Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эконом теория шпор11111.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
563 Кб
Скачать
☆

20) Өтпелі экономика; оның белгілері мен заңдылықтары.

21) Мемлекетсіздендіру және меншікті жекешелендіру. Жалпы меншікті мемлекет иелігіне алу мен жекешелендіру рынокқа көшу барысында аса маңызды мәселе. Біріншіден, қазіргі күрделі де, қиын жағдайда қалыпты әлеуметтәк ахуалды жасауға еңбекшілерді әлеуметтік қорғауға, олардың тұрмыс жағдайын жақсартуға мемлекеттің күші жетпей әлсіздік көретуде. Міне осындай жағдайда меншіктің бірқатар бөлігін ортақ мүдделерге сай пайдалана білетіндерге беру тиімді болары даусыз. Екінщіден, өндірісті дамыту, бағаның өсуін тоқтатып, өндіріс шығындарын кеміту, тек бәсеке механизмі әрекет еткенде ғана мүмкін б\ды. Мемлекетсіздендіру- экономикадағы мемлекеттің шамадан тыс рөлін төмендетуге бағытталған мемлекеттік меншікті қайта құру бойынша іс-шаралар жиынтығы. Мемлекетсіздендіру мемлекеттің экономика сферасынан толық кетуін білдірмейді, ол шарушылықты басқару қызметін кәсіпорын деңгейіне беруді, тікелей шаруашылық байланыстарды көлденең байланыстармен ауыстыруды сипаттайды.

Мемлекетсіздендіру әртүрлі бағытта жүзеге асуы мүмкін:

1)Иемдену процестерін мемлекетсіздендіру, әрбір жұмысшы мен еңбек ұжымын иемденудің теңдей қатысушысы ретінде тану, мемлекеттік монополияны жою;

2)Шаруашылық жүргізудің көптеген нысандарын құру, барлығына тең құқықтар беру;

3)Көлденең байланыстарға негізделген жаңа ұйымдық құрылымдары, кәсіпкерлік қызметтерді құру. Осыған орай мемлекетсіздендіру монополияны шектеуге, бәсеке мен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Жекешелендіру (латынша «приватус»-жеке)- мемлекеттік меншікті жеке және заңды тұлғаларға сату негізінде жүзеге асырылатын мемлекетсіздендірудің бір түрі.

Жекешенлендіру меншік қатынастарын түбегейлі өзгерту процесін сипаттаса, мемлекетсіздендіру мемлекеттік монополияны жоюға, экономиканың мемлекеттен тәуелсіз қызмет етуі үшін қолайлы жағдайлар құруға бағытталған қайта кешенін білдіреді. Жекешелендіру нарықтық қатынасқа өтудің түбірлі мәселесі. Ол жеке меншік секторы мен акционерлік қоғамдардың ж\е бірлескен кәсіпорындардың алдыңғы позицияларды алуын қөрсететін қозғалысты анықтайды.

Жекешелендіру экономиканың тиімді дамуына күш береді, жек сектор мемлекеттік кәсіпорындар секілді өзіне ғана емес, тұтынушыға жұмыс істейді. Мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру меншікті тегін беру, жеңәлдетілген жағдайда сату, акцияларды сату, кәсіпорындарды жалға беру, конкурс және конкурссыз аукционда шағын кәсіпорындарды сату арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Жекешелендірудің шебері- Ұлыбритания жекешелендірудің келесідей тәсілдерін ұсынады: акцияларды арзанға сату және қайтарымсыз түрде бөлу; қызмет көрсету; мемлекеттік тұрғын үйлерді жалға алушыларға сату; бәсекені дамыту мақсатында мемлекеттік монополиядан бас тарту. Әлемдік тәжірибеде мемлекеттік меншік пен оның қызметтерін жеке секторға толық жіне ішінара берудің 22 тәсілі бар. Айта кететін бір жайт, мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру шаруашылықты тиімді жүргізуді қамтамасыз етпейді, тек рыноктық экономикада ғана бәсекелік ортаны қалыптастыруға, өндірісті демонополизациялауға объективті негіз болып табылады. Сондықтан олар түпкі мақсат емес, тек қана халықтың әл-ауқатын арттыру құралы. Ал тиімділікке бәсекеге негізделген рыноктық экономикада ғана қол жеткізуге болады. Қазақстанда жекешелендіру процесі негізінен аяқталады. Ұлттық бағдарлама орындалып, біздің экономика демонополизацияланған жағдайда қызмет етуде, онда шағын және орта бизнес, қызмет көрсету сферасының үлесі жоғары.

