- •Дәрістік, семинарлық сабақтардың тақырыптық жоспары
- •Соөж және сөж тапсырмаларын орындау және тапсырудың тақырыптық жоспары
- •Білімді бағалау туралы мәлімет
- •Білім бағалаудың жалпы шкаласы
- •«Салыстырмалы құқықтану» пәнінен оқулықтармен қамтамасыз етілуі (электронды оқулықтарымен қоса)
- •Тақырып бойынша дәрістердің мазмұны
- •1861Ж. «Көне құқық » атты кітап шықты.Оның авторы сэр г.Мэн Оксфорд университетінің салыстырмалы құқықтану кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды.
- •1859 Жылы а. Леви профессорының “Халқаралық сауда құқығы” атты еңбегі шықты. Онда ол ағылшын сауда құқығына 28 шет ел мемлекеттерімен салыстырмалы анализін жүргізеді.
- •2.Социалистік құқық пен постсоциалистік құқықтың қандай құқық қайнар көздері болған және өмір сүруде? Бұл құқық қайнар көздерінің жалпы құқық қайнар көздері жүйесінде қайсысы қандай орынға ие?
- •І аралық бақылау сұрақтары
- •Модуль мазмұнына арналған формуляр
1861Ж. «Көне құқық » атты кітап шықты.Оның авторы сэр г.Мэн Оксфорд университетінің салыстырмалы құқықтану кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды.
Сол уақытта АҚШ та да құқықтану саласында зерттеулер басталды және Иель (1876ж.) ж Британдық империяның отар елдерінде англосаксодық жалпы құқықтан өте ерекшеленетін заңнама күшінде болатын. Бұл оларды тәжірибелік мақсатта салыстыруға итермеледі. Себебі отар елдерді “тура емес билеу” британдық жүйесі туземдіқ құқықтарды сақтаған және британдықтар үшін мүдделі емес құқықтық қатынастарға жергілікті заңдарды қолдануға рұқсат еткен. Бұл британдық колониялық әкімшілігін елдердің заңдары мен әдет-ғұрыпарымен танысуға мәжбүр етті. Кейінірек, Британдық империяның жоғарғы сот органы,құпия кеңесі, бұл мәселеге аппеляциялық инстанция түрінде тап болған.1839 жылы басылған Берджтың “Комментарии к колониальному праву” кітабы соған байланысты болған.
Салыстармалы зерттеудің одан әрі дамуының көлемі үнемі ұлғая берген басқа елдермен комерциялық және т.б. байланыстар да талап етті. Бұл ағылшын заңгерлердің алдына шетел сауда құқығын оқу қажеттілігін қойды.
1859 Жылы а. Леви профессорының “Халқаралық сауда құқығы” атты еңбегі шықты. Онда ол ағылшын сауда құқығына 28 шет ел мемлекеттерімен салыстырмалы анализін жүргізеді.
Бұл факторлардың барлығы 1895 жылы салыстырмалы заңдама қоғамының құрылуына және “Салыстырмалы құқық қоғамы” журналының шығарылуына әкелді.
Қоғам өз алдына Ұлыбританияда және АҚШ- та күшіндегі статуттың құқықты жүйелендіруді негізі мақсат қылып қойса, журнал болса,ағылшын оқырмандарына және отар елдер өкіметтеріне барлық империяда болым жатқан заң оқиғалар туралы мәліметтерді ұсынады.
Дегемен, салытырсалы құқықтын дамуы ұзаққа созылды, және кейбір ағылшын авторларының пікірінше, бұл ұғымының қәзіргі заманғы түсінігінде ол 19 ғасырдын II жартысынан кейін ғана әйгілі болды.
АҚШ-та, американ мемлекетінің өмір сүруінің бірінші он жылдығында ағылшын үлгілерінің барлығына тәріс көзқарас байқалатын, ал салыстырмалы құқық табиғи құқықтың шығуының тәсілдері ретінде қарастырылған.
Рим және Француз құқықтарын жетік білген Кент және Стори еңбектерінің негізінде дәл осындай көзқарас орын алған. Сонымен қатар, практикалық мұқтаж және өзіндік құқықтық жүйелері бар көптеген штаттардың болуы салыстырмалы- құқықтық зерттеулерді жүргізу қажеттігін тудырды.
Ағылшын жалпы құқығының моделін қолдануды білдірді. Оны ішкі отбасылық салыстыру деп атауға болады, ал әртүрлі штаттардың құқықтың жүйелерін салыстыру- штатаралық.
Англиядағы XIX ғасыр салыстырмалы құқықтануында Г. Мен ерекше орын алады.Оның пікірінше, “салыстырмалы құқықтанудың негзгі функциясы болыпзаңнаманың дамуы және құқықтың практикалық жетілдіруі болып табылады”.
Тақырып №3. Салыстырмалы құқықтану және ұлттық құқық пен халықаралық құқық
3.1. Ұлттық құқықтың негізгі белгілері мен нысандары.
3.2. Ұлттық құқық пен халықаралық құқықтың арақатынасы.
Салыстырмалы құқықтану өзінің зерттеу объектісі ретінде тек ұлттық құқықтық жүйелерді ғана емес Халықаралық құқықты да (жеке және жария) зерттейді.
Халықаралық құқықты салыстырмалы тұрғыда зерттеу кезінде ол салыстырмалы анализ жасауға тұрарлықтай ерекшеленген, дербес құқық саласы ма деген сұрақ туындайды. Бұл сұрақтың жауабы алғаш қарағанда анық сияқты болғанмен, оның артында ұзаққа созылған интеллектуалдық күрес тұр.
Бұл сұрақ төңірегінде қазіргі күнге дейін әр түрлі ойлар айтылып жүр, соның ішіндегі нақты факт болып табылатын жағдай Халықаралық құқық және оның жүйесінің көпке дейін жеке ғылым саласы ретінде танылмауы еді.
19-ғасыр мен 20-ғасыр басында еңбек еткен көрнекті неміс мемлекеттанушысы Г. Еллинек «Халықаралық құқықтың дербес ғылым ретінде өмір сүре алу мүмкіндігіне ғалымдар көп күмән келтірді» деді. «Оны жоққа шығарушылар бұл мәселені бұрынғы цивилистік шаблонмен шешуге тырысушылар болды. Бұл мәселеге соңғы тұжырым айтушылар сол құқықты пайдаланып отырған құрылымдар, яғни мемлекеттер болуы керек. Егер мемлекеттер өздерін Халықаралық құқықпен байланыстымыз деп мойындаса осы жағдай Халықаралық құқықтың өмір сүруінің сенімді базисі болып табылады.»
Халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың бір-бірімен қатынасы туралы мәселеге тоқталар болсақ, аталған құқық салаларын салыстырмалы түрде бір-бірінен дербес салалар деп санайтындар оларды салыстыру кезінде ұқсастықтарынан гөрі ерекшеліктеріне көп тоқталады.
Олар бірінші кезекте құқық қайнар көздеріне байланысты ерекшеленеді, өйткені ұлттық құқықтың қайнар көзі мемлекет ішіндегі заң актілері болса, Халықаралық құқықтың қайнар көзі болып мемлекеттер мен халықтар арасындағы құқықтуғызушы шарттар табылады.
Екіншіден, бұл құқық салалары өздерінің реттейтін қатынастарына байланысты ерекшеленеді. Ұлттық, яғни мемлекетішіндік құқық бір мемлекет ішіндегі азаматтардың қатынасын және мемлекеттің азаматтармен қатынасын реттейтін болса, Халықаралық құқық мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейді.
Соңында бұл құқық салалары бір-бірінен құқықтың мазмұнына байланысты ерекшеленеді. Ұлттық құқық өзінің бағыныштылары бар мемлекеттің құқығы болса, Халықаралық құқық мемлекеттердің үстіндегі емес, мемлекеттер арасындағы құқық.
Халықаралық және ұлттық құқықтардың өзара әсері мен байланысы әруақытта отандық зерттеушілердің ерекше көңіл бөлетін мәселесі болып келеді.
Халықаралық құқық пен Қазақстан Республикасының мемлекетішіндік құқығының қарым-қатысына байланысты проблемалық сұрақтар Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі қабылданған Конституцияларынан кейін көтеріле бастады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы 1995-жылғы Конституциясының 4-бабының 3-тармағында былай делінген: «Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады.»
Конституцияға мұндай мазмұндағы баптың енгізілуі біздің мемлекетіміздің қазіргі заманғы халықаралық жағдайдағы мемлекеттің ішінде болсын, мемлекеттер арасындағы болсын мәселелерді шешудегі Халықаралық құқықтың мәнін ұғынғандығының белгісі болып табылады.
Шетелдік және отандық ғалымдардың арасында мемлекеттің құқық жүйесінде ұлттық құқық пен халықаралық құқық екеуінің қайсысы басымдықта болу керектігі туралы дау көптен бері жалғасып келеді. Бұл мәселе төңірегінде біржақты шешім қабылдауға болмайды.
Халықаралық құқықтың басымдық жағдайын енгізе отырып, ұлттық құқықтың егемендік жағдайын жоққа шығармас үшін мемлекеттің құқықшығармашылық қызметінде келесі жағдайлар ескерілуі керек:
Біріншіден, Халықаралық құқықтың басымдылығы деген ұғымды халықаралық құқықтың барлық нормалары мен қағидалары, халықаралық шарттар ұлттық құқықтың нормаларына тікелей әсер етіп, әруақытта үстемдік етуі керек деп ұғынбай, Ұлттық құқықтың нормаларын барлық мемлекеттер ұстануға міндетті ережелер мен жалпыға ортақ халықаралық құқық принциптеріне барынша сәйкестендіру деп түсінуіміз қажет;
Екінші жағынан, Халықаралық құқықтың жалпы жұрт мойындаған қағидалары мен халықаралық шарттардың нормаларын ұлттық құқықтық жүйедегі басымдығын қалыптастыра отырып, мемлекетаралық шарттардан туындайтын ұлттық мүдденің тиісінше сыртқа трансформациялануы міндетті түрде жүзеге асуы қажет.
4. Салыстырмалы құқықтану және мемлекетаралық құрылымдар
4.1. Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мәні, құрылуы.
4.2. Еуропалық Одақ құқығы.
1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларус және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашғабатта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Әрменстан, Беларус, Гүржістан, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алма-Аты Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.
Құрылымы
1. Мемлекеттер басшыларының кеңесі;
2. Үкіметтер басшыларының кеңесі;
3. Сыртқы істер министрлерінің кеңесі;
4. Экономикалық кеңесі;
5. Қорғаныс министрлерінің кеңесі;
6. Шекаралық әскер басшыларының кеңесі;
7. ТМД Экономикалық соты;
8. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы;
9. Достастықтың жарғылық және басқа да органдарының жанындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері;
10. ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиясындағы Достастық мемлекеттерінің тұрақты Өкілетті өкілдері;
11. ТМД-ның Атқарушы комитеті.
