Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-51 беттер 6кл.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆
  1. Қазіргі ұдайы өсу (демографиялық қыс). Дамыған елдерде байқалады, қарттар саны басым, балалар саны аз болады.

  2. Демографиялық саясат – елдің демографиялық проблемаларын шешу мақсатында мемлекет тарапынан табиғи өсуді реттеуге бағытталып, жүргізілетін шаралардың жиынтығы. Демографиялық саясат халықтың саны мен оның табиғи өсуіне байланысты.

  3. Адам өмірін жыл мезгіліне теңеген грек математигі – Пифагор.

  4. 1951 жылдан Үндістанда (екеуімізге екеу) отбасын жоспарлау саясаты. Қытайда (екеуімізге біреу) 70 жылдан бастап.

  5. Демографиялық саясат өсуге бағыттаған елдер – Франция, Дания, Жапония, Германия.

  6.  Бала саны ең аз ел – Германия, ең көбі – Африка дамушы елдері.

  7. Осыдан 17 мың жыл бұрын Жер шарында 3 млн-ға жуық халық болған.

  8. Жер шары халқының абсолюттік өсімі жылына 85-90 млн. адам. Азияда – 55 млн. адам, Африкада – 20 млн.адам, Латын Америкасында – 10млн. адам.

  9. Туу рекорды – Кенияда, ал ең көп балалы ана – Чилиде тіркелген.

  10. Халықтың жастық құрамының үш типі:

а) алға басушы (прогрессивті) – бала саны басым.

ә) тұрақты тип – бала мен егделер саны шамалас.

б) кері кетуші (регрессивті) – егде адамдар саны басым.

Дүние жүзі халқының 10% -і 60 жастан асқандар

60%-і 15-59 жас аралығы

30%-і 14 жасқа дейінгілер.

  1. Жыл сайын дүние жүзі бойынша 140 млн-нан астам адам дүниеге келеді. Дүниеге келгенде ұлдар 5-6 % артық, ал 15-20 жаста теңеледі де әйелдер саны артады. Қытай, Үндістан, Бангладеш, Пәкістанда ерлер саны басым.

37. Еңбекке жарамды 15-65 жас аралығындағы адамдар – еңбек ресурсы болып табылады.Экономикалық белсенді халық 2,8-3 млрд. адам, яғни дүние жүзіндегі 6 млрд-тан астам халықтың 45 %-і.

  1. Этнос – (гр. этнос – халық) адамдардың тарихи ұзақ мерзімде қалыптасқан тұрақты қауымдастығы, дүние жүзі бойынша 3-4 мың этнос бар. Диаспора – басқа елдегі аз ұлттардың бірігіп топтасуы.

39. Этногенез – жалпы ұлттардың пайда болуынан бастап жойылған уақытына дейін қалыптасқан даму процесі. Этногенез ілімін дамытқан орыс ғалымы -Л.Н.Гумилев.

40. Этностық процестер: этностың тұтасуы, ажырауы, араласуы.

41. Ұлттық шекара мен саяси шекара сәйкес келсе, халықтың 90%-тен астамын негізгі ұлт құраса – бір ұлтты мемлекет.Дания, Жапония, Швеция.

42. Көп ұлтты мемлекеттер: Үндістан, Нигерия, Индонезия, Ресей, АҚШ, Корея, ҚР.

43. Тілдер саны 3 мыңнан асады (5 мыңнан асады деген болжам бар).

  1. Тілдер 20 тіл семьясына, 45-тен астам тіл тобына топтастырылады.

45. Билингвизм – елдегі қос тілділіктің орын алуы.

46. Мемлекеттік тіл – ел халқының көбі пайдаланатын тіл. Отарларда еуропалық тілдер сақталған, Африкада 21 елде француз, 19 елде ағылшын, 5 елде португал тілі мемлекеттік тіл.

47.  Үнді-еуропалық тіл 2,5 млрд-тан астам халық 40%-і ,ең көбі – ағылшын тілі.

 Қытай-Тибетте 20% адам сөйлейді.

48. Кең таралған 12 тілде дүние жүзі халқының 60%-тен астамы сөйлейді.

49. Канадада ағылшын, француз тілдері. Квебек провинциясында француз тілі.

50. Дамушы елдерде толық тамақтанбаудан, аурудан, таза ауыз судың жетіспеуінен жылына 40 мың адам өледі.

51. Саяси дербестік пен экономикалық тәуелсіздік арасындағы қарама-қайшылық дамушы елдерде байқалады.

52. Халық табысының жан басына шаққандағы көлеміне қарай елдерді топқа бөлген – Максаковский.

53. Территорияны аудандастыру приципін көрсеткен ғалым-географтар – Саушкин, Колосовский.

54. Халықтар арасындағы экономикалық қатынастардың ең маңыздысы - халықаралық сауда.

55. Дүние жүзі саяси картасы бірнеше мыңдаған жылдарда пайда болды, өзгеру сипаты сапалы және саяси болып бөлінеді.

56.Ассимиляция-үлкен этникалық топтың екінші аз санды топты өзіне қосып алуы.

Тіл семьялары: (20) үнді-еуропалық, қытай тибет, қойсан, ніл-сахара, аустралиялық, паратай, картвель, папуас, аустранезиялық, аустразиялық, нигер-кордофан, афразиялық, алтай, андаман, дравидтік, орал, солтүстік кавказдық, эскимос-алеут, чукот-камчатка, үндіс тілдері.

Әлемдік діндер мен халықтың орналасуы.

  1. Буддизм – ең ежелгісі б.з.д.VІ ғасырда қалыптасқан. Орталығы – Оңтүстік Шығыс Азияда, Тибеттегі Лхаса. Қазір ұстанушылар саны бойынша 3 орында. Буддизм – Қытай, Жапония, Кореяда кең таралған. Шри-Ланка, Тайланд, Мьянма, Монғолия, Бутан, Вьетнам, Камбоджа, Лаоста басым дін болып есептеледі.

  2. Христиан діні – дінге сенушілердің 2/5 бөлігін құрайды. Христиан діні католиктік, протестант, православие ағымдарына жіктеледі. Христиан діні алғаш орталығы – Израиль жеріндегі Иерусалим. Католик тармағының орталығы – Ватикан, Рим папасы. Дүние жүзіне кең таралған дін.

  3. Ислам діні – ең жас дін, негізі 610 жылы Арабия түбегінде қалыптасқан. 30 елде мемлекеттік дін, 120 елде мұсылман мешіттері мен қауымдастықтары бар. Ислам дінін ұстанушылар саны жағынан христиандардан кейінгі 2 орында. Мұсылмандар үшін Сауд Арабиясындағы Мекке, Мәдине жерлері қасиетті. Мұсылмандардың 90%-ы суннит ағымын құраса, қалғандары шииттер.

  4. Мұсылмандар : Индонезияда 160 млн-нан астам

Пәкістан 126 млн адам

Үндістан 100 млн адам.

Негізінен Азияда және Африка мен Еуропада таралған. Қазақстанда VІІ ғасырдан қалыптасқан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]