- •1. Ақша қаражаттары және олардың баламаларын тану, 7 хқес
- •2. Ақшалай қаражаттарды қолдануға қойылатын шектеулер. Ақша қаражаттарына бақылау жасау.
- •3. Ақшалай операциялардың есебін ұйымдастыру.
- •4. Ақша қаражаттырың қозғалысы туралы есепті ұсыну. Операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметтен алынатын ақша ағымдарын ұсыну.
- •4. Ақша қаражаттарының жасырын ағымдарын бейнелеу.
- •1. Дебиторлық борыштарды тану және жіктеу.Бастапқы бағалау.
- •2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық борыштарының есебі.
- •3. Жеңілдіктер мен тауарлардың қайтарылуы.
- •5. Күмәнді борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері.
- •4. Үмітсіз дебиторлық борыштарды есептен шығару.
- •1.Тәуелді және қауымдасқан компаниялардың дебиторлық борыштарының есебі.
- •2. Қызметкерлердің, жал бойынша, алынуға тиісті сыйақылар бойынша, басқа да дебиторлық борыштары.
- •Салықтық активтер есебі: берілген аванстар; алдағы кезең шығыстары; аяқталмаған құрылыс және басқа активтер.
- •1. Қорларды тану (2 хқес). Қорларды тану критерийлері.
- •Қорларды бағалау. Сатып өткізудің мүмкін болатын таза құны.
- •4. Қорлардың шығыс етілуі.
- •5. Дайын өнімнің, тауарлардың, аяқталмаған өндірістің есебі.
- •6. Қорлар есебінің мерзімдік және үздіксіз жүйелері.
- •7. Қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі. Қорларды есептен шығару бойынша резерв
- •Негізгі құралдарды сатып алу есебі.
- •Кейінгі шығындар: капитализациялау және кезең шығындары.
- •4. Негізгі құралдардың кейінгі есебі: тарихи құны бойынша есепке алу, негізгі құралдарды қайта бағалау.
- •5. Негізгі құралдардың амортизациясы: пайдалы қызмет мерзімдері және есептеу әдістері, оларды есепте бейнелеу.
- •6. Негізгі құралдардың шығыс етілуі: тану және есепте ашып көрсету.
- •Материалдық емес активтерді тану (хқес 38). Бірегейлендіру. Бақылау. Болашақ экономикалық тиімділік.
- •Материалдық емес активтерді сатып алу сәтіндегі бағалау және тану. Кәсіпорында құрастырылған материалдық емес активтердің өзіндік құны.
- •Кәсіпорында жасалған саудалық маркалар, іскерлік бедел.
- •Кейінгі шығындар. Материалдық емес активтерді кейінгі есепке алу моделі.
- •Қайта бағалау құны бойынша есепке алу моделі. Пайдалы қызмет ету мерзімі. Шектелмеген пайдалы қызмет ету мерзімі бар материалдық емес активтер.
- •Материалдық емес активтерді амортизациялау әдістері.
- •Материалдық емес активтерді қолдануды тоқтату және есептен шығару.
- •Материалдық емес активтермен операциялар есебі.
- •36 Хқес қолдану аясы. Орны толтырылған құн.
- •Сату бойынша шығындарды алып тастағандағы әділ құн. 3. Қолдану құндылығы. Басты (генерирущая) бірлік. 4. Құнсызданудың белгілері.
- •5. Құнсызданудан алынатын зиянды тану. 6. Құнсызданудан алынатын зиянды қайта қалпына келтіру (реверсирование). 7. Активтердің құнсыздануының есебін ұйымдастыру.
- •Міндеттемелердің түсінігі және жіктелуі, оларды тану.
- •Қаржылық міндеттемелер есебі: банктік және басқа займдар, дивидендтер мен қатысушылар кірістері.
- •Салықтар бойынша міндеттемелер есебі.
- •Уақытша және тұрақты айырмашылықтар. 5.Уақытша айырмашылықтардың салықтық әсері.
- •6. Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер есебі.
- •7. Кредиторлық борыштар есебі: жабдықтаушылар мен мердігерлерге; еншілес (қауымдасқан, бірлескен) ұйымдарға; филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге; жал бойынша; төленуге тиісті сыйақылар бойынша.
- •8. Зайымдар бойынша шығындарды тану, 23 хқес. 9. Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық борыштар есебі.
- •Түсімді тану критерийі 18 хқес. 2. Мәмілені бірегейлендіру.