ТМД-ның Қазақстанға әсері. Тәуелсіз Мемлекет Достастығы 1991 жылы құрылды . Достастықтың құрылуы тәуелсіз мемлекеттердің бір мемлекеттен өркениетті формаға өтуін қамтамасыздандырып, олардың арасында толық егеменді мемлекет және халықаралық құқық принципінің негізінде жаңа қатнасты құруға көмектесті. Мұндай мемлекеттердің кеңесінде республикалар арасында еңбек бөлінісі қолайлы , яғни олапрдың әр қайсысы өнім түрлерін оларға қолайлы жағдайда өндіру үшін. Белгілі салада арнайы территориялар арқылы өнімді орналастыру қоғамдық еңбек үнемді болады. Бұл ТМД елдерінде жақсы өткізіліп отыр. ТМД – ға кіріп отырған әрбір мемлекет өэ бағыты бойынша машықтануда. Қазақстанның жаңа тарихы 15 –жыл шамасымен есептеледі. Бір кеңестік уақыт кезінде республиканың экономикасы халық шаруашылығының кешені беріліп отырған мәтінде қаралса, ал енді Қазақстанның орны мен рөлін жаһандық экономикада толығымен айталамыз. Әлемдік экономиканың конценрациясының көлемі келесі параметрмерге шағылысады. Әлемдегі ішкі өнімнің ЖІӨ - нің көптен бір бөлігі 29 дамыған мемлекетке қатысты – 54,6 %, оның ішінде үлкен 7 – ке – 43,0% кіреді, АҚШ – 20,9%, 12 – мемлекет кіреді Евроодақ – 15,3% кіреді. Әлемдегі 146 – мемлекеттен құрайтын жаңа құрушы нарық пен дамушы мемлекетке әлемдік ЖІӨ - нің 7,2% құрайды, оның ішінде 3,8% ТМД – ның 12 мемлекеті кіреді. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік ЖІӨ - де 0,1% құрайды. Сонда да, 1995 жылдан бастап 1,75% ке өсті 1999 жылы осы көрсеткіш айқын төмендеді, яғни ол 2 факторға байланысты. Біріншіден, 1997 – 1998 жылығы Азия – Ресей қаржы дағдарысының салдарынан. Екіншіден, 1999 жылдың сәуір айында республикада өткен ұлттық валюталық девальвациясы.
Ал 2000 жылдан бастап Қазақстан әлемдік ЖІӨ - мі тұрақты өсуде. Бірақта өсу қарқыны бойынша Қазақстанды әлемдегі көптеген мемлекеттер озуда. Тасмалдау экономикасының өсу динамикасының салыстырмалы анализінің көрсеткіші бойынша, 1999 жылдан бастап Орталық және Шығыс Европа мемлекеттері мен салыстырғанда Қазақстанның ЖІӨ - нің арқыны өзгеріс табуда. 90 жылдармен салыстырғанда, соңғы жылдары Қазақстандағы ЖІӨ - нің өсуі ірі мұнай экспортының түсуіне байланысты. Экспорттық кірісте көмірсутегі шикізаты негізі қайнар көзі болып есептелетін мемлекеттерде экономика динамикасының өсіуі экспортық кірісте энегетика тауары емес мемлекеттермен салыстырғанда төмен. Әлемдік тауар және қызмет экспорты дамыған мемлекеттерде 71,8% құрайды, оның ішінде, осы көрсеткіштің 42,3% әлемдегі 7 жетекші мемлекеттің үлесіне кіреді әлемденгі тауарлар мен қызмет экспортының 21,2% дамушы мемлекеттерге қатысты, транзиттік экономика мемлекеттерінің үлесіне 7%, оның ішінде ТМД мемлекеттеріне 2,7% кіреді. Қазіргі Қазақстанның әлемдік шаруашылықпен бірігіуін сыртқы сауда маңызды болып отыр. Соңғы 10 – жылда Қазақстанның тауар экспорты мен қызметі 2 – есеге артты. Бұл 3 фактормен түсіндіріледі. Біріншіден, шетел инвестициясының ағымының көлеміне қолайлы инвестициялық климат құру ықпалын тигізді, оның үлесі мемлекеттегі мұнай шығару саласының дамуына баңытталады. Өз кезегінде, бұл газ және мұнай алу өсімін шақырды. Екіншіден, әлемдік нарықтағы көмірсутегінің шиказытының қолайлы конъюнкурасы Республикадағы экспорт потенциалының өсуіне ықпалын тигізді. Үшіншіден, соңғы он жылда, Қазақстандық тауар және қызмет экспортының үлесі әлемдік сауданың қарқынды дамуымен салыстырғанда өсті.
Қазақстандағы тауар экспортының өсуі әлемдегі басқа мемлекеттермен салыстырғанда жоғары. Осы он жылда тауар экспорты 3,8% есеге, ал импорт 3,3 % есесге өсті. Қазақстанның тауар экспортының жоғары қарқынды өсуі соңғы 3 жылда білінді. Қазақстанның әлемдік экономикадағы интеграциясының (бірігуі) көлемін шетел инвестициясы ағымындағы жақындық және аймақтық географияны оқуы негізінде жобалау керек. Республикадағы экономикалық реформалар негізігі бағыттарының бірі инвестициялық саясаттың тартымдылығы болып қала береді, яғни ол жергілікті және шетел инвестициялары үшін қолайлы жағдай туғызады. Қазақстандағы инвестициялық жағдай транзиттік мемлекеттер арасында тартымды болып отыр. Бұл республикамыз ТМД мемлекеттерінің арасында инвестициялық деңгейде кредиттік рейтингіні бірінші болып алуымен расталады. Қазақстан потенциалдық инвесторлар үшін экономиканың тартымдылығы, саяси жүйенің тұрақтылығы және қаржы ресурстары арқылы ТМД-дағы қалған мемлекеттердің алдында келе жатыр. Қазақстан транзиттік экономика мемлекеттірінің арасында шетел инвестициясының тура ағымы (ПИИ) көлемі бойынша жетекші орындардың біріне ие. Жаһандық көлемі бойынша Қазақстанның шетел инвестициясының тура ағымына үлесі жылдан жылға өсу үстінде. 1999-2000 жылдары республикадағы шетелдік инвестицияның тура ағымының салмағы әлемдік көлемде төмендеді, бірақта бұл көрсеткіш тез арада өзгерді. Соңғы 3 жылда жаөандық ағымдағы Қазақстанның шетелдің инветсициясының тура ағымы 0,35% деңгейінде тұр.бұл көрсеткіштің максималды мағынасы жағдайы 2000 жылдан белгіленді. Ереже бойынша инвестициялық климат қолайлы. Кейін, ішкі секілді инветсициясының көлемі өседі. Шетелдегідей, олардың өндірісі мемлекеттегі экономиканың қарқынды өсуі қолдауды шешеді. Қазақстан, соңғы 9 жылда әлемдегі көптеген мемлекеттер мен аймақтардың шетелдік инвестициясының ағым динамиканың тартымы бойынша анықтады. 2003 жылы 1995 жылмен салыстырғанда, өсу 214,5% өсті. Дамушы мемлекеттерде бұл көрсеткіш 178,2 %-ке тең, ал дамушыларда ол 153,8 %, орталық шығыс Европа мемлекеттерінде 147 %, ал Ресейде 43,3 % түскені белгіленді. 1993-2004 жылдар аралығында шетелдік инвестициялық ағымының Қазақстан экономикасына бағытталған комулятивті ағымы $ 34 млрд. құрады, оның көп бөлігі мұнай-газ секторынан келеді. $ 18,9 млрд. немесе жалпы көлемі 55,1 % . Әлемдік көлемде макроэкономикалық параметрлерге қарамастан, қазақстанда перспективті дамуы үшін ірі потенциалдар бар, яғни ол табиғи ресурсқа бай. Қазіргі кезде 500 орында 1225 минералды шикізат түрі барын айтуы жеткілікті. Республика осы түрлері бойынша әлемдегі позицияда жетекші орын алады. Қазақстан мырыш, вольфрам және бариттен әлемде бірінші орын алады, ал күміс, қорғасын, хромнан екінші мыстан, марганец,флюориттан үшінші, малибденнен төртінші орындар алып, алтын бойынша бірінші ондыққа кіреді. Біздің мемлекет әлемде темір рудасы бойынша 8 % құрайды, ураннан шамамен 25 %-ын құрайды. әлемде мұнайды барлау бойынша Қазақстан 13-ші орынға ие. 2003 жылдың басында мұнай және газ барлау бойынша 4,6 млрд тонна құрады, оның ішінде газ 331,5 млн. тонна құрайды. Каспийдегі мұнай 1,6 млрд –қа бағаланады, ол «қара алтының» 38% құрайды. Табиғи газ 3 трлн шаршы метрге тең. 1995-2004 жылдары ішкі сауда көлемі 3,6 есеге өсіп, 2004 жылы 32877,5 млн. АҚШ долларын құрады. 1999 жылдан кейің экспорт операциясының өсу қарқыны 10%, ал 2000 жылы 50 %, 2004 жылы 56 % өсті. Ішкі сауда өсімі экспорт көлеміінң ұлғаюы секілді, импорт операцисынада ықпалын тигізді. Сыртқы сауда географиясы өндірістің әртүрлілігінің кеңеюі (диверсифицированность), яғни тәуелсіздің жылдарында ТМД-ны қосты. 2004 жылы Қазақстандағы сауда құрлымындағы бірінші орынға Европалық одақ, Ресей, Швейцария және Қытай шықты. Қазақстан Республикасындағы мекемелер әлемдегі 171 мемлекеттер сауда серіктестіктер бар. өткен жылдарда экспорт және импорт географиялық құрлымында өзгерістер болып, ТМД және басқа да мемлекеттер арасында проценттер өзгерді. 2004 жылы Қазақстанның ішкі сауда айналымы ТМД мемлекетірмен 10 215,1 млн АҚШ долларын құрап, 2003 жылымен салыстырғанда 48 %-ға өсті, оның ішінде экспорт $ 4097,2 млн., импорт $ 6117,9 млн. құрады. әлемдегі басқа мемлекеттермен сыртқы сауда айналымы 22662,4 млн құрап, 2003 жылмен салыстырғанда 57 % өсті, ал экспорт $ 15999,0 млн.құрап 61 % өсті, импорт $6663,4 млн.құрап, 49 % өсті. Шикізат тауар экспортын тауарлы құрлымының көбісін алып отыр. Минералды өнімдер мен металлдар тауардың негізгі топтарын құрап отыр, срнда да осы тауарлардың салыстырмалы салмағы өзгерді. Өткен жылдармен салыстырғанда минералды өнімдер ұлғайып, металл өнімдері азаюда. 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда азық-түлік тауарларының салыстырмалы салмағы 2 % және шикізат өнімі мен металл өніміінң үлесі 1 % қысқарып, минералды өнімдер 4 % көбейді. Азық-түлік тауарларының өсу көлеміне қарамастан, бидай, арпа жіне еттердің жеткізілу операциясы экспорт қорытындысы бойынша түсті. Металл өнеркәсіп өнімдерін өткен жылдармен салыстырғанда 48 %-ға өсті. Қазақстан өнімінің басты сатып алушылар Швейцария (18,7 %), Италия (15,5%), Ресей (14,1%), Қытай (9,8%), Франция (7,3 %), Вергин аралы (3,8%), Иран (3,5%), Нидерланды (2,3%), Израиль және Португалия (1,6%), Азербайжан, Испания, АҚШ және Украина (1,4%) тен алады. ТМД мемлекеттері үшін экспорттың жалпы көлемі 20,4 % құрайды. 2003 жылмен салыстырғанда ТМД мемлекеттеріндегі экспорт 38% өсіп, 4097, $ 2 млн. құрады. Осы аралықта Қазақстандық өнім, түгел ТМД мемлекеттерінде өсті. Әлемдегі басқа мемлекеттердің жалпы экспорт көлемі 79,6 % үлесін құрады. Қазақстан экспортының көлемін европа мемлекеттері құрайды, олардың салыстырмалы салмағы 54,6 % құрайды, оның 34,8 % Европа Одағына әкеледі. Европа мемлекеттерінің арасында Қазақстан экспортының негізгі тұтынушылары Швейцария, Италия, Франция, Нидерланды, Португалия, Ұлыбритания және Германия болып табылады. 2003 жылмен салыстырғанда Европа мемлекеттерінің жалпы экспорты 2,6 % өсті. Азия аймағындағы мемлекеттерге Қазақстандық өнімді жеткізу көлемі 31 % өсті. Қытай Республикасының салыстырмалы салмағы аймақтағы жоғары болып қала береді. Америка елдеріне Қазақстан экспорты 2 есеге қысқарды. Импорт Экспорттың тауарлық құрлымын машина, құрал-жабдықтар, транспрот, химиялық өнімдер және осы салаға байланысты өнісдер, металл өнімін өндіру үшін шикізат жатады. Соңғы жылдарда минералды өнімдерді экспорттау үлесі ұлғаюда. Сол сияқты, металл өнеркәсібінің салыстырмалы салмағы белгіленуде. Экспорттың көбеюі физикалық жеткізудің көлемі секілді, көрсеткіштің тұратындығына байланысты көбеюде. Тауарлардың негізгі топтары бойынша көлем деңгейі өсті, олар: машина, құрал, транспорт, құбырлар және аппараттар. Металл өнеркәсібі, минералды өнім, химиялық өнеркәсіп өнімі бойынша импорттың түсу деңгейі байқалуда. Импорт өнімін негізгі жеткізушілері: Ресей, Германия, Қытай, Украина, АҚШ, Италия, Жапония, Түркия, Франция, Ұлыбритания, Корея, Өзбекстан, Нидерланды болып табылады. ТМД мемлекеттері Қазақстандық нарықта өнімді импорттаушы болып табылады. Европа мемлекетіндегі импорттың жалпы 28,9 % түсуінен 50 % әр түрлі машина түрлерін әкелуден, Германия және Италиядан әкелінетін бөлшек құралдардан, жеңіл автокөліктер, Италия жиһазынан өсті. Азия импортының өсуіне Жапония көлігі, Индия шайы, Қытай және Жапония құбыры, Қытай және Түркияның алюмин заттары әсерін тигізді. 2003 жылмен салыстырғанда АҚШ – тің импорты 30 % өсті. Тауардың негізгі бөлігі АҚШ-тан түседі.
