- •Тақырып 1. Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның құрамдас элементтері.
- •Тақырып 2. Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары
- •Тақырып 3. Депозиттік нарықтың қызмет ету ерекшеліктері
- •Тақырып 4. Несие нарығы, оның мәні және мазмұны
- •Тақырып 5. Валюта нарығы және валюталық операциялар
- •Тақырып 6. Бағалы қағаздар нарығы, оның функциялары және құрылымы.
- •Тақырып 7. Сақтандыру нарығы
- •Тақырып 8. Зейнетақы нарығы
- •Тақырып 9. Қаржылық делдалдылық және қаржылық делдалдар
- •Тақырып 10. Қаржы нарығындағы коммерциялық банктер қызметі
- •Пассивті операциялар өзіндік қаражаттың, тартылған қаражаттың және эмиссияланған қаражаттың есебінен банк ресурстарын қалыптастырумен байланысты болады.
- •Тақырып 11. Зейнетақы нарығының қаржылық институттары
- •Тақырып 12. Инвестициялық компаниялар және қорлар
- •Тақырып 13. Сақтандыру компаниялары және қорлары
- •Тақырып 14. Арнайы мамандандырылған қаржы-несиелік институттар
- •Тақырып 15. Қазақстанның қаржы нарығын
Тақырып 5. Валюта нарығы және валюталық операциялар
Валюта - мемлекеттердің заңды төлем қаражаты ретінде қабылдаған ақша бiрлiгі немесе банкноттар, қазынашылық билеттер және монеталар, оның iшiнде қымбат металдардан жасалған монеталар (айналыстан алынған немесе алынатын, бiрақ айналыста жүрген ақша белгiлерiне айырбасталуға жататынын қоса алғанда) түрiндегі қолма-қол және қолма-қол емес ақша нысанындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, оның ішiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегі қаражат; Валюталық операциялар келесілер табылады:
- валюталық құндылықтарға меншік құқығының және өзге де құқықтардың көшуіне, сондай-ақ валюталық құндылықтарды төлем қаражаты ретінде пайдалануға байланысты операциялар;
валюталық құндылықтарды, ұлттық валютаны, номиналы ұлттық валютамен көрсетiлген бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын, резиденттер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына әкелу, жіберу және аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету, жiберу және аудару.
Валюталық құндылықтарға мыналар жатады:
- шетел валютасы;
- номиналы шетел валютасымен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары;
- резидент еместер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздар;
- тазартылған құйма алтын;
- резиденттер мен резидент еместер арасында, сондай-ақ резидент еместер арасында операциялар жасалған жағдайда қолданылған ұлттық валюта, номиналы ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары;
- резиденттер мен резидент еместер арасында, сондай-ақ резидент еместер арасында операциялар жасалған жағдайда қолданылған резидент шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздар;
Валюталық шарт - өзгерістері мен толықтыруларын қоса алғандағы келiсiм, құрылтай құжаттары, сондай-ақ солардың негізiнде және (немесе) оларды орындау үшiн валюталық операциялар жүзеге асырылатын өзге де құжаттар.
Шетел валютасы - шет мемлекеттің валютасы, сондай-ақ халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрліктерi.
Валюталық реттеудің мақсаты тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің саясатына жәрдемдесу болып табылады.
Валюталық реттеудің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысының тәртiбiн белгілеу; 2) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік экономикаға одан әрi кiрiгуi үшін жағдайлар жасау;
3) валюталық операциялар мен капитал легi жөніндегі ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады.
Валюталық бақылаудың мақсаты Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместер валюталық операциялар жүргiзген кезде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.
Валюталық бақылаудың мiндеттерi:
1) жүргiзiлетiн валюталық операциялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн айқындау;
2) валюталық операциялар бойынша төлемдердiң негiздiлiгiн және оларды жүзеге асыруға қажеттi құжаттардың болуын тексеру;
3) валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептіліктiң толықтығын және объективтiлiгiн тексеру болып табылады.
