Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
конс шпора.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
722 Кб
Скачать
☆

66. Парламенттiң тұрақты комитеттерi: құрылуы, құрамы, қызметi, өкiлеттiгi.

ҚР ның Конст.60-бап

1. Палаталар әр Палатада саны жетiден аспайтын тұрақты комитеттер құрады.

2. Палаталардың бiрлескен қызметтерiне қатысты мәселелердi шешу үшiн Сенат пен Мәжiлiс тепе-тең негiзде бiрлескен комиссиялар құруға хақылы.

3. Комитеттер мен комиссиялар өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қаулылар шығарады.

4. Комитеттер мен комиссияларды құру, олардың өкiлеттiгi және қызметiн ұйымдастыру тәртiбi заңмен белгiленедi.

3-бап. Сенат пен Мәжiлiстiң тұрақты комитеттерi тиiстi Палатаның депутаттары арасынан Парламенттiң бiрiншi сессиясында құрылады. Сенат пен Мәжiлiстiң тұрақты комитеттерiнiң саны, олардың атауы Сенат пен Мәжiлiстiң отырыстарында тиiстi Палаталар депутаттарының ұсынысы бойынша белгiленедi. Қажет болған жағдайда жаңа тұрақты комитеттер құрылуы, бұрын құрылғандарының таратылуы және қайта ұйымдастырылуы мүмкiн.

34-бап. Сенаттың, Мәжiлiстiң тұрақты комитетiнiң төрағасы: 1) тұрақты комитеттiң жұмысына басшылық жасайды; 2) тұрақты комитеттiң жұмыс жоспарын және оның отырысы күн тәртiбiнiң жобасын жасайды; 3) комитеттiң, Палата Бюросының, Палатаның шешiмi бойынша тұрақты комитет мүшелерiне берiлген тапсырмалардың орындалуын ұйымдастырады; 4) өзiне Палатаның Регламентiмен жүктелген басқа да мiндеттердi орындайды.

35-бап. Сенаттың, Мәжiлiстiң тұрақты комитетiнiң хатшысы: 1) тұрақты комитеттiң iс жүргiзуiн және оның отырыстарының хаттамаға түсiрiлуiн ұйымдастырады; 2) тұрақты комитеттiң төрағасы болмаған жағдайда оның мiндеттерiн атқарады; 3) өзiне Палатаның Регламентiмен жүктелген басқа да мiндеттердi атқарады.

36-бап. Палаталардың тұрақты комитеттерiнiң мүшелерi комитеттердiң қызметiне белсене қатысуға, олардың тапсырмаларын орындауға мiндеттi. Сенаттың, Мәжiлiстiң тұрақты комитеттерiнiң мүшелерi комитет отырыстарында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешушi дауыс құқығын пайдаланады. Тұрақты комитеттiң мүшесi: 1) сайлауға және комитет төрағалығына, хатшылығына сайлануға, осы кандидатуралар бойынша ұсыныс енгiзуге; 2) комитет отырысында қарау үшiн мәселелер ұсынуға, күн тәртiбi, талқыланатын мәселелердi қарау тәртiбi мен олардың мәнi бойынша ұсыныстар мен ескертпелер енгiзуге; 3) комитет отырыстарында комитет құзыретiне жататын мәселелер бойынша лауазымды адамдарды тыңдау туралы ұсыныс енгiзуге; 4) заңдардың, қаулылардың, комитет отырысында әзiрленiп жатқан басқа да актiлердiң жобаларына түзетулер енгiзуге; 5) комитет отырысында баяндама жасаушыларға, төрағалық етушiге сұрақтар қоюға; 6) өз ұсыныстарын негiздеп сөйлеуге, анықтамалар беруге; 7) комитет мүшелерiн азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктердiң өтiнiштерiмен таныстыруға; 8) комитет отырыстарының стенограммалары мен хаттамаларынан депутаттардың сөйлеген сөздерiнiң мәтiндерiмен танысуға; 9) заңдарға сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.

41-бап. Сенат пен Мәжiлiстiң тұрақты комитеттерi өздерiнiң құзыретiндегi мәселелер бойынша қызмет нысандары мен әдiстерiн еркiн таңдап алады, мемлекеттiк органдармен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара қарым-қатынас жасайды, қоғамдық пiкiрдi зерделейдi және ескерiп отырады.

42-бап. Сенат пен Мәжiлiс тұрақты комитеттерiнiң отырыстары қажетiне қарай, бiрақ айына кемiнде екi рет өткiзiлiп тұрады.

43-бап. Тұрақты комитеттiң төрағасы отырыстарды өз бастамасы бойынша да, сондай-ақ комитет депутаттарының, Палата Төрағасының ұсынысы бойынша да шақырады.

44-бап. Тұрақты комитеттердiң отырыстары ашық өткiзiледi. Парламент пен оның Палаталарының регламенттерiнде көзделген жағдайларда жабық отырыстар өткiзiлуi мүмкiн.