Қазақстанның ТМД шеңберіндегі ынтымақтастығы. ТМД мемлекеттерімен қатынастың дамуы, соның ішінде көпжақты интеграциялы өзара әрекет – Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының ең маңызды бағыттарының бірі. ТМД шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықтың қазақстандық әдістемесінің негізінде тығыз интергациясы астасып жатқан елдердің шағын тобын қалыптастыру мүмкіндігінен туындайтын қарқыны әрқилы интеграция тұжырымдамасы жатыр. Қазақстан Достастық кеңістігіндегі субаймақтық бірлестіктер әрекетінің ашық түрде жүргізілуін, ал олардың мақсаттары мен практикалық әрекеттері ТМД дамуының ортақ арнасында ұштасуын қолдайды. Достастыққа көпжақты өзара әрекеттестіктің түрлі салаларына мемлекеттердің іріктеліп қатысуы тән, яғни, мүдделік білдіретін тараптар форматында жүзеге асады. ТМД органдарының шешімдерінің күші тек оларды қабылдауға қатысқан мемлекеттер үшін ғана таралады. ТМД әрекетінің тиімділігін арттыру, құрылымын жетілдіру мақсатында қазақстан тарапының бастамашылық етуімен шын мәнінде ынтымақтастықтың барлық бағытын қамтитын ТМД-ны одан әрі даму тұжырымдамасы мен оны жүзеге асу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, ол 2007 жылғы қазанда Душанбеде мақұлданды.. Олардың негізінде ТМД-ның 2020 жылға дейінгі Экономикалық дамуы стратегиясы әзірленіп, қабылданды. Еркін сауда аймағын құру, сауда, ауылшаруашылық, электрэнергетика және т.б. нарықтарды қалыптастыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Саяси, гуманитарлық, көлік, қауіпсіздік және көші-қон салаларында өзара әрекеттестік жалғасуда. Аталған Жоспарда бірлестік әрекетін жетілдіру жөніндегі нақты шаралар тізбесі көрініс тапқан. Атап айтқанда, осы құжатқа сәйкес 2008 жылғы қазанда ТМД-да төрағалық ету туралы, Ұлттық үйлестірушілер туралы ережелер қабылданды. Достастықтың салалық органдарын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілуде, ТМД Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ТМД-ның Жоғарғы органдарындағы рәсімдеудің жаңа ережесін қабылдау жоспарлануда. «Бір жыл- бір тақырып» формуласы бойынша жұмыс принципін ескере отырып, 2007 жылы келісілген көші-қон саясаты жөніндегі ұсыныстарды дайындауға арналса (2007 жылғы 5 қазанда Душанбеде тиісті Декларация қабылданды), 2008 жыл келісілген көлік саясаты саласындағы ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар дайындау жылы, ал 2009 жыл – энергетика саласындағы ынтымақтастық жылы.
ТМД елдерінің тілдері. ТМД жеріндегі халықтар сөйлейтін тілдер. ТМД-да тұрушы негізгі халықтардың тілдері 130-ға жуық. Ол тілдерде сейлейтін кейбір халықтардың ТМД-даң тыс жерлерде өз мемлекеті бар. ТМД елдерінің тілдері шығу тегі, типологиясы, сөйлеушілердің саны, жазу дәстүрі жағынан бір-бірінен ерекше. ТМД елдерінің тілдері шығу тегі (генетикалық туыстығы) жағынан мынадай топтар мен семьялардан тұрады:
• Үндіеуропа тілдері, оған:
1. армян тілі;
2. шығыс славян тілдері — беларусь, орыс, украин тілдері;
3. герман тілдері — идиш тілі;
4. иран тілдері — белудж тілі, Памирдегі шығыс-иран тілі, курд, осетин, тәжік, талыш, тат, #ягноб тілдері, памир тілдері;
5. жаңа үнді тілдері — цыган тілі;
6. роман тілдері — молдова тілі кіреді.
• Кавказ (ибери-кавказ) тілдері, оған:
1. абхаз-адыгей тілдері — абазы, абхаз, адыгей, кабарды-черкес тілдері;
2. Картвел тілдері — грузин, зан, сван тілдері;
3. дағыстан тілдері — авар, андий тілдері; лезгин тілдері; цез тілдері;
4. нах тілдері — бацбий, ингуш, чечен тілдері кіреді.
• Қытай-тибет тілдері, оған дүнген тілі кіреді.
• Монгол тілдері, оған: бурят, калмак тілдері кіреді.
Еуропалық құқық – жаңа заңи феномен – ол ХХғ екінші жартысында шықты. «Еуропалық құқық» түсінігі барлық еуропалық ұйымдардың құқығын қамтиды.
Еуропалық құқықтың түсінігінің астарында Еуроалық Кеңестің түсінігі жатыр. Ол 1951ж. Парижде, 1957ж Римде, 1965ж Брюссельде және 1992ж Маастрихтте, 1997ж. Амстердамда пайда болды
Еуропалық құқықтың нормалары кеңейтілген құқықтық комплекстен тұрады, оның даму мен кеңейтілуі бір күнге де тоқтатылмайды. Еуропалық құқық заң нормаларының жиынтығы анықталады. Онда өзіне тән заң тәртібі,өзіне тән негізгі және қосымжа бөліктері мен сипаттары бар.
Еуропалық құқықтың мазмұны
Еуропалық құқық өз ішіне екі негізгі бөлікті кіргізеді, дәлірек институционалды құқық және материалды (субстанционалды) құқық.
Институционалдық еуропалық құқық. Бұл жерде әңгіме әкімшілік, саяси және юридикалық тұрғыда жүреді.
Материальды еуропалық құқық. Ол, атауына байланысты еуропалық құқық нормалары маңызды орын алады, яғни, бұл нормалар, индивидтердің мінез құлықтары мен қызметтерін әр түрлі облыстарда
Еуропаның материялдық құқығы ЕС қолданыстағы құқық нормаларының қолдануымен іске асырылады, олар әр түрлі заңи тәртіптермен мемлекеттің ішкі құқықтарын реттеуге қатысады. Осындай кезеңдердің арқасында ақырын ақырын еуропаның арнайы құқықтары құрыла бастады:еуропалық сауда құқығы, еуропалық салық құқығы, еуропалық әлеуметтік құқығы.
5. Қазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелердің жіктелінуі
5.1. Құқықтық жүйе – салыстырмалы құқықтанудың негізгі түсінігі ретінде.
5.2. Құқықтық отбасы – салыстырмалы құқықтанудың ерекше категориясы.
5.3. Құқықтық жүйелерді жіктеу критерийлері.
Әр елде тарихи тұрғыдан өзінің құқықтық әдет–ғұрыптары, дәстүрлері, заңнамалары, құқықтық діл ерекшеліктері, құқықтық мәдениеті қалыптасты. Әр елдің құқықтық түрлілігі, олардың өзгешелігін көрсетеді, әр қайсысы өзінің құқықтық жүйесінің құқықтық құбылыстардың жиынтығын құрады (қалыптарын, мекемелерін, қатынастарын, құқықтық саналарын), оның шеңберіндегі тіршілік ететіндер (тар мағынадағы құқықтық жүйе). Бірақ ерекшеліктерімен, айырмашылықтарымен қатар, бұл құқықтық жүйелерде ортақ ерекшеліктер табуға болады, ұқсастық элементтері, оларды «құқықтық отбасыларға» топтастыруға мүмкіндік береді (кең мағынадағы құқықтық жүйе), құқықтық қатынастардағы туысты бірнеше елді біріктіреді.
Тарихи даму процесінде әлемдегі барлық елдерде әлеуметтік нормалардың бірнеше түрлері қалыптасып, солар арқылы, қоғамдағы сан–қырлы қатынастар реттеліп, шешіліп жатады. Ол әлеуметтік нормалардың (әдет–ғұрып, салт–дәстүр, мораль, діни, ұжымдық, құқықтық нормалар) қолдануы әр елде әр түрлі. Бір елде – әдет–ғұрып, екінші елде – мораль, үшінші елде – құқық басым түрде қолданылады. Бұл нормаларды қолдануда айтарлықтай ерекшеліктер бар. Әр ел ол нормаларды өздерінің саяси, ұлттық, әлеуметтік ерекшеліктеріне сәйкес қолданады. Сол арқылы әр елде өздерінің ұлттық құқық жүйесі қалыптасады. Сонымен бірге осы ұлттық құқықтық жүйелердің мазмұны мен нысандарында бір–біріне ұқсастық болады. Сол арқылы ұлттық құқық жүйелерін жіктеп, топтастырып, құқықтық жүйеге бөледі, оның негізгі қағидалары мен тәсілдері:
– Бірнеше елдердің құқық жүйесінің негіздері мен мазмұны бір–біріне ұқсас болады. Себебі, олар көне заманда бір мемлекеттің әлеуметтік–нормативтік жүйесінен бөлініп шыққан. Сондықтан, бұл құқық жүйелерінің түпкі негіздеріне және мазмұндарына қарай топтастыру;
– Құқық жүйелерінің нысандарына сәйкес топтастыру. Нормативтік актілердің және әлеуметтік нормалардың қабылдануының, қолдануының ерекшеліктеріне қарай құқықтық жүйеге бөлу;
– Әлеуметтік және құқықтық нормалардың құрылымына қарай жүйеге келтіру. Бірнеше елдің нормаларының элементтері (гипотеза, диспозиция, санкция), құқықтық элементтері (норма, институт, бөлім, сала) бір–біріне ұқсас болады. Бұл топтастырудың негізін құрады, тәсіл болады;
– Әлеуметтік және құқықтық нормалардың құрылу, қабылдау, орындау қағидаларына сәйкес жүйеге келтіру. Бір елде – дін, екінші елде – идеология, үшінші елде – заңдылық басым болады. Осы саясаттар құқықтық жүйенің қағидаларының негізі болады.
