- •Тақырып 1. Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның құрамдас элементтері.
- •Тақырып 2. Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары
- •Тақырып 3. Депозиттік нарықтың қызмет ету ерекшеліктері
- •Тақырып 4. Несие нарығы, оның мәні және мазмұны
- •Тақырып 5. Валюта нарығы және валюталық операциялар
- •Тақырып 6. Бағалы қағаздар нарығы, оның функциялары және құрылымы.
- •Тақырып 7. Сақтандыру нарығы
- •Тақырып 8. Зейнетақы нарығы
- •Тақырып 9. Қаржылық делдалдылық және қаржылық делдалдар
- •Тақырып 10. Қаржы нарығындағы коммерциялық банктер қызметі
- •Пассивті операциялар өзіндік қаражаттың, тартылған қаражаттың және эмиссияланған қаражаттың есебінен банк ресурстарын қалыптастырумен байланысты болады.
- •Тақырып 11. Зейнетақы нарығының қаржылық институттары
- •Тақырып 12. Инвестициялық компаниялар және қорлар
- •Тақырып 13. Сақтандыру компаниялары және қорлары
- •Тақырып 14. Арнайы мамандандырылған қаржы-несиелік институттар
- •Тақырып 15. Қазақстанның қаржы нарығын
Тақырып 9. Қаржылық делдалдылық және қаржылық делдалдар
Кез келген мемлекеттің қаржы жүйесі қаржы ресурстарын шоғырландырады және орналастырады. Олар бұл функцияны неғұрлым тиімді орындаса, әркімнің өз жоспарын соғұрлым жүзеге асыратын нақты мүмкіндігі болады. Осылайша қоғамның әл-ауқатына және өндірістің жоғары деңгейіне қол жеткізе аламыз.
Қаржы нарығының тауарын сату-сатып алу, мәселен, белгілі бір мерзімге ақша қаражаттарының келісілген сомасын қайтару секілді қаржылық міндеттемелермен жүзеге асады. Несие берушінің қаржы міндеттемесіне ие болуы үшін оның белгіленген мерзімде нақты ақша қаражаттарды алатын құқыққа ие болуы керек.
Мұндай міндеттеме қаржылық талап деп аталады. Оны делдалдар түпкілікті инвесторға бұдан былай қарай тартымды болмайтындай етіп қайта құрады. Қаржы нарығында тікелей қаржыландырудың жетіспеушілігі байқалды, осыны толықтыру үшін делдалдар пайда болады. Олардың көмегі арқылы несие беруші мен қарыз алушының арасындағы қиындықтар жойылады. Олар тікелей қаржылық талапты сатып алып, оны басқа сипаттамасы (өтеу мерзімі, номинал құны) бар тікелей болмайтын талапқа айналдырады да сатады. Түрлендірудің (трансформация) мұнай процесі делдалдық атауына ие, ал, субъектілер қаржы делдалдары немесе қаржы институттары деп аталады.
Қаржы делдалдары көптеген артықшылықтарға ие. Ең алдымен олар өз ісін жетік білуіне қарай мәмілелерді ауқымының (масштаб) тиімділік есебінен үнемге қол жеткізуге болатын мөлшерде жүзеге асырады. Екіншіден, қаржы делдалдар трансакциялық шығындарды оңай азайтады. Үшіншіден, олар ақпаратқа қол жеткізетін көптеген мүмкіндіктерге ие әрі олар оның шынайлығын оңай анықтай алады.Қаржы делдалдарына уақытша бос ақша қаражаттары бар (несие берушілер) экономикалық субъектілер де, ақша қаражаттарға мұқтаж (қарыз алушылар) субъектілер де мүдделік танытады, өйткені олар қаржы делдалдарындан нақты артықшылықтары мен пайдасы бар қаржы өнімдерін алады.
Төртіншіден, делдалдар несие нарығының қатерін азайтуға септігін тигізетіндіктен уақытқа қарай немесе басқаша жолмен бірлестірілген несиені беру барысында несие берушілерге салым ақшаны қаржылық құралдардың түрлері бойынша бөлу арқылы қатерді әртараптандырады (диверсификация). Қаржы делдалдары болмаса, несие қатері жоғарылап кетеді. Тек делдалдар ғана қарыз алушының төлем қабілеттілігін тексеретін жүйені жасайды және өз қызметін тарататын жүйені ұйымдастырады, оның бұл әрекеті де несие қатерін және несиелеу бойынша шығынды кемітеді.
