Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
M_1178_T_otvety_1.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
300 Кб
Скачать
☆

59. Құқықтық қатынас түрлерi:

1) Салалық белгісі бойынша құқықтық қатынастар конституциялық – құқықтық, әкімшілік – құқықтық, азаматтық – құқықтық және т.б. болып бөлінеді.2) Сипаты бойынша – материалдық (қаржылық, еңбек және т.б.) және іс жүргізушілік (қылмыстық іс жүргізушілік, азаматтық іс жүргізушілік және т.б.) құқықтық қатынастар.3) Құқықтық функциялары бойынша – реттеуші және қорғаушы құқықтық қатынастар; реттеуші құқықтық қатынастар құқық нормасы немесе шарт негізінде пайда болады, қорғаушы құқықтық қатынастар мемлекеттік мәжбүрлеумен және заңды жауапкершілікті жүзеге асырумен байланысты болады.4) Қатысушыларының анықталу дәрежесіне қарай – жай және күрделі құқықтық қатынастар; жай құқықтық қатынастар екі субъектінің арасында туындайды (сату-сатып алу құқықтық қатынастары), ал күрделі құқықтық қатынастар бірнеше субъектілердің арасында туындайды (қылмыстық жазаны өтеу құқықтық қатынастары).5) Субъектілердің анықталу дәрежесіне қарай – абсолюттік және қатысты құқықтық қатынастар; абсолюттік құқықтық қатынастарда тек бір жақ қана – субъективтік құқықты иеленуші анықталады, ал қатысты құқықтық қатынастарда екі жақ та жеке дара анықталған болып келеді және бір-біріне қатысты құқықтық мен міндеттерді иеленуші болып табылады.6) Жалпы және нақты құқықтық қатынастар; жалпы құқықтық қатынастар заңнан тікелей туындайды, нақты құқықтық қатынастар заңды фактілердің - әрекеттердің, нақты жүріс-тұрыс актілерінің нәтижесінде пайда болады.

60. Құқықтық  тәртiп ерекшелiктерi.1) ол құқық нормаларында жасалған ;2) осы нормаларды жүзеге асырудың нәтижесінде туындайды;3) мемлекетпен қамтамасыз етіледі;4) қоғамдық қатынастарын ұйымдастыруына жағдай жасайды;5) заңдылықтың нәтижесі болып табылады;

61. Қоғамның саяси жүйесiндегi қоғамды бiрлестiктер орны. Қр "Саяси партиялар туралы" заңға сипаттама.

1)Қазіргі кезде халықтың мүдде мақсатын орындайтын тек мемлекет пен саяси партиялар ғана емес ол мүдде мақсаттың басым көпшілігі қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қолында .Мемлекет оларды бақылап отырады.

2)Саяси партиялар қоғамның саяси өмір болмысының ұтымды болуына, ұйымшылдық деңгейінің жоғарылауына қуатты қозғаушы күш ретінде қызмет етеді.

62.  Құқықтық    жүйелерге  сипаттама  /романо-германдық, англо-саксондық, социалистiк, дiни-ғұрыптық/

1) Ром.-герм. құқықтық жүйе рим құқығын рецепсиялау нәтижесінде пайда болды, яғни мұнда құқықтың негізінде рим құқығының жетістіктері алынған.Конституция нормалары (жазбаша) – ең жоғарғы күшті иеленеді.Қызмет істейтін судья істі шешуде көбінесе тек істі бағалау процесін жүзеге асырады (Италия, Франция, Германия, Испания.Швеция, Таяу Шығыс, Латын Америкасы ,Португалия т.б.)

2) Англо-саксондық құқ.жүйе – Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, т.б.елд. кеңінен дамығанБұл құқықтық жүйелерде басты орынды сот тәжірибесі заңды прецедент иеленген.Яғни сот заңға сүйенбей құқық жасаушы болдыМысалы Англияда жазбаша Констицуция болған жоқ.Сот билігі тәуелсіз болды (пркуратура, әділет мекемесі болмады)

3) Діни-дәстүрлері, яғни құқық діни дәстүрлік тәсілмен реттелуі тиіс. мысалы бұл мұсылман құқығы (Иран, Ирак, Судан т.б.)Шариғатқа, Құранға негізделеді.

4) Социолистік құқ жүйе мысалы кеңестік құқық.

63.  Құқықтағы ақаулық, оның орнын толтыру әдiстерi.

