Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эконом теория шпор11111.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
563 Кб
Скачать
☆

72. Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясатының мақсаттары.

73. Жер рентасы және оның түрлері. Рента меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі аренда келісімінде белгіленеді. Жер рентасы – жер учаскесін уақытша қолданғанға төленетін төлем. Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті. Абсолюттік рента – бұл жериелерінің иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын себебі – ол құнарлылығы мен басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болу салдарынан, жер иесіне жерге капитал пайдалану үшін төленетін төлем. Қай елде болмасын, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін құнарлы жермен қатар өнімділігі төмен жерлерді де пайдалануға тура келеді. Сондықтан нарық бағасы құнарлылығы төмен жерде өндірілетін өнімдердің жеке өндірістік бағасымен өлшенеді. Сондықтан нашар деген жерлерден де орта пайдадан артық пайда алынатын болады. Мұндай артық пайданы абсолюттік рента түрінде жер иелері иемденді. Дифференциальды рентаның қайнар көзі құнарлылығы жоғары және нарыққа жақын жерлерде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке өндіріс шығындары қоғамдық өндіріс шығындарынан әлдеқайда кем болады да, сондай жерлерді пайдаланатын жалгерлердің үстеме пайдасы болып табылады.

  1. Жердің табиғи құнарлылығына және жер учаскелерінің нарыққа жақын орналасуына байланысты алынатын пайданың төлемі ретінде жер иелеріне көшуін дифференциальдық І рента деп атайды.

Жердің құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын үстеме пайданы дифференциалдық ІІ рента деп атайды. Екінші дифференциалдық рента егіншілікті интенсивті жүргізу әдісін және жердің құнарлығын өсіруді, прогрессивті биотехнология қолдануды, жоғары потенциалы бар тұқымдарды тілейді.

74. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер: ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ. Жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағындағы ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық нарықтық құны. Экономикалық теорияда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. номиналды және нақты түрге бөлінеді. Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы нарықтық бағамен есептегенде, бұл оның номинальды түрін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін номиналды жалпы ұлттық өнімді Ж.Ұ.Ө.-ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы есептеумен анықталады. Нақты ЖҰӨ = номинальды ЖҰӨ.Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір мерзімде ел шеңберінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Ұлттық иелігіне қарамастан, осы елдің территориясындағы барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады. Таза ұлттық өнім ТҰӨ бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасы. Келесі формула бойынша есептеледі: ТҰӨ = ЖҰӨ - А, Мұнда А – амортизациялық жарнаның сомасы. ТҰӨ-нің бік компоненті бизнеске салынатын жанама салықтар экономикалық ресурстардың ағымдағы үлесін көрсетпейді, сондықтан жанама салықтың көлемі ұлттық табысты ҰТ есептегенде ТҰӨ-нің ақшалай көлемінен алынады.ҰТ = ТҰӨ - ж.с.

Мұнда: ж.с. – жанама салықтар.Жеке табыс ЖТ халықтың жеке тұтынуына түсетін ақшаның санын және осы жағдайдың ҰТ-тың қозғалысында орын алатын қайта бөлу процестерін көрсетеді. Жеке табысты есептегенде ҰТ-тан корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, олардың бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі алынып тасталады, трансферттік төлемдер қосылады. ЖТ = ҰТ – С+Т мұнда: С - корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі;

Т - трансферттік төлемдер.