Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ экзамен.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
109 Кб
Скачать
☆

27. Аумақтың радиактивті ластануы.

Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – радияциялық ластану болып қалып отыр. Радиактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де, басқа да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік өңімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін. 

Радиоактивті ластану – қоршаған ортаны өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп тудыруда. Ластанудың бұл түрі химиялық кейін екінші ортаға шықты. Радиациялық ластанудың мынадай топтарға бөледі:  1) Радиоактивті заттардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын альфа - (гелий ядросы), бетта –(жылдам электрондар) бөлшектердің және гамма – сәулеленулердің әсерінен болатын радиациялық ластану (физикалық ластану түрі);  2) Қоршаған ортадағы радиоактивті заттардың мөлшерінің көбеюіне байланысты болатын ластану (химиялық ластану түрі). 

28. Адамға сәуле алудың қауіпі. Сәулелену дәрежелері.

Радиациялык ластанудың негізгі көздері - альфа, гамма және бэта, сиякты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адам, жануар организмдерінде ақуыз, фермеш жоне басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына әкеліп соғады.  Сәуле ауруы өзінен алынған сәуленің мөлшерше қарай ауыр және созылмалы болып бөлінеді. Адамдар екі-үш рет сәуле алғанда ауыр сәуле ауруына ұшырайды, ал аз мөлшерде адам ұзак уакыт сәуле ауруына шалдығады.  Қабылданған мөлшеріне карай сәуле ауруы төрт түрлі дәрежеде болады: 1-дәрежесі жеңіл түрі - 100-200 рентген мөлшерінде; 2-ші дәрежесі орташа - 200-300 рентген; 3-ші дәрежесі ауыр - 300-500 рентген мөлшерінде: 4-ші дәрежесі өте ауыр - 500 рентгеннен астам мөлшерде сәуле алған кезде болады.

29. Хайуанаттардағы сәулелену ауруы.

Жануарлар иондық сәулеленуді сезе ме және одан сақтана ала ма? – деген сұраққа оқымыстылар көп көңіл бөліп, зерттеулер жүргізген. Тышқандарды арнайы камерада жұмыс істеп тұрған аппарттың шуы кезінді ұйықтатуға әдет етіп үйреткен. Рентген аппартының сәулелерін тышқандар жатқан жаққа қарай жібергенде бірнеше секунд ішінде олар ояна бастаған. Тышқандар қалыпты жағдайда қараңғы жерді ұнатады. Бірақ иондық сәулеленудің ағымына сезімтал болған.

Қытай хомягінің 200 рет сәулелендіру әсерінен кейін жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде ДНК молекуласының комплексінің бұзылғаны және дегидратацияға (су молекуласының бөлініп шығуы) түскені байқалған. ДНК құрылымының бұзылуынан басқа, ДНК молекуласынан цитоплазмаға информацияның берілуі (яғни құбылыстардың реттелуі) бұзылған, сонымен қатар жасуша ішіндегі құрылымдардың жасушаларының қызметі де бұзылған.дықтан, олар камераның қараңғы бөлімінен жарық бөлмесіне шығуға мәжбүр болады.