Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СП МП (К) 2012.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
683 Кб
Скачать
☆

2.Социалистік құқық пен постсоциалистік құқықтың қандай құқық қайнар көздері болған және өмір сүруде? Бұл құқық қайнар көздерінің жалпы құқық қайнар көздері жүйесінде қайсысы қандай орынға ие?

Бұл сұрақтарға жауап іздеу кезінде оны басқа құқықтық жүйелермен, соның ішінде бірінші кезекте романо-германдық құқықтық жүйемен қатар қойып салыстыру керек болса, екінші жағынан оның өзіндік ерекшеліктерін айқындауымыз қажет сияқты.

Социалистік және постсоциалистік құқықтың романо-германдық құықпен ортақтығы ретінде олардың құқық қайнар көздерінің жүйесінде жетекші орын заңға, яғни нормативтік - құқықтық актілерге тиеселі екендігін атауға болады. Бұрынғы социалистік елдердің көпшілігі тәуелсіздігін алып, өз Конституцияларын қабылдағанда Конституциямен бекітілген құқық қайнар көздері қатарында континенталдық құқық елдеріндегі сияқты халықаралық құқық нормалары мен халықаралық шарттарды да таныды.

Социалистік құқықта сот тәжірибесіне де құқық қайнар көзі ретінде көңіл бөлінеді, бірақ постсоциалистік құқықтық жүйеде сот тәжірибесінің мәртебесі нақты анық емес. М.Н. Марченко осы кезеңдерге бөлуді жалғастырып, қазіргі уақытты коммунистік құқықтың салыстырмалы құқыққа әсер етуінің төртінші кезеңі деп сенімді түрде атауға болады дейді. Ол бұл кезеңнің басқа кезеңдерден басты айырмашылығы ретінде бұл кезеңде салыстырмалы құқықтануға әсер етуші мемлекет шығаратын нормалар, институттар және оның артында тұрған мемлекет мекемелері емес, оған әсер етуші осы құқықтық жүйенің құрылуы мен қызмет етуінің негізінде жатқан қағидалар, теориялар, идеялар, доктриналар, заңдық стереотиптер, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар дейді.

Сонымен қатар социалистік және постсоциалистік құқықтың дәстүрлі түрдегі құқық қайнар көздеріне құқықтық әдет-ғұрып, құқықтық шарттар, корпоративтік нормативтік-құқықтық актілер, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының актілері және құқықтық доктриналар жатады.

Социалистік құқықтық жүйенің осы аталған құқық қайнар көздерін романо-германдық құқықтың сәйкес құқық қайнар көздерімен салыстырар болсақ, олар маңызды құқық қайнар көзі бола отыра, атқаратын ролі бірдей емес.Мысалға социалистік құқықтық жүйедегі құқықтық әдет-ғұрып пен доктринаның романо-германдық жүйедегі осы құқық қайнар көздерімен салыстырар болсақ, романо-германдық құқықтық жүйеде әдет-ғұрып пен доктрина маңызды роль атқарып, тіпті заңмен қатар тұрады.

Социалистік құқықтық жүйе мен романо-германдық құқықтық жүйенің қайнар көздері арасында өзіндік ерекшеліктер мен ортақ ұқсастықтар көп, солардың ішіндегі ең басты ортақ белгі ретінде олардың екеуінде де құқық қайнар көздері қатарының ең басында нормативтік-құқықтық актілердің тұратындығын тағы қайталап айтуға болады.

Мемлекет органдарының шығаратын нормативтік-құқықтық актілерінің қатарына заңды, декреттерді, жарлықтарды, үкімет қаулыларын, министрлер мен мемлекеттік комитет төрағаларының бұйрықтарын, жергілікті мемлекеттік билік пен басқарудың қабылдаған қаулылары мен шешімдерін жатқызамыз.

Әрбір мемлекетте норативтік-құқықтық актілердің жүйесі Конституциямен және соған сәйкес шығарылған арнайы заңдармен, мемлекеттік органдар туралы ережелермен, үкімет қаулыларымен бекітіледі. Нормативтік-құқықтық актілердің дайындалу, қабылдану, жариялану, толықтырылу, өзгеріс енгізілу тәртіптері заңнамамен анықталады, сонымен қатар бұл әрекеттерді қандай орган және қандай процедураға сәйкес жүзеге асыратындығы да заңда айтылады.

Жоғарыда айтылғандай Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы құқық қайнар көздері де оның Конституциясымен айқындалады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы 1995-жылғы Конституциясының 4-бабында ол туралы былай делінген: «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады.»

Тәуелсіз Қазақстан Республикасында ұлттық құқық тек нормативтік-құқықтық актілер арқылы қалыптасуда.Құқық қайнар көздері иерархиясының ең жоғарғы сатысынан Конституция орын алған. Одан кейін қоғамның аса маңызды қатынастарын реттейтін Конституциялық заңдар тұрады. Одан кейінгі орын жай заңдарға тиеселі. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу республикалық референдумның немесе Парламенттің құзіретінде.

Конституциялық және жай заңдарды Парламент қабылдайды. Парламент Президентке бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге құқылы. Конституцияда көрсетілген жағдайда Президент заң күші бар Жарлық шығара алады. Президент өз өкілеттігі шегінде нормативтік Жарлықтар шығарады. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзіретіндегі мәселелер бойынша Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулылар шығарады. Конституциялық Кеңес өз құзіретіндегі мәселелер бойынша нормативті қаулылар шығаруға құқылы. Ол Қазақстан құқығының құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өз қарауындағы мәселелер бойынша нормативтік қаулылар қабылдайды. Сонымен қатар Министрліктер мен Мемлекеттік комитеттер, жергілікті өкілді орган-маслихаттар мен жергілікті атқарушы органдар да өз өкілеттіктері шегінде нормативтік актілер қабылдауға құқылы.

