Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СП МП (К) 2012.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
683 Кб
Скачать
☆

Тақырып бойынша дәрістердің мазмұны

Тақырып №1. Салыстырмалы құқықтану пәніне кіріспе

1.1. Салыстырмалы құқықтану ғылым, әдіс және оқу курсы ретінде.

1.2. Салыстырмалы құқықтанудың пәні, мақсаты, обьектісі және жүйесі.

1.3. Салыстырмалы құқықтанудың қағидалары мен функциялары.

1.4. Салыстырмалы құқықтанудың әдістемесі.

Салыстырмалы құқық дегеніміз екі немесе одан да көп мемлекеттердің құқықтық жүйесін алып зерттеп, оның ұқсастығы мен айырмашылығын ерекшеліктерін біртұтас қарастыратын ғылымның саласы болып табылады.

Салыстырмалы құқық үш маңызды мәселелер ретінде қарастырылады: ғылымы, әдісі ,оқулық пәні.

Салыстырмалы құқық ғылымы ретінде – қазіргі құқық жүйесіндегі ғылыми білімнің жиынтығы, яғни кітап, мақала, ғылыми баяндама ретінде беріледі. Салыстырмалы құқық мәселелерін дайындау шет мемлекеттің құқықтық пәндерін оқуға мүмкіндік береді. Салыстырмалы құқық жеке оқу ғылымы ретінде 3 басты мақсаты бар:

4. Ғылыми – танымдылық. Қазіргі кездегі құқықтық жүйенің дамуы құқықтық құбылыстарды реттеу шет мемлекеттердің құқықтық материалдарын алға қойып, міндеттерді шешу.Әлемдегі әр мемлекеттің әкімшілік, конституциялық, басқа құқық салаларын зерттеп, теңестіріп бір деңгейде қалыптастырады.

5. Тәжірибелік. Халықаралық құқықтық актілерді дайындау, бекіту, халыққа түсіндіру. Олардың құқықты қолдап заң шығару процесін дамыттыру үшін халықаралық шарттар қалыптастыру керек.

6. Оқу – тәрбиелік. Салыстырмалы құқық жалпы құқықтық мәдениетін, құқықтық сана-сезімін қалыптастырады, бір бағытта жол салады.

Ұзаққа созылған даму тарихы бола тұра Салыстырмалы құқықтанудың эволюциялық дамуының алғашқы кезеңдеріндегі сияқты әлі де толық шешілмеген, оның ұғымы, мазмұны, ішкі құрылымы, көрініс табу нысаны, әдістемесі және терминологиясы сияқты мәселелері маңызын жоғалтқан жоқ.

Салыстырмалы құқықтанудың табиғаты мен өзіндік мәртебесін анықтау мәселесінде де ғалымдар арасында даудың бар екендігі шындық. Бір-біріне қарама-қайшы бұл көзқарастарды оқулықтардан қараңыздар. Осы жағдайларға қарамастан Салыстырмалы құқықтанудың қазіргі даму кезеңіндегі табиғаты мен мәртебесін анықтауда Салыстырмалы құқықтану өзінің зерттеу пәні, әдісі, қолданылу аясы және заң ғылымдары жүйесінде өзіндік әлеуметтік міндеті бар, қалыптасқан, басқа гуманитарлық ғылымдардан өзіндік ерекшелігі бар, белгілі бір шекте дербес құқықтық ғылым және оқу пәні деп толық сеніммен айтуға болады.

Салыстырмалы құқық әдісі ретінде – құқықтық құбылыстарды зерттеудің ғылыми маңызды құралы.Салыстырмалы әдіс арқылы қазіргі замандағы құқықтық жүйенің маңызын, ерекшелігін тануға көмектеседі.Әдістеріне келместен бұрын салыстыру деген не? Салыстыру дегеніміз адам ойының бөлінбейтін қалыптасқан бірпұтас бөлігі болып табылады. Салыстыру тек ғылыми танымдық жағдайында ғана қолданбайды, сонымен бірге адамның өндірістік қызметінде, оқыту саласында, күнделікті тәжірибеде қолданады.

Салыстыру әдісінің 2 философиялық тәсілі бар:

3. Жалпы тәсіл

4. Жеке немесе арнайы тәсіл

Салыстырмалы әдіс-тәсілдер:

- индукция

- дедукция

- анализ

- синтез

Салыстырмалы құқықтың әдістерінің негізгі түрлері:

9. Диохрондық әдіс – құқықтық жүйелердің тарихи пайда болатын, мінезділігін зерттейтін жиынтықты айтамыз.

10. Синхрондық әдіс – қазіргі құқықтық жүйелерді зерттеуде қолданылатын сәйкестендіру әдісі.

11. Ішкі әдіс – ұлттық құқықтық жүйені алып, институттарға бөліп зерттеуді айтамыз.

12. Сыртқы әдіс – екі немесе одан да көп мемлекеттердің құқықтық жүйесін алып салыстыруды айтамыз.

13. Микро әдіс – бір құқықтық жүйені алып, өз мемлекетінің ұлттық жүйесімен салыстырып, байытуын айтамыз.

14. Макро әдіс – бірнеше мемдекеттің глобалдық немесе әмбебап мәселелерін шешуге бағытталған.

15. Салыстырмалы әдістің объектісі әр түрлі, кең болады.(құқықтық жүйе немесе қазіргі кездегі құқықтық семья). Объектісіне байланысты үш деңгейге бөлеміз:

-төменгі деңгей– құқықтық нормаларды салыстырады

-орта деңгей – құқықтық институттарды, құқықтық мекемелерді салыстырады.

-жоғарғы деңгей – құқықтық жүйелерді біртұтас толықтай, жан-жақты қарастырады.

16. Нормативтік актілерді зерттеуге байланысты 2 бөлінеді:

- нормативтік – ұқсас құқықтық нормаларды, институттарды, заңдылық актілерді қарастырып, салыстырады.

- Функционалдық - әр түрлі мемлекеттерде әлеуметтік мәселелерді алға қояды және содан кейін ол мәселелерді шешетін құқықтық нормалар, институттар іздейді.

Салыстырмалы құқық оқулық пәні ретінде - әр түрлі құқықтық жүйенің пайда болуы, құрылуы, дамуы жөніндегі заңдылықтар мен принциптер болып табылады. Яғни белгілі бір заттың ортақтылығын, ерекшелігін және бірлігін көрсететін жиынтықты айтамыз.