Құқықтық жүйелердің жіктелінуінің нәтижесі – «құқықтық отбасы» болып табылады. Әрбір құқықтық отбасының өзінің ерекше кешені болады. Құқықтық отбасы түсінігі, құрылымы, қайнар көздері, жетекші салалары мен құқықтық институттары, құқықтық мәдениет, дәстүр, құқық қолдану қызметінің ерекшелігі, заңды ойлау қабілеті және т. б. тарихи дамуын ұқсастыру нәтижесі болып табылады.
Ұлттық құқықтық жүйелерді жіктеу кезіндегі жіктеуге қойылатын талаптарды анықтап алу теория үшін де, тәжірибе үшін де маңызды мәселе болып табылады. Жіктеуге қойылатын бұл жалпы белгі–критерийлердің сипаты қалай болуы керек? Олардың ерекшелігі мен түрлері қандай? Олардың мазмұны қандай болуы керек? Салыстырылып отырған жүйелердің дамуының барлық сатыларына тән тұрақты болуы керек пе, әлде уақытша болуы керек пе? Ғылыми салыстырмалы–құқықтық әдебиеттерде бұл сұрақтар төңірегіндегі көзқарастар алуан түрлі. Авторлардың көзқарастарының көпқырлылығы мен күрделілігіне қарай айтар болсақ, олардың жауаптары алуан түрлі және бір арнаға келіп саюы мүмкін емес те сияқты. Мысалы, құқықтық жүйелерді жіктеу кезіндегі критерий ретінде алынатын белгі біреу ғана болу керек пе немесе олар бірнешеу болуы қажет пе деген сұраққа бір топ авторлар ол белгі біреу ғана болуы керек дей отыра, құқықтық жүйелер соның негізінде пайда болып, дамитын экономикалық жүйелердің ортақтығы деген критерийді ұсынады. Тағы сол сияқты салыстырылып отырған құқықтық жүйелердің жалғыз критерийі ретінде «ортақ тарихи дәстүр» және «ортақ тарихи болмыс» қарастырылады.
Келесі бір авторлар құқықтық жүйелерді жіктеу бірнеше критерийлер бойынша жүргізілуі керек, тек сонда ғана ол позитивті мәнге ие болады дейді. Бұл авторлар тобы осылай дей отырып, сол бірнеше критерийлердің ішінде біреуінің ерекше, анықтаушы мәні болу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Одан кейінгі шешімін табар мәселелердің бірі ретінде критерийлердің өзінің сипаты қандай болуы керек деген сауал қарастырылады. Олар қарапайым мағыналы болу керек пе немесе ортақ, күрделі мағыналы болуы керек пе деген де дау бар.
Қарапайым критерий ретінде құқықтық дәстүр немесе бір құқықтық отбасыға біріккен жүйелерге ортақ дәстүр ұсынылады. Жіктеудің күрделі критерийі ретінде құқықтық жүйелердің стилі қарастырылады. Құқықтық жүйенің стилі деген ұғым күрделі, көпқырлы құбылыс ретінде қарастырылып, келесі құрамдас бөлшектерден тұрады: құқықтық жүйелердің тарихи болмысы, олардың даму жолдарының ерекшеліктері, құқықтық институттардың негізгі сипаты, құқық қайнар көздерінің иерархиясы, құқықтық жүйелердің басымдықтағы идеологиясы.
Құқықтық жүйелердің толық және ашық жіктеуді ізденуде заңгер компаративистер әртүрлі факторлардың негізін алды: этикалық, нәсілдік, географиялық, діни факторлардан бастап, құқықтық техника мен құқық стилімен аяқтады.
Құқықтық отбасылардың жіктемесі туралы айтқанда, сол мәселеге деген бірнеше көзқарастарды қарастыру керек.
Тағы бір жіктеме К. Цвайгерт және Г. Кетцпен ұсынылды. Бұл жіктеменің негізіне бес факторлар құрылатын «Құқықтық стиль» санаты жатқызылған: құқықтық жүйелердің шығу тарихы мен эволюциясы, заңды ойлаудың өзіндік ерекшелігі, ерекше құқықтық институттар, құқық көздерінің табиғаты және оларды талқылау әдістері, идеологиялық факторлар. Осының негізінде мынадай «құқықтық шеңберлер» айрықшаланады: романдық, германиялық, скандинавиялық, ағылшындық–американдық, социалистік, ислам құқығы, үнді құқығы.
Барлық жағдайларда құқықтың маркстік–лениндік типологиясы ескерілмейді, оның негізінде қоғамдық–экономикалық формация (құл иелену құқығы, феодалдық құқық, буржуазиялық құқық, социалистік құқық) критерийі жатыр. А.Х. Саидов буржузиялық типтің ішінен отбасы құқығын ерекше атап өтеді: романо–германдық, скандинавиялық, латынамерикандық, “жалпы құқықтың” құқықтық отбасын және алыс шығыс құқықтық отбасын. Олар социалистік құқық отбасымен қоса қарастырылады. Социалистік құқықтық отбасы шегінде бүгінгі күні тарихи аспектіде салыстырмалы дербес топтар да өмір сүрді. Олар: кеңестік құқықтық жүйе, Еурапының социалистік елдерінің құқықтық жүйелері, Азияның социалистік елдерінің құқықтық жүйесі және Куба Республикасының құқықтық жүйесі.
Француздық компаративист Р.Родьер «заң компаративистикасында қанша компаративист болса, сонша жіктеулер өмір сүреді» деген. 1919 жылы Француз салыстырмалы заңнама қоғамынының қатысушылары 3 түрлі құқықтық отбасылардан тұратын жіктеумен шектеледі: француздық, ағылшын–американдық және мұсылмандық.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында құқықтанушылардың арасында, нәсілдік жіктеудің жақтаушысы, швейцарлық Г.Созер–Холл үндіевропалық (үнді, иран, кельт, греко–романдық германдық, англосаксондық, латыш–славяндық құқық), семиттік және монголдық құқықтық отбасыларды бөліп шығарды. Әрине мұндай жіктеудің ғылыми маңызы жоқ.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында белгілі бір топтарға лингвистика негізінде біріктіру идеясы заңгерлерді қызықтырды. Егер неміс ғылымдары құқықтық жүйелерді нәсілдік және тілдік белгілері бойынша құқықтық отбасыларға біріктіріп, этникалық белгі бойынша жіктеуден бас тартты.
ХХ ғасырдың басында француз заңгері А.Эсмен құқықтық жүйелерді жіктеу негізіне тарихи қалыптасу ерекшелігін алып, жалпы құрылымы мен белгілеріне қарай келесі топтарға жіктейді:
– латындық (романдық) топ (француздық, бельгиялық, итальяндық, испандық, португалдық, румындық және Латын Америка елдерінің құқығы);
– германдық топ (германдық құқық, Скандинавия елдерінің құқығы, австралиялық, венгерлік құқық);
– англо–саксондық топ (Англия құқықғы, АҚШ);
– славяндық топ;
– мұсылмандық топ.
Е. Глассон құқықтық жүйелерді жіктеу кезінде олардың тарихи қалыптасуына Рим құқығы ықпалының дәрежесі негізге алынып, 3 топқа бөледі:
– Бірінші тобына Рим құқығы едәуір әсер еткен елдер – Италия, Румыния, Португалия, Греция, Испания;
– Екінші тобына Рим құқығы шамалы әсер еткен және құқығы әдет–ғұрып пен варварлық құқыққа негізделген елдер – Англия, Скандинавия елдері, Ресей;
– Үшінші тобына Рим және герман құқығы бірдей әсер еткен елдер – Фрация, Германия, Швейцария.
Глассонның бұл жіктеуі сынға ұшырап, ағылшын құқығы мен орыс құқығының арасында қандай байланыс бар деген сұрақ туындайды. Егер оның әдісі бойынша жіктейтін болсақ, онда екінші топқа мұсылмандық құқық, қытай және үнді құқығын да қосуға болатынын көрсетеді.
Ал А. Леви–Ульман үшін құқықтық жүйелерді жіктеу критерийі ретінде әр құқықтық топтың қайнар көздерінің түрлілігі қызмет атқарды:
– континенталды елдердің құқықтық жүйесі;
– англо–саксондық құқықтық жүйе, яғни прецеденттік құқық;
– ислам құқығы.
Құқықтық жүйелердің жалпы панорамасын беруге тырысқан Дж. Вигмор өзінің 3 томдық және көлемі 1000 беттен асатын, «Панорама правовых систем права мира» еңбегінде, бұрын өмір сүрген және қазіргі кездегі құқықтық жүйелерді 16 негізгі негізгі құқықтық жүйелерге жинақтайды: египеттік, месопотамиялық, иудейлік, қытайлық, үнді, грек, рим, жапон, мұсылмандық, кельттік, славяндық, германдық, теңіздік, шіркеулік, романдық, англикандық. Әрине бұл жіктеуге де дәл негіз жоқ екендігін көрсетеді. Бірақ оның еңбегі үлкен тарихи, құқықтық, ақпараттық материалдарға бай. Автор иллюстрациялық әдісті кеңінен қолданады. Әрбір құқықтық жүйені қарастырған кезде тарихи ескерткіштерді, құқық қолдану органдарының ғимараттарын, заң мамандығы өкілдерінің фотосуреттерін пайдаланған. Ал үшінші томының соңында қазіргі кездегі құқықтық жүйелердің картасын көрсетеді. Қазіргі құқықтық жүйелерді дұрыс түсіну үшін өткенді білу дұрыс. Бірақ ол жіктеу кезінде құқықтық жүйелері жіктеудің синхрондық және диахрондық аспектілерін араластырған.
К. Цвайгерт 40 жылға жуық жіктеу критерийі ретінде «құқықтық стиль» түсінігін алға қояды және «құқықтық стиль» құқықтық жүйелердің жіктеу критерийі ретінде бес факторлардан құралады дейді:
– құқықтық жүйелердің пайда болуы және дамуы;
– құқықтық ой–өрістің әртүрлілігі;
– спецификалық (ерекше) құқықтық институттар;
– құқық қайнар көздері және оған түсінік беру тәсілдері;
– идеологиялық факторлар.
Осы негізде Цвайгерт сегіз құқықтық щеңберді ұсынды: романдық, германдық, скандинавиялық, англо–американдық, социалистік, қиыр шығыстық, ислам құқығы және үнді құқығы.
Р. Давид трихотомия идеясында жіктеу негізіне екі критерий алынды: идеологиялық (дін, философия, экономикалық, әлеуметтік құрылым факторлар) және заңды техника. Бұл екі критерий жиынтықықта болу керектігін басып айтды. Осының негізінде үш құқықтық отбасыны бөліп шығарады: романо–германдық, англо–саксондық және социалистік.
Құқықтық жүйелердің өзіндік ерекшелігі мен ортақ қасиеттерінің қалыптасуы мен критерийлерін анықтауға бірінші кезекте экономикалық фактордың әсер ететіндігіне көпшілік ғалымдар келіседі. М.Богдан одан басқа саяси, идеологиялық, тарихи, географиялық және демографиялық факторларға көңіл аударады.
Қазіргі заманда типологиялық жіктеудің маңызы өте зор. XX ғасырда құқық жүйесі үш есе өсіп, екі жүзге жақындады. Типология — зандарды немесе құбылыстарды қандай да болмасын бір белгілерінің ортақтығына, ұқсастығына қарай жіктеу.