Бұрынғы Социалистік мемлекеттердің көпшілігінде нормативтік-құқықтық актілермен қатар құқық қайнар көзі ретінде қоғамдық органдар мен ұйымдардың шығарған актілерінің де құқықтық күшке ие болған кездері болған. Әрине біздің түсінігімізше кез-келген қоғамдық ұйымның, саяси партияның шешімдерінде құқық нормасы болмау керек және оның заңдық күші жоқ. Ол шешімдер тек екі жағдайда заңдық күшке ие болған. Бірінші жағдайда, яғни қоғамдық ұйым мемлекеттік органмен бір мәселе бойынша бірлесе отырып шешім шығарса. Кеңестер Одағында қоғамдық және саяси өмірдің маңызды мәселесі бойынша бірлесе отырып шешім шығару кеңінен қолданылатын. Бұл актілер жарияланғаннан кейін тек қоғамдық-саяси ғана емес құқықтық маңызға ие болатын.

Қоғамдық ұйымның шешімінің заңдық күшке ие болуының екінші жолы оны алдын-ала немесе шыққаннан кейін мемлекеттің санкциялауы арқылы жүзеге асатын. Бұл санкциялау қоғамдық ұйым шешіміне арнайы заңмен заңдық күш беру арқылы іске асты. Мысалы Кеңестер Одағында арнайы заңмен Кәсіподақтардың жоғарғы органына әлеуметтік сақтандыру, санаторлық қызмет көрсету сияқты мәселелер төңірегінде заңдық күші бар актілер шығару құқығы берілген болатын. Мұндай актілер шығаруға мүмкіндік беру қоғамдық ұйымдарды заң шығару процесіне тарту,олардың мемлекеттік, қоғамдық-саяси өмірге белсенді түрде араласуына мүмкіндік жасау деген сияқты ойлардан туындаған еді.

Құрметті білімгерлер, салыстырмалы құқықтану пәнін толыққанды меңгеру сіздерге тек Қазақстан Республикасы шеңберінде ғана туындаған мәселелерді шешіп қана қоймай, халықаралық құқық деңгейіндегі мәселелер бойынша білікті шешім қабылдап, ой тұжырымдауға мүкіндік береді.

Бұл лекциялар курсында өте күрделі, көпаспектілі оқу пәнінің ең негізгі тақырыптары қысқаша ғана қарастырылды, сондықтан өздеріңізді қызықтырған мәселелер төңірегіндегі білімдеріңізді шетелдік және Ресей авторларының еңбектеріндегі ойлармен толықтырыңыздар.

Тақырып №9. Діни және дәстүрлі құқықтық жүйелер

9.1. Мұсылмандық құқықтық отбасы: түсінігі, негізгі қайнар көздері.

9.2. Иудейлік құқық түсінігі, негізгі қайнар көздері.

9.3 Үнді құқығы ерекшеліктері және қазіргі кездегі жағдайы.

9.4. Қиыр Шығыс елдерінің құқықтық жүйесіне жалпы сипаттама.

9.5. Африкандық құқықтық отбасы.

Дүние жүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігі діни нормалар мен өмір сүреді. Діни нормалар көптеген мемлекеттердің құқық жүйесінде орын алған. Азия мен Африка елдерінің көбісі құқықтық нормаларға сай емес. Бірақ оларда мәні мен нысаны ұқсас, концепцияға негізделген, батыс елдерінде үстем ететін заңнан бөлек. Бұл елдердің ұстайтын қағидалары: құқық үстемдігі Батыс елдеріне қарағанда басқаша қабылданады, құқық пен діннің қиылысы орын алады; құқық туралы ойлар шеттетіледі, қоғамдық қатынастар басқа жолдармен реттелуі керек деп бөлінеді. Бірінші топқа жататын елдер қатарына мұсылмандық, индустық және иудейстік құқықтар, ал екіншіге – Ерте Шығыс елдері, Африка және Мадагаскар жатады.

Индустық құқық діни-дәстүрлі жүйе және ертеден келе жатқан құқық ретінде саналады. Бұл Үндістан құқығы емес, ол қауымдық құқық, бұндай құқық Үндістанда, Пакистанда, Бирмада, Сингапурда және Малайзияда, сомен қатар Африканың шығыс бөлігіндегі елдерде, Танзания, Уганда және Кенидегі халықтар индуизмді үстемдік етеді. Индуизмдік құқық бойынша адамдар туғанынан бастап белгілі-бір кассталық бөлініске ұшырайды. Соған байланысты олардың қоғамдағы ролдері көрсетіліп беріледі.

Жер шарындағы адамдардың жарты миллиардтан астамы ислам құқығы қағидаларының әсерімен өмір сүреді.

Мұсылмандық құқықтық жүйе ертеден ислам дiнiнiң тарауына байланысты көптеген мемлекеттер қабылдаған. Ерте кездiң өзiнде мұсылман дiнi басқа дiндерге қарағанда тез тарап үстемдiгiн орнатқан. Тарихқа жүгiнсек мұсылман дiнi жаулап алған мемлекеттерде, дiндi уағыздаумен, тез таралып, дiн мемлекеттiк дiн деп жарияланған.

Қазiргi кезде Мұсылман дiнiн құқық жүйесi ретiнде қабылдаған мемлекеттер көп, соның iшiнде Араб елдерi, Иран, Ирак және басқа мемлекеттер. Бґл мемлекеттер дамыған мемлекеттер қатарында саналып мұсылман дiнiнiң құқық ретiнде жоғары бағалап, мемлекеттiң дамуына оң үлесiн қосатынын дәлелдеп келедi.

Шариат өзіне үш саласын қамтып қарастырады:

1) жалпы ережелер, ислам құқығын түсініп жеке индивид өз тәртіп пен бағыттарды ойланып анықталуы.

2) адамның ішкі тәртібін анықтайтын ережелер, яғни сана сезімі, рухани ойы

3) азаматтың практикалық тәртіп кодексі, жеке өмірінде, қоғамдық, экономикалық және т.б. өмір саласын қамтиды.

