Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5тезисы лек ФУ-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

3. Ақшалай операциялардың есебін ұйымдастыру.

Әрбір кәсіпорындар мен ұйымдардың, шаруашылық обектілерінің қолда бар нақты ақшалай қаражаттарын сақтайтын өздерінің кассасы болуы керек. Касса арнайы жабдықталған, едені мен төбесінен ешқандай адам кіре алмайтындай етіп едені жабылған, терезесі мен есігіне темірден тор қойылған және дыбыстық белгі беретін қондырқылар орнатылған, өрттен сақталатындай түрлі материалдармен қапталып жасалған бөлмеде орналастыруды қажет етеді.

Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлері мен немесе басшымен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерін ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен басқа да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге соның қол қоюы міндетті емес.

Банк мекемесі есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттардың шегінде шот иесінің, яғни субъектінің ақша қабылдау, төлеу және аудару жайлы тапсырмаларын орындайды. Есеп айырысу шоты бойынша операциялар біріңғайланған белгілі құжаттар негізінде жүргізіледі. Негізгі есеп айырысу құжаттары болып: төлем тапсырмасы, есеп айырысу чегі, төлем талабы-тапсырмасы, инкассалық өкімі және тағы басқа құжаттар саналады. Есеп айырысу құжаттарында оларға қол қоюға құқығы бар екі лауазымды адамның қолы болуы керек. Онсыз құжат орндылуға қабылданбайды. Жалпы субъектілердегі есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 1030- Есеп айырысу шотындағы ақшалар – деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шот дебеті бойынша 1210, 1010, 3310 және тағыда басқа шоттардың кредитімен , ал кредиті бойынша 3350, 1010, 3350, 3370, 190 тағы басқа шоттардың дебетімен корреспонденцияланады.

1030- Есеп айырысу шотындағы ақшалар – деп аталатын шоттың кредитінде жазылған операциялар номері 2 - журнал ордерде, ал дебетінде жазылған операциялар осы журналдың ведомосында есептелінеді.

4. Ақша қаражаттырың қозғалысы туралы есепті ұсыну. Операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметтен алынатын ақша ағымдарын ұсыну.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп 7 - «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартының талаптарына сәйкес жасалады да, есепті кезеңнің қаржы есептілігінің құрамдас бөлігі ретінде ұсынылады. Аталған стандартқа сәйкес Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер өзіне ақша қаражаттарындағы өзгерістер мен осындай өзгерістерді операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен болған өзгерістерге бөліп, мекеменің есепті кезеңдегі ақша қаражатының баламалары туралы ақпаратты қамтиды. Ақша қаражатының баламалары инвестициялаудан немесе басқа мақсаттардан гөрі қысқа мерзімді ақша міндеттемелерін өтеу үшін қолданылады. Осылайша, әдетте, инвестиция алынған күннен бастап үш ай немесе одан аз болатын өтеу мерзімі болған кезде ғана ақша қаражатының баламасы анықтамасында болады. Банктік овердрафттар, әдетте, қарыз алумен ұқсас, яғни қаржылық ретінде қаралады. Солай бола тұрса да, егер банктік овердрафт талап ету бойынша етеуге жатса және мекеменің ақша қаражатын басқарудың инструментарийінің ажырамас бөлігі болып табылатын болса, банктік овердрафттар ақша қаражатының құрамдас бөлігі және ақша қаражатының баламасы болып табылады.

Жоғарыда аталғандай, ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерін жіктеу операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен түскен болып жүргізіледі.

Операциялық қызмет — мекеменің табыс келтіретін негізгі қызметі және инвестициялық және қаржылық қызметінен айырмашылығы бар басқа қызмет.

Инвестициялық қызмет — мекеменің ақша қаражаттарының баламаларына жатпайтын ұзақ мерзімді активтер мен басқа да инвестицияларды сатып алу және сату қызметі.

Қаржылық қызмет - мекеменің меншікті капиталы мен заем қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгерістерге әкеліп соқтыратын қызметі.

Жанама әдіс - бұл әдіс кезінде таза пайда мен залал ақшалай емес сипаттағы операциялардың, негізгі қызметтен кез келген кейінге қалдырылған немесе есептелген өткендегі немесе болашақтағы ақша түсімдерінің немесе төлемдерінің және инвестициялық немесе қаржылық қызметінен ақша қаражаттарының қозғалысымен байланысты табыстардың немесе шығыс-тардың нәтижелері ескеріле отырып түзетіледі.