Жіктеу үшін жаһандық типология (кейіптеу) методологиялық негіз болады. Тек жаһандық типология мен құқықтық жүйелердің жіктелінуінің бірлігі ғана әлемнің құқықтық картасы туралы түсінікті қалыптастыру мүмкіндігін береді. Ол үшін типологияның мәні мен маңызын, ұғымын ашып алу керек.
Типологияның негізгі міндеті дүние жүзіндегі көп ұлттық, аспектілік, көп түрлі құқықтық жүйелердің тарихи дамуын, саяси, ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, ғылыми жүйеге қалыптастыру. Мұның негіздері – дүние жүзінің құқықтық картасы, құкықтық тарихи типі, ұлттық құқықтық жүйелері.
Құқықтық жүйелерді жіктеу, оларға сипаттама берудің бірнеше жолдары, түрлері болады. Бұлардың ішіндегі ең негізгі саяси, экономикалық, әлеуметтік т.б. сала жүйеге бөліп қалыптастыру, сол арқылы әр елдің құқықтық жүйелерінің айырмашылығын, ара жіктерін анықтау.
Құқықтың жүйесі бір елдің нормативтік актілерін сала–салаға бөліп жіктеу. Құқықтық жүйе ұлттық көлемде барлық нормаларды біріктіріп, оның мазмұнын, белгілерін, қағидаларын, функцияларын т.б. ерекшеліктерін анықтау.
Құқықтық типологияны қалыптастыратын құбылыстар: ұлттық құқықтық жүйе, құқықтың тарихи типтері және құқықтық жүйелердің мазмұндарының ұқсастығы (құқықтық отбасы).
1. Ұлттық құқықтық жүйе – бір елдің шеңберінде экономикалық, саяси, тарихи және ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, қалыптасқан құқықтық жүйе. Сонымен бірге бұл жүйе өз елінің рухани, мәдени, әдет–ғұрпын, салт–дәстүрін де бірлестіре дамиды. Бұл құқықтық жүйенің құндылығы – осы ұлттық өзгешіліктерді, ерекшеліктерді ескере, бірлестіре отырып қалыптасуында.
2. Құқықтық «отбасылық» жүйе – құқықтық нормалардың мазмұнына қарай бірлестіріп, жүйелеу. Бұл жүйелеуге бір немесе бірнеше дәуірдің құқықтық нормалары кіруі мүмкін. «Отбасылық» жүйелеудің үш негізгі компоненті болады: құқық жүйесі, тәжірибе және құқықтық сана. Бұл үш элемент құқықтық «отбасыда» міндетті түрде болуға тиіс. Әр елдің ұлттық экономикалық, саяси, тарихи, мәдени т.б. ерекшеліктеріне сәйкес дамып, қалыптасқан құқықтық жүйеде, оның «отбасылық» мазмұны айқын көрініп, бір занды типологияны құрастырады.
3. Құқықтың тарихи типтері – қоғамның, экономикалық, саяси, рухани, мәдени бірлестіктері арқылы қалыптасатын құқықтық жүйе. Бұл туралы бірнеше пікір бар. Марксизм құқықтың түрін таптық құрылыспен және экономикалық жағдайлармен байланыстырады, сондықтан құл иеленушшік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік құқықтың түрлері болады деп түсіндіреді. Дүние жүзінің заң ғылымының пікірі – құқықтың өзгеруіне тек экономикалық базистің өзгеруі жеткіліксіз. Оған қоса қоғамның саяси, рухани, мәдени негіздері өзгеруге тиіс. Сонда ғана құқық жаңарып, жаңа занды құқықтық типология қалыптасады.
4. Бұл пікірдің қорытынды тұжырымы бойынша, құқықтың тарихи төрт түрі болады: ежелгі дәуірдегі құқық жүйесі, орта ғасырлардағы құқық жүйесі, жаңа ғасырлардағы құқық жүйесі, қазіргі замандағы құқық жүйесі.
5. Ғаламдық құқықтық типология – қазіргі замандағы дүниежүзілік көлемде құқықтық жүйелердің бірлестігі мен дербестігін зерттеп, олардың бір бағытта дұрыс дамуына ғылыми тұрғыдан мүмкіншілік жасауда. Оның негізгі бағыты дүниежүзілік қоғамның саяси–экономикалық құрылысын, дамуын жақындастыру. Бұл ғаламдық құқықтық типологияны қалыптастырудың негізгі критериі болуға тиіс. Осы процесс арқьшы бірнеше мәселе анықталуға тиіс: бірінші – ұлттық құқықтық жүйелердің әлемдік көлемде пайдалануға болатын нышан–белгілері; екінші — жартылай (бірнеше мемлекеттердің бірігуі) пайдалануға болатын белгілері; үшінші – құқықтың отбасылық жүйе көлемінде пайдалануға болатын белгілері; төртінші — тек ұлттық құқықтық жүйе шеңберінде ғана дамитын құқық жүйесі. Бұлардың алғы үшеуі ғаламдық, құқықтық типологияны қалыптастырудың негізгі бағыттары.
Қазіргі заманда ұлттық құқықтық жүйелер объективті прогрестік жолмен дамып, соған сәйкес занды типологияның мазмұны да өзгеруде;
– құқықтың негізгі бағыты халықтың әлеуметтік жағдайы және адамдардың денсаулығына бет бұру;
– әлемдік глобальдық проблемалардың барлық мемлекеттерді біріктіруі, сол арқылы құқықтық жүйелердің өзара бірігіп дамуы;
– құкықтық мемлекетті қалыптастыру дүниежүзілік мүдде–мақсатқа айналуы.
Сонымен, типология – әлемнің құқықтық картасына көп аспектілі жіктеп, көп қырлы анализ берудің алғы шарты. Философиялық тұрғыдан заңды типология құқықтың тарихи типтерінің бірлестігін, құқықтық отбасының ерекше маңыздылығын, ұлттық құқықтық жүйесінің бірлігін көрсетеді. А. Тойнби құқық типологиясында өркениеттік көзқарас бойынша мынадай өркениеттерді көрсетеді:
– Еуропалық құқық (Рим құқығынан бастау алады):
– Континентальды құқық;
– Мұсылмандық құқық (Ислам мемлекеттері);
– Постсоветтік (кеңестен кейінгі) құқық (ТМД қатысушылары);
– Социалистік құқық (Куба, Қытай);
– Дуалистік құқық (Жапония, Танзания, Үнді, Израйль, Мысыр, Сингапур).
Ресейлік ғалым М.М. Рассолов болса, құқықтық жүйелерді типологиясына қарай ұлттық құқықтық жүйе, құқықтық отбасылар, құқықтық жүйелер тобы деп қарастырады және келесідей құқықтық отбасыларды атап көрсетеді: англо–американдық, роман–германдық, дәстүрлік, мұсылмандық, үндістік, славяндық. Автор үндіс құқығының кезінде англо–саксондық құқық көлеңкесінде қалғанын жоққа шығармайды, ал славяндық құқықтың роман–германдық құқықпен байланыстылығын әділ атап өтеді.
Құқықтық жүйелердің жіктелінуінің нәтижесі – құқықтық отбасы болып табылады. Әрбір құқықтық отбасының өзінің ерекше кешені болады. Құқықтық отбасы түсінігі, құрылымы, қайнар көздері, жетекші салалары мен құқықтық институттары, құқықтық мәдениет, дәстүр, құқық қолдану қызметінің ерекшелігі, заңды ойлау қабілеті және т.б. тарихи дамуын ұқсастыру нәтижесі болып табылады. Жіктеу құқықтық жүйе деңгейінде және құқық салалары деңгейінде де болуы мүмкін. Сондықтан құқықтық отбасыларды идентификациялау өте қиын іс, өйткені тұрақталмаған құқықтық стильдер бар. Мысалы, ҚХР әлемнің құқықтық картасында Қиыр шығыстық құқықтық отбасыға жатқызуға болады немесе социалистік құқықтық жүйеге.
Қорыта келе, негізгі құқықтық отбасыларды шығару үшін үш бір–бірімен байланысты критерийді ұсынамыз:
– құқықтық жүйелердің тарихы;
– құқық қайнар көздерінің жүйесі;
– құқық жүйесінің құрылымы.
Осындай өзара байланысқан критерийлерден шығып, келесідей құқықтық отбасыларды бөліп шығаруға болады: жалпы құқық; романо–германдық; скандинавиялық; латынамерикандық; социалистік, діни, дәстүрлі, қиыршығыстық және аралас.
Жалпы, құқықтық жүйе көптеген мемлекеттерде қалыптасқан ұлттық құқықтық жүйелердің басын біріктіретін ұғым болғандықтан, авторлардың тарапынан ұсынылған пікірлерге келіспеушілік білдіруге болады. Ал, көшпелі өркениеттің құқықтық жүйесін, славяндық құқықтық жүйе мен үндіс құқықтық жүйесін ұлттық құқықтық жүйе деп айқындау дұрысырақ болар еді. Ұлттық құқықтық жүйенің басты ерекшелігі сол ол белгілі бір мемлекет аумғында қалыптасады, сол мемлекетте жүргізіліп отырған саясатқа қатысты дамиды және белгілі бір тарихи жағдайлар щеңберінде нақты құқықтық отбасының ерекшеліктерін бойына сіңіреді. Кей Кездері ұлттық құқықтық жүйе толығымен жаңа құқықтық отбасының қарамағына өтсе (мысалы, қазақтың әдеттік құқығы), кей кездері өзіндік ерекшеліктерін сақтап қалуы мүмкін (мысалы, үнді құқығы). Бірақ ұлттық құқықтық жүйелер нақты құқықтық отбасына өзгеріс енгізе алмайды, олар тек өз аумақтарында ғана сол құқықтық отбасы щеңберінде өз ерекшеліктерін сақтау арқылы әрекет ете алады.
Қарастырылып отырған мәселе күрделі болғандықтан, толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Өйткені құқықтық жүйелерді зерттеу арқылы, ұлттық құқықты жақсырақ түсінуге, оның күшті және әлсіз жақтарын, қарама–қайшылықтарын, пайдаланбаған мүмкіншіліктерін, дүниежүзілік тәжірибемен сыйыспайтын қолайсыз шешімдерді іздеп табуға көмектесуге, яғни ұлттық құқықты жетілдіруге мүмкіншілік туғызады.
Тақырып №6. Романо-германдық құқықтық отбасы
6.1. Романо-германдық құқықтық отбасысының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері.
6.2. Романо-германдық құқықтық отбасысының қайнар көздері: түсінігі, түрлері, жіктелуі.
6.3. Францияның құқықтық жүйесінің ерекшеліктері. Француздық құқықтың қайнар көздері.
6.4. Германияның құқықтық жүйесінің ерекшеліктері. Германдық құқық қайнар көздерінің ерекшеліктері.
Қазіргі заманда өмір сүріп отырған құқықтық жүйелердің ішінде романо-германдық құқықтық жүйе ерекше орын алады және құқық теориясы мен тәжірибесінің дамуында айтарлықтай маңызға ие.
Романо-германдық құқықтық жүйе қазіргі заманғы көптеген елдерді, атап айтар болсақ, Африка елдерінің көпшілігін, Латын Америкасын тұтастай, Таяу Шығыс елдерін, Индонезия, Жапония, бүкіл континенталдық Европаны сонымен қатар бұрынғы Кеңестер Одағынан бөлініп шыққан мемлекеттердің барлығын, солардың ішіндегі Қазақстан Республикасын да қамтиды.