Мұсылман құқықтанушылары ислам құқығының заңдар жиынтығын келесі топтарға бөлген болатын:

1. Алла тағалаға табынуы ережелері мен нормалары. Олардың негізгі мақсаты рухани байлыққа жету, тұлғаның өсуіне бағытталған және де Алланың алдында жауаптылығын мойындауы мемлекет органдар мен мемлекеттік аппарат тарапынан шектеуі онша керек болмайды .Дұрыс өмір сүру арнайы ережелерді сақтау, негізгі парыздарды орындауы болып келеді.

2. Отбасы құқығы (Неке). Бұл сала ислам құқығының соның ішінде шариат жүйесінде негізгі орын алады. Ислам этникалық , ұлттық , территориялық және лингвистикалық жалған сенімдердің алдында тұра, универсалды қоғамды, халақтық ойланыстарды құруына көздейді. Осы қоғамның негізгі ядросы отбасы болып келеді. Беріктік және күші бар отбас институты осы қауымның мықтылығына, бірлестігіне кепілдік береді. Сондықтан шариат отбасы институтына көп көңіл бөледі, ол бес мақсаттардың негізгісі болып келеді. Отбасы құқығы исламда қарастыратын мәселелері: неке құру, неке құрайтын жақтардың құқықтары мен міндеттері, ата - аналар мен балалар арасындағы қатынастарын, ажырасу құқықтарын, асырау құқығы және т.б.

3. Азаматтық құқық ислам құқығында «фикх» терминімен қарастырылады.Оның мақсаты келісім шарттар жасасу, жеке меншік құқықтарын және оларды мұрагерлікке беру т.с.с мәселелерді қарастырпылады. Осы салаға тек азаматтық құқық емес, сонымен қатар сауда мен финансты сұрақтарды қамтыт тұрады.

4. Әкімшілік және конституциялық құқық. Ол мемлекет басқаруды қалай құру керек екенін, үкіметті , әр түрлі органдарды олардың қызметін анықтауын, олардың институтын және арасындағы қарым қатынастарын, байланыстарын реттеп құрастырады, осындай мемлекеттік сұрақтарды карастырап қамтиды.

5. Исламның қылмыстық құқығы.Қылмыс үшін, құқық бұзушылық үшін жазалау тәселелерін қаратырады.Қылсыстың өзі екіге бөледі:шариатпен қарастырылатын қылмыс және шариатпен қарастырылмайтындар. Негізгі мақсаты азам өмірін сақтап қорғау, оның абыройын, интеллектуалды бостандығы мен құқықтарын қорғауы.

6. Исламдағы іс жүргізу құқығы. Сот жүйесін қалай жүргізу керек екенін қарастыратын ережелері, оған барлық соттық істер бағынылады Айта кететін жөн, әлемде соттық іс жүргізу бойынша ережелерді басқа құқық салалардан бөлек, жеке қарастырылуы исламда басталды. Құқық тарихында ең алғашқы құқықтанушы іс жүргізу құқығын қарастырып зерттеген имам Әбу Үйісүф және оның жол ұстаушы имам Ханиф болды.

7. Исламдағы халықаралық құқығы. Мұсылман құқықтанушылары оны заңды дербес саласын ретінде жетілдіріп қарастырылады. Ең бірінші исламдағы халықаралық құқығын қамтитын еңбектер б.з.д. VIII жазылды.

8. Мұсылман халқының әлеуметтік тәртібін анықтайтын ережелер.Мұсылман адамның қоғамдағы тәртібі, салт-дәстүрін көздейді. Бұл ережелер өмірдің жалпы іс әрекетердегі қандай нормаларға ұсталынуын қарастырылады.

Егер шариат – мұсылман құқығының заңдар жиынтығы болса, фикх- бұл мұсылман құқығының теориясы. Бұл теорияның атқаратын міндеті Құраннның және Сүннеттің пайдалану және талқылау қағидаларын мұсылман қоғамы өмірінде, мемлекет деңгейінде практикалық жағынан талқылау болып табылады. Былайша айтқанда фикх ол мұсылман құқығының ғылымы болып табылады, ал шариғат - мұсылман құқығының тәжірибиелік жүйесі болып табылады.Осы жерден Теория мен Практика сияқты Фикх пен Шариғатта бір-бірімен тығыз байланысты екендігін көруге болады. Фикх ілімінің өзі теориялық жағынан бөлінеді: усуль ал-фикх - фикхтың «тамыры», фуру ал-фикс - фикхтің «бұтақтары» деп.Оның негізгі мақсаты Құран мен сүннаның қолдану және талдау қағидасын жетілдіруі б.т. Қоғамға, қауымға таратып түсіндіруі. Фикх бұл мұсылман құқығының ғылымы, ал шариат- практикалық жүйесі. Осыдан көретіміздей практика мен теория сәйкес олар да, шариат пен фикх сыбайласып келеді. Ғылымның өзі теориялық бөлім (үсіл әл-фикх- фикхтың «тамыры») және қосымша бөлімі (фуру әл-фикс- фикханың «бұталары»).

Н.Ө. Өсерұлының және Ө.Қ. Қопабаевтың ой-пікірлеріне келетін болсақ олар жалпы мұсылман құқық іліміне қатысты қайнар көздер негізінен әбден зерттеліп, талданған дейді. Бұл қайнар көздерді екі топқа бөлуге болады. Алғашқы топқа Құран мен Сүннетті жатқызсақ , ал екінші топқа -Иджма, Қияс, әдет-ғұрыпты жатқызамыз. Әрине, алғашқы топтың алар орны ерекше. Өйткені, онда Құран мен Сүннеттегі нормалар айқын көрсетілген.

Фетва бұл жариялы түрде лауазымды, беделді адамның белгілі бір заңды мәселе бойынша ой- пікірі, ол кадинің (судьяның) немесе кез келген физикалық тұлғаның ұсынысы бойынша жауабы болып табылады. Фетва жазбаша және ауызша болуы мүмкін. Ол соттың шешіміне негіз болады, ал жеке тұлға осы фетва арқылы жазаның түрін тандау құқығын береді. Осы фетваның жиынтығы арқылы соттағы мәселелерді тез әрі әділ шешуіне тура келеді.

