- •Лекция 2.
- •Лекция 3.
- •Детекторлы радиоқабылдағыш.
- •Тікелей күшейту радиоқабылдағышы.
- •Лекция 4.
- •Лекция 5. Радиоқабылдағыш құрылығылардың негізгі электр параметрлері
- •Жұмыс жиілігінің диапазоны
- •Сезімталдық
- •Лекция 6. Таңдаушылық
- •Лекция 7. Баптаудың жиілікті дәлдігі және оның тұрақтылығы
- •Динамикалық диапазон
- •Лекция 8
- •Лекция 9 Радиожиілікті трактінің тағайындалуы, құрамы және электрлік параметрлері (пресселектор)
- •Радиоқабылдағыш құрылғының кіріс тізбектері
- •Лекция 10 Сапалы көрсеткіштер
- •Лекция11
- •Лекция 15 Магнитті антенналы кіріс тізбектері
- •Лекция 16 радиожиілікті күшейткіштер
- •Лекция 17
- •Лекция 18
- •Сигналдың бұрмалануы
- •Жұмыс тұрақтылығы
- •Лекция 19
- •Жиілік түрлендіргіштер
- •Жиілік түрлендіргіштің жұмыс істеу принципі
- •Жиілік түрлендіргіштердің негізгі параметрлері
- •Қабылдаудың жанама каналдары
- •Жиілік түрлендіргіштердегі бөгеттермен күресу шаралары
- •Аралық жиілікті таңдау
- •Түрлендіргіштердегі ысқырықтар
- •Жиіліктің көп ретті түрленуі
- •Гетеродиндер
- •Гетеродин жиілігінің тұрақтылығы және оның радиоқабылдағыш параметрлеріне әсері
- •Қарапайым гетеродин схемалары
- •Дербес гетеродинді жиілік түрлендіргіш
- •Преселектор мен гетеродин контурларын байланыстыру
Лекция 9 Радиожиілікті трактінің тағайындалуы, құрамы және электрлік параметрлері (пресселектор)
Радиожиілік трактісі сигналдарды радиоқабылдағыш құрылғының антеннасынан аралық жиілік трактісіне беруге және күшейтуге арналған. Радиожиілік трактісі кіріс құрылғысынан және радиожиілік күшейткішінен тұрады.
Қабылданушы жиіліктердің диапазонына байланысты радиожиілік трактісіне әртүрлі талаптар қойылады. Мысалы, радиоқабылдағыш құрылғыныңрадиожиілік трактісінің ультра қысқа толқынды диапазонының радиожиілік күшейткішінің бірінші каскадының кіріс кедергісі жоғары болу керек. Одан басқа, радиожиілік күшейткіштің өзіндік шуының деңгейі қалыпты болу керек, сондықтан радиожиілік күшейткіштің бірінші каскадтарында өзіндік шуы төмен деңгейдегі күшейткіш аспаптар қолданады.
Радиоқабылдағыш құрылғының кіріс тізбектері
Кіріс тізбек – бұл РҚҚ-ның антенна және бірінші каскад арасындағы бөлігі, яғни күшейткіш пен жиілік түрлендіргіш арасындағы бөлік. Кіріс тізбек радиосигналдың мүмкіндігінше үлкен қуатын (немесе кернеуін) антеналы-фидерлі құрылғыдан бірінші каскад кірісіне таратуға және сигналдың бөлшекті селекциялануын іске асыруға арналған.
Антеннамен қабылданған сигнал энергиясы РҚҚ-ның бірінші каскадына берілу керек. Сигнал энергиясын максималды тарату үшін антенна кедергісі мен каскадтың кіріс кедергісін келістіру керек. Кіріс тізбегі кедергінің жоғары жиілікті трансформаторын келістіруші ретінде қызмет атқарады. Антеннада көптеген сигналдардың ЭҚҚ-і болғандықтан кіріс құрылғы тек қана пайдалы сигналды бөліп тарату керек. Ол үшін кіріс құрылғы (ВУ) қабылданушы сигналдың жиілігіне бапталады, онда бір немесе бірнеше бапталушы контурлар бар. РҚҚ-тың антеннасының және бірінші каскадының таңдамалы тізбек қасиеттеріне ықпалы арнайы байланыс элементтерімен әлсізденеді.
