серік болып істейді. Шешем – Татьяна Анатольевна 1958 жылы туған, мектепте мұғалім болып жұмыс істейді.

1998 жылы Жалғызтөбе стансасындағы орта мектепті алтын медальмен бітірдім. 1998-2003 жылдар аралығында Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да, ақпараттық технологиялар факультетінде «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқыдым.

2003 ж. «Арай» ашық акционерлік қоғамына бағдарламашы қызметіне орналастым. Қазір аталмыш кәсіпорында бас маман болып жұмыс істеймін.

Мекенжайым: Өскемен қаласы, Өтепов көшесі, 25-16.

1.5.13 Есте сақтаңыз. (Запомните).

Өмірбаян құрылымы:

  1. құжаттың аты;

  2. туған жылы, жері;

  3. өмірбаян жазушының ұлты;

  4. білімі, оқыған оқу орны;

  5. кәсіби тәжірибесі, біліктілігі;

  6. отбасы жағдайы;

  7. қосымша мәліметтер;

  8. мекенжайы.

Структура автобиографии:

  1. наименование документа;

  2. место, дата рождения;

  3. национальность;

  4. образование, место учебы;

  5. опыт работы, квалификация;

  6. семейное положение;

  7. дополнительные сведения;

  8. адрес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]