Бесіншіден, қаржы институттары өз клиенттерінің өтімділік деңгейінің тұрақты болуын және қолма-қол ақшаны алудың мүмкіндігін қамтамасыз етеді, өйткені қаржы институттарының өздері қолма-қол ақша формасында өз активтерінің белгілі бір үлесін ұстау мүмкіндігіне ие. Екінші жағынан, мемлекет кейбір қаржы институттары үшін өтімділікті реттейтін заң нормаларын белгілейді. Мәселен, коммерциялық банктер үшін резервтеудің нормативтері арқылы орталық банктің және кассаның шоттарында ақшалай қаражаттың ең аз шамасындағы қалдығын қолдау заңмен қамтамасыз етіледі.
Делдалдандырылған қаржыландырудың сызбаларын жүзеге асырудың нәтижесінде несие беруші де, қарыз алушы да өз пайдаларын алады:
қаржы делдалдар қолайлы жағдайда қарызды дайын күйінде беретін несие берушілерді іздестірудің мәселесін оңайлатады;
экономикалық жағдай қалыпты болатын болса, қарыз алушының несие мөлшермесі қаржы делдалдардының көмегімен әдетте төмен болады, өйткені олар салымшының несиелік тәуекелділігін кемітеді және қаражатты тарту үшін ең төмен мөлшерменің белгіленуіне себепші болады. Делдалдың шығынымен қоса алғанда мөлшерменің бұл сомасы орналастырудың мөлшермесін тікелей несиелеу кезіндегі мөлшерлемеден жоғары белгілеудің қажеттілігін тудыратындай соншалықты үлкен болмайды;
қаржылық делдалдар барлық салымшылардың өз салым ақшаларын бір мезгілде талап етпейтіндіктен және делдалға қаражаттың түсуі уақытқа қарай бөлінетіндіктен орын алуы ықтимал несие берушінің өтімділігіне артықшылық берудің және қарыз алушының ұзақ мерзімді ссудасына артықшылық берудің арасындағы қарама-қайшылықты толықтырады;
қаржы институттары несиеге клиенттерден жинақталған қаражаттың есебінен ірі соманы бере алады.
Іс-тәжірибеде қаржы делдалдарының мынадай топтары бөліп көрсетіледі:
депозит тұрпатындағы қаржы мекемесі;
жинақ-ақша мекемесі;
инвестициялық қорлар;
басқадай қаржы ұйымдары.
Осылардың ішінде депозит тұрпатындағы қаржы мекемесі кеңінен тараған. Тартылған қаражат банктік, тұтынушылық және ипотекалық несиелерді беру үшін пайдаланылады. Бұл топтың негізгі институтына коммерциялық банктер, жинақ-ақша институттары және несиелік одақтар жатады.
Қаржы нарығында уақытша бос ақша қаражаттарды тарту бойынша және әр түрлі несиелерді беру бойынша көптеген қызмет түрлерін ұсына алатын коммерциялық банктер маңызды рөл ойнайды. Мемлекеттің ақша-несие жүйесінде маңызды орын алатындықтан оларды мемлекет қатаң бақылап отырады.
Сондай-ақ, қаржы нарығында ұсақ жинақтар мен табыстарды шоғырландыратын жинақ мекемелері де маңызды орын алады: жинақ банктері мен кассалары, өзара жинақ банктері (АҚШ-тағы әр түрлі кооперативтік банк мекемелері), сенім-жинақ банкілері (Ұлыбритания), ссудалық-жинақ ассоциациялары (АҚШ), несие кооперативтері (одақтар, ассоцияциялар).
Жинақ банкісі – бұл кассалық есеп айырысу қызметі бойынша жұмысты ұйымдастыратын, бағалы қағаздармен операцияларды, СКВ-ны сатуды және сатып алуды жүзеге асыратын, азаматтарды несиелейтін, шағын сомаға салым ақшаны қабылдайтын мемлекеттің несие мекемесі.