Қасиетті Құранның тексттерін беделді, авторитетті заңгерлер талдап түсіндіреді, оларды талдауына осы тәсмілдерді қолдайды: истихан және истислах. Бұл тәсілдер бір біріне ұқсас, және оларды кейде шатастырып қарастырады. Истихсан тәсіл ретінде әділ сот болуына негізделген.

Үшінші тәсілі истидлал, оның мақсаты қандай да бір мәселені шешу үшін әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүр қолдауы, бірақ олар шариатқа қарама қайшы болмауы керек.

Ислам құқығының ережелерін, заңдарын талдаушылар тек жоғары аталған қайнар көздерге шек қоймай, басқа да көмекші тәсілдерді қолдауы мүмкін.

10. Салыстырмалы құқықтану және аралас құқықтық жүйелер

10.1. Аралас құқықтық жүйелердің түсінігі

10.2. Канаданың Квебек провинциясының және Американың Луизиана штатының құқықтық жүйесі.

10.3. Израильдің құқықтық жүйесі.

Қазіргі кезде әр6iр мемлекеттің өзінің ұлттық құқығы болады, 6iрaқ кeй6iр мемлекеттерде әртурлі қарсыласушы құқықтық жүйелер орын алуы мумкін. Мемлекеттік емес қоғамдарда өзіндік құқығы бар. Бұл жерде канондык құқық, мұсылман құқығы, индусстық құқық жөнінде сөз болып отыр. Осының барлығы аралас құқықтық жүйенің қалыптасуы мен дамуына объективті негіз болып табылады.

Аралас құқықтық жүйе тек кана федеративті мемлекеттерде ғана емес, сонымен қатар унитарлы мемлекеттерде де кездеседі. Аралас құқықтық жүйе туралы заңи плюрализмнің ceбeптeрi әртүрлі болуы мумкін. Бұл саяси тарихтан қалған жаңалық және де баска құқық жүйелермен жақындасуы болуы мүмкін.

Яғни, аралас құқықтық жүйенің ерекшелігі, ондағы романо-германдық құқық жүйесінің элементінің жалпы құқық жанұясының элементімен, діни және дәстүрлі құқық жүйелерінін элементімен косылып, орын алуы болып табылады. Көптеген елдердің құқықтық жүйесі аралас болып келеді.

Луизиана мен Квебек құқығыда прецеденттік құқық француз құқығымен араласып өмір сүреді. Бұған себеп болған Англия мен Франциянын теңіз жағалауына күресу соғысы болды.

Квебек ағылшын институттарын қабылдап алса да, мысалы сенімгерлік меншік институты, толығымен романдық жүйенің жеке құқығын сақтап калды. Канадада бұл жағдай 1763 жылы Франция оны Париж шартына сәйкес Англияға берді. Бірақ ол жерде будан кейін де француз жеке құқығы өмiр суре берді. Жария құқық, ic жүргізу құқығы және қылмыстық құқық ағылшындық модельге сәйкестендіре бастады.

Бiрaқ, қазірде Квебек провинциясында француз үлгісінде азаматтық кодекс қолданылады. Негізінде Канада құқық жүйесі ағылшын құқық жүйесше непзделген. Ол 6iрaК модификацияланган. Азаматтык құқық провинцияның заңи жиналыстарымен өзгертілді. Кылмыстық құқықка келетін болсақ, мемлекеттің барлық аумағында Канаданың Кылмыстық Кодексі орын алды.

Израиль елінің құқықтық жүйесіне байланысты компаративистердің арасында 6iр ой жоқ. Бiр ғалым заңгерлер Израиль мемлекетін теократиялық және оның құқығын діни деп санаса, екінші авторлар ол елдің құқықтық жүйесіне Осман империясының құқықтық жүйесінің әсер eтyi деп есептелді. Ал, компаративистер Израильдің құқықтық жүйесін жалпы құқық жүйесіне жаткызады. А.И. Саидовтың көзқарасы бойынша, бұл елдің құқық жүйесі аралас құқықтық жүйе болып табылады.

Израильдің құқықтық жүйесі барлык ұлттық құқықтар сияқты жалпы заңдылықтарға негізделіп, қалыптасып, дамыды.

Ежелгі еврей құқығы - барлык діни құқықтар сиякты жекелік негізге сүйеніп калыптасты. Ол ең 6iрiнші құқықтық нысандардың 6iрi.

Израильдің құқықтық жүйесінің тарихи калыптасуына Осман империясының және ағылшын жалпы құқығыныц әceрi болды.

Tүрiк құқығы романо - германдық құқық жүйесіне жатпайды, ол Маджаллға негізделген. Маджалл дегеніміз - Осман империясындағы мұсылмандық азаматтық құқықтық нормалардың ең 6iрiншi кодификацияланган aктici. Маджаллда мұсылмандық нормалар европалық улгіде құрылған. 1926 жылы ол Швейцар заңының негізінде жасалған Азаматтық Кодекспен ауыстырылды.

Жалпы айтканда 19 ғасырдан бастап турк құқығы француз құқығының әсерінде болды. Қылмыстық, сауда - саттық және теңіз құқығы француздық ұлт бойынша құрылды. Наполеон Кодексі аударылды.

Израиль территориясында Маджалл 1980 жылға дейін әрекет eттi. Оның 1969 жылы 900 бабының заңи күшi болды.

Біріншi дүние жүзілік соғыстан кейін Израиль Англияның мандатты территориясына айналды. Англияныц әсер eтyi ондағы жалпы құқықтың дамуынан көрінеді. Осман империясының заңдары, әciрece француздық үлгіде жасалғандар, eкіншi жолға қойылды. Бірақ, міндеттемелік құқық Маджаллмен реттеле берді.

1948 Израиль мемлекеті өзінің тәуелсіздігін алды. Сол кезде 14 мамыр 1914 жылдан бастап күшінде жүрген заңдар қолданыла беріледі деп бекітілді.

