- •1.Ақшаның шығу тегі және тауарлы жаратылысы.
- •2.Ақшаның қызметтері
- •3. Тұтыну несиесі
- •4. Несиенің атқаратын қызметтері
- •5.Несие жүйесі ж/е құрылымы.
- •8.Ақша айналысының заңы
- •9.Несие формалары
- •10. Қолма қолсыз есеп айырылысу құралдары.
- •12.Ақша массасы- Ақша базасы
- •8 Несиелеу обьектісіне қарай
- •2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:
- •3.Шетел банктерiмен корреспонденттiк қатынас орнатуға қарай:
- •4.Конверсиондық операциялар сипатына қарай:
- •18.Ақшаның номиналдық теориясы.
- •20. Несиенің қайта бөлу қызметі
- •14.Ақша реформасының мәні.
- •16. Несиелік серіктестік
- •19. Ссудалық пайыз мәні және түрлері.
- •21. Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылықтары.
- •22. Несие ақшалардың түрлері
- •24.Ақшаның айналыс құралы қызметі
- •25. Несиелік қатынастардың пайда болуы мен дамуы
- •26. Ссудалық пайызға ықпал етуші факторлар
- •28. Қр Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары.
- •29. Құн формаларының дамуы
- •31. Коммерциялық банктердің активтік операциялары.
- •33. Инфляцияға қарсы саясат
- •34. Ақшаның қызметтері, типі, қасиеттері
- •39. Металл ақша айналысы.
- •40. Пластикалық карточкалар арқылы есеп айырысу
- •41. Инвестициялық операциялар
- •1) Мемлекеттің бағалы қағаздары:
- •2) Корпоративтік бағалы қағаздар:
- •43. Несиенің айналыс шығынын үнемдеу қызметі.
- •44. Төлем талабы және төлем–тапсырмасы арқылы есеп айырысу.
- •42. Депозиттік операциялар
- •45. Қор биржасы.
- •46. Банктің қаржылық операциялары.
- •47. Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары.
- •48. Бағалы қағаздар нарығы.
- •49.Коммерциялық банктердің жіктелуі.
- •50. Ақша массасы, ақша агрегаттары.
- •51.Ақша-несие саясатының типтері.
- •57. Дүниежүзілік валюта жүйесі
- •1.Ақшаның шығу тегі және тауарлы жаратылысы.
- •2.Ақшаның қызметтері
- •1.Эссе. Қазақстанның қор нарығын дамытуда қандай іс – шаралар жасалып жатыр.
- •3. Эссе.Қазақстан қор биржасындағы бағалы қағаздар
- •4.ҚРдағы парабанк жүйесінің дамуы
- •5.Қазақсандағы банк жүйесінің даму преспективасы
- •6. Қазақстандағы инфляция: қазіргі жағдайы, деңгейі, қарқыны
- •7. Эссе.Қазақстанның қор нарығының даму ерекшелігі
- •8.Едб несие саясатында орын алып отырған негізгі мәселелері.
- •9. Қазақстанның қаржы нарығында қор нарығының алатын орны.
- •13.Эссе.Қазақстан қор нарығындағы негізгі мəселерді атап өтіңіз
- •14. Күтіліп отырған әлемдік дағдарыстың екінші толқыны Қазақстанның банк секторына қалай әсет етеді деп ойлайсыз?
- •16. Қазіргі кездегі Қазақстан қор нарығының дамуы.
- •17.Эссе.Айналыстағы ақша массасының өсуі неге əкеледі, оның салдары
- •18.Эссе Қазақстанның банк жүйесіне қандай өзгерістер енгізу керек пе деп ойлайсыз ба?
- •19.Қр ақша нарығында жүргізілген девальвация экономикаға қалай әсер етті.
- •23.Қазіргі таңда коммерциялық банктердің ипотекалық несиелеу проблемалары
- •24. Қазақстанда қор нарығының дамуы ж/е қазіргі жағдайы.
- •26.Эссе. Қазіргі кездегі Қазақстанның валюта нарығының дамуы.
- •27.Эссе.Қр-да қолма-қолсыз ақша түрлерін дамытсақ экономикамызға қалай əсер етеді
- •29.Қазақстанның ұлттық теңгенің қазіргі жағдайы.
- •21. Қазақстанның несие нарығының жағдайына сипаттама беріңіз.
29.Қазақстанның ұлттық теңгенің қазіргі жағдайы.