Салыстырмалы құқық – пән және оқулық курсы ретінде өзінің ерекшелігі бар. Оған доктриналық тәсіл қолдану бірдей емес, тіпті бір мемлекеттің ішінде бірнеше бағыттар болады. Өз атынан белгілі салыстырмалы құқық семантикалық өзгешеліктерге ие. «Компаративизм» деген терминнен басқа да дәстүрлі атаулары бар. Мысалы французша droit compare, ағылшынша немесе американдық comparative law т.б.Тек тілдің арасында емес, сонымен қатар тілдің ішінде өзгешеліктер бар comparative law – law comparison – comparative jurisprudence (салыстырмалы құқықтану – салыстырмалы құқық – құқықтық салыстыру). Бірақ көптеген мемлекеттерде осы терминдердің ішінен «салыстырмалы құқық» көп қолданылады.

Салыстырмалы құқықтанудың зерттеу пәнін анықтау оның зерттейтін құқықтық құбылыстары, институттары мен мекемелері төңірегіндегі мәселелер жиынтығын айқындаумен байланысты.

Ғылымның басқа сабақтас ғылымдардан ерекше нақты өзінің зерттеу пәнінің болуы оның ғылымның дербес бір саласы және академиялық пән ретіндегі қалыптасқандығының белгісі болып табылады.

Салыстырмалы құқықтану оқу пәні ретінде нені қарастырады және дербес ғылым саласы ретінде нені зерттейді? Басқаша айтсақ, Салыстырмалы құқықтанудың зерттеу пәнін қандай мәселелер құрайды? Бұл сұраққа жауап берер алдында пәннің аталуына, яғни Салыстырмалы құқықтану деген атауға көңіл бөлген жөн. Ол қойылған сұраққа жартылай жауап береді, яғни Салыстырмалы құқықтану біріншіден, салыстыру процесі, салыстырмалы әдіс, қатар қойып салыстыру және қарсы қойып салыстыру сияқты процестер мен құбылыстарды қарастырса, екінші жағынан құқық, құқықтық құбылыстар, көптеген және әртүрлі құқықтық институттар мен мекемелерді қарастырады.

Салыстырмалы құқықтанудың зерттеу объектісін анықтауға көшер болсақ, отандық және шетелдік әдебиеттерде қалыптасқан көзқарастарға сүйене отырып, Салыстырмалы құқықтанудың зерттеу объектісі болап әр түрлі елдерде объективті өмір сүруші салыстырмалы-құқықтық реалды дүние табылады деуге болады. Салыстырмалы құқықтанудың зерттеу объектісін ешкім ойлап тауып немесе басқа бір жақтан әкеліп қоймайды, ол нақты өмірде бар құбылыстар.

Салыстырмалы құқықтанумен айналысушы ғалымдардың арасындағы бұл ғылымның зерттеу объектісі мен зерттеу пәні туралы көзқарастары бір тектес емес.

П. Круз және тағы бір топ Батыс ғалымдары Салыстырмалы құқықтанудың зерттеу объектісі мен зерттеу пәні екеуінің арасына шек қоймай, бұл ғылым айналысуға міндетті мәселелердің бес тобын анықтайды: а) ортақ және ерекше белгілерін анықтау үшін басқа елдердің құқықтық жүйелері мен өзінің ұлттық құқықтық жүйесін салыстыру; ә) ұқсас мәселелерге байланысты әртүрлі құқықтық жүйелерде объективті және үнемі қабылданып отыратын шешімдерге анализ жасау; б) әртүрлі құқықтық жүйелер арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды талдау; в) әртүрлі құқықтық жүйелердің даму тарихының негізгі кезеңдерін салыстырмалы зерттеу; г) әртүрлі құқықтық жүйелердің бүкіл тарихындағы немесе белгілі бір кезеңіндегі эволюциялық өзгерістердің ішкі-сыртқы сипатын Ашу.

Қазіргі кезде құқықтың жалпы теориясы құқық философиясы, құқық социологиясы, салыстырмалы құқықтану, құқық теориясы(позитивтік құқық теориясы), құқық психологиясы, заңи техника т.с.с. басқа ғылыми бағыттардан құрылады.

Осы күрделі құрылым құқықтың өзінің күрделілігімен түсіндіріледі.Сондықтан құқық біржақты зерттелмей,әртүрлі аспектілерде,әртүрлі кезеңдерде зерттелуі керек.

Осы жерде салыстырмалы құқықтануың құқықтың жалпы теория құрылымында алатын орны мен басқа бағыттарымен қарым-қатынасы жөнінде сұрақ туады.

Салыстырмалы құқықтанудың құрылуының,дамуының қасында айқындалған өмірлік-прагматикалық,академиялық мақсаттары мен мүдделері бар.

Салыстырмалы құқықтанудың не себепті дамығанын,қандай мақсат алдына қойғанын,қандай функциялар атқаратынын білу үшін компаративистер оның күрделілігіне,түрлі функциональдығына және көп жақты аспектілігіне назар аударады.

Көптеген авторлар салыстырмалы құқықтанудың заңшығармашылық және білім беру функцияларын атқаратынын көрсетеді. Бірақ осы қорытындыға келу үшін әртүрлі дискуссиялар өткізілген еді.

Салыстырмалы құқықтанудың көп функциялары бар екенмен К.Цвацгерт пен Х.Кетц келіседі.

Бірақ басқа да компаравистер салыстырмалы құқықтанудың функциялары жөніндегі сұрақты түрліше шешеді.

Кейбіреулер функция түсінігіне терең үңілмей,жай атап шығумен шектеліп қояды.

П.Круз салыстырмалы құқықтанудың функциясы мен мақсатын бір-бірінен ажыратпай,өзіндік симбиоз ретінде салыстырмалы құқықтанудың функциялары мен мақсаттарын білім және ғылым аумағында, заңшығармашылық және құқық қолданушылық процесі мен құқықтың реформалау кезінде көрсетеді.Және құқықтың жүйелі унификация және гармонизация саласында оның функциялары мен мақсатын қарастырады.

Ал кейбір авторлар тек қана салыстырмалы құқықтанудың мақсаты мен функцияларын атап қоймай, толықтай анализ жасап, табиғаты мен сипаты, мәні бойынша жүйелеуді жүргізген.

Үшінші топтағы авторлар салыстырмалы құқықтанудың мақсаттары мен функцияларын зерттеген кезде назарын олардың дамуының тенденцияларын анықтауға аударады.

Осыған сәйкес Э.Вайс өзінің құрылуы мен дамуына байланысты салыстырмалы құқықтану соңғы кезде (белсенді және жан-жақты) адам мен азаматтық құқықтарын қамтамасыз етуде белсенді әрі жан-жақты роль атқарады дейді.

Д.Хендэрсон салыстырмалы құқықтану соңғы жылдары коммерциялы және индустриальды бейнесін алды дейді.

Салыстырмалы құқықтану интеллектуальды сферадан қолданбалы практикалық сфераға белсенді қадам жасауда. Әсіресе соғыстан кейінгі кезеңде салыстырмалы құқықтану білім мен ғылым салаларын құқықтың офистарға, фирмаларға кірді, «коммерция мен индустрияның негізгі ағымына көшті».