ОАР да африка дәстүрлі құқық, романо германдық және ағылшын жалпы құқығымен 6iрre өмір сүрді.

Оңтүстік Африканы колонизациялау 1652 жылы голландыктардың калаумен басталды. Бұл кезеңде катаң голландық дәстүрлі құқығы мен рим құқығы әрекет eттi. Британдык колониялдық кезеңде азаматтық және кылмыстық ic жургізу және дәлелдеу құқығы ағылшын жалпы құқық кайта жасалынды.

19 ғасырдың табалдырығында: «Қaзiрri оңтүстік Африка құқықтық жүйесі романо - германдык немесе англо - саксондық жүйеге жататындығы туралы сураққа » жауап беру қиынға түседі ОАРның құқықтық жүйесінің аппараты мен құрылымы туралы сөз қозғасак, оның жүйесі рим құқығына негізделген. Ал, соттық тәжірибеде құқық қолданушылық техника, прецеденттерді қолдану, сот жүйесі судья мен адвокаттардың мәртебесі және міндеттері, бұлардың бәрі жалпы құқықтарға негізделген.

Қорыта айтканда, ОАР -дың құқықтық жүйесі аралас құқықтық жүйе болып табылады. Оны рим - голландык және ағылшынның жалпы құқығы құрайды.

Тағы да 6iр аралас құқықтық жүйелерді карастырайык. Малайзия елінде жалпы құқық пен Англияның әділеттілік құқығы және де жалпы қолданыстағы статуттар 6iргe әрекет етті.

Романо германдық құқық дәстүр Карибтік бассейн елдерінің кейбір мемлекеттерінде және де Африка континенттерінің мемлекеттерінде сақталды.

Солтустік Африка әртүрлі елдерінде Францияның саяси немесе мәдени әсер етуден француздық немесе италияндық заңдары өздеріне қабылдап алды. Бірак, бұл елдерде аса маңызды орынды мұсылман құқығы иеленді.

Басқа аралас құқықтық жүйелер.Аралас құқыққа Кипрдің құқықтық жүйесін жатқызуға болады, он негізін жалпы құқық пен әділеттілік құқығының доктринасы, сонымен қатар тәуелсіздікпен бірге берілген бриатндық статуттар құрайды. Мұсылмандық құқықтың негізінен жылжымайтын мүлік сұрақтарына қатысты сұрақатрды реттейтін кейбір нормалары заң күшіне ие болады.

Роман – германдық дәстүрлер Кариб бассейнінің кейбір мемлекеттерінде, сонымен қатар ағылшын жалпы құқығын өзіне алған елдер сақталған (Тринидад және Тобаго, Сент-Люсия), және Африкалық континентте сақталған.

Бірнеше аралас құқықтық жүйені қарастырайық. Осылай, Малайзияда Англияның жалпы құқығы мен әділет құқығы, және жалпы қолданыстағы статуттар әрекет етеді. Бірақ осымен қатар халықтың жеке тобын малай, қытайлықтар, хиндиларды реттеу кезінде басқа да құқықтық жүйелер қолданылады

Егер де қоғамда маңызды экономикалық және саяси өзгерістер болып жатса, оның құқықтық жүйесі де өзгеріссіз қалмайды. Өйткеніқоғамның экономикалық және саяси жүйесі құқықтың қатысынсыз өмір сүруі мүмкін емес.

11. Салыстырмалы құқықтану және ұлттық құқықтық жүйелер

11.1. Көшпелі қазақ өркениетіндегі құқық.

11.3. Қазіргі кездегі қазақстандық заңнаманың даму қарқыны.

Кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесі қоғамның дамуының заңдылықтарын, оның тарихи, ұлттық, мәдени ерекшеліктерін көсетеді. Әрбір мемлекеттің басқа мемлекеттің құқықтық жүйелерімен ұқсастықтары және өзіндік ерекшеліктері бар жеке құқықтық жүйесі болады.

Құқықтық жүйе дегеніміз – белгілі бір елдегі, қоғамдық қатынастарды реттейтін бір-бірімен тығыз байланысқан құқықтық құрылымдардыңжәне сол елдің құқығының дамуының деңгейін сипаттайтын элементтердің жиынтығы.

Құқықтық жүйе келесі элементтерден құрылады:

1. позитивті құқық, яғни заңдарда немесе басқа да нормативтік актілерде бекітілген мемлекет белгілеген жалпыға бірдей міндеттінормалар жүйесі;

2. құқықтық идеология – қоғамдағы құқықтық көзқарастар, идеялар, түсініктер жиынтығы.

3. құқықтық сана – жеке адамдардың және әлеуметтік бірлестіктердің мемлекетте әрекет еттетін және қоғам қалайтын құқыққақатынасы;

4. сот тәжірибесі.

Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесі Қазақстан Республикасының Конституциясының 1; 4 статьяларының негізіндеқұрылады Бұл стаьяларда заң шығарудың, құқықтық тәжірибенің және үстемдік ететін құқықтық сананың демократиялық, гуманистік сипаты,яғни Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесінің құрылымының ерекшеліктері көрсетіледі.

Егемендік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы әр түрлі факторларды ескере отырып өзінің жаңа ұлттық құқықтық жүйесін құрайды

Жалпы Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің ерекшеліктерін көрсете отырып, оның роман-германдық құқықтық жүйеге жатқызуға болады.

Ең алдымен, Республикамызда құқықтың негізгі қайнар көзі – нормативтік-құқықтық акт.

Конституцияның 4-статьясында «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының, оған сәйкес келетін заңдар, өзге де нормативтікқұқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттың және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республиканың КонституциялықКеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады» делінген.

Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі құқықты қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей мінез-құлық ережелерінің жиынтығы ретінде түсінугенегізделеді.

Адамның табиғи құқығы мен бостандығын мойындау, конституция деңгейінде бекіту және ерекше мән беру – Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесініңтағы бір ерекшелігі болып табылады.

Сот органдарының заң шығаруға құқығы жоқ. Олар тек заңды қолданады және құқықтық нормаларға түсінік береді.

Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің тағы бір ерекшелігі – Конституцияның жоғарлылығы. Бұл принцип мелмекеттің Конституцияғабағыныштылығын білдіреді, яғни, барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, лауазымды адамдардың жұмысыКонституцияға негзделуі керек.

Қазақстан Республикасының негізгі заңы, барлық нормативтік құқықтық актілердің негізі.

Республикада қабылданған заңдар мен өзге актілердің Конституцияға сәйкестігін Конституциялық Кеңес қабылдайды.

Қазақстан Республикасында құқықтың жеке салаларына жататын мемлекет заңдары бірыңғай жүйеге келтірілген.

Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесінің роман-германдық құқықтық жүйеге сәйкес келетін көптеген белгілері бар. Олар:

1. құқықтың негізгі қайнар көзі – нормативтік-құқықтық акт;

2. заңдардың жүйеленуі;

3. Конституцияның тікелей қолданылуы;

4. құқықты қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей мінез-құлық ережелерінің жиынтығы ретінде түсіну және тағы басқалары.

Конституция құрылымы әлемдік қауымдастықта жоғары бағаланады. Оның әрбір парақтары әлемдік демократия құндылықтарының даму кезеңдерінің ерекшеліктерін есепке ала отырып біздің тәуелсіз мемлекетіміздің нығаюы мен дамуына алдағы уақытқа перспектива береді.

КСРО-ның таралуына байланысты тәуелсіз мемлекеттердің пайда болу әлемдік қауымдастықтағы оның ізбасары жөнінде ғана емес сонымен қоса адамзат постконфрантациясындағы әдемі естеліктердің авторлары дәлелдегендей, егемендік өзін-өзі жоймайды, әсіресе әлем әрбір соғыстан кейін қайта қалпына келіп даму үшін халықтар мен мемлекеттердің бірігуі кезінде. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұл Ұлттар Лигасы (1920), екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұл Біріккен Ұлттар ұйымы (1945) болып табылады. Алайда бұдан мемлекеттер саны азайған жоқ. Егер 1900 жылға әлемде барлығы 53 егемен мемлекет болса, ғасырдың аяғына таман БҰҰ 50 жылдығына оларды саны 185 болды. Бүгінде жаңа тәуелсіз мемлекеттердің егемендігі еуразизия кеңістігіндегі саяси бірлік пен экономикалық интеграцияға кедергі келтірмей ме деген сұрақ туындайды. Бірақ, бұл процестер егемендікке еш кедергі келтірмейді, керісінше соның арқасында жүзеге асады. Мемлекеттердің бір-бірінің егемендік деңгейін неғұрылым құрметтеуіне орай, халықаралық құқық сол күйінде болады. Екіншіден, бұл бастысы жаңа геосаяси жағдайда егемендік қуатты және әлеуметтік маңызы бар күшке ие болады.

Саяси-құқықтық материя болып табылатын егемендік жоғалмайды, тек мемлекеттанушылардың түсінігі және ондағы қоғам ғана айырбасталады. Сол сияқты материя түсінігінде де әлем туралы адамзат баласының ойтанымы бар, өйткені егемендікті жаңаша түсінуімізше, біздің ойымызша әлеуметтік билік туралы оны ұйымдастырудың құқықтық, конституциялық дәуірінде әртүрлі тарау алған түсініктер бар. Алайда, егемендік туралы бұл түсінік абстракт болғанымен, жетілмеген, толық емес және даулы.

Оған қатысты экономикалық, әлеуметтік-саяси, халықаралық қатынастар, сол сияқты егемендіктің төл табиғаты және түсінік процесінің өз ерекшеліктері тұрғысынан да қайшылықтар туындауы мүмкін. Әрине, адамзат баласының сана сезімі қандайда болмасын қоғамдық қозғалысқа тереңдей енуге көптеген мүмкіндіктері бар. “Алайда нақты оқиғаларда ғана, - деп жазады М.Т.Баймаханов – ақыл-сана, түсінігі шектеулі жекелеген адамдар арқылы жүзеге асырылады… Келтірілген қарама қайшылықтар объективті және әбден мүмкін: ол бұрыңғы түсініктің кемшіліктерін табу және оны жою арқылы шешімін табады”.

Мемлекет танудың бүгінгі таңдағы міндеттері мыналарға тіреледі: ол егемендік тұрмысын түсіну процесіндегі қайшылықтарды анықтап және тіркеп қана қоймай, сонымен қоса олардың пайда болуын залалсыздандыру және сапасын ғылымидәлелді тұрғыда негіздеу. Өйткені мемлекет теориясы және құқық біршама толық түрден гөрі егемендік туралы түсінікті шектеуге әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қоса мемлекеттік-құқықтық зерттеулер бүгінде белгілі түсініктерді алға тартып және жетілдіруі қажет немесе оларды айырбастау жолдарын қарастыруы керек.

Өзгеріп отыратын нақты қатынастардағы егемендіктің әлеуметтік құндылығы бізге мемлекеттік биліктің азаматтарға теңдікке кепілдік беретінін және олардың бейбіт өмірі мен еңбегіне қажетті жағдайлардыжасауға өздерінің кеңестік төңірегінде табиғат ресурстарын иеленуге және жалпы жағдайда шаруашылық жағдайының өзгерістерді құқықтық негізде орнатуға ықпал ететіндей көрінеді.

"Егемендік" категориясы белгілі жалпы мінездемеге ие, мемлекеттің абстракты бейнесі және сондықтан өзіне қатысты төмендегідей: нақты конституция – мемлекеттік биліктің тармағы "егемендікті алып жүрушілер" – "мемлекет басқару әдісі" – "саяси жүйе" – “азаматтық”, "конституциялық тәртіп", мемлекеттік ұғымдарға фундаменталды, субординарлы ықпал етеді. Бұл түсініктердің өз негіздерінде тиесілі категориялық жетілулер және егемендікті былайша айтқанды жаңа қоғамды (конституциялық) фундаменталды түсінуді дамытудың нақты кезеңдері бар. Егемендікті тану жаңа үлгідегі мемлекеттің ашылмаған қырларына нақты жетудің нүктесі, өйткені ол мемлекет негізінің өзара байланысының тану объектісі ретіндегі егемендігінің және мемлекеттік егемендігінің жаңа посттоталитарлық шындықты бүгінгі қазақстандық мемлекеттану контрпункті негізінен туындайды.