Құқықтағы олқылық дегеніміз – заңдық күші бар жүйеде құқықтық реттеуді талап ететін мәселені шешу үшін қажетті құқық нормасының болмауы. Орның толтыру әдісі: 1) құқық нормаларында көрсетілмегеніне байланысты ұқсас құқықтық норманы қолдану;2) нақтылы қаралып жатқан іс бойынша ұқсас құқықтық норманың жоқ болуына байланысты қабылданған құқықтық қағидалар негізінде шешім қабылдау.

64.  Мемлекеттiк аппарат түсiнiгi, құрылу және әрекет ету қағидалары. Бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған, ұйымдастырылған мемлекеттік органдардың жүйесі.Қағидалар бұл мемл. органдарды құру мен олардың қызмет етуінің нег. бағыттарын анықтайтын бастамашылық ережелері. 1) Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының артықшылықтары бұған сәйкес мемлекет қызметшілері аталған құқықтар мен бостандықтарды мойындауы тиіс;2) Демократиялық қағидасы бұл қағида бойынша мемлекеттік органдар қызметін ұйымдастыруда азаматтардың кең көлемде қатысуы;3) Биліктін тармақтарға бөліну қағидасы заңсыз әрекеттерді болдырмауға негізделген;4) Заңдылық қағидасы барлық мемлекеттік қызметкерлер конституцияны ,заңды сақтауға міндетті;5) Жариялық қағидасы;6) Кәсібилік қағидасы мемлекеттік қызметкерлер кәсіби даярланған оз ісіне жаупты болуы керек;7) Сайлаушылық;8) Бағыныштылық және сатылық;9) Алқалық қағидасы;

65.  Кодификация түрлерi. Кодификация- нормативтік құқықтық актінің бүкіл мазмұны өзгеріп, қалыптасқан қатынастарын реттеу барысында көптеген жаңа құқықтық нормалардың қабылдануы.Түрлері салалық және арнайы. 1) Салалық код. – қандай бір белгілі заңдар саласының н/е оның салашасының нормативтік материалдарын біріктіру болып таб.(ҚР Азаматтық кодексі, қылмыстық кодексі)

2) Арнай код. – белгілі бір құқықтық институттың н/е бірнеше құқықтық институттың нормаларын біріктіреді. (ҚР ның Су кодексі, Орман кодексі)

66. Құқықтық сана құрылымы мен түрлерi. Құқықтық сана - Қазахстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға,оларды қолдануға азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және қалауына құқыққа басқа да құқықтық құбылыстарға құқықтық сезімдерінің, әсерлігінің, көзқарастарының, пікір-бағаларының жиынтығы. Құқықтық сана құрылымы 2 элементтен тұрады: құқықтық психология және құқықтық идеология. Құқықтық психология - құқыққа қатысты сезімдердің, көңіл-күйдің, эмоциялардың, көзқарастардың, армандардың жиынтығы. Бұл жерде құқықтық құбылыстарға деген қатынас ерекше деңгейде пайда болып, белгілі бір сезімдер мен эмоцияларда қалыптастыруға тырысады. Құқықтық психология арқылы мыналар жүзеге асырылып тұрады.

А) Құқықтық мәдениетке тән әдет-ғұрып,салт-дәстүр,тұлға мәдениетіне.күнделікті өміріне,әдетіне еніп кеткен барлық элементтер.

В) Тұлғаның өзін-өзі бағалауы,өз жүріс-тұрысын құқықтық нормаларына сәйкестігін бағалай білу қабілеті Құқықтық идеология - бұл адамдардың құқыққа қатынасын білдіретін құқықтық көзқарастардың,түсініктердің,қағидалардың,сенімдердің,талаптардың жүйеленген ғылыми көрінісі. Бұл субъектілердің құқықтық құбылыстарды тереңірек түсінуі. Құқықтық идеология –құқықтық сананың құрылымындағы басты элемент.Құқықтық сана түрлері:1)Мазмұны бойынша:-Қарапайым құқықтық сана-бұл тұлғалардың құқыққа қатысты жалпы көзқарастары,өмірлік тәжіобиесінің әсерінен туындайтын көңіл-күйлері-Кәсіби құқықтық сана-бұл заңгерлердің заңды тәжірбиесінің негізінде қалыптасатын сезімдері,сенімдері,көзқарастары,дәстүрлері-Ғылыми құқықтық сана-бұл құқықты теориялық игеруді көрсететін идеялар,түсініктері2)Субъектілер бойынша:-жеке құқықтық сана;-топтық құқықтық сана;-қоғамдық құқықтық сана.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]