Салыстырмалы құқықтанудың практикада қолдануына байланысты мысалдар көп.

Ф.Стоун бұл жөнінде былай дейді: «Американдық заңгер француз фирмаларымен жұмыс істегенде, профиссиональды түрде француздардың азаматтық және коммерциялық құқығын білуі керек. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті өзінің Италиядағы және басқа да Батыс Европадағы азаматтарын қорғау үшін сол жақтағы азаматтардың құқықтары мен процедураларымен хабардар болады».

Бұл тек қана шетелдегі заңшығармашылығына қатысты емес, өзінің американдық заңшығармашылығына да қатысты, себебі әр штатындағы заң мазмұны бойынша әртүрлі.

Осы келтірілгендерден тысқары олар басқа да салаларда қарастырылады.

Мысалы, болжау саласында салыстырмалы құқықтанудың болжамдық функциясы қарастырылуы мумкін.

Басқа да салыстырмалы құқықтанудың мақсаты мен функциялары ішінен ғылыми әдебиеттерде ол әртүрлі құқықтық жүйелердің таным тәсілі ретінде жүргенін бөліп, қарастыруға болады. Р.Давидтің айтуы бойынша, ол басқалардың өмірге көзқарасын біліп, өзінің көзқарасынды басқаларға түсіндіру факторы болып табылады.

Салыстырмалы құқықтанудың функцияларын қарастырған кезде ерекше назар аударарлық сұрақ туады. Бұл салыстырмалы құқықтану мен ұлттық құқықтың функцияларын сәйкестендіру жөніндегі сұрақ.

Әрине бұл өте күрделі әрі қарама-қайшы сұрақ.

Ғылыми әдебиеттерде салыстырмалы құқықтану мен ұлттық құқықтың өзара қарым-қатынасы жөнінде және әрекеті жөнінде әртүрлі пікірлер туындайды. Кейбір авторлар салыстырмалы құқықтану мен ұлттық құқық бірдей статусқа ие дейді, себебі салыстырмалы құқықтану да ұлттық құқық сияқты өзіндік дисциплина. Сондықтан, осыған сәйкес олардың атқаратын функциялары тең сипатта болады. Кейбіреулер салыстырмалы құқықтану көмекші сипатта болады дейді.

Салыстырмалы құқықтанудың өзіндік сипаты салыстыруға келетін құқықтың нормалардың, жүйелердің және институттардың айырмашылығы мен ұқсастығын шығару және зерттеу функциясы кезінде пайда болады. Басқа жағдайларда ұлттық құқыққа қатысты көмекші сипатта болады.

Бірақ осы қойылып отырған сұрақ дұрыс емес. Ол риторикалық сұрақ болып қала береді.

Әлі күнге дейін салыстырмалы құқықтанудың функцияларын ашық жазып, оны жүйеге келтірген жоқ. Әлі күнге дейін функцияның қайсысының маңызы жоғары не төмен екенін анықтайтын критерий толықтай зерттелмеген.

Функциялар түбірлес болғандықтан бір-бірімен ажырата біліп, айырмашылығы мен ерекшеліктерін, ұқсастықтарын айқындау керек.

Біріншіден, осы тақырыпты ашу үшін, ұлттық құқықтың функцияларына, олардың түсінігіне, әлеуметтік жіктелуіне және мазмұнына көз салайық..

Ұлттық(мемлекет ішіндегі) функция терминінің түсінігі қандай? Мазмұны ше?

Біріншіден, ұлттық құқықтың функциялары өзінің құндылықтары болады.

Екіншіден, ұлттық құқықтың функциялары негізінде салыстырмалы құқықтану функцияларына қарағанда ұлтаралық мақсат пен мүдделер емес, ұлттық мақсат пен мүдделер жатыр.

Үшіншіден, ұлттық құқықтың функциялары өзінің ұлттық қоғамы мен мемлекетімен тығыз байланыста, тікелей оларға әсер етеді. Осы әсер ету тұрақты сипатта. Ол мемлекет пен құқықтың нысандарының өзгеруіне тәуелді емес.

Мемлекет пен қоғамға байланысты ұлттық құқық қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып табылады. Ол қоғамда қалыптасқан экономикалық, саяси және басқа да қатынастарды реттейді. Құқық сол елдің мемлекеттік және қоғамдық құрылысын сақтайды.

Осында ұлттық құқықтың функциясы мен маңызын көруге болады. Белгілі бір құқықтар мен міндеттерді бекіткенде, ұлттық құқық мемлекет пен қоғамға белгілі тәртіпті орнатады.

Қоғамдық қатынастарды реттеу мен тұрақтандыру функциясын қоса ұлттық құқықтың әр қоғам мен мемлекетте тәрбиелік ролін атқарады.

Тәрбиелік ролі адамдарда әділеттік, шындық, мейірімділік сезімдерін дамытады.

Осы ұлттық құқықтың функцияларымен танысып болғаннан кейін салыстырмалы құқықтанудың функциясына көз жүгіртетін болсақ, авторлар салыстырмалы құқықтанудың ғылыми, білім беру және тәжірибелік функциясын бөліп қарастырады. Әрине, жоғарыда айтылып кеткенімізге байланысты салыстырмалы құқықтанудың функциялары мен мақсаттары бір-бірімен тығыз байланысыты екенін көреміз.

Салыстырмалы құқықтанудың негізгі мақсаттары мен қызметі және қағидалары

Салыстырмалы құқықтану ғасырлардан бері тек біреулерге онымен айналысу қызық болғандықтан ғана пайда болып, дамып келе жатқан жоқ. Оның бұл даму жолында өмірлік прогматикалық және академиялық мақсаттар мен мүдделер тұр. Салыстырмалы құқықтану әруақытта өз алдына әлемдік қауымдастықтың алдында тұрған маңызды мәселелерді шешуді мақсат тұтып келеді.

Салыстырмалы құқықтану қандай мақсатта пайда болып, даму үстінде, ол қандай міндеттерді шешеді деген сияқты сұрақтарға жауап іздеген компаративисттер бұл мәселенің күрделі, көпаспектілі және көпфункционалды екендігі туралы ой төңірегінде ғана бірауызды.