Бұл жағдайда мемлекеттің жалпы теориясын тиісінше меншікке және әлемдік қоғамдық тәртіпті гуманизациялауға қатысын өзгертіп отыратын, сапалы түрде мемлекеттік егемендіктің қалыптасу процесіне және структуралық функционалдық өзгерістеріне араласатын қазіргі әлемдегі мемлекеттің дамып келе жатқан түсінігі деп қабылдауға болады. Бұл категорияны мемлекеттік жалпы теорияның негізгісі ретінде қабылдау, тек қана мемлекеттану логикасына ж үгінуге ғана емес, сонымен бірге нақты, идеологиялық бояусыз, мемлекеттің цивиллизациялық дамуын және оның алдағы тағдырын анықтаудағы мәңгілік сұраққа тарихи акцент қоюға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының егемендігін зерттеу маңызды және әлемдік өркениет деңгейінде мемлекет ретіндегі оның орнын біздің тануымыздағы қажетті сәт. Бұл түсінік нақты үлгідегі әлеуметтік және саяси-құқықтық түсінік, онда өз кезегінде егеменді Қазақстанның қалыптасуы және уақыт пен аралықтарда өркендеуі, әсіресе дамудың әртүрлі кезеңдерінде өзін өзі сақтау және ішкі танымдық ерекшеліктері туралы сан қилы ойлардың бірлігі бар.

Мемлекеттік танымдағы егемендік объектісі күрделі құбылыс, сондықтан ол өзін іс жүзінде бірқатар мемлекеттік-құқықтық қатынастарда және институттарда, әсіресе конституциялық жүйеде даму ерекшеліктерін көрсетті. Қол жеткізген құндылықтардың сан қырлы объектілері қаншама қиындай түскенімен, соғұрлым олардың сан үлгілі болып бірден бірнеше ғылымдардың назарын аударатыныда белгілі. Өзіңді сырттан тану танымның қиын объектісі сияқты егемендік те оқу үлгісі және көптеген әлеуметтік ғылымдармен байланысты.

Қазақстан Республикасының егемендік теориясында қазақстандық құрылымды бұрынғыша "базистік" немесе “құрылыс алаңы” деп қарау кемшілік болар еді. Егемендік, мемлекеттік билік, құқық екінші орында емес, ол – әлеуметтік құндылық категориясы. Себебі, матеериалдық өндіріс және қоғамдығы өзгеріс, басқадай көптеген әлеуметтік байланыстар егемендік қамтамасыз ететін тәртіп және қоғамда адам өміріне жағдай жасаулар арқылы жүзеге асады ғой. Қандай да болмасын шаруашылық байланыстары билік және оған бағыну құқығын ұсынады, ал нарық және баға секілді адамзат тәжірибесінен туындаған құндылықтар меншік құқығы мен оны реттеудегі, мемлекеттегі қорғаудан бөлмейді. Әйтпесе, қоғамдық организмнің ғұмыры қысқа.

Бүгінде Қазақстандағы мемлекеттану Қазақстан Республикасындағы егеменді мемлекеттік құқықты дамыту түрінде өзіндік зерттеу негізіне ие болды. Қоғаммен, оның ішінде заң ғылымымен іздестіріліп жинақталған егемендіктің әлеуметтік құбылысы туралы теоретикалық білім әрине маңызды. Дегенмен олар өздігінен біздің республикамыздың егемендігінің қалыптасуы, дамуы жөнінде дайын түсініктер бермейді, және оның бір концепциясын айырбастай алмайды. Біздің ғылымның алдында Қазақстандағы мемлекеттік тәуелсіздігіне бағытталған өзіндік тарихи жағдайлар мен қозғалыстар тураы бірқатар мәселелер бар. Міне, сондықтан осы мәселелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігінің бірыңғай концепциясы деңгейінде ойластырылуы қажет. Атап айтқанда Қазақстандағы мемлекеттік биліктің бірлігі және әлеуметтік табиғаттың егемендігі (бастаулар немесе негіздер) этнополитгенез және тұрғылықты халықтың өмір сүру кеңістігі; мемлекеттік егемендіктің дамуы және заңды тұрақталуы; құқықтық, конституциялық ұйымдардың Қазақстанның егемендігіне қатынасы; геоэкономикалық тенденция және Республикалық мемлекеттік егемендік экономикалық ұстау мәселесі; Қазақстан қоғамының көп қырлылығы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің этно-саяси негізінде халықтар бірлігі; осы мемлекеттің егемендігінің халықаралық заңдылықтарға Азиядағы, ТМД елдерінің ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне сәйкестігі; мемлекеттік егемендіктің байланысы және республика азаматтарының байланысы және республика азаматтарының ұлттық құндылықтары және т.б. "1995 жылы тамызда жаңа ата заңымыздың қабылдануымен еліміздің мемлекеттік құрылымының іргетасы қаланды. Осылайша мемлекеттік құрылыстың алғашқы кезеңі аяқталды. Бүгінде Қазақстанда қоғамдағы тұрақтылықтың бастауы болып табылатын, жаңаруды алдағы уақытта да жүргізуге жол беретін мықты мемлекеттік билік қалыптасқаны ешкімнің де күмәнін туғызбайды. Бұл – елімізде жаңа Ата заңымыздың қызмет етуінің нәтижесі ", - деп жазды Н.Ә.Назарбаев.

