Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
anb_dayyn_shpor2 (3).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
658 Кб
Скачать
☆

26.Эссе. Қазіргі кездегі Қазақстанның валюта нарығының дамуы.

Қазіргі заманда валюта нарығын белгілеуде бір-біріне қарама-қарсы екі әдіс бар:

  1. валютаның еркін айналымдағы нарығы;

  2. тағайындалатын валюта нарық әдісі.

Валютаның еркін айналымдағы нарығы кезінде нарық ұсыныс пен сұраныстың әсерінен қалыптасады. Қазақстан экономикасында: а) Ресей экономикасына қарағанда жылдам өсу қарқыны болады деген жорамал бар; ә) басқа елдерге қарағанда инфляция жоғары болады деген қауіп бар; б) төмен мөлшерлеменің пайыздық мөлшері күтілуде. Ондай жағдайда теңгесі бар тұлғалар қолындағы теңгені басқа, қалыпты валютаға айырбастауға ұмтылады. Ал ол сол валютаға сұранысты жоғарылатып, оны теңгеге қарағанда қымбаттатады. Ал бұл әдістің тиімділігіне келетін болсақ, онда оны жақтаушылардың айтатын дәлелі: бұл әдісте валюта нарығы автоматты түрде түзетіліп, соның арқасында төлем балансының тапшылығы мен қалдықтары жойылады.

Ішкі валюта нарығы 2010 жылы Ұлттық Банктің теңге бағамын ұстап тұруға барынша аз қатысқан кезде дамыды. Валюталық дəліздің болуы аса маңызды рөл атқарған жоқ. Теңге бағамының нарықтағы ауытқу ауқымы айтарлықтай тар болды жəне оның мəндері 2010 жылғы ақпанда кеңейтілген валюталық дəліздің шекті мəндеріне жақындамады. Тұтастай алғанда 2010 жылы ішкі валюта нарығындағы ахуал шетел валютасына ұсыныстың оған сұраныстан асып кетуі жағдайында қалыптасты. Жылдың ортасы ғана ерекшелік болып табылды. Шетел валютасына ұсыныстың асып кетуінің негізгі себебі Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларының əлемдік бағаларының өсуіне жəне шетелдік капитал ағынының өсуіне байланысты тауарлар экспортынан түскен түсімдердің ұлғаюы болды. Қазақстан экспортының негізгі позицияларының əлемдік бағалары өсуінің жаңаруына байланысты жыл басынан бастап ұлттық валютаның нығаю үрдісі байқалды. Мамыр жəне маусым айларында тренд өзінің бағытын ауыстырды. Шілдеден бастап жылдың аяғына дейін теңгенің тұрақтылығы байқалды.

2010 жылы теңгенің бір АҚШ доллары үшін орташа алынған айырбастау бағамы 147,35 теңге болды. Биржалық бағам бір АҚШ доллары үшін 147,50 теңгені құрады. Теңге бір жыл ішінде АҚШ долларына қатысты номиналдық көрсетумен 0,65%-ға нығайды.

2010 жылы теңгенің бір еуроға қатынасы бойынша ресми бағамы 8,27%-ға, Ресей рубліне – 1,63%-ға нығайды.

2010 жылы биржада жəне сол сияқты банкаралық нарықта шетел валютасымен операциялар көлемінің ұлғаюы байқалды. Мəселен, доллар позициясындағы биржалық сауда-саттық көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 29,0%-ға ұлғая отырып, 60,63 млрд. АҚШ долл. құрады. Биржадан тыс валюта нарығында резидент банктер мəмілелерінің көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 5,8%-ға өсіп, 52,3 млрд. АҚШ долл. құрады. Ресей рублімен жəне еуромен операциялардың валюта нарығының биржалық жəне

биржадан тыс сегменттері айналымындағы үлесі шамалы болды. Биржа нарығында Ресей рублімен операциялар көлемі 5,7 млрд. Ресей рубліне дейін 4,7 есе ұлғайды, еуромен

операциялар көлемі 193 млн. еуроға дейін 2,7 есе төмендеді. Биржадан тыс валюта нарығында Ресей рублімен конверсиялық операциялар көлемі 4,6 млрд. ресей рубліне дейін 21,0%-ға ұлғайды, еуромен конверсиялық операциялар көлемі 557,7 млн. еуроға дейін 11,4%- ға төмендеді.

Өткен жылдардағыдай қолма-қол шетел валютасы нарығында басымдық АҚШ долларына берілді. 2010 жылы айырбастау пункттерінің нетто-сату көлемі 22,1%-ға өсіп, 10,3 млрд. АҚШ долл. болды. Ресей рублін нетто-сату көлемі 10,1 млрд. Ресей рубліне дейін 20,6%-ға өсті. Еуро көлемі – 0,4 млрд. еуроға дейін 57,3%-ға төмендеді.

2010 жыл ішінде теңгенің айырбастау бағамына айтарлықтай əсер еткен бірқатар факторлар байқалды, олардың ішіндегі негізгісі еуроның біршама ауытқуы болды. Сондай-ақ Еуроаймақ үшін жыл басындағы тұтыну бағаларының біршама жоғары ауытқулары,

мұнайдың едəуір жоғары бағалары жəне 2010 жылдың екінші-үшінші тоқсандарында Еуроаймақтың кейбір елдерінің экономикаларын тұрақтандыру жөніндегі шаралардың əсері

теңгенің бағамына айтарлықтай əсер етті. Сонымен бірге, Ұлттық Банк қолданған шаралар ұлттық валюта бағамының күрт ауытқуларына жол бермеді. Алайда, салыстырмалы түрде тұрақты номиналдық айырбастау бағамға қарамастан сыртқы факторлар нақты көрсетілген теңге бағамының динамикасына айтарлықтай əсер етті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]