Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
конс шпора.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
722 Кб
Скачать
☆
  1. Конституция - конституциялық құқықтық негiзгi қайнар көзi:ң ұғымы, мәнi және заңи қасиеттерi.

Конституция сөзі латынның «constitutio» – бекіту, орнату деген сөзді білдіреді. Алғашқы конституция 1787 АҚШ-та, кейін 1789 жылы Францияда қабылданды. Кәзіргі кезде кез келген мемлекетте өз конституциясы бар.

Қазақстан өз басынан 4 конституцияны өткерді (1937, 1978, 1993, 1995ж.ж.). Конституция – бұл ұлттық құқықтың басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте ең жоғары заңдық күші бар нормалардың жиынтығы.

Конституция – бұл халықтың жалпы еркін білдіретін, ең жоғарғы заңды күшке ие қоғамның әлеуметтік, экономикалың, қоғамдық, саяси және рухани ізгілік өмірінің маңызды қағидалары мен институттарын бекітетін қоғамның және мемлекеттің негізгі заңы.

Оның белгілері:

1. ең жоғарғы заңдық күші болады.

2. ол тұрақты болады.

3. ерекше заңдық мазмұны.

4. оның Республиканың бүкіл аумағына тікелей және тура қолданылады.

Конституциялық құқық ғылымында конституцияны әртүрлі негіздер бойынша топтастыруға болады.

1. Мемлекеттік құрлыс нысанына қарай конституцияны біртұтас және федерациялық.

2. Мемлекеттің саяси режимінің сипатына қарай демократиялық және демократиялық емес.

3.Қолданылу ұзақтығына қарай тұрақты және уақытша конституция.

4. Нысанына қарай жазбаша және ауызша. Жазбаша (Қ.Р.), ауызша (Ұлыбритания).

5. Оған өзгерістер мен түзетулер еңгізілу әдістеріне қарай қатаң және олқы деп бөлінеді. Қатаң конституцияны сайлаушылар қауымы тікелей референдумда не арнаулы құрылтай жиналыстарында қабылдананды. Олқы конституция әдетте Парламенттер қабылдайды, ал оларға өзгерістер мен түзетулерді еңгізу жай заңдарға тәріздес.тәртіппен, яғни көпшілік дауыспен заң шығарушы орган еңгізеді.

6. Конституциялар федералдық және оның құрамына кіретін субъектілердің конституциясы болып та бөлінеді.

  1. Конституцияның мазмұны мен қурылымы.

Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 ж. 30 тамызда Респ. референдум өткiзу (бүкiл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемл. билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемл. мереке — ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi. Кейiнгi екi Конституцияның алдыңғы екеуiнен елеулi айырмашылығы сол — бұлар тұңғыш рет мемл. тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп, одан әрi орнықтырды. Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеол. және саяси әр алуандығы (сөз және шығарм. бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демокр. амалдар, экон. қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған. ҚРК барлық заң салаларының негiзi болып табылады, ал оның нормалары басқа заңдар үшiн басты қағида болып есептеледi. Ата Заңның бұл бөлiгi саяси және идеол. тұрғыдан алғанда аса маңызды. Өйткенi, бұл Ата заң ҚР-нда демокр., зайырлы, құқықтық және әлеум. мемлекет құрудың конституциялық негiзiн қалады. Осыдан келiп, ҚР-ның мынадай негiзгi мақсаты туындайды: өзiнiң ең қымбат қазынасы ретiнде адамды және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын айқындап, бекiту; өз елiнде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбiтшiлiктi, ынтымақтастық пен тату қарым-қатынас жасау әдiстерiн орнықтыру; байырғы қазақ жерiнде мемл. бiрлiктi сақтау; республиканың тәуелсiздiгiн сақтап, ұстап тұру; ҚР-ның демокр. негiздерiнiң мызғымастығын бекiту. Осыған орай республика қызметiнiң түбегейлi қағидалары айқындалады, олар: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экон. даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демокр. әдiстермен, оның iшiнде респ. референдумда немесе Парламенттiк дауыс беру арқылы шешу (1-бап, 2-тармақ). Ата Заңның негiзгi бөлiгiнде (I — VIII бөлiмдер) азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен мiндеттерi туралы, конституциялық құрылыс жайлы, мемл. нысандар жөнiнде, мемл. буындардың жүйесi мен мәртебесi туралы (Президент, Парламент, Үкiмет; Конституциялық Кеңес, соттар, және сот төрелiгi, жергiлiктi мемл. басқару және өзiн-өзi басқару туралы) нормалар тұжырымдалған. Қорытынды және өтпелi ережелер мазмұндалған соңғы IХ бөлiмде Ата Заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi, конституциялық заңдар мен өзге де заңдарды қабылдау рәсiмi сөз болады.

9.