Осы біз қарастырып отырған құқықтық жүйенің өзі өз ішіндегі ерекшеліктеріне байланысты романдық және германдық деп аталатын екі топқа бөлінеді. Бірінші топты Франция, Италия, Испания, Бельгия, Люксембург, Голландия елдерінің құқықтық жүйелері құраса, екінші топты Германия, Австрия, Швейцария және т.б. елдердің құқықтық жүйелері құрайды.
Романо-германдық құқықтық жүйесінің пайда болып, дамыған ортасы ретінде континенталдық Европа саналады. Бірақ оның соңғы ғасырларда Европадан тыс басқа аймақтарға кең тарағандығына бүгінгі күн куә. Осыған орай романо-германдық құқықтық жүйені кейбір авторлар латынамерикандық, скандинавиялық, латындық деген сияқты топтарға бөліп қарастырып жүр, бірақ бұл жіктеуге көзқарас бірауызды емес.
Романо-германдық құқықтық жүйе өзінің тарихи және генетикалық бастауын Ежелгі Римнен, яғни Рим құқығынан алады. Бұл жағдай аталмыш құқықтық жүйенің англо-саксондық және қазіргі заманда өмір сүруші барлық басқа құқықтық жүйелерден ерекшелейді. Осы жағдай оның ең маңызды ерекшелігі болып табылады.
Романо-германдық құқықтық жүйені заң ғылымдары қарастыратын күрделі әлеуметтік құбылыстардың бірі ретінде танитын болсақ, оның мәні, көрініс табу формалары, қайнар көздері, оның атқарып отырған қызметтері мен мазмұны, ғылыми талқылаудағы теориялық мәселелері туралы ойлар алуан түрлі. Бұл мәселелерді кеңінен ұғыну үшін оқулық беттерін парақтаңыздар.
Кез-келген құқықтық жүйе - қоғамның ажырамас бір бөлшегі ретінде өмір сүретін, дамитын «тірі организм». Осы «тірі организмді» толығырақ ұғыну үшін қысқаша болса да оның пайда болу және даму тарихымен танысуымыз қажет. Романо-германдық құқықтық жүйе өз дамуының ұзақ, ғасырларға созылған жолын басынан өткерді. Зерттеушілер оның эволюциясының негізгі үш кезеңін анықтайды.
Романо-германдық құқықтық жүйенің қалыптасу және дамуының бірінші кезеңі болып хронологиялық тұрғыда 13-ғасырға дейінгі уақыт табылады. Заңгер-ғалымдардың көзқарастары бойынша осы 13-ғасырда ғылыми көзқарас тұрғысынан романо-германдық құқықтың жүйесі пайда болды делінеді. Осы уақытқа дейінгі кезеңде осы құқық жүйесіне сәйкес элементтер жинақталды, зерттеліп, зерделенді, біртұтас романо-германдық, яғни континенталдық құқық жүйесінің қалыптасу процесі жүрді.
Бұл қарастырылып отырған бірінші кезең қайнар көздеріне және құқықтың өзіндік сипатына қарай қандай жақтарымен ерекшеленеді? Біріншіден, кейінірек осы жүйені пайда қылған элементтер әдеттік құқық сипатында болды. Кодекстер, Юстиниан дигестері мен институциялары сонымен қатар жаңа заманға бейімделген рим құқығының нормалары кеңінен қолданылды. Осы жағдайларға қарамастан әлі де болса әртүрлі әдет-ғұрыптар, яғни сол кездегі Европа елдерінің ұзақ қолданысында болған әдет-ғұрып жинақтары-«Варвар Правдалары» үстемдік жағдайда болды.
Сот билігі де қазіргі біздің түсінігіміздегідей функция атқара алмады. Сот ісін жүргізу процедурасы мен шешімнің шығарылуы адамдар санасындағы сыртқы күштің ықпалында болды. Бір сөзбен айтқанда бұл кезеңде шын мәнінде құқық формальді түрде ғана өмір сүріп, нақты үстемдігінен айрылды.
Романо-германдық құқықтық жүйенің дамуының екінші кезеңі хронологиялық тұрғыдан 13-18-ғасырларға сәйкес келеді. Бұл кезеңнің басты ерекшеліктерінің барлығы 13-14-ғасырларда Италияда пайда болып кейін бүкіл Европаға тараған Ренессанс, яғни Қайта өрлеу процесіне байланысты болып келеді.
Халықтардың антикалық заманның мәдени мұрасына қайта бет бұруын уағыздаған Қайта өрлеу қоғамдық ойдың көптеген саласына, соның ішінде құқықтық ойдың өрлеуіне үлкен ықпалын тигізді. Барлығымызға белгілі өркениеттің белгілі бір деңгейіне жете алған Ежелгі Римнің ұлы мұрасына, соның ішінде Римнің құқықтық дәстүрлері мен құқықтық жүйесіне қайта бет бұру идеясы қоғамның құқықтық мәдениетінің даму деңгейіне ықпал етіп, ортағасырлық Европа құқыққа деген қажеттілікті қайта сезінді. Олар адам да, құдай да қалайтын тәртіп пен қауіпсіздікті тек құқық қана қамтамасыз ете алатындығын ұғынды.
Романо-германдық құқықтық жүйенің дамуының үшінші кезеңі табиғи құқық мектебімен байланысты болып келіп, Европа елдеріндегі заңнамалардың шұғыл дамуымен және кодификацииялаумен сипатталады. Бұл үшінші кезең хронологиялық тұрғыда 18-ғасырдан қазіргі кезге дейінгі уақытты қамтиды.
Біз айтып отырған екінші кезеңнің аяғы мен үшінші кезеңнің басында континенталдық Европада жеңіске жеткен буржуазиялық революциялар феодалдық құқықтық институттарға үлкен өзгерістер енгізіп, көпшілігін түбегейлі жоққа шығарды. Революция жалпы құқық туралы ұғымға жаңа сипат беріп, заңды бірінші кезекке қойып, оны романо-германдық құқықтық жүйенің негізгі қайнар көзіне айналдырды.
Қоғамдағы позитивті құқықтың, яғни заңдар мен заңнамалардың ролінің көтерілуі олардың көптен шығарылуына әкеліп соқты, осыған орай оларды бір жүйеге келтіру қажеттілігі, яғни кодификациялау қажеттілігі туды.
Романо-германдық құқықтық жүйеде оның қайнар көзінің анықмамасы мен түсінігі туралы ешкімнің таласы жоқ, бірауызды ой қалыптаспаған. Романо-германдық құқықтық жүйенің ықпалындағы елдердің тарихи, ұлттық және этникалық әралуандылығы және олардың саяси және құқықтық мәдениетінің ерекшеліктері, тағы да басқа объективтік және субъективтік факторлардың әсерінен компаративистер арасында романо-германдық құқықтың қайнар көзі дегеніміз не, оның анықтамасы қандай болуы керек және ол туралы бірізді көзқарас қандай әлеуметтік-саяси, экономикалық т.б. параметрлер бойынша қалыптасуы керек деген сауалдар төңірегінде келісімге келе алған жоқ.
Алайда романо-германдық құқықтық жүйенің қайнар көздері туралы жалпыға ортақ көзқарас пен анықтаманың болмауы осы құқықтық жүйенің мәселелерімен айналысатын зерттеушілер оның ортақ белгілері мен спецификасы туралы ешбір мәселенің шешімін таппаған деп айта алмаймыз.
Сонымен, романо-германдық құқықтық жүйеге енетін елдердің құқық жүйелерінің әрқайсысының ерекшелігіне тоқталмай, оны жалпы біртұтас құбылыс ретінде қарастырар болсақ, бұл жүйенің құқық қайнар көздерін келесідей ретпен атап өтуге болады: заңдар, яғни нормативтік-құқықтық актілер; әдеттік құқық деп аталатын әдет-ғұрып нормаларының жүйесі; жалпыға міндетті құқық қайнар көзі болып табылатын сот тәжірибесі, яғни сот прецеденті, бірақ кейбір мемлекеттер (Германия) оны жоққа шығарады; халықаралық шарттар, кейбір авторлар оны конституциялық заңдармен қатар қояды; құқықтың жалпы қағидалары(принциптері); ғылыми доктрина (оның ықпалымен романо-германдық құқықтың көптеген қағидалары және қоғамдық қатынастардың көптеген салаларын реттейтін құқық нормалары пайда болады).
Италияның құқықтық жүйесінде бірінші кезектегі құқық қайнар көздерінің ішінде аймақтардың заң актілеріне де маңызды орын беріледі. Осы елде екінші кезектегі құқық қайнар көздерінің қатарына формальді әкімшілік актілер, яғни орталық және жергілікті атқарушы органдардың ордонанс т.б. формалардағы актілері де жатқызылады.
Жоғарыда айтылғандардың барлығына қарамастан есте ұстайтын бір нәрсе бар, ол - екінші кезектегі құқық қайнар көздерінің барлығы бірінші кезектегі құқық қайнар көздеріне әруақытта бағынышты жағдайда болуы. Сондықтан екінші кезектегі құқық қайнар көздері біріншілеріне қайшылықта бола алмайды және конституциялық заңдарды, сонымен қатар бірінші кезектегі құқық қайнар көзі деп танылған актілердің кез-келгенін өзгерте, жоя алмайды.
Латын американдық құқықтық жанұясы ХХ ғасырда ғана тұрақтылыққа ие болды. Күшті құқықтық колонизатордың әсері ежелгі халықтардың әрекет етіп отырған дәстүрлері мен әдеттердің қызметін шектеді.
Континенталдық құқыққа кодификацияда көрініс тапқан француз азаматтық кодексінің үлгісі құқыққа әсер етті. Тәуелсіздік үшін күрскен кодификация ұлттық құқық жүйесінің қалыптасу базасына үлес қосыт. Қазіргі кезде латын американдық мемлекеттерде ескі кодекстер ретінде заңдар және заңға тәуелді актілер әрекет етеді. Жариялылық щеңберіне американ құқықығының қағидалары үлкен әсер етті. Осы мемлевкеттердің конституциясы американдық басқару нысанын таңдады. Ол – президенттік республика және конституциялық институттар..
Латны америка елдеріндегі құқықтық жүйе – романо-германдық құқықтық жүйеге ұқсас келеді. Ол еуропа үлгісіндегі жасалған кодекстер, яғни Латын Америка елддері құқық жүйесінің кодификацияланғандығынан байқалады. Жеке құқық саласында латын Америка елдерінің құқық жүйесін екі топқа бөлуге болады:
1. толығымен француз азаматтық кодексін қабылдаған құқық жүйелері.
2. өз алдына бөлек заңдар – чили азаматтық кодексі 1855 жылдағы және Аргентина азаматтық кодексі.
Кейіннен латын Америка елдеріндег заңдар мынадай тізіммен кодификацияланды: 1888 ж. Чили Азаматтық Кодексі, 1860 ж. Эквадор азаматтық кодексі, 1873 ж. Колумбия азаматтық кодексі, 1862 ж. Венесуэла азаматтық кодексі, 1869 ж. Аргентина азаматтық кодексі,1916 ж. Бразилия азаматтық кодексі.Латын америка мемлекеттеріндегі сот тәжірибесі АҚШ-на қарағанда өзгеше болды, яғни ол құқық қайнар көзі ретінде қарастырылмады.
Скандинавиялық құқық - салыстырмалы құқықтану ретінде дербес құқық жанұясы болып табылады және оның құрамына Швеция, Норвегия, Дания, Исландия, Финляндия секілді мемлекеттер кіреді.
