Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РПУ конспект КАЗ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
415 Кб
Скачать
☆

Жиілік түрлендіргіштер

Жиілік түрлендіргіш дегеніміз – бір радиожиілікте қабылданатын сигнал тербелістерінің аралық жиілік тербелістеріне түрлендірілетін радиоқабылдағыштың каскады. Жиілікті түрлендірген кезде қабылданушы сигнал спектрінің бір аумақтан басқасын сызықты ауысу процесі модуляция түрі мен заңының өзгеруісіз өтеді. Жиілік түрлендіргіштер келесі қызметтерді атқару керек:

  1. Жиілік тасушы сигналдың fc аралық жиілікке fпр түрлендіру;

  2. Модуляция заңын сақтау (құраушылардың амплитудалары арасындағы қатынас);

  3. Түрлендіргіш шығысында аралық жиілік кернеуін бөлу.

Бірінші қызметті орындау үшін сызықты емес элемент қажет, себебі жаңа жиіліктер тек сызықты емес тізбектерде пайда болады. Екінші қызметті орындау үшін сызықты элемент қажет, сонда таратылуыш ақпараттың бұрмалануы болмайды. Үшінші қызметті таңдаушылық жүйе орындай алады.

Екі қызметті электронды аспаптар көмегімен іске асыруға болады, себебі кіріске берілген үлкен кернеу амплитудалары үшін транзистор сызықты емес аспап болады, ал кіші амплитудалар үшін сызықты болады. Осыған қарап, модульденуші сигналдың иірімі бұрмаланбау керек, түрлендірігіш кірісіндегі кернеу аз болу қажет, сол кезде транзистор сызықты емес элемент болады. Ал транзистор бір уақытта сызықты болуы үшін, оның кірісіне сигнал амплитудасынан шамамен 15 есе үлкен кернеу беру қажет. Мұндай кернеу арнайы аз қуатты генератормен пайжа болады, ол гетеродин деп аталады. Түрлендіргіш кірісіне аз сигнал кернеуін және үлкен гетеродин кернеуін берген кезде жиілік түрлендіргіш шығысында таңдаушылық тізбекпен таңдалатын, аралық жиілік кернеуі алынады.

Транзисторлы радиоқабылдағыштарда кіріс сигналының амплитудасы 7...10мВ-тан аспайды.

Транзисторлы радиоқабылдағыштарда гетеродин кернеуінің амплитудасы 100...150мВ құрайды.

Жиілік түрлендіргішке түрлендіргіш аспап, гетеродин және байланыс тізбектері бар таңдаушылық тізбек кіру керек.

1-сурет. Жиілік түрлендіргіштің структуралық схемасы.

Жиілік түрлендіргіштің жұмыс істеу принципі

Жиілік түрлендіру – түрлендіргіште өзара әсерлесетін екі жоғары жиілікті кернеулердің көбею нәтижесі. Түрлендіргіш аспапқа екі кернеу беріледі: сигнал кернеуі ucжәне гетеродин кернеуі uг. Түрлендіргіш аспапта екі кернеудің көбеюі жүреді. Жиілік түрлендіргіштің шығысында аралық жиілік кернеуі бөлінеді . Түрлендіргіш аспапты көбінесе араластырушы деп атайды, ал таңдаушылық тізбекпен бірге – араластырғыш деп атайды.

Таңдаушылық тізбектері ретінде жиілік түрлендіргіштерде екі контурлы жолақты фильтрлер жиі қолданылады. Аралық жиілік күшейткішімен бірге олар көршілес канал бойынша барлық радиоқабылдағыштың негізгі таңдаушылығын іске асырады.

Транзисторлы жиілік түрлендіргіштерде сигнал күшейту де іске асырылады, ал диодты жиілік түрлендіргіштерде – түрлендіру күшейтусіз іске асырылады.

2-сурет. Жиілік түрлендіргіштің ток спектрі

Жиілік түрлендіргіштердің негізгі параметрлері

1. Жиілік түрлендіргіштің кернеу бойынша тарату (күшейту) коэффициенті дегеніміз – түрлендіргіш шығысындағы аралық жиілік кернеу Uпр амплитудасының оның кірістегі қабылданушы сигналының кернеу амплитудасына қатынасы:

2. Қуат бойынша тарату коэффициенті – ол түрлендіргіштің қасиеттеріне тәуелді:

Мұндағы – шығыстағы түрленген сигналдың қуаты; – кірістегі сигнал қуаты.

3. Түрлендіргіштің жұмыс жиілік диапазоны – бұл гетеродин жиілігінің өзгерісі тұрақты аралық жиілікті қамтамасыз ететін жиіліктер интервалы.

4. Гетеродин жиілігінің тұрақтылығы – бұл тұрақсыз факторлардың (температура, ылғалдылық, қоректену көзі кернеуінің өзгерісі және т.б.) әсерінен гетеродин жиілігінің салыстырмалы өзгерісі. Гетеродин жиілігінің өз бетінше өзгеруі аралық жиіліктің өзгеруіне әкеліп соқтырады, яғни АЖК-ның күшейту коэффициентінің азаюын және сигнал бұрмалануын тудырады. Оның себебі, таңдаушылық жүйені тұрақты жиілік бойынша баптау кезінде, аралық жиіліктің өзгеруі АЖК күшейту коэффициентінің өзгерісін тудырады. Гетеродин жиіліктерінің тұрақтылығы едәір жоғары болу керек.

Жиілік түрлендіргіштерді келесі белгілер бойынша жіктейді:

  • Гетеродин кернеуін алу әдісі – жеке және біріккен гетеродиндермен (біріккен гетеродинді жиілік түрлендіргіштерде түрлендірушы аспап араластырғыш және гетеродин қызметін атқарады);

  • Сигнал кернеуін және гетеродин кернеуін тарату әдісі (әдетте сигнал кернеуі база тізбегіне, ал гетеродин кернеуі эмиттер тізбегіне беріледі);

  • Жиілік түрлендіргіште қолданылатын өткізгіштік сипаттамасы – резистивті және реактивті.