Жиырмасыншы ғасырдың басынан бастап Салыстырмалы құқықтану өз алдына дербес пән ретінде танылғаннан бастап, әсіресе осы ғасырдың 20-жылдарынан бері әр елдердің компаративисттері бұл пәннің тек көп аспектілі көрінісін ғана сөз қылмай, оның құқықтық тәжірибеде қолданылуының әр түрлі жолдарын ұсына бастады. Ғалымдардың бір тобы Салыстырмалы құқықтану ұлттық құқық жүйесінде болсын, халықаралық деңгейде болсын тек интеллектуалдық тұрғыда ғана қолданыс таба алады деп тұжырым жасады. Екінші бір ғалымдар Салыстырмалы құқықтану ғылымының зерттеулерінің нәтижесін тәжірибеде, атап айтқанда ол «заң шығарушы» және білім беруші функцияларды атқара алады деп, ұсыныстар жасады.

Бүгінгі таңда Салыстырмалы құқықтану білім беруші және академиялық қызметтерімен қатар нақты прогматикалық және қолданбалы міндеттерді абыроймен атқарып отыр. Конституциялық құқыққа байланысты жарық көрген Қазақстандық, Ресейлік әдебиеттерде шетелдік батыс елдерінің құқықтық жүйелерінің элементтерін алып, өзіміздің құқықтық жүйеге енгізу мүмкіндігі туралы айтылады.

Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының көптеген элементтерінің АҚШ, Франция, Түркия, Ресей сияқты елдерден алынғандығы анық. Бұл жағдайдан қорқудың қажеті жоқ, ол заңды процесс. Салыстырмалы құқықтанудың басқа елдердің мемлекеттік құқығы туралы зертеулерін осылай тәжірибеде оңтайлы пайдалануға болады. Басқа елдердің ұзақ уақыт сынынан өткен құқық нормаларын, институттарын, қағидалары мен ережелерін жан-жақты зерттеп, артықшылықтары мен осал тұстарын елеп-екшеп, өзіміздің игілігімізге айналдырудың еш сөкеттігі жоқ.

Салыстырмалы құқықтанудың жоғарыда айтылған қолданбалы функциясы өте маңызды болғанмен, бұл жағдай Салыстырмалы құқықтанудың халықаралық қауымдастық пен мемлекет алдында атқарып отырған көпжақты, қолданбалы ролінің бір ғана аспектісі болып табылады.

Енді Салыстырмалы құқықтанудың жоғарыда айтылғаннан маңызы кем емес қолданбалы қызметтерін атап кетейік:

1.Салыстырмалы құқықтанумен бір елдегі құқықшығармашылық процесстің басқа елдің құқықшығармашылығындағы ұқсас процесстерге әсері;

2. Салыстырмалы құқықтанудың құқыққолдану процесіне, әсіресе сот жүргізу ісіне әсері; 3. Салыстырмалы құқықтанудың күннен-күнге өсіп келе жатқан құқыққорғау процесіне әсері.

Бір мемлекеттің немесе мемлекеттік құрылымның заң шығарушылық тәжірибесін басқа мемлекеттің ұтымды пайдалануының бірден-бір үлгісі ретінде көп елдерде референдумның өткізілуін айтуға болады. Референдумды қоғамдық ой мен халық билігінің шынайы көрінісі ғана емес, сонымен қатар маңызды нормативтік-құқықтық акт немесе саяси шешім қабылдаудың нысаны, тәсілі ретінде қарастырамыз.

Ғылыми деректерге сәйкес референдум ең алғаш 1439-жылы Швейцарияда өткізілген. Кейін салыстырмалы мемлекеттік-құқықтық ізденістердің арқасында басқа елдерге тарайды.

Тақырып №2. Салыстырмалы құқықтану идеяларының қалыптасу тарихы мен дамуы

2.1. Салыстырмалы құқықтану идеяларының ежелгі және орта ғасырлардағы пайда болуы мен дамуы.

2.2. Германиядағы салыстырмалы құқықтанудың тарихи-философиялық бағыты.

2.3. Салыстырмалы құқықтанудың француздық мектебі.

2.4. Ресейдегі салыстырмалы құқықтану.

2.5. Англия мен АҚШ-тағы салыстырмалы құқықтану.

Отандық және шетелдік құқықтану ғылымында салыстырмалы құқықтану мәселелеріне әдетте, үлкен көңіл бөлінеді. Көптеген ғылыми басылымдардың, яғни кітаптардың, брошюралардың, мақалалардың, ғылыми конференция, симпозиум, конгресстер материалдарының көптеп жарық көруі осыған дәлел бола алады. Салыстырмалы құқықтанудың өз бастауын ежелгі дүниеден алатын терең және қайшылығы мол тарихы бар. Нақты жазба деректердің тапшы болуына және тиісті ғылыми зерттеудің болмауына байланысты салыстырмалы құқықтану идеяларының нақты қай жерде, қай уақытта пайда болғандығын және салыстырмалы зерттеу жүргізуге әлемнің қай елі мен мемлекетінде алғаш рет қажеттілік туғандығы туралы тап басып айту қиын.

Ежелгі дәуірдегі салыстырмалы құқықтану идеяларының көрініс табуы Жерорта теңізі жағалауындағы елдерде, соның ішіндегі Ежелгі Грекия мен Рим мемлекеттерінде байқалады. Батыс зерттеушілерінің еңбектерінде тек салыстырмалы-құқықтық идеялардың ғана емес, мемлекет және құқық саласындағы салыстырмалы зерттеулердің жүзеге асырылу жолдары да алғаш осы мемлекеттерде пайда болғандығы туралы айтылады.

Ежелгі дәуірдегі Таяу және Орта Шығыс елдерінде, Индияда, Қытайда да салыстырмалы құқықтану идеяларының толық жуйеленбеген болса дағы нысандарының өмір сүргендігі байқалады. Осыған орай ғалымдар арасында ежелгі дәуір өркениетінің бірден-бір орталығы болып табылатын Месопотамиядағы құқықтық мәдениеттің басқа өркениеттермен ұқсастығы бір-біріне қатысы жоқ кездейсоқтық па әлде ол әртүрлі құқықтық мәдениеттердің өзара тығыз әсерлесуінің нәтижесі ме деген дау көптен бері жалғасып келеді.

Ғылыми әдебиеттердегі бұл мәселе төңірегіндегі көзқарастар тым қым-қиғаш, яғни ғалымдардың бірі бұл өңірдегі әртүрлі құқықтық жүйелердегі біртектес институттардың болуы салыстырмалы-құқықтық идеялардың өмір сүргендігінің әсері десе, басқа бір ғалымдар бұл ойды мүлдем жоққа шығарады.

Жоғарыда аталған Ежелгі Шығыс және Батыс елдерінің нақты құқықтық ескерткіштеріне жасалынған салыстырмалы-құқықтық талдауларды оқулықтардан табасыздар.

5-ғасырдағы Рим империясының күйреуімен бірге Ежелгі дәуірдің үлкен жетістігі болып табылатын антикалық өркениет те өз тұсындағы саяси және мемлекеттік-құқықтық институттарымен бірге тарих сахнасынан кетті. Оның орнына орта ғасырлар келді.