Өзіндік географиялық жағдаына қарай құқықтық мәдениет жалпы заңи ойлауға сәйкес қалыптасты және ол саяси, экономикалық мәдени саламен тығыз байланысты.
Скадинавиялық құқық жүйесі бар мемлекеттерде рим құқығы франция мен Германияға қарағанда оның дамуына баяу әсер етті. Еуропа континетіндегі мемлекеттерге қарағанда бұл құқық жүйесінде сот тәжірибесінің маңызы үлкен.
Скандинавиялық мемлекеттердің құқықығының қалыптасуына байланысты екі заңнамалық актісі бар: біріншісі, 1683 жылғы Данияда қабылданған король Христиан Ү кодексі; екіншісі, Швед мемлекеттерінің 6 тарау 1300 параграфтан тұратын заңдар жинағы. Осы екі жинақ скандинавиялық құқықтың дамуына байланысты екі тармаққа бөлінеді: даттық және шведтік. Әрекет етіп отырған көптеген ережелер аталған сфераны құқықтық реттейтін нормалардан тұратын жеке заңдармен ауыстырылды. Қазіргі кездегі заңнама 1734 жылғы заң жүйесіне кіретін мынадай шведтік құқықтың саслаларынан бастама алады: еңбек, акционерлік құқық, жеке өндірісті қорғау қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ әкімшілік құқықтың көптеген тарауларынан тұрады. Ал дат кодексі тарихи ескеткіш ретінде сақталған. Кодификацияланған заңнамалар әрекет етіп отырған мемлекеттердің құқығының көптеген бөлімдерінен тұрады. Норгвегия құқықтың қайнар көзі ретінде соттық тәжірибенің маңызы зор деген нақты көзқарасты ұстанады. Швецияда да осында йкөзқарас қалыптасқан. Бұл скандинавиялық құқықтың романо-германдық жүйеден ерекшеленетін белгісі болып табылады.
Скандинавиялық құқық өз алдына біртұтас жүйені құрайды, ол тек құқықтың даму тарихы мен заңнама ерекшеліктері және құқық қайнар көздеріне ғана қатысты емес. 1880 жылы бір мезгілде үш мемлекетте Швеция, Дания, Норвегия мемлекеттерінде құжаттар айналымы туралы заң күшіне енді. Кейінгі уақытта сауда құқығы мен теңіз құқықғының унификациясына көп көңіл бөлініп отыр, соңғы ғасырларда одан да күштірек унификаторлық жоспарлар пайда бола бастады және келісім шарт туралы заңның да маңызы зор, отбасылық құқық скандинавиялық мемлекеттерде үлкен ролге ие.
Жапония құқық жүйесі ХІХ ғасырдың ортасына дейін географиялық орналасуына қарай Батыс өркениеті мен ешқандай қатынаста болмады. Сондықтан құқықтық жүйенің дамуы мен қалыптасуына 1596 жылдан 1853 жылға дейінгі ұзақ эволюция, яғни қытай философиясы мен салауатты өмір үлкен әсер етті.
Жапон құқықғының бірінші жазылған қайнар көзі ҮІІ ғасырдың екінші жартысында Тайкэ басқарған кезеңде пайда болды, сол кезде барлық халық «рангілерге» бөлінді және әрбір кластың мемлекетте анықталған қатаң қызметі жүзеге асырды. Әрқайсысының міндеттері «рицез-ре» деп аталатын заң жинағында анықталды. Қытайдың жинағын үлгі ретінде алып, ондағы әшкерлейтін нормалар «рицу» мен әкімшілік нормалар «ре» енгізілді. Ол құқық пен басқарма мектептерінде түсіндірілді. Күнделікті құқықтың дамуы сюзерендердің пайда болуымен байланысты – олар ірі жер иеленушілер. Бұл жүйе «се» деп аталды.
Тақырып №7. Ағылшын-саксондық құқықтық отбасы.
7.1. Жалпы құқықтың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері.
7.2. Ағылшын-саксондық құқықтың негізгі қайнар көздері: түсінігі, түрлері. Прецедент.
Англосаксондық құқықтық семьясы немесе жалпы құқық жүйесі деп те аталатын жүйе қазіргі заманғы құқықтық жүйелер арасындағы ең кең тараған, ең көне және ең ықпалды құқықтық жүйелердің бірі екендігінде ешкімнің дауы жоқ. Бұл құқықтық жүйе өзінің географиялық ( әлемнің әртүрлі бөліктеріне тарауына байланысты), мәдени ( саяси және құқықтық мәдениеті әртүрлі елдерге тарауына байланысты), тарихи және т.б. факторларға байланысты, әсіресе, басқа құқықтық жүйелерге ықпал ету дәрежесіне байланысты романо-германдық құқықтық жүйемен ғана теңдеседі.
Қазіргі заманда жалпы құқықтың нормалары, доктриналары, салалары мен институттарының ықпалы жер шарын мекендеуші халықтардың үштен бірін қамтып отыр. Жалпы құқық нормалары ұзақ уақыттан бері Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Индия т.б. бірнеше мемлекеттердің аумағында қолданыста болып келеді. Сонымен қатар соңғы ғасырда әлемдік қауымдастықтың дамуына, мемлекеттер арасындағы экономикалық, саяси т.б. қатынастардың өркендеуіне байланысты жалпы құқықтың ықпалы, кейбір зерттеушілер күткендей, кеміген жоқ, керісінше күшейе түсті. Әрине бұл жағдайға осы құқықтық жүйені алғаш пайда қылған Британияның әлемге жасаған экспанциясы құқықтық экспанциямен бірлесе отырып, әсер етті.
Жалпы құқықтың пайда болу және даму тарихын қарастыру кезінде терминологиялық шатасудан сақтану үшін «жалпы құқық» терминінің «ағылшын құқығы» және «англосаксон құқығы» деген терминдермен арақатынасын ашып алған дұрыс. Бұл жұмыста «жалпы» және «англосаксон» деген терминдер синоним сөздер ретінде қолданылып отыр. Оқу процесінде және ғылыми зерттеулерде терминдердің тура мағынасы анық болу үшін «жалпы құқық» терминінің «ағылшын» немесе «британ құқығы» деген ұғымдармен бір мағынада қолданылмайтындығы туралы айта кеткеніміз жөн. Бұл жөнінде Р. Давид ағылшын құқығының таралу аумағы Англия және Уэльспен шектеледі дейді.
Ал енді жалпы құқықты жеке құқықтық жүйе ретінде қарастыру үшін оны басқа құқықтық жүйелерден айрықшалайтын басты ерекшеліктеріне тоқталайық. Жалпы құқыққа қандай басты белгілер мен ерекшеліктер құқықтық семьяға тән сипат береді? Жалпы, англосаксон құқығы мен континенталдық, романо-германдық құқық арасындағы түбегейлі айырмашылық неде?
Осындай сауалдарға жауап беру кезінде жалпы құқықтың зерттеушілері оның келесідей ерекшеліктеріне тоқталады.
Біріншіден, жалпы құқықтың өз жаратылысы мен мазмұнына қарай сот құқығы екендігі айтылады. Бұл жағдай жалпы құқықтың негізінде пайда болуынан қазіргі кезге дейін, мысалы Англияда король(вестминстер) соттарының шешімдерінің, АҚШ-та заңдардың Конституцияға сәйкес немесе сәйкес еместігі туралы Жоғарғы соттың шешімдерінің, Канадада, Австралияда т.б. ағылшын тілді елдерде жоғарғы сот инстанцияларының үлгі ретіндегі вердикттерінің жатуында.
Бұл құқықты ол қолданыста болған елдердің барлығында әруақытта соттар жасаған және жасап келеді. Әртүрлі мәселелерге байланысты қабылданған сот шешімдері жалпы құқықтың әлі күнге дейін негізін құрып отыр.
Екіншіден, жалпы құқық басқа құқықтармен салыстырғанда айқын казуалдық сипатқа ие, яғни бұл құқықтық жүйеде прецеденттің үстемдігі және кодификацияланған заңнаманың жартылай немесе мүлдем жоқтығы көрініс табады.
Жалпы құқықтың бұл ерекшелігі тарихи тұрғыда ұзақ уақыт бойы сот құқығының статуттық немесе парламенттік құқықтан жоғары тұруының салдары болып табылады. Ұлыбритания, т.б. елдердің сот жүйесіндегі прецедент принципінің қатал сақталуы, прецеденттік құқықтың басқа элементтерден жоғары тұруы объективті түрде заңдардың унификациялануы мен кодификациялануына тежеу салып отырды. Бұл жағдай керісінше сот инстанцияларының шығарған прецеденттерінің тұрақты түрде жүйеленіп және жарияланып отыруына әкеліп соқты.
Үшіншіден, жалпы құқық басқа құқықтық жүйелермен салыстырғанда өзінің пайда болып және даму барысында рим құқығының ықпалына көп ұшыраған жоқ.
Ағылшын құқығына және сол арқылы бүкіл жалпы құқыққа рим құқығының елеулі әсер ете алмауының көптеген себептері бар шығар, бірақ солардың ішіндегі маңыздысы ретінде Англияның саяси және құқықтық жүйесінің өз бетінше үнемі даму үстінде болуы және сол даму кезінде туындаған мәселелердің шешімін сырттан іздемей өздерінің төл құқығының мүмкіндіктерін дамыту арқылы пайдалана білгендігін айтуымызға болады(біздің елімізде соңғы кездерде туындаған мәселенің шешімін міндетті түрде сырттан іздеу белең алып отыр Н.Қ.).
Төртіншіден, жалпы құқықтың айрықша белгілерінің бірі ретінде бұл құқық жүйесінде материалдық құқықпен салыстырғанда процессуалдық құқыққа маңызды роль мен орынның берілетіндігін айтуымызға болады.
Бұл туралы Давид Рене « Ағылшын құқығы университетте оқытылатын принциптер құқығы емес. Керісінше, ол процессуалистер мен практиктер құқығы. Англияда мықты заңгер- университет профессоры емес, мықты заңгер - практиктерден шыққан судья.Университетте материалдық құқық пен құқық принциптерін оқу оларға ешнәрсе бермейтіндей» деп жазды.
Англосаксон құқықтық жүйесінде қолданылатын «Құқық қайнар көзі» деген ұғым басқа құқықтық жүйелердегі қолданылатын осы ұғымға белгілі бір деңгейде сәйкес келеді. Әртүрлі құқықтық жүйелердегі қолданылатын осы ұғымның арасындағы ортақ қасиеттері мен ерекшеліктерін егжей-тегжейлі талғамай-ақ англосаксон құқығының тікелей қайнар көзі болып табылатын құбылыстарға тоқталайық.
Бұл құқық қайнар көздері қандай? Олардың мазмұны қандай және олардың англосаксон құқықтық жүйесіндегі алатын орны қандай?
Осы сияқты сауалдарға жауап іздеу кезінде зерттеушілер англосаксон құқықтық семьясы типтік соттық семья, яғни прецеденттік құқық (case law ) семьясы, сондықтан бұл құқықтық жүйеде ертеден құқық қайнар көздері ішінде жетекші орын сот тәжірибесі, яғни сот прецедентіне беріледі деген тұжырымға келеді.
Бұл құқықтық жүйеде қалыптасқан дәстүр бойынша сот істі қарап , шешім шығару кезінде сол іске ұқсас прецедентке формальді түрде ғана тәуелді болады, шын мәнінде прецедентті таңдау, оны талқылау және шешім шығару кезінде қаралып отырған істің прецеденттен сәл өзгешелігі болса, сол жағдайға сүйене отырып соттардың өзіндік шешім шығара алу мүмкіндігі бар. Прецедентті құқық қайнар көзі деп тану соттарға нақты құқық жасау мүмкіндігін береді.