Қазақстан Республикасының Конституциясын біздің еліміздің халқы адамдардың құқығы мен бостандығын қорғауға қоғамдық тәртіпті нығайтуға мемлекеттің және оның институттарының нақтылығына барлық құқықтық жүйені жаңартып дамытуға ықпал ететін бірден-бір заң құжаты деп қабылдады. Жалпы бұқаралық санада біздің өміріміздегі Ата заңымыздың ролі мен орны жөнінде дұрыс түсінік қалыптасты. Арада өткен аз уақыт оның халыққа қызмет ететінін, әрбір азаматтың әр қимылы мен қозғалысын Ата заңға байланысты жасайтынын дәлелдеді.

Меншікке байланысты қайта құруда да оң өзгерістер болды, және меншік секторын дамыту белсенді жүруде, бәсекелестік орта пайда болуда, нарықтық инфрақұрылым қалыптасуда, мемлекеттік емес секторда кәсіпорындардың 72 % бар. Өнім өндірушілер нарық жағдайына бейімделуде, тиімді өндірістерді мемлекеттік дамудың ынталандыру әдістері және жаңа үлгілерін іздестіру жалғасуда. Бұл көрсеткіштер реформаның нәтиже бере бастағанын көрсетеді. Қол жеткізген табыстар – бұл алдағы жұмыстардың базасы.

Реформаның жаңа деңгейіне шығу Президентке 2030 жылға дейін Қазақстанның даму стратегиясын жасауға ықпал етті.

Еліміздің Президентінің Қазақстан халқына арнаған "Қазақстан - 2030" жолдауында (барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және тұрмыс деңгейін көтеру) ұзақ мерзімді 7 ерекшелігі айтылған: ұлттық қауіпсіздік; қоғамды консалидациялау және ішкі саяси тұрақтылық; экономикалық өсім; Қазақстан халқының дансаулығы, білім және тұрмыс жағдайы; энергетикалық ресурстар; инфрақұрылым, әсіресе көлік пен байланыс; мамандандырылған мемлекет.

Біз ілгеріде Республика Үкіметі қалай құрылғаны туралы айттық. Үкімет орталық және аймақтық деңгейде қысқартылуда, бұл процесс жалғасуда. "Біздің міндетіміз - Қазақстан үшін нарықтық экономика үшін тиімді болатын жаңа мемлекеттік қызмет және басқару структурасын құру; ұлттық мүдделер қорғаны болып, мемлекеттің тиімді мақсаттарын жүзеге асыра алатын Үкімет құру", - деп жазды Н.Ә.Назарбаев /33/.

Конституцияның 66-бабына және "Қазақстан -2030" стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасының үкіметі 8 нақты міндеттерден тұратын 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын жасады. Ол туралы айта келе Президент Н.Ә.Назарбаев "бұл ұзақ мерзімді тиімді үрдістерді қабылдау баршаны тәртіпке шақырады, жұмысқа жетіспейтін концентрацияны енгізеді" деп жазды.

"Қазақстан-2030" стратегиясы барлық билік органдарының қызметіне негізделген. "2030 жылғы – деп жазды Н.Ә.Назарбаев, - мен сенімдімін, Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және барлық дамушы мемлекеттер үшін үлгі болады. Экономикалық өсімнің жоғары деңгейге жетуі, өз кезегінде, саяси тұрақтылықты қажет етеді, бұл үшін Президент саясатын жүзеге асыруға қабілетті, кәсіби, ақылды, батыр және патриот Үкімет қажет.

Конституцияға сәйкес қос палаталы Парламент құрылды. Парламенттің заң шығару қызметінің көпшілік бөлігін Заң жобаларын талқылау алады.

Конституцияға сәйкес Мәжілістің бірыңғай қызметіне заң жобаларын талқылау және талқылауға қабылдау жатады. Мәжіліс депутаттарының көпшілік дауысымен талқыланып қабылданған Заң жобасы Сенатқа жіберіледі де алты күндей уақытта қаралады. Сенаттың жалпы депутаттарының көпшілік дауысымен қабылданған жоба Заң болады да, 10 күн мерзім ішінде Президентке қол коюға жіберіледі. Мұндай процедура Парламенттің барлық жұмыс уақытында сақталған. Мысалға, 11 сессияның жұмыс кезінде парламентке 186 заң жобасын кейін қайтарды. Президент 100 заң жобасына қол қойды.

Билік тармақтарының бөлінуіне талдау жасай отырып, төмендегідей қысқаша қорытындыға келеміз:

Жоғарыда айтылып кеткендей, Қазақстан демократиялық мемлекет болып табылады, ең маңызды қағидасы билік тармақтарының бөлінуі.

Әр тармақ бір-бірімен тығыз байланыста және өздері емін-еркін болса да, олар бір-бірін шектеп отырады. Әр билік тармақтары мемлекетте (заң шығарушылық, атқарушы, сот) бір-бірінің ісіне кіріспейді.

Мұндай механизм АҚШ мемлекетінде де құрылған. Басқа нұсқа – бұл мемлекеттік билік тармақтарының мәртебесінде – заң шығарушылық, мысалы, Англияға тиесілі.

АҚШ-та да мемлекеттік билік тармақтары бір-бірімен тығыз байланыста, заң шығарушы билік, конгресс ретінде қолданылуда. Бұл ең алдымен импичментке құқылығын (Парламенттің сотқа шағымдану процедурасы лауазымды адамнан президентке дейін айыпталушы тұлға ретінде осы адамдарды сот тұлға ретінде қарастырады).

Елдің тәуелсіздігі мемлекеттік билікті негіздейді. Жақын мемлекеттер арасында Қазақстан Республикасы Конституциясына сай заң шығарушылық билік заң шығарып, атқарушы – оның орындалуын ұйымдастырады, ал сот – заң арасындағы дауды шешеді.

Қазақстан Республикасы үш мемлекеттік билік тармақтарына талдау жасай отырып, біз заң шығарушылыққа ерекше көңіл бөлінуі қажет деп білеміз. Өйткені, қазіргідей ел енді егеменді атанып, тәуелсіздік тұғырына қонып жатқан өтпелі кезеңде тұрмыс-тіршіліктің күре тамыры саналатын күнделікті заңдардың рөлі өте жоғары болмақ.