Орта ғасырлардағы салыстырмалы-құқықтық идеялардың, институттар мен мекемелердің дамуының маңызды ерекшеліктерінің бірі болып оның тек өз дәуірінде, өзі пайда қылған саяси-құқықтық құбылыстардың негізінде ғана емес Рим құқығы рецепциясы, яғни рим құқығын жаңа тарихи уақытқа, жаңа мемлекеттік-құқықтық ортаға бейімдеу негізінде қалыптасып, дамуы табылады.

Р. Иеринг өзінің «Дух римского права на различных ступенях его развития» деген еңбегінде Рим үш рет әлемге өз заңдарын ұсынды, үш рет халықтың басын біріктірді. Бірінші рет Рим империясы өмір сүріп тұрған кезде мемлекеттің бірлігі үшін, екінші рет бұл халық жойылып кеткен кезде шіркеудің бірлігі үшін, үшінші рет орта ғасырларда құқық бірлігі үшін. Бірінші жолы Рим өз заңдарын қарудың күшімен орнатса, келесі екі жолы құқығының рухының күштілігімен орнатты деп жазды.

Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа елдеріндегі рим құқығының шын мәніндегі қайта жандануы мен оның белсенді түрде тәжірибеде қолданылуы 11-ғасырдың орта тұсы мен 12-ғасырдың басына сәйкес келеді. Сәйкесінше осы кезеңнен бастап оның салыстырмалы-құқықтық үрдіске де әсері күшейе түседі.

Салыстырмалы құқықтанудың қазіргі заманғы кезеңі Салыстырмалы құқықтану мен мемлекеттанудың ғылымның дербес бір саласы және академиялық пән ретінде қалыптасу үрдісінің аяқталуымен сипатталады.

Отандық және шетелдік әдебиеттерде салыстырмалы құқықтанудың басқа заң ғылымдары ішіндегі алатын орны мен ролі туралы қазіргі кезге дейін болып жатқан пікірталастарға қарамастан, соңғы жүзжылдықта мемлекет және құқық саласында жүргізілген салыстырмалы құқықтық зерттеулер мен олардың нәтижелеріне сүйене отырып, Салыстырмалы құқықтану саласындағы зерттеулер бір жүйеге келтірілді деуге болады. Бұл жағдайлар Салыстырмалы құқықтанудың біртіндеп салыстырмалы түрде дербес академиялық феноменге айналып келе жатқандығының дәлелі. Бұл үрдіс, әрине, еш қиындықсыз алға өрлеп келе жатқан жоқ, бірақ алға басушылық айқын.

Салыстырмалы құқықтанудың қазіргі заманғы даму кезеңіндегі елеулі оқиға 1900-жылы Салыстырмалы құқықтанудың Халықаралық Конгресінің өтуі болды. Конгресстің өтуі кезінде оған қатысушы ғалымдар Салыстырмалы құқықтанудың болашағына үлкен оптимистік көзқараста болды. Солардың ішіндегі аса оптимистер (Ламбер, Салей) дүниежүзілік құқықты, яғни барлық адамзатқа ортақ құқықты дайындауды ұсынды.

Бүгінгі күнде әлемде болып жатқан объективті жағдайларға соның ішінде Батыс Европа мен Солтүстік Америкадағы жүріп жатқан интеграциялық процестерге байланысты қазіргі заманғы саяси және мемлекеттік-құқықтық өмірдегі оқиғаларды тек терең түсініп қана қоймай, сонымен қатар құбылыстардың даму бағыты мен оның салдарын алдын-ала болжай алу қажеттілігі туындап отыр. Бұл міндетті бұрынғы қарапайым әдіс-тәсілдермен шешу мүмкін емес, сондықтан айқын, жақсы дайындалған теория керек. Жаңа заманның талаптары мен қажеттіліктеріне сәйкес келетін жаңа идеялар ауадай қажет.

Германиядағы салысытрмалы құқықтанудың тарихи- философиялық бағыты. Салыстырмлы құқықтанудың қазіргі кездегі ахуалын түсінү үшін,оның артығасырлық тархын зерттеу қажет.

Құқытық компаративистиканың ұғымын,пәнін,мақсатын және функциясын қарастырғанда,құқықтану өткен тарихи жолды еске ала отырғанда ғана ғылыми негізделген нәтижелерге келуге болады.Соның ішінде:пайда болуы және дамуының негізгі незеңдері;және керісінше өткеннің тәжірибесі арқасында туындаған,оның тарихи эволюциясының кейінгі кезеңдерінің болжам жасауына,таралуына үлес қосатын қазіргі заманғы теориялық ахуалдар. Осындай әдістемені тарихи және логикалық бірлік ғылыми қағидасы да талап етеді.

Тарихи әдістемені пайдаланғанда, зерттеуші құқықтық ұғымдардың семантикалық мазмұнының өзгеруін есінде сақтауы қажет. Қазіргі кездегі ғылыми-құқықтық ұғымдар алғашқы семантикасына толықтай немесе мүлдем сәйкес еместігі заң әдебиеттерінде жиі- жиі айтылады және мойындалады.

Салыстырмалы құқықтану алғашқыда салыстырмалы - тарихи болып пайда болды,ол көптеген елдерде ,соның ішінде Германия және Ресейде, ең алдымен тарихи зерттеулерде дамып отырған.

Көптеген адамдар “сылыстырмалы құқықтану” терминін жалпы салыстырмалы құқық тарихы ретінде түсінген. Оған негіз тарихи құқық мектебінің ұстанымы болды.Расында да ол түрлі құқықтық жүйелерді салыстыру әдісін кеңінен қолданған.

Бұндай салыстырудың белгілі бір априорлық мақсатқа жетуді көздейді, халықтардың өзіндік жеке жолдармен дамитынын куәландырады.Бұл салыстырудан гөрі қарсы қоюдың мақсаты болды:француз революциясы арқасында п.б құқықтық даму өзге мемлекеттері үшін міндетті еместігін дәлелдеу керек болған.

Құқықтық тарихи мектебінің негізін салушы Савиньидің көзқарасы заң ғылмның дамуына өте маңызды болды.Ол заң ғылымында таихи әдістің негізін салып қана қоймай құқықтың ғылыми тарихын құруға ұмтылды.Савиньидің еңбектерінде рим және пандектілік құқықтарының маңызы зор еді.

