Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
M_1178_T_otvety_1.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
300 Кб
Скачать
☆

39. Заңды жауапкершiлiк: түсiнiгi, түрлерi.

Заңды жауапкершілік – бұл құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға заңнамамен көзделген мемлекеттік мəжбүрлеу шараларын белгілі бір іс жүргізушілік тəртіпте қолдану. Шаралар мынадай сипатта болуы мүмкін: а) жеке сипаттағы шаралар (бас бостандығынан айыру); ə) мүліктік сипаттағы шаралар (айыппұл); б) ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар (жұмыстан босату).

Заңды жауапкершіліктің белгілері: - оны мемлекет құқықтық нормаларды орнықтырады; - мемлекеттік мəжбүрлеуге негізделед- арнайы өкілетті мемлекеттік органдар қолданады; - жаңа қосымша міндетті жүктеумен байланысты; - жеке, мүліктік жəне ұйымдастырушылық сипаттағы белгілі бір теріс салдардан көрініс табады; - іс жүргізушілік нысанда жүктеледі;- тек жасалған құқықбұзушылық үшін ғана туындайды. Егер заңды жауапкершіліктің іс жүзіндегі негізі болып оның құрамын құрайтын белгілердің жиынтығымен сипатталатын құ-қықбұзушылық табылса,оның заңды негізі болып құқық нормасы мен сəйкес құқыққолданушы акт табылады. Құқыққолдану актісінде құзіретті орган нақты бір құқықбұзушыға қатысты мəж-бүрлеу шараларының нақты көлемі мен нысанын анықтайды. Мұндай құқыққолдану актісі ретінде əкімшілік бұйрығын, сот үкімін немесе шешімін жəне т.б. атауға болады.

Заңды жауапкершіліктің түрлері. Заңды жауапкершіліктің төмендегідей түрлері болады:

1. Қылмыстық – тек қылмыстар үшін қолданылады; ешкім де сот шешімінсіз қылмыс жасағаны үшін кінəлі деп танылмауы жəне қылмыстық жауаптылыққа тартылмауы тиіс. Қылмыстық жазалау шаралары – кінəлінің тұлғасына бағытталған мемлекеттік мəжбүрлеудің ең қатаң нысандары – бас бостандығынан айыру, өлім жазасы жəне т.б.

2. Əкімшілік – əкімшілік теріс қылықтарды жасағаны үшін туындайды жəне айыппұл, арнайы құқығынан айыру жəне т.б. сияқты шаралардан көрініс табады.

3. Азаматтық – мүліктік сипаттағы шарттық міндеттемелерді бұзу жəне шарттан тыс мүліктік зиян келтіру үшін туындайды. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізгі қағидасы – зиянды толығымен өтеу.

4. Тəртіптік – еңбек, оқу, қызметтік, əскери тəртіпті бұзу үшін қолданылады; тəртіптік жауапкершілік шаралары – сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыстан шығару жəне т.б.

5. Материалдық – қызметкерлер мен жұмысшылардың өз қызметтік міндеттерін орындауы барысында кəсіпорынға, меке-меге, ұйымға келтірген зияны үшін туындайды.

40. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нысаны.

41. Құқық нормаларының түрлерi.Заң нормаларының түрлері: Реттеуші норма – бұл субъектінің субъективтік құқықтары мен міндеттерін, олардың пайда болу жəне əрекет ету жағдайларын анықтайтын норма. Құқыққорғаушы норма – бұл субъектіге мемлекеттік мəжбүрлеу шараларын қолданудың жағдайларын, осы шаралардың сипаты мен мазмұнын анықтайтын норма.Құқық беруші норма – бұл субъектіге белгілі бір əрекеттерді жүзеге асыруға байланысты құқықтарды беретін норма. Тыйым салушы норма – бұл субъектіге белгілі бір əрекеттерді жасаудан бас тартуды міндеттейтін норма. Міндеттеуші норма – бұл субъектіге белгілі бір мазмұндағы əрекеттерді жасау міндетін жүктейтін норма. Императивтік норма – бұл қатаң ережелер түрінде көрініс табатын жəне құқық субъектілерінің қалауларынан тəуелсіз түрде əрекет ететін норма. Диспозитивтік норма – бұл өзіндік қалау бостандығын білдіре-тін норма.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]