Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
конс шпора.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
722 Кб
Скачать
☆
  1. Конституциялық құқықтық норманың түрлерi.Қ құқықтық қатынас: ұғымы, ерекшелiктерi мен түрлерi.

Конституциялық құқықтық норма.Жоғарыда атап кеткеніміздей конституциялық құқық қоғам-дық қатынастардың нақты бір тобына конституциялық құқықтық нормалар арқылы әсер етеді. Конституциялық құқықтық норма – бұл конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды реттеп, бекітетін жүріс-тұрыс ережесі. Ол конституциялық құқықтық қатынасқа қатысушылардың жүріс-тұрысын анықтайды.

Конституциялық құқықтық нормалардың мынадай негізгі сипаттарын (нышандарын) көрсетуге болады:

- біріншіден, конституциялық құқықтық норма – жалпыға міндетті ереже, яғни ол тұлғалар мен түрлі ұйымдарға қоса мемлекеттің өзі үшін де орындалуы міндетті болып табылады.

- екіншіден, конституциялық құқықтық норма – нысанды анықталған ереже, яғни олар белгілі бір актінің нысанында шығарылады (мысалы, жарлық, қаулы, заң т.б.).

- үшіншіден, конституциялық құқықтық норма – нақты анықталған жүріс-тұрыс ережесі. Бұл оның нақты құқықтар мен міндеттерді, жүріс-тұрысты белгілейтіндігін анықтайды.

- төртіншіден, конституциялық құқықтық норма – мәжбүр-лі ереже, яғни оның орындалуы мемлекеттің ықпалымен, мәжбүр ету күшімен қамтамасыз етіледі.

Конституциялық құқықтық нормалар өзге құқықтық нормалардан бірқатар өзгешеліктермен ерекшеленеді. Нақты айтсақ, конституциялық құқықтық нормалардың ерекшеліктері болып келесілер табылады:

А) конституциялық құқықтық нормалардың негізінде белгілі бір құқықтық қатынастардың түрі пайда болады;

В) конституциялық құқықтық нормалар реттеу пәні бойынша ерекшеленеді. Яғни, конституциялық құқықтың нормалары ерекше сипаттағы, негізгі, фундаменталдық қатынастарды реттейді;

С) қайнар көздері (бастаулары) бойынша ерекшелінеді, яғни конституциялық құқықтық нормалар басқа құқықтық норма-ларға қарағанда мемлекеттің негізгі заңы - Конституцияда көбірек белгіленген. Тиісінше заңи күші де көбінесе жоғарырақ болып келеді;

Д) конституциялық құқықтық нормалар бірнеше бағытты қамтуға арналған;

Е) конституциялық құқықтық нормалар құрылымына қарай ерекшеленеді. Нақты айтсақ, конституциялық құқықтық норма-ларда өзге құқықтық нормаларға қарағанда санкция өте сирек кездеседі;

И) конституциялық құқықтық нормалар көбіне нақты рет-теушілік емес, жалпы реттеушілік сипатта болады. Мұнда мақсат, міндет, анықтама, мәртебе, қағида нормалары көп болады;

К) конституциялық құқықтық нормаларға құрылтайшылық немесе ұйымдастырушылық сипат тән.

Конституциялық құқықтық нормалардың түрлері:

1) Мазмұны немесе реттеу пәні бойынша:

  • конституциялық құрылыс негіздерін бекітетін нормалар;

  • жеке адамның құқықтық жағдайының негіздерін бекітетін нормалар;

  • сайлау құқығы мен сайлау жүйесін бекітетін нормалар;

  • мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын бекітетін нормалар;

  • жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастырылуы негіз-дерін бекітетін нормалар.

2) Заңи күші бойынша:

  • конституциялық - конституцияда көрініс тапқан нормалар

  • субконституциялық - конституциядан өзге актілерде, яғни заңдарда, Президенттің жарлықтарында, Парламенттің қаулы-ларында, Үкіметтің актілерінде, орталық және жергілікті атқарушы органдардың актілерінде, маслихаттың шешімдерінде, Консти-туциялық Кеңестің қаулыларында және т.б. актілерде көрініс тапқан нормалар. Субконституциялық нормалардың заңи күші конституциялық нормалардан төмен болады.