Германия құқығының тарихи дамуының нақты жолдарына азар аударатын болсақ.,бұл жерде тарихи мектеп өкілдеріназарларын рим,герман құқықтарының рецепциясына және олардың ара қатынасына аударды.Осы арақатынасты түсінүдің нәтижесінде,кейінірек екі ағым ерекшеленді:романисттер және германисттер.Нақтылай айтатын болсақ ,германдық ағымның п.б 1843 ж. Г.Безелердің “Халықтық құқық және заңгерлер құқығы”атты кітабының шығуымен байланыстырады.тарихи құқық мектебінің ұстанымы бойынша құқық аталған ұлт пен халықтың дамуымен байланысы соншалық ,ол басқа халықтармен қолданылмауы тиіс. Кез келген құқықпен аласу міндетті түрде өзіндік “ұлттық рухына” қарсы шығады. Осындай тезис тарихи құқық мектебін салыстырмалы құқығынан аластататын.Осыған байланысты 20 ғ. Басында француз компаративисті Р.Салейль қоғамдық ғылымдарды зерттеудің тарихи әдісінің көптеген артықшылықтарына ие екендігін айтып,алайда құқықтың тарихи мектебінің тұрған орнында қалғанын айтты.

Тарихи құқық мектебінің ұстанымына қарсы екі ағым тұрған. Олар бұл мектептегідей емес, өзге философиялық негіздерден шығатын,және салыстырмалы құқықтандың дамуын қолдады. Олардың біреуі кантиандық идеяларға негізделген,олардың басты өкілі А.Фейербах. Екіншісінің негізін салушы Гегель, ол оңтүстік неміс,немесе гейдельберг құқық мектебі деп аталған.Гейдельберг , тарихи құқық мектептерімен дауласқан ,және одан озған Тибо, Ганс, Цахарие, Миттермайер деген ғалымдарының есімдерімен байланысты.

Гейдельберг құқық мектебінің анағұрлым әйгілі өкілі, Гейдельберг уиверситетінде Тибо және Гегельдің шәкірті Э.Ганс болды.Ганс үшін тарих – тек өткенді ғана білу ғана емес,сонымен қатар ол өзіне нақ осы шақты зерттеуді де қосады.Сөйтіп,Ганс,барлық халықтардың құқық тарихын ең бірінші болып зерттейді.Зерттеудің соңында алынған салыстырудың нәтижелерін бір қалыпқа келтірді.Соған байланысты оның концепциясын жалпы салыстыралы тарихи құқық мектебінен айырмашылығы, осы шақ өткенге тәуелді емес,кеірсінше,өткен шақ құқық түсінігінің кейінгі дамуына үлесін қосады.Сонымен қатар,гегельдік ұстанымда бола отырып,Ганс,әр ұлттық құқық тарихы-ол жалпы,құқықтың әмбебап дамуындағы белгілі бір саты деп санаған.Сондықтан Ганс үшін құқық тарихы-ғылым,әдісі бойынша салыстырмалы,мақсаты бойынша әмбебап.

Ганстың төрт томдық “Әлемдік тарихи дамудағы мұрагерлік құқық ” атты еңбегінде римдік, үнді, қытай, иудей, мұсылман, грек құқығынан бастап,итаьян,испан,португал,француз,ағылшын,солтүстік америка құқығына дейін түрлі халықтардың отбасы және мұрагерлік құқықтарды қарастырған.Бұл еңбек,өзінің кемшіліктеріне қарамастан,салыстырмалы құқықтың жалпы тарихына алғашқы маңызды үлесі болып табылады.Осының негізінде Л.Ж Константиненко былай деп жазды:” Тарихи құқық мектебіне оңтүстікнеміс мектебінің тағы бір өкілі-Гейдельберг университетінің профессоры К.Цахария қарсы шықты.Ол шетел құқығы мен кодификацияларына,әсіресе 1804ж Француз азаматтық кодексіне көп көңіл бөлді.Сонымен қатар Цахария ергілікті партикулярлы құқықтық жүйелерге және рим құқығына көіл бөлген.Оның негізгі еңбегі- ”Француз құқығы оқулығы”. Онда ол француз құқығын кең тархи философиялық тұрғыда қарастыран.Бұл кітап сол ғасырдың ең әйгілісі болған. Бірінші басылымда ол екі томнан тұрса, екіншісінде оның саны төртке жетті. Кітап тек Германияда ғана емес, Францияда да, Иалияда да сұранысқа ие болды. Бұл оның аударылуымен,сансыз қайта басылуымен дәлелденеді. Ол неміс және француз ғылымдарын байланыстырды.

Оңтүстікнеміс мектебінің тағы бір өкілі - Гейдельберг университетінің профессоры К.Миттермайер. Оның ғылыми тәжірибелік құқықтық қызметі іш бағытта жүзеге асырылды. Бірінші-кең салыстырмалы негіздегі ғылыми қызмет. Қылмыстық іс жүргізу бойынша өзінің саңсыз ғылыми еңбектерінде ол германдық жалпы құқығын француз, америка, австрия, бавария, пруссия құқықтарымен салыстыруды кеңінен пайдаланған. Екіншісі – заңшығарушылық реформаларыың жобасын дайындау бойынша ресми эксперт болған. Үшіншісі-неміс заңгерлерін шетелде заңшығарушылық реформалар мен құқық ахуалы жайлы ақпарат беру қызметі. Цахариямен бірге 1829 ж. ол “шетел заңамасының және құқықтану ғылымының сындық журналының” негізін салды.(“kritische Zeitscrit fur Rechtswienschaft und Gesetzgebung des Auslnde”) ұлттық құқық жүйеінің шегінен асқан алған перодикалық басылым.

Журнал 1953 ж. дейін шығарылған және басылған 26 томы қылмыстық ,қылмыстық атқару құқығы мен криминология (түрлі елдердегі) бойынша құнды сындық және салыстырмалы ақпаратқа бай болды.

Германядағы 19 ғ. екінші жартысында салысырмалы құқықтану саласындағы тағы бір беделді тұлға - А.Фейербах.

Фейербах бір сәтте тарихи құқық мектебінің ұлтшылдығына және табиғи құқықтық доктринаның әмбебаптылығына қарсы шыққан. Ол қылмыстық заңнама саласында теориялық және практикалық мазмұнда салстырмалы әдісті кеңінен қолданған. Ол салыстырмалы құқықтың ғылымын құруға тырысты. Оның пікірінше, түрлі құқық жүйелерін тек салыстыру ғана құқықтануды нағыз ғылымға айналдыра алады. Онда философия, тарих, салыстыру және оған негізделген құқықтық ғылым мен компоненттер болып табылады

А.Фейербах Бавария қылмыстық кодексінің жобасын құрды. Ол 19 ғ.бойы германиядағы және басқа да елдердегі заңшығарушылармен нұсқама ретінде пайдаланылған. Бұл жобаны дайындау барысында француз және итальян құқықтарын салыстырмалы зерттеу жүргізілді. Компаративисттер әлемінде Фейербахтың сөздері ұлағатты болып кеткен: ”Неге анатомияны зерттеушінің қолданысында салыстырмалы анатомия бар, ал заңгер ғалымның салыстырмалы құқықтануының неге болмасқа?” Кез келген ғылымда аса бай ұайнардың көзі – салыстыру.