Ұлттық валюта – мемлекеттіліктің басты нышандарының бірі. Осындай жоғары мәртебеге ие біздің ұлттық валютамыз – теңгенің егемен елдің дербес сенімді ақша-кредиттік саясатын жүргізуші құралына айналып, қаржы айналымына енгеніне биыл 18 жыл толып отыр. Тәуелсіз еліміздің тірегіндей болып, небір сындарлы сәттерден сүрінбей өтіп келе жатқан теңгеміз өз өміршеңдігін танытып келеді. Әлемдік қаржы нарығында мүйізі қарағайдай АҚШ долларымен тайталасқа түскен Еуроодақтың бірегей валютасының өзі күйзеліс күйін кешкен қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының теңгесі тұғырында нық тұр. Тәуелсіз елдің тұрмысына тыныс берген теңгеміздің ғұмыршаңдығын экономикалық реформаларды белсенді жүзеге асыруда табандылық танытып келе жатқан мемлекеттік органдардың бірі – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қамтамасыз етіп отырғаны анық.
Теңгеміз айналымға енген 1993 жылдың қарашасынан бастап 1995 жылға дейінгі кезең – гиперинфляциямен күрес кезеңі. Айналымға теңге енгізілген кезде Қазақстан экономикасының өте ауыр жағдайда болғаны рас. Осы жағдайда Ұлттық банк үшін бірінші кезекті міндет елдегі инфляцияны тежеуді көздеді. Тарихи қалыптасқан жағдайдың ырқында ұлттық валюта енгізілген кезде Ұлттық банк іс жүзінде коммерциялық банк міндетін атқарып, кәсіпорындарға тура кредит берумен айналысты және мемлекеттік бюджет жетімсіздігін тура қаржыландырып отырды. Бұл орталық банк мәртебесіне үйлеспейтін іс екені сөзсіз. Сондықтан Ұлттық банк бірінші кезекте банк жүйесін реформалай бастады. 1994 жылы жеңілдетілген кредиттер беру және кәсіпорындардың кредит алуға Ұлттық банкке тура шығу тәжірибесі тоқтатылды. Үкіметке бюджет жұтаңдығын жабуға кредит ақылы негізде берілетін болды. Одан келер жылы Ұлттық банк Үкіметтің шешімі бойынша экономикаға кредит беруді де тоқтатты. Банктерді қайта қаржыландыру тетігі айтарлықтай өзгерді: кредиттік қорлар Ұлттық банкпен кредиттік аукциондар арқылы және ломбардтық негізде орналастырылатын болды. 1995 жылы Ұлттық банк туралы заң қабылданды, соған сәйкес заңнамалық түрде Ұлттық банк тәуелсіздігі айқындалды, ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсаты қойылды. Соның нәтижесінде экономиканы несиелеу міндеттері банктерге жүктелді, олар өз кезегінде кредиттік қорлар құру үшін тұрғындар жинағын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің бос қаржыларын және сыртқы заемдар тарта бастады. Экономиканы кредиттеу міндетін екінші деңгейлі банктерге берген Ұлттық банк бар күшін инфляцияны төмендету міндетіне және ақша-кредит саясатының әдістері мен құралдарын дамыту арқылы ұлттық валютаның тұрақтылығына қол жеткізуге бағыттады. 1998 жылы Ұлттық банк республикалық бюджет жетімсіздігін тура кредиттеу тәжірибесіне нүкте қойды. Аталмыш іс-әрекеттің нәтижесінде 1993-1995 жылдары инфляция 60 пайызға дейін төмендеді. 1996-1999 жылдар аралығы – макро-экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу кезеңі болды. Бұл кезеңде инфляцияның жедел төмендеуі жалғасып, 1995 жылғы 60,3 пайыздан 1998 жылғы 1,9 пайызға дейін түсті. Банк жүйесінің одан әрі дамуы халықаралық стандарттарға қол жеткізу бағытында жүргізілді. Банк жүйесін реформалаудың бірінші бағдарламасы 1996 жылы қабылданды. Онда айтылғанындай, банк жүйесі нарықтық экономиканың ажырамас бөлігі ретінде неғұрлым ырғақты дамыған экономика секторының біріне айналуы тиіс болды. 1996 жылы Ұлттық банк банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережені бекітті, онда елдің барлық банктерінің халықаралық банк тәжірибесінде қабылданған стандарттарға, атап айтқанда, капитал жеткіліктілігіне, активтер сапасына, менеджмент деңгейіне, бухгалтерлік есепке, банк жүйесінің телекоммуникациялық байланысын автоматтандыруға сәйкестігі қарастырылған. Ұлттық банк банктерді капиталдандыру деңгейін көтеру және басқа нормативтер жөнінде қатаң талаптар қойды. Оның өзі банктерді біріктіру немесе тарату жолымен ірілендіру үрдісін тудырды, бүтіндей банк жүйесінің сапалық дамуына жол ашты. 1998-1999 жылдардағы ресейлік қаржы дағдарысы мен мұнайдың әлемдік бағасының құлауы біздің жас ұлттық валютамыздың беріктігіне сын болды. Осы жылдары теңге қатаң девальвациялық қысымға ұшырады, айталық 1999 жылғы инфляция 17,8 пайызға дейін өсті. Бұл ақша-кредит саясатында өте қауіпті жағдай тудырды. Теңгенің бәсекеге қабілеттілігін қалпына келтіру үшін сол жылғы сәуір айында оның еркін айырбас бағамы режімі енгізілді. Ол қазақстандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігімен ғана шектеліп қалмай, Қазақстан экономикасының қарыштап дамуына қозғау салды. 2000-2006 жылдардағы қаржылық тұрақтылық кезеңі мен экономикамыздың буырқана дамуы ұзақ есімізде қалады. Осы кезеңде инфляция тұрақты деңгейде (6,4-8,4 пайыз) сақталды, орташа жылдық ішкі жалпы өнім өсімі 10,3 пайызды құрады. Баға тұрақтылығына қол жеткізу өндіріске оң әсерін тигізді. 2007 жылдың басында АҚШ-тың ипотекалық заемдар нарығында орын алған дағдарыс тамыз айында жергілікті шеңберден шығып, әлемдік қаржы нарығындағы жағдайға айтарлықтай ықпал етті және бүкіл дүниежүзін қамтыған қаржы дағдарысын тудырды. Әлемнің көпшілік елінде орын алған ақшалай тапшылықты қазақстандық банктер де бастан кешті. Оның алдындағы кезеңде айтарлықтай сырттан ақшалай қарыз алған Қазақстан экономикасын сол жылғы әлемдік азық-түлік нарығындағы келеңсіз жайлар да тежеуге айналды. Негізгі дәнді дақылдар өндіруші елдерде астық шығымының төмен болуына байланысты бидайдың, өсімдік майының әлемдік бағалары өсіп кетті. Мұның бәрі елде инфляциялық қысым өсімін арттырды. Дегенмен, тиісті шаралардың қолданылуы арқасында банк жүйесін біршама тұрақтандыру мүмкіндігі болды. Алайда, 2007 жылдың болжамды инфляциялық межелері сақталған жоқ, орташа жылдық инфляция 10,8 пайызды құрады. Сөйтіп, банктердің төлем қабілетінің кемуі және инфляциялық қысымның күшеюі себепті сыртқы қарыздар өсіп, ол 45 миллиард доллардан асып түсті. Осыған байланысты облыс деңгейінде көптеген банктер шаруашылық жүргізуші субъектілер мен тұрғындарды кредиттеу бағдарламасын жауып тастады, ол облыстың кредиттік нарығындағы барлық негізгі көрсеткіштердің төмендеуіне әкеліп соқты. Осы кезеңде кредиттік салымдар көлемі 70,6-дан 61,5 миллиард теңгеге дейін, берілген кредиттер көлемі 3 есеге жуық 84,2-ден 30,8 миллиард теңгеге дейін, ипотекалық және тұтыну кредиттері 7 және 4 есеге, 2004 жылғы деңгейге дейін сәйкес түрде 3,2 және 1,7 миллиард теңгеге кеміді. Сондықтан Ұлттық банктің таңдау жасаудан басқа амалы қалған жоқ, ол бойынша не банк жүйесінің тұрақтылығын қолдауы керек немесе баға тұрақтылығын сақтауға тырысады. Оның өзі “былай жүрсең, өгіз өледі, былай жүрсең, арба сынадының” кебі болды. Өйткені, бұл шаралар бір-біріне қайшы келетін еді, айталық жүйенің тұрақтылығын қолдайтын болса, оған қолма-қол ақшалай қаржы құю қажет, ал инфляциялық қысымды төмендету үшін керісінше оны азайту керек. Осы жағдайда ұлттық банк неғұрлым маңыздысы – жүйенің тұрақтылығын сақтау деп тапты. Соған байланысты 2007 жылдың екінші жартысында қаржылық жағдайға өзгерту енгізілгеннен кейін Ұлттық банктің ақша-кредит саясатына да өзгеріс енді.