Сот прецедентін құқық қайнар көзі деп тану англосаксон құқығынан басқа елдерде де орын алады, бірақ ол оларда негізгі құқық қайнар көзі ретінде роль атқармайды. Сот прецеденті жоғарыда айтылғандай мағынада тек англосаксон құқығында ғана танылады және ол соттың нақты бір істі қарауы кезінде немесе адамдар арасындағы әртүрлі дауларды шешу кезінде қалыптасады.
Англосаксон құқығында сот прецедентімен қатар заң (statute) да оның негізгі құқық қайнар көздерінің қатарына жатады. Ағылшын құқығының қалыптасқан дәстүрлері бойынша сәл ертеректе заңға құқық қайнар көзі ретінде елеулі мән берілмеген, заң соттар қалыптастырған қолданыстағы құқыққа қажет кездерде толықтырулар мен өзгерістер енгізумен ғана шектелген.
Қазіргі кезде бұл жағдай айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Бүгінгі таңда Англияда заңдар мен заң астылық актілер континенталдық Европадағы сияқты маңызға ие болып отыр. Бұл туралы Давид Рене « Ағылшын құқығы университетте оқытылатын принциптер құқығы емес. Керісінше, ол процессуалистер мен практиктер құқығы. Англияда мықты заңгер- университет профессоры емес, мықты заңгер - практиктерден шыққан судья.Университетте материалдық құқық пен құқық принциптерін оқу оларға ешнәрсе бермейтіндей» деп жазды.
Ағылшын заңгерлері жалпы құқықтық ережелерге, принциптер мен декларацияларға сенімсіздікпен қарайды, оларды тәжірибеде жүзеге асырудың кепілді тәсілдері анық көрсетілмесе материалдық құқықты бос сөз деп қабылдайды.
Бесіншіден, жалпы құқыққа ерекше өзіндік сипат беретін жай-ол сот билігінің барлық басқа билік тармақтарынан тәуелсіздігінің өте жоғары деңгейде болуы, оның өзінің ішкі ұйымдық мәселелерінде де, әділсотты жүзеге асыруда да, өз өкілеттігі шегіндегі сыртқы мәселелерді шешудегі де жан-жақты кепілдендірілген нақты дербестігінің болуы.
АҚШ-та және т.б. жалпы құқық елдерінде басынан прецедентке Англиядағыдай ерекше мән берілмегендіктен заң әруақытта да шешішу роль атқарып келген. Социалистік құқықты әлемдік деңгейдегі бұл тануды Р.Давид түсіндіре келе, социалистік және социалистік емес құқықтық жүйелердің арасында белгілі бір ортақтықтардың болуына қарамастан, социалистік және социалистік емес елдердің құқықтарының құрылысы мен институттарының, тіпті өмір сүру салты мен ой пайымдауында да түбірлі айырмашылықтарының бар екендігі туралы айтты.
Ол бұл ойын жалғастыра келе, «социалистік елдің шекарасынан өткеннен кейін сіз проблеманы мүлдем басқаша қарайтын жаңа әлемге тап боласыз, яғни онда демократия, сайлау, парламент, федерализм, кәсіподақ, саяси өмірдегі келісім шарт немесе жеке меншік, шарт, арбитраж деген сияқты ұғымдар басқаша мағынаға ие болады»,- деді.
Міне, сондықтан да Р.Давид социалистік құқықты романо-германдық құқықтық жүйеден де, басқа құқықтық жүйелерден де бөліп, жеке құқықтық жүйе ретінде қарастыру керектігі туралы айтады.
Құрметті білімгерлер, англосаксон құқықтық семьясының жоғарыда аталған құқық қайнар көздерінің әрқайсысы туралы толық мағлұмат алу үшін ұсынылып отырған оқулықтар мен әдебиеттерді қарауларыңыз шарт.
Тақырып №8. Кеңестік және посткеңестік құқық.
8.1. Кеңестік құқықтың пайда болуы мен ерекшеліктері.
8.3. Кеңестік құқықтың даму басымдықтары.
20-ғасырдың бірінші жартысында, тіпті Бірінші дүние жүзілік соғыс аяқталып, Кеңестер Одағының жанкешті соғысы мен жеңісінің арқасында Европа фашистерден азат етіліп, азат етілген елдердің көпшілігінде өздерін социалистік мемлекетпіз деп жариялаған жаңа мемлекеттер пайда болғанға дейін Батыста әлемдегі құқықтық жүйелерді жіктеу кезінде социалистік құқықтық жүйе деп аталатын құбылыстың бар екендігі туралы айтылмайтын да еді.
Соғыстан кейінгі кезеңде, әсіресе 50-60-жылдары Батыста ұлттық құқықтық жүйелер мен салыстырмалы құқықтанудың зерттеуші-авторлары,көп кешігіп болса да, социалистік құқықтың өмір сүретіндігі туралы айта бастады. Соның өзінде авторлардың көпшілігі социалистік құқықты құқықтың жеке бір типі немесе дербес құқықтық семья ретінде танымай, әлемде өмір сүруші құқықтық семьялардың жалғасы немесе бір түрі, яғни континенталдық құқықтық семьяның бір түрі ретінде қарастырып жүрді.
70-80-жылдары батыс авторларының социалистік құқықтың алатын орны мен ролі туралы көзқарастарының эволюциясы, ақырында, оны құқықтың жеке бір типі немесе дербес құқықтық жүйе ретінде тануға келіп саяды.
Социалистік құқықты әлемдік деңгейдегі бұл тануды Р.Давид түсіндіре келе, социалистік және социалистік емес құқықтық жүйелердің арасында белгілі бір ортақтықтардың болуына қарамастан, социалистік және социалистік емес елдердің құқықтарының құрылысы мен институттарының, тіпті өмір сүру салты мен ой пайымдауында да түбірлі айырмашылықтарының бар екендігі туралы айтты.
Ол бұл ойын жалғастыра келе, «социалистік елдің шекарасынан өткеннен кейін сіз проблеманы мүлдем басқаша қарайтын жаңа әлемге тап боласыз, яғни онда демократия, сайлау, парламент, федерализм, кәсіподақ, саяси өмірдегі келісім шарт немесе жеке меншік, шарт, арбитраж деген сияқты ұғымдар басқаша мағынаға ие болады»,- деді.
Міне, сондықтан да Р.Давид социалистік құқықты романо-германдық құқықтық жүйеден де, басқа құқықтық жүйелерден де бөліп, жеке құқықтық жүйе ретінде қарастыру керектігі туралы айтады.
Ал қазіргі кезде, 1990-жылдардағы Кеңестер Одағы мен «социалистік елдердің достастығы» ыдырағаннан кейінгі уақытта социалистік ұлттық құқықтық жүйелер тек Қытай, Солтүстік Корея және Кубада ғана қалды. Бұл бір жағынан болса, екінші жағынан бұрынғы Кеңестер Одағының территориясында жаңа посткеңестік және постсоцилистік құқықтық жүйелер пайда болды.
Сонымен, соңғы онжылдықта басқа әлемдік құқықтық жүйелермен тең қарастырылып жүрген социалистік ұлттық құқықтық жүйелер тобы түбегейлі және әртүрлі сипаттағы өзгерістерге ұшырады.
Енді осы айтылған өзгерістерге байланысты бұл құқықтық жүйе мүлдем жоққа шықты ма, әлде әртүрлі себептерге байланысты әлі де өмір сүріп отыр ма?
Мұндай сұрақтарға отандық болсын, шетелдік болсын әдебиеттерде біржақты жауап жоқ.
Қоғамның құқықтық өмірінде орын алған осы жағдайды бағалай отырып, зерттеушілердің бір тобы мемлекеттің құрылысы жойылғаннан кейін автоматты түрде құқықтық құрылымы да бірден жоққа шығады деп ұйғарым жасады.
Кеңестер Одағы өз өмір сүруін тоқтатқаннан кейін социалистік құқыққа деген көзқарас тез және күрт өзгеріске ұшырады. Мемлекеттің жойылуы бұл құқықтық жүйені тез арада тек тарихи ескерткіштер қатарына қосып қоюға себеп болды.
Зерттеушілер жақында ғана өмір сүрген дербес құқықтық жүйені толық дерлік жоққа шығарып, Қытай, Солтүстік Корея және Кубаның құқықтық жүйелерін сол жүйенің қалдықтары ретінде қарастыра бастады және солардың ішінде салыстырмалы құқықтану үшін тек Қытайдың құқықтық жүйесі ғана әлі де болса қызығушылық туғызуы мүмкін делінді.
Тағы бір зерттеушілер тобы социалистік құқықтың қазіргі кездегі іске жарамсыздығын мойындаумен ғана шектелмей, оны тарихи тұрғыда өмір сүрген құбылыс ретінде қарауға да жарамсыз деп тапты. Бұған дәлел ретінде К.Цвайгерт пен Х.Кетцтің неміс тіліндегі « Введение в сравнительное правоведение в сфере частного права» деп аталатын атақты еңбегін орыс тіліне тәржімалау және басып шығару кезінде еңбектің социалистік құқықтың мәселелеріне арналған 23-27- параграфтарын мүлдем алып тастағандығын айтуға болады.
Екінші бір авторлар тобы Кеңестер Одағы мен өздерін социалистік деп атаған мемлекеттердің 90-жылдардың басында тарихи аренадан кетуіне байланысты құқықтық әлемдегі болған жағдайды бағалай отырып, осыған дейінгі әлемдегі құқықтық жүйелерді жіктеудегі қалыптасқан жағдайды қайта қарап, социалистік құқықтық жүйенің орнын славян халықтарының құқықтық семьясы деген ұғыммен алмастыруды ұсынды.Бұл ұсыныстың қозғаушысы профессор В.Н.Синюков болды.
Славян құқықтық жүйесін дербес құқықтық семья ретінде қарастыру идеясы, әрине негізсіз емес, бірақ ол әлі терең зерттеу мен зерделеуді талап ететін сияқты. Сонымен қатар славян құқықтық отбасын тану социалистік құқықтың қазіргі замандағы мәртебесін анықтау проблемасын шеше алмайды.
Социалистік құқықтың өмір сүру уақытын кезеңдерге бөлу мәселесіне келер болсақ, отандық және шетел авторлары көпшілігінде коммунистік құқық жүйесінің салыстырмалы құқықтануға едәуір әсер етуінің үш кезеңін бөліп көрсетеді. Бірінші кезең Ресейдегі коммунистік құқықтық жүйенің пайда болып, алғашқы қалыптасуын (1917-1922) қамтиты. Екінші кезең Шығыс Европа, Оңтүстік Шығыс Азия және Куба елдеріндегі коммунистік құқықтық жүйенің ( екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі уақыт) пайда болу уақытын қамтиды. Үшінші кезең 90-жылдардан кейінгі бұл құқықтық жүйенің тоқырауға ұшырау уақытын қамтиды.
М.Н. Марченко осы кезеңдерге бөлуді жалғастырып, қазіргі уақытты коммунистік құқықтың салыстырмалы құқыққа әсер етуінің төртінші кезеңі деп сенімді түрде атауға болады дейді. Ол бұл кезеңнің басқа кезеңдерден басты айырмашылығы ретінде бұл кезеңде салыстырмалы құқықтануға әсер етуші мемлекет шығаратын нормалар, институттар және оның артында тұрған мемлекет мекемелері емес, оған әсер етуші осы құқықтық жүйенің құрылуы мен қызмет етуінің негізінде жатқан қағидалар, теориялар, идеялар, доктриналар, заңдық стереотиптер, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар дейді.