Сонымен, 19 ғ. бірінші жартысында Германияда салыстырмалы құқықтанудың дамуында маңызды қадамдар жасалды.

Салыстырмалы заңнаманың француз мектебі. Егер де 19ғ. бірінші жартысында салыстырмалы құқықтанудың орталығы Германияда болса, екінші жартысында ол Францияға ауысты.

Түрлі құқықтық жүйелерді салыстырмалы зерттеу мұнда тәжірибелік –қолданбалы мақсатта жүзеге асырылды,яғни ұлттық заңнаманы жетілдіру үшін.Сондықтан “салыстырмалы заңнама ”термині иі кездеседі,ол ғылымның қолданбалы сипатын айқындады.Сонымен қатар француз құқықтық ғылымында билік еткен позитивизм(экзегез мектебі) де маңызды роль атқарды.

1869 ж. Салыстырмалы заңнама қоғамы құрылады.Кейін ол компаративистиканың дамуында маңызды роль ойнайтын болады.Бұл қоғамның негізін салушыларының ойынша оның құрылуы заңгерлердің бір заңшығарушылық жүйенің шектелген шеттерінен шығу талаптарына сай болды.Бұл мақсатқа жету үшін,ұоғам басқа елдердің заңгерлерімен ынтымақтасуға өте тырысты.Ол кезде шетел құқығы бойынша зерттеулер мен баптар басылатын қоғам бюллетеньдері шыға бастады. (“Bulletin de la Societe de legislation compare’e”)

Қоғамды заң мәтіндерімен таныстыру мақсатында қоғам 1875 ж. бастап Шетел заңнамасының жыл сайын шығарды(“Annuaire de legislation etrangere”)

Францияның әділет министрлігінің жаңынан шетел заңнамасының комитеті құрылды. Ол салыстырмалы заңнама қоғамымен бірге көптеген шетел кодекстерін және басқа да маңызды актілерді француз тіліне аударуды қамтамасыз еткен.

Бұл жылдары француз құқықтық жүйесі тұрақтанды. Салыстырмалы заңнаманың пәні күшіндегі құқықтық нормалар және институттар болып табылады.Оның нақты мақсаты заңнама үшін қажетті нәтижелерді зерттеу.

Алайда,біртіндеп француз компаративистканың теориялық деңгейі экзегездерден шығып, 20 ғ.қарсаңында онда маңызды теорялық конструкцялар құрыла бастады. Осында ең алдымен Р.Салейльдің жұмыстарыне назар аудару қажет.

Р.Салейльдің салыстырмалы құқыққа көзқарасын екі фактор тұрғысынан қарастырылады. Біріншіден, 1804 ж. Наполеон Кодексі 19 ғ. ескіріп кетті. Екіншіден, Р.Салейльге Р.Иерингтің оқуы үлкен әсер етті, әсіресе құқықтың үнемі эволюцияанатыны туралы тезисі.

1804 ж. Француз азаматық кодексінің жүз жылдық жасы оның құққтық нормалары мен қоғамның тәжірибелік мұқтаждықтары аралығындағы бос кеңістіктің айқындалуына әкелді. Экзег мектебі оған қарсы төтеп бере алмады.

Бірінші халықаралық құқық конгрессінде былай де айтты:”ол керісінше, доктрина мен сот тәжірибесінің арасындағы кеңістікті кеңейтті” Р.Салейльдің пікірінше, салыстырмалы құқықтың ең басты мақсаты ұлттық құқықты жетілдіру.Әрине,салыстырмалы құқықтық заңшығарушы саясаты үшін маңыздылығы бұрында да айтылып келеді, А.Фейрбахпен, К.Миттерайермен. Алайда Р.Салейльдің ұстанымы”салыстырмалы құқық-құқықтың дамуы” арақатынасына арнайы тәсіл жолымен келуімен ерекшеленеді.Оның шекаралары,мақсаттары және эффективтілігі құқықтың қайнар көзі ретінде енді әлдеқайда кеңінен түсіндірілетін. Сөйтіп,салыстырмалы құқықтың көмегімен Р.Салейль құқық эволюциясында сот тәжірибесінде алдынғы қатарлы құқықшығармашылық ролді беруге тырысты.

Ресейдегі салыстырмалы құқықтану. Ресейдегі жеке батыс компаративисттерінің жетістіктерін танымау,жарияламау қарсылықты туғызады.Сөйтіп,салыстырмалы құқықтануының дамуының тарихи очеркінің авторы Л.Ж .Константиненко өз еңбегінде 70тен астам ғалымдардың аты жөнін атағанда,бір де бір орыс заңгерін қоспайды.Ағылшын классикалық компаративисті Х.Гаттериджде дәл солай.

Танымал орыс құқық тарихшысы Н.П Загоскин өзінің 1891ж.”Орыс құқығының ғылымы. Оның көмекші оқулары,қайнар көздері,әдебиеті” атты библиографиялық еңбегінде “тарихи орыс құқығын оқып зерттеуде салыстырмалы- тарихи әдісті қолдану” жеке бөлімді арнады.

Танымал орыс құқық тарихшысы А.Филиппов орыс құқығының тарихы оқулығында (1914ж) былай деп жазды:”Егер жапыславяндық құқықтың бөлігі орыс құқығының тарихы басқа славян халықтарының тарихи құқығымен тарихи байланыста болу керек болса,славян құқығының тарихы,германдық ,римдік ,және басқа да халықтардың тарихи құқықтырымен қатар жалпы құқық тарихының құрушы бөлігі ретінде қарастырылуы тиіс.Ол “салыстырмалы құқықтану ” немесе “салыстырмалы тарихи қүқықтану” деп аталады.

Сонымен қатар, Н.М.Коркунова, В.И.Сергеевич, К.Малышева, Н.П.Загоскина, М.М.Ковалевский, П.И.Виноградов, Ф.Ф.Зигель, С.Мурамцев, Г.Ф.Шерииневич, Ф.В.Таранскийдің және басқада өрыс заңгер ғалымдарының салған күштерін айқындау керек. Олардың салыстырмалы әдіс түсінігіне келу әдістерінің әртүрлілігінде ғана емес, олар салыстырмалы құқықтану методологиянын дайындау процесіне зор үлестерін қосты.