- •Тауарларды сатудан, қызмет көрсетуден, пайыздар, лицензиялық төлемдер, дивидендтер түріндегі түсімді тану.
- •4. Кірістер және шығыстар түсінігі. 5. Қаржыландырудан алынатын кірістер есебі. 6. Басқа да кірістер есебі.
- •7. Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құндарының есебі. Кезең шығыстарының есебі. 8. Өзге де шығыстар есебі.
- •9. Қорытынды кірісті немесе зиянды тану, жабылушы жазбалар. 10. Корпоративні табыс салығы бойынша шығындар есебі.
- •Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал; салымдар мен пайлар. Төленбеген капитал есебі. Қайта сатып алынған меншікті үлестік құралдар.
- •2. Эмиссиялық кіріс есебі. 3. Ұйымның резервтерінің есебі: резервтік капитал, активтерді қайта бағалау резервтері; шетел валютасын қайта санау резервтері және басқа да резервтер.
- •4. Есепті және өткен кезеңнің бөлінбеген пайдасы. 5. Жабылмаған зиянды есепте және қаржылық есептілікте бейнелеу.
- •8. Бухгалтерлік балансты ұсыну. Балансқа қойылатын ең аз талаптар. 9. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімге жіктеу.
- •10. Пайда және зиян жөніндегі есепке қойылатын талаптар. Пайда және зиян жөніндегі есептің екі нысаны.
- •11. Капиталдағы өзгерістер туралы есептің құрылымы, оның нысаны.
- •12. Ақша қозғалысы туралы есепті құрастырудың тікелей және жанама әдістері.
- •13. Түсініктеме жазбаларда апараттарды ашып көрсету.
- •14. Есеп саясаты түсінігі, оның құрылымы. 15. Есеп саясатындағы өзгерістер. Кейіндетілген жағдайлар.
- •Пәннің оқу әдістемелік қамтамасыздандырылуы Оқулықтар, оқу құралдары және монографиялар
- •Пән тақырыптары бойынша тарату материалдары
- •1010,1020 Шоттардың дебеті бойынша 1-ші тізімдеме
- •1010, 1020 Шоттардың кредиті бойынша журнал-ордер 1
- •Слайд 4 - тмқ бағалау әдісін салыстыру
- •Журнал-ордер 12
- •Қаржылық есеп беру
- •Шоттар жоспары
- •1300 Запастар
- •2 Бөлім. Ұзақ мерзімді активтер. Активті
- •2200 Үлестік қатысу әдісімен есепке алынған инвестициялар.
- •2300 Жылжымайтын мүлікке инвестициялар. /Салымдар/
- •2400 Негізгі құралдар
- •3 Бөлім. Қысқа мерзімді міндеттемелер. Пассивті
- •4 Бөлім. Ұзақ мерзімді міндеттемелер. Пассивті
- •5 Бөлім. Капитал мен резервтер. Пассивті
- •6 Бөлім. Табыстар. Пассивті
- •7 Бөлім. Шығындар. Активті
- •8 Бөлім. Өндірістік шоттар. Активті
1.Тәуелді және қауымдасқан компаниялардың дебиторлық борыштарының есебі.
Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық қарыздарын есепке алу үшін шоттардың бас тізбегіндегі 1220 "Еншілес, тәуелді серіктестіктердің дебиторлық қарыздары" деген бөлімшесі қарастырылған.
Бұл бөлімшеге мына шоттар кіреді: 1220 "Еншілес серіктестіктердің қарыздары",
1230 "Тәуелді серіктестіктердің қарыздары", 1220 "Бірлесіп-бақыланатын занды тұлғалардың карыздары".
Аталмыш бөлімшенің шоттарында еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын занды тұлғалардың ағымдағы дебиторлык, қарыздары жинақталып көрсетіледі.
Төменде аталған шоттардың (1210,1220,1230,) шоттардың дебеті мен кредиті бойынша жасалатын шоттардың корреспонденциясы келесі бетте келтірілген.
Аталған еншілес кәсіпорындардың дебиторлық қарызы 1220,1230 шоттарында көрсетілсе, ал олардың кредиторлық қарызы 641-643шоттарында көрсетіледі.
Бас және еншілес (тәуелді) серіктестіктердің арасында жасалған есеп айырысулар 641-643 және 1220,1230 шоттары бойынша салыстырылып, тексеру актісінің негізінде дебиторлық және кредиторлық қарыздары жабылуы мүмкін, ол кезде өтелген дебиторлық қарыз сомасына: 641-643 шоттары дебеттеліп, 1220-1230 шоттары кредиттеледі.
Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің кредиторлық қарыздарын есепке алу үшін, мына төмендегі синтетикалық шоттар пайдаланылады.: 641 «Еншілес серіктестіктерге қарыз», 642 «Тәуелді серіктестіктерге қарыз», 643 «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға қарыз» шоттарында жүргізіледі.
2. Қызметкерлердің, жал бойынша, алынуға тиісті сыйақылар бойынша, басқа да дебиторлық борыштары.
Бұл шотта жалгерлік бойынша келіп түсетін міндеттемелеріне, бюджетке артық аударылған сомаларына, шағым-талап сомаларына, ТМЗ кем шығуына, нормадан тыс табиғи кемітулеріне, айыппұлдарына т.б. ақпараттарына шолу жасалынады.
Шагым-талап (претезия) бойынша есеп айырысуды есепке алу. Шағым-талап деп — кредитордың өзінің мүліктік құқығы мен мүддесінің бұзылуына байланысты қарыздарды өз еркімен реттеу жөніндегі жазбаша талабын айтамыз. Белгіленген тәртіп бойынша талап еткенге дейін кредитор алдын ала тікелей қарызданушыға шағым-талабымен баруы керек.
Кәсіпорын шағым-талап бойынша қарыздарды уақытында және толығымен өндіріп алудың кажетті шараларын қолдануға міндетті. Шағым-талапта: шағым-талап коюшы кәсіпорынның атауы, шағым-талаптың нөмірі және түскен күні; тиісті (нормативтік) актілерге сілтемесі; мәлімдеушінің талабы; шағым-талаптың сомасы және оның есебі; мәлімдеушінің төлем және есеп айырысу реквизиттері; тіркелген құжаттардың тізімі; кәсіпорын басшысының қолы көрсетілуге тиісті.
Кем шыққан өнімдер, тиісті сапаға сай келмейтін немесе комплектісі (жиыны) түгел емес өнімдер құнының орнын толтыру жөніндегі және осындай өнімдерді жеткізгені үшін айыппұл төлеуді қоса алғандағы шағым-талаптар бір айдың ішінде койылады, ал басқа себептер бойынша туындаған шағым-талаптар екі айдың ішінде койылады.
Бұл шотта жабдықтаушылардың шот-фактураларында жіберілген арифметикалық қателіктері де және бағаның сәйкес келмеуі де; жеткізілген кундылыктардың сапасының мемлекет тарапынан бекітілген стандартына және техникалық шарттарға сай келмеуі де; тауарлардың тізімге енгізілген тауарлар санымен салыстырғанда кем шығуына байланысты туындаған шағым-талаптары да есепке алынады. Осы шотта транспорттық және баска да ұйымдарға койылатын шағым-талаптар: табиғи зиян нормасынан артық көлемде жүктің жетіспей калуы және тарифтің (фрахта) шегінен шыққаны үшін; жабдықтаушылар мен мердігерлердің айыбынан болған ақаулар және тұрып қалғаны үшін; банктегі есеп айырысу және басқа да шоттарынан қате аударылып есептен шығарылған сомалар бойынша банкке қойылатын; сот ұйғарған немесе төлеушілердің өздері мойындаған көлемде (қойылған шағым-талаптағы төлеуші мойындамаған сома есепте көрсетілмейді) жабдықтаушылардан және басқа мекемелерден өндірілуге тиісті айыппұл, өсім айыбы және т.б. сомалары есепке алынады.
Тиісті кұжаттардың негізінде шағым-талап сомаларын 1250 шоттын дебетіне - жабдықтаушыларға шағым-талап койылған жағдайда 3310 "Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу" шотының кредитінен; кате аударылып есептен шығарылған сомалар бойынша банкке шағым-талап қойған жағдайда - 1010 "Есеп айырысу шотындағы колма-қол ақша" шотының кредитінен; төлеушілердің өздері мойындаған немесе сот ұйғарған көлемде келісім-шарттағы міндеттемелерін орындамағаны үшін мердігерлерден, жабдықтаушылардан және т.б. өңдірілуге тиісті айыппұл, өсім айыбы, тұрақсыздық айыбы сомаларына 6280 "Басқа да қосалқы қызметтерден түсетін табыстар" шотының кредитінен есептен шығарады.