22) ҚР – ң экономикасын қайта түрлендіру; мәні және кезеңдері. ҚР дағы жекешелендірумен мемлекет иелігінен алу процесін төрт кезеңге бқлуге болады:1)1991-92 жж мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау үшін жүргізілді. Бұл кезде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу жекешелендіру жүзеге асырыла бастады негізгі мақсат өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік иелерінің жаңа тобын құру. Мемлекеттік меншікті азаматтарға бағалы қағаз түрінде мүлкін бөліп беруді көздеді. Бұл кезде ашық аукциондар мен конкурстар арқылы шағын, орта кәсіпорындар шекешелендірді.2)1993-95 жж мемлекет иелігіндегі мүлікті халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасау. Бұл кезеңде шағын және жаппай жекешелендіру жүргізілді. Мұндағы негізгі мақсат нарықтық экономикаға өту жағдайын қалыптастыру, мемлекет иелігінен алу барысында әлеуметтік әділеттілікті сақтауға жекешелендірудің тәртіппен мемлекеттің бақылауымен жүзеге асуын қамтамасыз ету. Жекешелендірудің әртүрлі бағыт бөлімінде халықтың меншік деген құқығы инвестиция тарту, оның ішінде шетелдік инвестицияларды мүмкіндігі жүзеге асуына жағдай жасалды.3)1996-98 жж экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының аяқталуы. Бұл кезеңдегі басты мақсат жекешелендіру саясатын аяқтау, экономикадағы жекеменшік үлесін арттыруы және тұрақтандыру, осыған байланысты жаппай жекешелдендірумен бірге жекелеген жобалар бойынша жекешелендіру жүргізілді.4)1999-2000 жж мемлекеттік меншікті басқарумен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру. Мемлекеттік үлеске қатысы бар кәсіпорындар белгіленді.ҚР да мемлекет иелігінен алумен жекешелендірудің негізгі мақсаты мынада: Шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;Бәсекелестік ортаны қалыптастыру арқылы өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз етуді;Шағын және орта бизнесті дамыту; Жеке бизнес басымырақ ұйымдық шаруашылық құрылымды қалыптастыру;Бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесін дамыту және нығайту;

23) Меншік құрылымы және экономикалық мазмұны. Меншік – белгілі бір материалдық игілікті иелігіне алу үшін адамдар арасныдағы қатынас. Меншіктің экономикалық мазмұны өндірістік қатынастар жиынтығы,яғни өндіру,бөлу,айырбастау және тұтыну арқылы көрсетіледі. Меншіктің құқықтық мазмұны меншік иесінің табыс пен қауіпсіздікті иелену,пайдалану, басқару құқығы.

24) Экономикалық жүйе және оның элементтері,түрлері Экономикалық жүйе – қоғамдағы ұйымдастырылған формасына және заттық қатынастар негізінде жасалған экономикалық процестердің жиынтығы. Саяси қондырманы жоғарылататын қоғамның нақты базисін құрайтын экономикалық жүйені экономикалық қатынастар жиынтығы құрайды. Экономикалық жүйені ірі үш блок құрайды:1)Өндірістік күштер (өндіріс құралдары және еңбек күші).2) Өндірістік қатынастар (материалдық игіліктер мен қызметті өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну процесінде пайда болатын адамдар арасындағы қатынастар).3)Қондырма (саяси, идеологиялық, мәдени және басқа институттардың жиынтығы).Экономикалық жүйе ашық және жабық түрде болады.Ашық экономика – ол әлемдік шаруашылық байланысы жоғары деңгейдегі мемлекеттер экономикасы.Жабық экономика – ол сыртқы әлеммен экономикалық байланысы төмен немесе мүлдем жоқ мемлекеттер экономикасы.

25) Экономикалық жүйелердің жіктелу белгілері. Экономикалық жүйелердің айырмашылығы осы сұрақтардың жауабына байланысты. Экономикалық жүйелердің келесі типтері бар:1)Дәстүрлі жүйе, технологиясы ескі көбінесе қол еңбегі, көп укладты экономика, ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр артта қалған мемлекеттерде кең пайдаланылады.2)Әміршілдік-экономикалық жүйе – өндіріс, бөлу, тұтыну сұрақтарында мемлкеттің шешім қабылдауы.3)Нарықтық экономикалық шаруашылық сұрақтарын әрбір экономикалық агент өзі шешетін жүйе. Ол еркін кәсіпкерлік, бәсекелестік және жеке меншікке негізделген.4(Аралас экономика негізгі экономикалық проблемаларды шешуде мемлекет те, жеке сектор да жоғары орында тұратын экономикалық жүйе.