Келісім-шарт негізінде әрекет ететін жинақ мекемелеріне сақтандыру компанияларын және зейнетақы қорларын жатқызуға болады. Олар сақтандыру полис иелерінен және зейнетақы қорында шоты бар азаматтардан қаржыны тұрақты алуымен, яғни тұрақты қаржы ағынына ие болуымен сипатталады және қаражатты табысы жоғары болатын ұзақ мерзімді қаржылық құралдарға инвестициялай алады.
Инвестициялық қор өзінің бағалы қағаздарын (акцияларын, инвестициялық пайда) инвесторға сатады және алынған қаражатты тікелей қаржы міндеттемесін сатып алу үшін пайдаланады. Олардың негізгі түріне өз пайын инвесторға сататын әрі түскен қаражатқа көбінесе акцияларды және облигацияларды сатып алатын пай (өзара) қорлары жатады. Пайдың құны өзгеріп отырады (әдетте, өседі) және бұл инвесторға, егер ол пайды пай қорына сататын болса, табыс алуына мүмкіндік береді.
Экономикасы дамыған елдердің қаржы нарығында пай қорларының маңызы жоғары. Мәселен, АҚШ-та ең серпінді дамып келе жатқан инвестициялық қорға алғаш рет 1972 жылы пайда болған ақша нарығының пай қорлары жатады. Олардың айырмашылығы мынада: олардың аноминал құны 1 млн. доллар және одан жоғары болатын және төлемсіздік қатері төмен қысқа мерзімді бағалы қағаздарға инвестициялайды. Көптеген инвесторлар мұндай бағалы қағаздарға олардың құнының жоғары болуына байланысты қол жеткізе алмайды. Ақша нарығының пай қорлары ұсақ инвесторларға нарықтың процент мөлшермесі бойынша өз салым ақшасынан табыс алуына мүмкіндік береді және мұнда қаражаттың қайтарылмай қалу қатері аз болады.
Қаржы делдалдарының соңғы тобына әр түрлі тұрпаттағы қаржылық компаниялар жатады. Олар ақша қаражаттардың негізгі бөлігін қысқа мерзімді міндеттемелерді коммерциялық қағаз түрінде сатудан алады. Бұл компаниялардың қызметі заңдық және атқарушы үкімет органдарының нормативтік актілерімен реттеледі:
Қаржы компанияларының мындай түрлері бар:
несиелік және лизингтік операцияларға мамандандырылған компания;
бөліп-бөліп төлеу құқығымен тұтыну несиесін беруші компания;
бөлшек сауда кәсіпорындарына несие беруші компаниялар.
Қаржы делдалдарымен жүзеге асыратын операциялардың мөлшері артып келді. Бұл арада дамыған елдерде қызмет мөлшерінің салыстырмалы түрде өзгергені байқалды және бір мезгілде жекелеген қаржылық институттардың актив мөлшерінің де салыстырмалы түрде өзгергені байқалды. Мәселен, АҚШ-та соңғы 30 жылдың ішінде өзара және мемлекеттік зейнетақы қорларының үлесі айтарлықтай өсті, ал, депозиттік институттардың үлесі кеміп кеткен. 1975 жылы қаржылық делдалдардың жиынтық қаржы активтерінде коммерциялық банктердің үлесі 40%-ті құраса, 1998 жылы ол шамамен алғанда 27%не дейін кеміген, ал, өзара қордың үлесі 2-ден 19%-ке дейін өскен. Банк жүйесінен ақша-несие ресурстарының құйылуына тек нақты нарықтық күштер ғана емес, сонымен бірге, өзіндік капиталдың мөлшеріне қатаң талап қойған және сақтандыру шығындарын арттыру бойынша ережені белгіленген АҚШ банктерінің өз саясаты да әсерін тигізеді. Қазақстанда соңғы жылдары қаржылық делдалдардың нарықтағы үлесі айтарлықтай өсті. Мұнда 2000 жылға дейін оның негізгі көпшілігін коммерциялық банктер, зейнетақы қорлары және сақтандыру компаниялары құрса, соңғы жылдары әр түрлі несие серіктестіктері мен қаржы компанияларының саны біршама артқан.