21 ғ. 80 ж. заңгер-ғалым А.Башмаков былай деп жазды: ”Салыстыру әдісі оның тәтижелері әлі алда балғанмен,қазір құқықтануға енуде.Қазіргі кезде салыстыруға ұмтылудің өзі модаға айналды...қазіргі кезде Ресейде сөт өндірісі ж/е құқықтың кез келген басқа саласында өқырманды көптеген шетел зациамаларынан алынған фактілерді ұсынатын оқулықтарды кеңінен кездестіруге болады.(Заң газеті,1886)

Салыстырмалы құқық тарихына арналған еңбектерімен танымал,Мәскеу ж/е петербург университетің орыс құқығы тарихы пәнінің профессоры В.И.Сергеевич,тарихи салыстыру деп,бір қоғамның біртіндеп өзгеруінің түрлі рет-ретті ахуалдарын салыстыру оның бірінші ахуалынан екіншісіне өтіп,дамуының заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік береді.

Салыстырмалы-тарихи құқық зерттеуінің мазмұның түрлерің,мақсаттарын, нәтижелерің Харьков университетінең славян заңнамалар тарихының профессоры Н.Максименко тануға тырысты.

Оның пікірінше түрлі құқықтық жүйелер бір-бірінен:

  1. шығу тегінің ортақтығы; 2) а) әйгілі елдің өзінің колонияларына құқықтық нормаларды ауыстыру; б) ұқсату жолымен жүзеге асырылатын үлгі етіп алу; 3) өмір жағдайлары мен мұқтаждарының бірдейлігімен ұқсауы мүмкін.

19-20 ғ. қарсанында Ресейдегі с/ы құқықтанудың алғаш ірі насихаттаушысы, университеттік құқықтық ғылымының танымал өкілі заңгер энциклопедист М.М.Ковалевский болды.Салыстырмалы құқық тарихи құқық дәрістерілің кіріспе сөрінде жаңа пәннің мақсатын былай сипоттады:бұл “ұлттық заңнаманың жетілдірудің қосымша ал кей кездерде жалғау жолы болып табылады.

Ғалым құқықтық ғылымының түрлі салыстырмалы зерттеудің кең мүмкіндектерін көріп, құқық тарихына аса көніл бөлді.

М.М.Ковалевский екі әдісті ажыратқан.Біріншісі былайша сипатталады:кез келген заңнамаларды салыстыру бұл халықтардың бір этникалық құрсақтан,шығатынын есепке алумен жүзеге асырылды.Осымен түсініктер мен институттардың ұқсастығы түсіндіріледі.Екіншісі бойынша,халықтар пайда болуының жалпылығының болмаған жағдайында да қоғамдық дамудың бірдей деңгейіне жетеді.Ковалевскийдің өзі осы әдісті пайдаланған.Шарттардың бірдейліігінің қайнар көзі бірдей оқиғаның қайталануында емес,түрлі елдердің қоғамның дамуының бірдей сатыларынан өтуі.

Салыстырмалы әдістің жалпы сипаттамасында Ковалевский оның екі функциясын айқындады:абсолютті жаңа ғылымның құру құралы ретінде (ол түрлі атауларға ие-сиаттаушы социология адам қоғамдарының табиғи санының тарихы,адам қоғамының табиғи тарихы) және тарих немесе қандай да бір құқықтық жүйені оқу әдісі ретінде.

Ковалевскийдің пікірінше, салыстыру максималды кең ауқымда жүргізілүі тиіс, ал компаративист зертеуші «тең шамада археология мағлұматтарымен, салыстырмалы этнография және этнологияның нәтижелерімен, әдебиет және жазба ескеткіштерінің тарихи куәліктерімен пайдалануы тиіс.

Тарихи салыстырмалы әдісті пайдалана құрылған Ковалевскийдің еңбектері қауымдас жер иеленушілікке ,жалпы құқыққа және тарих пен саяси идеялар саласындағы кең жұмыстарға арналған. Зерттеуде Ковалевский екі мәселені шешуге тырысты.Бұл мәселелер екі ірі әлеуметтік талаптарға сәйкес келеді:теориялық (яғни тарихи құқықтық) және тәжірибелік (ішкі саясатты орнату мен патша билігінің және соттардың құқықтық халықтық дәстүрлерге қатынасымен байланысты)

Салыстырмалы әдістің теориялық және қолданбалы мүмкіндіктерімен жұмыс істеу қызығушылығын Ковалевский өмір бойы сақтап қалған. Онымен бірге ол бұл мәселені шешудегі зор қиындықтардың баршылығын әбден түсінді.Компаративисттің алдында тұрған мақсаты туралылекциялардың бірінде Ковалевский былай деп айтты. «Дін тарихында, құқықта, әдет ғұрыптарда, дәстүлерді салыстырмалы әдістің көмегімен жасалатын барлық ашуларды, жаңалықтарды бақылауға тура келеді. Бір уақытта тарихшы, психолог, фольклорист болуға, өз миынды нақты ғылымдарды және әлеуметтануды зерттеумен тәрбиелеуге тура келеді. Ол табиғи құқық доктринасын және нормандық мектепті сынға ұшыратқан және құқықты қоғам өмірінің әлеуметтік жағдайларынан түсінуге болатындығын айтты. Ол салыстырмалы құқықтанудың басқарушы әлеуметтік идеологияға тәуелділігін ,және оның басқа да әдістерімен тығыз байланысын үнемі айқындаған. Алайда онымен қорғалған, қоғам дамуын сипаттайтын ақиқаттар плюрализмі тұжырымдамасы қоғамдық құбылыстардың жалпылануына және сарапталуынаберік бағдар бере алмады.

Салыстырмалы құқықтың дамуына тағы бір көрнекті орыс ғалымы П.Г.Виноградов зор үлесін қосты. Ол ортағасырлардың әлеуметтік тарихын тарихи сараптау, тарихи құқықтық және салыстырмалы әдістерді бірге пайдаланған терең ойшыл зерттеушісі болды. Оның еңбектерінің техникалық орындалуы әсіресе құқық институттарының және құқықтық қатынастардың сараптамасы стилистикалық әдемілілігімен ерекшеленеді. П.Виноградов орыс ғылым академиясының мүшесі болды, ал 1903 ж. бастап өлміне шейін Оксфорд университетінде салыстырмалы құқық кафедрасының меңгерушісі болды.(Г.Мэн және Ф.Поллоктан кейін )

Виноградов ортағасыр Еуропадағы рим құқығын рецензиялау үрдісін сараптау кезінде сәтті пайдаланған.

Англия және Америка Құрама Штаттарындағы салыстырмалы құқықтанудың пайда болу тарихы. Ағылшын профессоры Н.Браун Англиядағы салыстырмалы құқыққа қызуғышылықтың туындауын екі негізгі оқиғамен байланыстырады:Біріншісі Чарльз Дарвиннің түрлердің пайда болуын зерттеуі және анатомия,философия,дін саласында салыстырмалы зерттеу.Екіншісі Британдық империяның кеңеюімен.