- •Лекция 2.
- •Лекция 3.
- •Детекторлы радиоқабылдағыш.
- •Тікелей күшейту радиоқабылдағышы.
- •Лекция 4.
- •Лекция 5. Радиоқабылдағыш құрылығылардың негізгі электр параметрлері
- •Жұмыс жиілігінің диапазоны
- •Сезімталдық
- •Лекция 6. Таңдаушылық
- •Лекция 7. Баптаудың жиілікті дәлдігі және оның тұрақтылығы
- •Динамикалық диапазон
- •Лекция 8
- •Лекция 9 Радиожиілікті трактінің тағайындалуы, құрамы және электрлік параметрлері (пресселектор)
- •Радиоқабылдағыш құрылғының кіріс тізбектері
- •Лекция 10 Сапалы көрсеткіштер
- •Лекция11
- •Лекция 15 Магнитті антенналы кіріс тізбектері
- •Лекция 16 радиожиілікті күшейткіштер
- •Лекция 17
- •Лекция 18
- •Сигналдың бұрмалануы
- •Жұмыс тұрақтылығы
- •Лекция 19
- •Жиілік түрлендіргіштер
- •Жиілік түрлендіргіштің жұмыс істеу принципі
- •Жиілік түрлендіргіштердің негізгі параметрлері
- •Қабылдаудың жанама каналдары
- •Жиілік түрлендіргіштердегі бөгеттермен күресу шаралары
- •Аралық жиілікті таңдау
- •Түрлендіргіштердегі ысқырықтар
- •Жиіліктің көп ретті түрленуі
- •Гетеродиндер
- •Гетеродин жиілігінің тұрақтылығы және оның радиоқабылдағыш параметрлеріне әсері
- •Қарапайым гетеродин схемалары
- •Дербес гетеродинді жиілік түрлендіргіш
- •Преселектор мен гетеродин контурларын байланыстыру
Түрлендіргіштердегі ысқырықтар
Түрлендіргіштің
сызықты емес жұмыс істеу режимінде
аралас жиіліктер пайда болады
.
Кейбір m және n мәндерінде аралас жиілік
аралық жиілікке жақын болуы мүмкін. Бұл
кезде ол АЖК-нің өткізу жолағына жақын
болады. Содан кейін ол детектор кірісіне
беріледі. Детектор кірісінде
және
тербелістері детекторленетін соққылар
тудырады да шығыста жиілік айырмашылықтары
тербелістері алынады, олар дыбыс жиілік
диапазондары аралығында болады және
дауыс зорайтқышта ысқырық сияқты шығады.
Егер қабылдағыш кірісіне жиіліктері
жақын тербелістер келіп түссе, бұл
тербелістердің соққысы интерференциялы
ысқырықтар тудырады. Ысқырықтарды
жиілік түрлендіргіш режимін таңдаумен
және
таңдаумен азайтады.
Жиіліктің көп ретті түрленуі
Жоғары және төмен аралық жиіліктердің жетістіктерін біріктіру үшін қабылдағыштарда жиіліктің көп ретті түрленуін қолданады. Бұл кезде қабылдағышта бірнеше жиілік түрлендіргіштер болады. Заманауи кәсіби қабылдағыштарда әдетте кем дегенде екі-үш жиілік түрлендіргіштер қолданылады.
4-сурет. Екі ретті жиілік түрлендіру қабылдағышының структуралық схемасы
4-суретте
Екі ретті жиілік түрлендіру қабылдағышының
структуралық схемасы келтірілген.
Бірінші аралық жиілікті екіншісінен
едәір жоғары етіп алады
,
себебі бұл бірінші айналы канал бойынша
үлкен таңдаушылықты қамтамасыз етеді.
Екінші аралық жиілікті көршілес канал
бойынша таңдаушылықты қамтамасыз ету
үшін төмен етіп алады, бұл жолаққа және
негізгі күшейтуге қажет.
Кіріс сигнал кіріс тізбегінен (ВхЦ) және РЖК (УРЧ) кейін бірінші жиілік түрлендіргіштің кірісіне келеді. Содан кейін екінші аралық жиілікте күшейту жүреді.
Гетеродиндер
Супергетеродинді радиоқабылдағыштарда жиілікті түрлендіру үшін түрлендіргіш кірісіне қосымша жоғары жиілікті кернеу беру қажет. Мұндай кернеу арнайы құрылғымен пайда болады, ол гетеродин деп аталады.гетеродин ретінде қабылдағышта автогенераторлар және тұрақтылығы жоғары кернеу құраушы жүйелер қолданылады.
Гетеродиндерге қойылатын талаптар:
Берілген жиіліктермен және амплитудалармен кернеу қамтамасыз ету;
Берілген жиілік диапазонында қайта құру қабілеті;
Генерацияланатын тербеліс жиіліктерінің жоғары тұрақтылығы;
Шығыс кернеуінің амплитудасының тұрақтылығы.
Гармоникалардың минималды деңгейі.
Гетеродин жиілігінің тұрақтылығы және оның радиоқабылдағыш параметрлеріне әсері
Гетеродин басты қызметі – ол жиіліктің жоғары тұрақтылығын қамтамасыз ету. Гетеродин жиілігінің тұрақсыздығы радиоқабылдағыш параметрлеріне едәуір ықпалын тигізеді. Яғни бұл кезде аралық жиілік өзгереді, демек сигнал спектр ығысып, қабылданушы сигналдың шығарылу сапасы және таңдаушылығы нашарлайды.
Гетеродин жиілігінің тұрақтылығын жоғарылатудың бірнеше әдістері бар. Параметрлік тұрақтандыру гетеродин схемасының элементтерінің параметрлеріне тұрақсыздану факторларының (температура, ылғалдылық, қоректену көздерінің тұрақсыздануы) ықпалын төмендетумен іске асырылады. Мұндай әдіс қолданылады, бірақ қажетті тұрақтылықты қамтамасыз етпейді. Жиіліктің жоғары тұрақтылығына кварцтік тұрақтандыру көмегімен қол жеткізуге болады. Кәсіби қабылдағыштар үшін күрделі гетеродин схемалары қолданылады, мысалы, арнайы жиіілк синтезаторлары, көп ретті жиілік көбейткіш генераторлары, кванттық генераторлар және т.б.