Идеалды нұсқада, идеалды келісім шарты Еа=Uвыхву. Байланыс элементі 1 таңдау жүйесінің резонансты кедергі контурын АФҚ-мен келістіру қызметін атқарады. Байланыс элементі 2 таңдау жүйесінің резонансты кедергі контурын РҚҚ-ның бірінші каскадының кіріс кедергісімен келісу қызметін атқарады.
L1–байланыс элементі 1
L2, L3, C1 – таңдау жүйесі
L3, Rвх, Свх – байланыс элементі2.
Лекция 10 Сапалы көрсеткіштер
Кернеу бойынша тарату коэффициенті – бұл РҚҚ-ның бірінші каскадтағы кернеудің антенна ЭҚК-не қатынасы:
Сигнал жиілігіне бапталғанда коэффициент максималды болады және резонансты деп аталады:
Тарату коэффициенті неғұрлым жоғары болса, соғұрлым РҚҚ-ның сезімталдығы ұлғаяды.
Таңдаушылық коэффициенті – бұл резонансты тарату коэффициентінің берілген расстройка бойынша тарату коэффициентіне қатынасы.
и=Квц о/Квцf*
Контурдың төзімділігі (добротность) – бұл шама контурдағы сигналдың өшуін (әлсізденуін) сипаттайды. Контурдың төзімділігі неғұрлым жоғары болса (яғни өшуі аз болса), сипаттаманың крутизнасы соғұрлым жоғары және таңдауышлық коэффициенті де жоғары болады. Кіріс тізбегі айналы канал бойынша және тікелей өту каналы бойынша (көршілес канал) бөгеттерді әлсіздету керек.
Өткізу жолағының қалыпсыз коэффициенті – бұл резонансты тарату коэффицентінің өткізу жолағының шекарасының тарату коэффициентіне қатынасы.
п=Квц о/Квц гп
Суретте қалыпсыздық коэффициентінің расстройкадан әртүрлі төзімділік кезіндегі тәуелсіздігі көрсетілген.Өткізу жолағының шекарасы f расстройкасына сәйкес келеді. Айнымалы расстройка кезінде жоғарыдағы формула резонанстың сипаттаманың теңдігі болып табылады. Вн сигналының спектрі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым расстройка және шеткі жиіліктерді басу жоғарылайды. Спектр шетіндегі басуды азайту үшін контурдың төзімділігін азайту керек. Бұдан шығатын қорытынды:
Контурдың тұрақты төзіміділігінде өткізу жолағындағы қалыпсыздық спектр сигналы кеңейген сайын үлкейеді;
Тұрақты спектр кезіндегі қалыпсыздық төзімділік аз болған сайын азаяды;
Қалыпсыздық әрқашан спектр еніне байланысты және берілген нормадан үлкен болмау керек.
Кіріс тізбегінің диапазоны. Кд жабу коэффициентімен анықталады:
болғандықтан
диапазонның жабу коэффициенті L
және
С диапазонының өзгеруіне тәуелді.
Баптауды ығыстыру (смещение настройки). Салыстырмалы расстройка шамасымен анықталады:
=f/fo
Мұндағы f=fo-f’ – кіріс тізбегінің баптау жиіліктерінің ығыстыруына дейінгі және ығыстыруынан кейінгі айырымы. Ығыстыру антенна жақтан және келесі каскадтың кірісінен сыйымдылық енгізгеннен пайда болады. Неғұрлым баптаудың ығысуы аз болса, соғұрлым ол жақсы, себебі ол тарату коэффициентін төмендетеді, бөгеттер амплитудасын Ufп ұлғайтады, көп деңгейде төменгі қырлы жолақты жоғарымен салытырғанда әлсіздетеді.
Жұмыс жиілігінің диапазонында сапалы көрсеткіштердің өзгеруі. Квцо=1(fo), и=2(fo) жәнеп=3(fo) сипаттамалары бойынша бағаланады, мұндағы fo – кіріс тізбектің жиілік баптауы. Радиосигналды таратудың қалыпсыздығын кіріс тізбегімен бағалау үшін диапазон аралықтарында диапазон бойынша қалыпсыздық коэффициенті қолданылады:
