Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BM.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
154 Кб
Скачать
☆

20. Банктегі миссия, мақсаттар және стратегиялық талдау

Миссия көрініспен салыстырғанда неғұрлым нақты бағыт болып табылады. Миссия кешенді мақсат болып табылады, оған банк қызметінің сыртқы және ішкі бағыттары кіреді.

Миссияны қалыптастыру кезінде оның мазмұнына мынадай негізгі пункттер кіруі қажет:

-Банк мақсаттары;

-Негізгі түсініктер мен құндылықтарды қамтитын банк философиясы;

-Ішкі концепция (өзінің рыноктағы орнын және сонда өмір сүруінің басты факторын суреттеу);

-Банктің қоғам алдындағы экономикалық және әлеуметтік жауапкершілігіне ерекше көңіл аударатын банктің сыртқы образы;

-Банк қызметін суреттеу;

Рынок сипаттамасы – банк өзінің жаңа клиенттерін, акционерлерін және т.б. анықтайды.

Миссияны таңдау бактің көлемімен және потенциалымен анықталады. Миссияны таңдау банктің тарихы, оның мәдениеті, банктің ұйымдастыру құрылымы және басқару сапасы сияқты факторлармен анықталуы қажет. Банк миссиясы өмір сүру себебін, осы қызметтің табиғатын, ұйым қызметінің негізгі бағыттарын анықтайды.

Мақсаттар банк қызметінің нақты бағыттарын көрсетеді. Мақсаттар 2 түрлі болады:

1)Экономикалық

2)Экономикалық емес

Экономикалық мақсаттар банк қызметінің көрсеткіштерінде көрінеді. Мақсаттар келесілерді есепке алуы қажет:

-Рыноктағы жағдайын, мұнда банк бәсекелестерге қатынасы бойынша позицияларын анықтайды;

-Банктік операцияларды енгізудің жаңа тәсілдері, яғни жаңа қызмет түрлері және т.с.с. жасалуы мүмкін;

-Банктің экономикалық ресурстар шығындарын есепке ала отырып өзінің өнімділігін анықтауы;

-Өзінің ресурстық потенциалын бағалау, бар ресурс деңгейін қажеттілермен салыстыру және болашақтағы қажеттілерді анықтау;

-Пайда алу мүмкіндігі;

-Басқару аспектілері;

-Персонал, яғни банк өзінің қызметшілерінің алдындағы жауапкершілігін білу қажет.

Мақсаттарға мынадай талаптар қойылады:

-нақтылық және өлшемділік,

-қол жетерлік,

-уақытқа бейімделу және т.б.

Стратегиялық талдау – бұл ортаны маркетингтік талдау нәтижесінде алынған мәліметтерді банктің балама стратегиялық даму жоспарына қайта құрылу құралы.

Стратегиялық талдау әдістеріне жатады:

1) Ресми және сандық әдістер.

2) Өзіндік шығармашылық талдау.

Стратегиялық талдау екі кезеңге бөлінеді:

1) Біріншіден, банктің ортаның даму динамикасындағы мүмкіндіктерді бағалауды және бағыттарды салыстыру, осы мәліметтер арасындағы үзілісті талдау.

2) Екіншіден, стратегиялық баламаларды анықтау, банк дамуының нұсқаулық түрін талдау.

Банк қызметінің бағыттары:

-Идеял

-Мақсат

-Міндет

Идеял – бұл банк көз жетерлік болашақта қол жеткіземін деп есептемеген, бірақ оларға жақындай түсетін бағдар.

Миссия мүмкін болатын тәуекелдіктер мен потенциялдық мүмкіндіктерді ескеру арқылы құрылатын бағдар.

Миссияны қалыптастыруды келесі негізгі мәселелерді қарастырған жөн:

-Банк мақсаты

-Бактің негізгі құндылықтарын қамтитын банк философиясы

-Ішкі концепциясы, яғни банктің рыноктағы орны және оны ұстап қалу факторлары

-Банктің сыртқы бейнесі, банктің қоғам алдындағы экономикалық және әлеуметтік жауапкершілігі

-Банк қызметінің сипаты

-Рынок сипаты

Мақсат келесі мәселелерді қамтиды:

-Банктің рыноктағы орны.

-Банк операияларын жүргізудің жаңа әдістері

-Ресурстар шығынын ескере отырып банктің өнімділігін анықтай

-Өз ресурстарының потенциялын бағалау

-Пайда табу мүмкіндігі

-Банктегі басқарушылық аспектілері

-Қызметкерлер құрамы

-Қоғам өміріндегі банктің алатын орны.

Мақсатқа қойылатын талаптар:

-Нақты болуы

-Уақытпен бағдарлануы

-Қол жетімділігі

Стратегиялық талдау бұл ортаға маркетингтік талдау жасау негізінде алынған мәліметтер базасын қайта өзгерту құралы, банктің дамуының баламалы стратегиялы жоспары.

Стратегиялық талдау кезеңдері:

Банк мүмкіндіктері мен стратегиялық жоспарлау арасында алшақтықты бағалау.

Банктің даму стратегиясының баламаларын талдау және оның даму стратегиялары таңдау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]