Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ экзамен.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
109 Кб
Скачать
☆

110. Балалар жарақаты. Дәрігерге дейін алғашқы көмек.

Балалар жарақатының көпшілігі механикалық әсерлерден болады, сіңірдің созылуы, буынның шығуы, аяқ-қолдың шығуы). Алғашқы медициналық көмек. Жараға тиіспей, оның айналасын суланған мақтамен сүртіңіз, жараға йод жағып, оны таза дәкімен таңыңыз, үлкен жараны ең жақсысы алғашқы көмектің жеке пакетіндегі дәкілі-мақталы жастықшасы бар таңғышпен байлаған жақсы (мұндай пакеттер дәріханада сатылады), таңғыш материалды алған кезде ешбір жағдайда жараның үстіне жабылатын жастықшаға тиіспеңіз,егер қолыңызда дәкі жоқ болса, таза бет орамалды пайдаланыңыз, жараны толық жабу керек, таңғыш денені қатты ауыртпау үшін оны аса қатты тартпау қажет, егер бір-екі күннен кейін тілінген немесе сыдырлыған жер іріңдеп, ал оның төңірегі ісіп кетсе дәрігерге барыңыз.

111. Күйік, жүрек аурулары жөнінде түсінік.

Күйік жоғары температураның (термиялық күйік), химиялық заттың (химиялық күйік), рентген сәулесінің немесе ядролық бомба жарылған кездегі жарық сәулесінің (сәулелік күйік) әсерінен терінің зақымдануы. Термиялық күйік – денеге жалын, қайнаған су, жанып тұрған және ыстық сұйықтық пен газ, қызған және балқыған металдар, напалмдардың тікелей әсерінен пайда болады. Зақымданудың ауырлығы әсер еткен температураның жоғарылығына, әсер етудің ұзақтығына, зақымданудың көлемі мен жайылуына байланысты. Қатты күйіктер әсіресе жалын мен қысымда тұрған будың әсерінен пайда болады. Химиялық күйік – денеге жинақталған қышқылдардың (тұз, күкірт, азот, карбол) және сілтілердің (күйдіргіш калий мен күйдіргіш натрий, мүсәтір спирті, сөндірілмеген әк), фосфордың және ауыр металдардың кейбір тұздарының (хлорлы мырыш) әсерінен пайда болады. Сәулелік күю – ядролық жарылыстың жарық сәулесінен рентген мен күн сәулесінен пайда болады, сәулелік күйіктің сырттай алғашқы белгілері зақымдау дәрежесіне сәйкес келмейді.

Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфарктысы, гипотония, т.б.

  • Жүрек ақауы – жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасындағы қан өтетін саңылау тарылып, жүрек қызметінің бұзылуы.

  • Жүрек және қан тамыр неврозы – жүрек және қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы мен зақымдануы

  • Қаназдық (анемия) - қанда эритроциттердің азайып, гемоглобиннің кемуінен болатын ауру.

  • Ақ қандылық (лейкемия) лейкоциттердің тез көбейіп, қан ағынын толтырып жіберуден пайда болады

112. Куйгенде , жүрек соғысы тоқтағанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.

Күйік оттан, будан, қайнаптұрған судан, химиялық заттардан, күн сәуледен болу мүмкін. 4 дәрежелі күйік болады: Бірінші және екінші дәрежелі күйікте сұйықпен толтырылған көпіріктер (пузырьки) пайда болады. Үшінші және төртінші дәрежелі күйікте тек қана адам терісі ғана емес, сонымен бірге одан да терең тканьдар жарақатталады.

  1. Күйік жерін киімнен ажыратыңыз.

  2. Күйік жерін суық суға немесе ағып тұрған суық суға салыныз және ауыр басылғанша солай үстап тұрыныз (10 минуттан 30 минутке дейін).

  3. Содан кейін күиік жерін матамен немесе басқа таза шүбірекпен орап қойыныз.

  4. Маймен, креммен немесе мазьбен жағуғу тиім салынады.

  5. Қөпіріктерді (волдыри) жармаңыз, әйтпесе оған микроп түсу мүмкін.

  6. Егер күйік қатты немесе терең болса, онда оны дәрігерге көрсетініз.

Жүрек мүлде тоқтал қалғанда және оның жиырылып-cозылу қызметі бұзылғанда жүрек сыртына массаж жасалады. Алайда жүрек ырғағы әдеттегідей естілмесе де, уақытты өткізбей, дереу жүрек тұсына массаж жасау қажет. Өкпені қолдан желдету қанның оттегімен қанығуына мүмкіндік береді, сондықтан да жүрекке массаж жасаудың ең басты міндеті — организмде қанның жүруін қамтамасыз етіп, адамның ең маңызды тіршілік органдарына оттегін жеткізу, соның нәтижесінде дербес жүрек қызметі мен тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Жүрек тұсына массаж былай жасалады. Жәрдем етуші адам сырқаттың жүрек тұсындағы төс сүйекті алақанымен күрт басады, сонда тоқтаған жүрек төс сүйек пен омыртқа аралығына қысылып, оның көлемі кішірейеді де, қолқа мен өкпе артериясындағы қан сығылып шығады. Алақанды босатқанда төс сүйек жазылып, жүрек өз көлемін қалпына келтіреді, тамырдан келген қан оған қайтадан құйылады. Жүректің жиырылып-созылуы осылайша қамтамасыз етіледі де, мұның өзі оның кәдімгі насос секілді жұмыс істеуіне және қанның айналуына мүмкіндік береді Жәрдем көрсетілуші адам қатты орынға (еденге, жерге, жауырын, тұсына дейін орындық қойылған кереуетке т. б.) жатқызылады. Төс сүйекті қос қолдан салмақ сала (егер адам еденде жатса тізерлеп отырады; ал биік төсекте жатса — аяғының астына биіктеу нәрсе қояды) нығыздап басады.