Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
информатика ёёёёёё.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
302 Кб
Скачать
☆

20.Ms exceLде диаграмма құру.Диаграмма типтері

MS EXCEL программасы кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер жататын ең кең таралған программалық кестелердің бірі. Бірақ EXCEL жәй программа ғана емес оны көптеген математикалық амалдарды күрделі есептеулерді көрнеті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтерді негізінде түрлі түрлі диаграммалар тұрғызып,мәліметтер базасы даярлау олармен жұмыс істеуді сандық эксперимент жүргізуді және т.б. қамтамасыз ете алады. EXCEL програмасын іске қосу үшін осы программа мен байланысқан пиктограмманы тауып оны тышқанмен екі рет шерту керек.Бірінші жол енгізі мен түзету жолы немесе формулалар жолы.Бесінші және соңғы жолдың арасына электрондық кестені жұмыс парағы беті орналасқан.Жұмыс парағындағы жолдар мен бағаналар белгілі бі тәртіппен белгіленеді. Терезенің ең төменгі жолы қалып күй қалып жолы. EXCELде он төрт түрлі екі және үш өлшемді диаграмма түрлері бар. EXCEL графикасын үйрену кезінде Дәулетқүлов Әлем деген оқушының өз компьютерін апта бойы қалай пайдаланылатыны туралы мәліметтерін қарастырып өтеміз.Диаграмма немесе графикті даярлау үшін диаграмма шебері деген функцияны пайдаланған жөн. EXCELдің бұл функциясы бес сұхбат терезесі арқылы диаграмма график тұрғызуға және оны жұмыс парағына салып шығуға керекті мәліметтерді сұрап алады. Түсініктеме қосу деген сұраққа түсінік беретін мәлімет қосқымыз келсе иә батырмасын немесе жоқ деген батырманы басып жауап береміз.Диаграмма аты деген өріске «Компьютерді пайдалану» деген сөз енгіземіз де ,аяқтау батырмасын басамыз.Біз жұмыс парағына салынған диаграмманың ұнамайтын жері болса,оны түзетуге болады.Диаграмма көлемін өзгерту үшін оны ерекшелеу керек,яғни диаграмма бойынша тышқанды бір рет шерту керек.Диаграмма жақтауларының бұрыштарында және оның сызықтарының ортасында белгілі маркерлері пайда болады. Диаграмманың мөлшерін қалай өзгертсек,диаграмманың жеке элементтерінің мөлшерін де сол сияқты етіп өзгертуге болады және ол элементтерді белгілеп алып диаграмманың ішкі аймағындағы орнын ауыстыруға болады.Дөңгелек диаграмма жиі пайдаланатын график түрі.Дөңгелек диаграмманы құру үшін 1 Жаңа файл дайындаймыз 2 Тақырып жазып,оған сәйкес мәліметтер кестесін жасаймыз.3 Диаграмма шеңбері батырмасын басып,диаграмма тұрғызу үшін керекті мәліметтерді 13:16 блогын аламыз.4 Диаграмма қадам бойынша тұрғызамыз.5 Түсініктемені қосамыз

21.Excel- де массивтерді өңдеу.

Массив дегеніміз-блок. Блок дегеніміз- кез-келген төрт бұрышты аумақ. Блокқа формула енгізбес бұрын сол аралықты ерекшелеп аламыз, сонан кейін формуланы енгізіп control+shift+enter перделер комбинациясын орындайды. Бұл массивпен жұмыс істеу операциясын білдереді. Формула жолында жазылған формула автоматты түрде фигуралық жақшаға алынады.

Массивті массивке көбейту.

=А3:В4 * В3:Е4

Массивпен массивті азайту

=А3:В4 - В3:В4

Массивті массивке бөлу.

=А3:В4/В3:В4

Массивтің sin-ін табу

=sin(Д3:Е4)

22. Ms exceLде нақты және салыстырмалы сілтеулер

Формулаларды бір жерден екінші жерге тасығанда немесе көшіргенде нақты және салыстырмалы сілтеулер пайдаланылады. Егер екеуі бірге қолданылса олар аралас сілтеулер деп аталады. Салыстырмалы сілтеу жасағанда баған мен жол адрестері автоматты түрде өзгереді.

Егер формула көшіру кезінде бір ұяшық адресін нақты күйде бергіміз келсе , онда сол адрестің бағана атына сәйкес әріптің екі жағына да $ - белгісін қоямыз. Бұл символ өзгеріссіз деген мағынаны білдіреді.

Мысалы: $B$4 немесе $C$2:$C$48 т. с. с.

Формуланы көшіргенде оның кейбір элементі өзгеріп, кейбіреуі өзгеріссіз қалса бұны – аралас түрдегі адрес дейміз. Егер бағана аты өзгеріп, жол нөмері өзгеріссіз қалса жол санының алдынан B$4, ал бағана өзгермей жол өзгерсе баған атының алдынан доллар белгісі қойылады $B4.